Автор: s*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:48, лекция
Жаңа заман еуропалық мәдениеті[1] Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді.
Аталған қасиеттер, әсіресе «символизмге» (Малларм
Жоғарыда айтылған
пікірлерден нақты қорытындылар шығарайық.
XIX ғасыр аяғында тар мағынада — өнер саласында,
ал кең мағынада — мәдениет саласында
қандай жағдайлар қалып- тасты? Дәуір тынысын
терең сезініп, оның рухын өз бойына сіңірген,
дүниені ғылыми тұрғыдан танып-білуге
бағыт алған «натурализм» мен «импрессионизм» ағымдарыны
Демек, XIX ғасыр мен
XX ғасыр аралығында мәдениет саласында
дағдарыстың кейбір белгілері біліне
бастағанын жоққа шығаруға болмайды. Дәл
осы кезеңде декаданстық көңіл-күйдің
етек алғандығын мәдениеттанушы-ғалымдар
да мойындайды, бірақ бұл мәдени тоқыраудың
қай кезде басталғандығы жайындағы пікірлер
әртүрлі болып келеді. Ортега, Хейзинга, Ясперс сияқт
Адамзат тарихында XX
ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше.
Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға,
қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға
толы сындарлы заман болды. Ғылым
мен техниканың қарышты қадамы, жарқын
болашаққа деген сенім
Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық, жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол — ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет».
«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» — қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі — «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз — Олар» жолы — өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.
Жалпы адамзаттық мәдениет — көркемдік-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзыл- майтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан ада біртұтас өркениет қүруға бағытталуда. Мәдениеттің бүл үлгілері мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды.
Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік қүндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі — саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе — жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде, тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндай құбылысқа қарап, дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып, мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт, әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана, өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да жоғарьща айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс әрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпа¬лын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Еңдеше, кәзіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру — бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?
Біріншіден, адамзат
тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің
үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына
байланысты ұлы әлеуметтік революция
жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, XX ғасырда
дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға
тән «жеке еңбек етуден» — жалданып
еңбек етуге, коллективте (ұжымда) еңбек
ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу
жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында
адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау
тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың
өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге
ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар
келтірейік. XX ғасырдың басында Батыстың
ең алдыңғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп
саласында еңбек етушілер халықтың 43%-і
болса, XX ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш,
яғни жалданып жүмыс істеушілердің саны
60%-ке жетті, өз кезегінде бүл көрсеткішпен
қатар мүндай мемлекеттердің саны да арта
түсті. Мұндай қүбылыс дамушы елдерде
етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің
саны жағынан олар Батыс елдерін басып
озды. XX ғасырдың басында дүниежүзіндегі
қала халқы адамзат баласьгның небәрі
3%-ін ғана құраса, XX ғасырдың ортасында
олардың үлесі 28%-ке, ал 9 210 жылдары 40%-тен
асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда
болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-
Екіншіден, XX ғасырда
адамның мәдени құндылықтарды игеру
бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас
негіздердің қалыптасуында
Мәдениеттің біртұтас
дамуы — қарама-қайшылықтарға толы
процесс болды. XX ғасырда дүниежүзілік
мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің
өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен
қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке
«еуроцентристік көзқарастың» шектеулі
екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. «Техногендік
еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп,
оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге
негіз етіп кәрсетілді. Қазіргі заман
тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің
құндылықтарын, қол жеткен табыстарын
өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде
кеңінен қолданып отырған- дығын көрсетіп
отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда
ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы
күштерінің біріне айнал¬ды. Адамзат санасында
қалыптасқан «Шығысты
Батысқа қарсы қою» идеясы (Батые — ол
Батыс, Шығыс — ол Шығыс, сондықтан да
олар бір-біріне үйлеспейді) қалыптасқан
жағдайды есепке алмайды. Мұндай көзқарас
сөзсіз біртұтас «жалпы-адамзаттық
мәдениет» идеясын жоққа шығарған болар
еді. Кезінде М. Вебер «протестанттық мәдениеттің»
негізінде Батые Еуропа- да нарықтық экономиканы
қабылдау мен үйрену нәтижесінде қалыптасқан
ұлттық мәдени дәстүрлердің орнына ерекше
мән берген болатын. Оған дәлел — нарықтық
экономиканың әрекеті мен жер шарындағы
мемлекеттердің мәдени айырмашылықтары
жайында жүргізілген белгілі ғалым Хофстедтің
классикалық зерттеулерінің қорытындылары
болып табылады. Бүл қорытындылар дүниежүзінің
100 еліндегі трансұлттық компанияларының
қызметкерлерінің арасында жүргізілген
сұрақ-жауаптарға негізделген. Дамыған
елдердің алғашқы қатарынан нарықтық
экономикасы мен кәсіпкерлік қызметі
шарықтап дамыған елдер орын алған. Олардың
өзі екі топқа бөлінген. Біріншісіне — Ұлыбритания мен Канада жатқы