Автор: s*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:48, лекция
Жаңа заман еуропалық мәдениеті[1] Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді.
Франциялық рококо:Амалиенбург
XVIII ғасырда бароккомен қатар Батые Еуропа өнерінде кеңінен тараған стильдердің бірі — рококо болды. Ол сарай зиялылары мөдениетімен тікелей байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны — «Өнер — рахаттану құралы». Бұл ұран сол бір кезеңдегі «ертеңгісін ойламайтын аристократтардың (ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді. «Бізден соң не болса да мейлі» деген Людовик XV нің ұраны да осы дәуірде шыққан.
Бірақ Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Халық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуропа елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ бұл екі ақыл- ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен бағдарламаларына айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғамдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсы полюстің өкілдері болатын. Екі ғұлама да бір уақытта, 1778 жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тартып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жайындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады. Ал Руссоболса өз тарапынан замандасының қарапайымдылыққа байланысты өркөкіректігін жақтырмады. Бірақ тарихи кезең бұл қарама-қайшылықтарды жуып-шайып жіберді, өйткені олар күні өтіп бара жатқан қоғамдық құрылысты, оның идеологиясын қай түрғыдан сынаса да, қалай сынаса да — ортақ іс үшін, бір мақсат үшін сынады, ортақ мақсат үшін күресті, сондықтан да бұл екі дананың екеуі де Ағартушылық заманының ұлылары болып қала береді.
Олай болса, қоғамды
қайта құру жолындағы күрестің бұл
аристократиялық және демократиялық
жолдары — прогресс жолындағы
мәдени қозғалыстың екі бағыты десек қателеспейтін
шығармыз деп ойлаймыз. Вольтердің жолы
— рухани жөне әлеуметтік революцияларды «жоғарыдан» жас
Орын алған осындай
келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы «Ағартушылық» дәуір
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.
Олар :
Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:
Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ерекше атап өтетін
бір жайт, XX ғасыр етек алған «сауықтық
мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл
осы уақытта біліне бастаған болатын.
Өнер туындылары мыңдаған таралыммен
жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының
халық арасына кеңінен тарауы, халықтың
жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер
болатындығын мүлде жоққа шығаруға болмас,
бірақ бұл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп,
оның құпиялық қасиетін жоюға себепкер
болғандығын да естен шығармаған жөн.
Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи
кезеңде халық көңілінен шығар нағыз өнердің
қажетті біліне бастады. Өнер — қоғамдық
көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия
тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік
пен ізғіліктің қайнар бұлағы, адамның
жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер — мәдениет
саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп,
дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бұл
ой-тұжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең
бастысы — «өнердің
қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын
толық түсіну үшін тағы да XIX ғасыр өнерінің
тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бұл
ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді
ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты.
Бірінші кезең, декаданс («құлдырау» деген
мағынаны береді). XIX ғасыр 50 жылдарында
бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа
дейін созылады. Осы бір «революциялық
дәуірдің» әрбір қоғамдық уақиғасы халықтың
творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік
мазмұнға ие болды. Ұлы француз революциясынан
қанаттанып, шабыт алған романтизм өз
өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер
сол заманның басты идеяларымен байланысты
болды. Олардың прогрессивтік идеялары
утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып
жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл
осындай идеялық бауырластығын қалай
түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған
жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау,
халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету
жолдары мен әдістерінің күңгірттігі
және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті
болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге
тән қасиет екендігін естен шығармаған
жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра
қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының
бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген
қоғамдысынай отырып, бұл ортадан безіне
қашады. Мұндай көңілі толмаушылық қасиет
пен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты
болды. Біріншісі, табиғат аясына кету,
өйткені табиғат адамның көңіл-күй күйзелістерінің
емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы
болып есептеледі. Сондықтан да болар
романтиктер қалаларды өткір сынға алып,
қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәріптеп,
олардың рухани байлығын паш ететін халықтық
фольклорды жоғары бағалады. Бұрыннан
белгілі экзотикалық елдермен қатар, ұлы
географиялық ашылымдар барысында ғана
белгілі болған елдердің әсем табиғаты
— олардың өнер туындыларының басты тақырыптарының
біріне айналды. (Байронның поэзиясындағы,
Делакруадың суреттеріндегі шығыс тақырыптары
және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған
жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып
қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагн
Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Вагнердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық тұрмыс- тіршілігін (Ж. Санд, Колридж) және т.б. өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқауы етті.
Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Эжен ДелакруаЭ. Делакруаның портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген қорытынды жасауға болады.
Олар:
Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды тарихи тұрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бұл тарихи процестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ең бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді. Жогарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдің айнасына айналды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиеттер болды. Ағылшын романтиктері Байрон мен Шеллидің шығармаларында қоғамдағы жағымсыз қылықтар қатал сынға алынды.
Саяси бытыраңқылық жағдайында
қалыптасқан неміс романтизмінің де
өзіне тән ерекшеліктері болды. Бұл дәуірде
неміс романтиктері музыка, әдебиет жөне
т.б. өнер салаларындағы асқан үздік шығармаларында
қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып,
философиялық, эстетикалық тұжырымдар,
теориялар жасады. Романтизммен қатар
XIX ғасыр ортасына қарай реализм ағымы
да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады.
Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастардың
белең алуымен тығыз байланысты болды.
Мұндай өзара тәуелділікті кездейсоқ
жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені
капитализм жағдайын¬да әлеуметтік қайшылықтар
асқынып, қоғамның бет-бейнесі, әдет, саяси-ғұрыптары
айтарлықтай өзғерістерге ұшырады. Қоғамда
орын алған мұндай жағдайлар адамның рухани
дамуына ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде
бұл процестер реалистік өнердің туындауына
түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалып¬тасқан
әлеуметтік-тарихи немесе сыншыл реализм
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің реализмі,
Ағартушылық дәуірінің реализмі сияқты
өзіне дейінгі тарихи кезеңцердегі реалистік
өнердің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре
білді. Осы орайда, сыншыл реализмнің тамыры
тереңде екендігін, оның революцияшыл
романтизммен де тығыз байланыста болғандығын
атап өтуіміз қажет, өйткені бұл ағымдардың
өзара тоғысуының басты себебі — буржуазиялық
қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр.
Реалистер де, романтиктер де адамның
рухани дүниесіне ерекше назар аударды,
оларға тарихи сана-сезім, халық мүдделері
өте жақын болды. Бірақ «болмыстан» қашқан
романтиктерге қарағанда «сыншыл
реалистер» болмыс сырын ашып-көрсетуге,
қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге
тырысты. Әлеуметтік тақырыптарды қамтитын
романдар жазуға деген әуестенушіліктің
сыры осы жағдайға байланысты болса керек.
Ұлы қаламгер О. Бальзактың пікірінше,
француз әдебиеті дүниежүзілік әдебиетте
соны бағыт танытып, алғаш рет «қоғамдық
адамның» бет-бейнесін жан-жақты сомдай
білді. Көркем енер саласында да Франция
елі реалистік бағыттағы тамаша туындылар
берді. Олардың қатарына: Т. Руссоның пейзаждары, О. Домьенің графикасы, Ж.Ф. Милленің шаруалар
өміріне арналған суреттері және т.б. жатқызуға
болады. Англияда реалистік ағымның қалыптасуы
өнеркәсіп төңкерісіне тікелей байланысты
болды, ал өз кезегінде өнеркәсіп төңкерісі
халықтың және ірі өнеркәсіп орындарының
ірі қалаларға шоғырлануына және жаратылыстану
ғылымдарының дамуына жол ашып берді.
Өкінішке орай, ағылшын буржуазиясы- ның
консервативтілігі салдарынан Алглияда
реалистік ағым жан- жақты дами алмады.
Оған дәлел ретінде, тарихи және тұрмыс-салт
жанрларының кенже қалуын айтсақ та жеткілікті
сияқты. Қала мен деревня арасындағы айырмашылықтардың
күшеюі мен селолық өмірді аңсаушылыққа
байланысты пейзаждық кескіндеме өнері
саласында талай сәтті туындылар өмірге
келді (Дж. Констебль және т.б.). Аталған
процестерді тереңірек бейнелеумен «викториандық
дәуірдің» тұрмыс-тіршілігі мен салт-дөстүрлерін
нақты шындық тұрғысынан көрсетуде ағылшынның
әлеумет- тік тақырыптарға жазылған романдары
айрықша үлес қосты (Ч. Диккенс, Д. Голсуорси,
У. Теккерей, Т. Гарди және т.б.). Германияда реалистік
бағыт, кейіннен, яғни XIX ғасыр аяғында
қалыптаса бастады (Менцельдің кескіндемесі
және т.б.). Оның басты себебі — елдің экономикалық
даму жағынан артта қалуына байланысты
буржуазиялық даму жолына өте кеш түсуі
еді. Сонымен қатар Германияның саяси
бытыраңқылығы мен романтикалық дәстүрлердің
орнықтылығы да өз әсерін тигізбей қалған
жоқ. Еуропа реализмі (Э. Золя, Ч. Диккенс, У. Теккерей жөне т.б.) өнер сахнасына
іскер адамдарды шығара бастады, сөйтіп
көсіпкерлік пен бизнес дүниесінде жаңа
кейіпкер — буржуаның рөлі арта түсті.
Бірақ реалистік өнер өкілдері қарапайым
адамдардың тағдырын, олардың өміріндегі
қилы-қилы кезеңдерді, олардың жан-дүниесін,
сезім толқындарын жан-жақты көрсетуді
де естен шығармады. Мысалы, Менцель кескіндеме
өнері саласында өндіріс тақырыбын қозғай
отырып, өнер арқылы жұмысшы мәселесін
шешуге әрекет жасады. Капитализмнің өзіне
тән сипаты — заттық төуелділікке негізделген
жеке адамның тәуелсіздігі мәселесі де
реалистік ағым назарынан тыс қалмады.
Реализм бұл тәуелділік жүйесін әлеуметтік
тұрғыдан қарастырды. Мысалы, реалистік
тұрғыдан жазылған романдардың мазмұнын
алып қарастыратын болсақ, онда буржуазиялық
қоғамның жеке адам тағдырына үстемдігі
мен оның қыспағынан құтылудың оңай еместігі
дәлелденеді. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда,
реалистік туындылар көне заман трағедияларымен,
одан қалды романтизм ағымымен үндес болып
келеді. XIX ғасырдың 80 жылдарында реализм
негізінде жаңа бағыт — натурализм ағайынды Гонкур, А.Доде,
Э. Золя және т.б.) пайда болды. Натурализм позитивизмме
XIX ғасырлардың 50 жылдарында
Еуропа өнері декаданс дәуірін
басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген
мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде
реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста
болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға
толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині
XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік,
селсоқтық көңіл-күйлерге байла¬нысты
рухани мәдениет пен өнер саласындағы
дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла
бастады. Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз
«символизмінде», ағылшын«эстетизмінде»,
«өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің
(Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында
көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны
«модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм»
ағымында өз жалғасын тапты. «Капитализмнің
қарқынды дамуы мен
ғылым мен техника саласындағы
орасан зор жетістіктер
жағдайында рухани мәдениет
саласында декаданс
құбылысының туындауын
қалай түсіндіруге болады
және XIX—XX ғасырлар
аралығында мәдениет
дағдарысы болды деп
толық сеніммен айта
аламыз ба?» — деген орынды сұрақтар
туындайды. Бұл сүрақтарға нақты жауап
беру үшін сол кезеңдегі қалыптасқан тарихи
жағдайларға қысқаша көз салайық. XIX ғасыр
аяғы буржуазиялық революциялардың аяқталып,
капитализм тарихында алғаш рет бейбітшілік
пен тұрақтылық орнаған заман болды. Бұл
уақытта өнеркәсіп төңкерісі де аяқталған
болатын. Ғылыми-техникалық прогресс буржуазиялық
қоғамның даму қарқынын жеделдете түсті.
Бұл дәуірде қоғамдық сананың «позитивизм» рухында
сапалық өзгерістері аңғарылды. Екінші
жағынан, белгілі бір орталарда «иррациональдық» фил