Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2011 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Екінші тарауда Испанияның ең бірінші тұрақты дипломатиялық елшіліктері католиктік корольдер кезінде пайда болғаны мен Испанияның Сыртқы Істер Министрлігі мемлекет үкіметінің ең бірінші және ең көне институттық органдарының бірі екені жөнінде жазылған.Сол кезде жасалған Корольдік декрет пен оның ықпалы туралы.

Сонымен қатар Франко өз билігін құрған кезеңі туралы. Оның орнатқан режимі Испанияның алдағы дамуына және сыртқы саясатына үлкен ықпал еткені жөнінде. Сол кезде Испания мемлекеті әлемде алатын орны өте өмен болатын. Өйткені ол басқа мемлекеттерге жабық болды.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................. 3

I- тарау. Испан дипломатиясының қалыптасу тарихы

1.1. Периней түбегінде мекендеген тайпалардың

дипломатиялық әдістерді қолдануда жасаған алғашқы

қадамдар.................................................................................. 5

1.2.Испаниядағы жаңа дипломатиялық қызметінің

құрылуы................................................................................... 7


II- тарау. Испанияның дипломатиялық қызметінің дамуына әсер еткен факторлар

2.1. Испанияның орталықтандырылған сыртқы саяси

аппаратының құрылуы....................................................... 10

2.2. Франко кезеңіндегі дипломатиялық қызмет................... 12



III- тарау. Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық

қызметі

3.1. Франкистік режимнің құлауы мен Испанияның

демократиялануы………………………………………… 16

3.2. Испанияның қазіргі таңда әлемдік сахнада алатын

орны..................................................................................... 18


Қорытынды…………………………………………………………… 20


Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………….

Работа содержит 1 файл

Испан дипломатиясынын калыптасуы курс.doc

— 154.00 Кб (Скачать)

    1949 ішкі режимінің Басты басқару  органының  құрамына кіретін  әкімшілік мәселесімен айналысатын  бөлімі, енді Консулдық мәселесімен айналысатын органға ауыстырылды.4

    1950жылы  министрліктің структурасы көптеген  өзгертулерді басынан кешірген болатын. Сонымен қатар, 1951 жылы Сыртқы саяи мәселелермен айналысатын Бас ұйым, 1953 жылы мәдени байланыспен айналысатын Хунта мен 1958 жылы Дипломатия қызметінің бөлімі де өзгертілді.

    Франконың бірінші режимінің дамуы барысында Испания «жабық» мемлекет ретінде саналды. Осының бәрі мемлекеттің Сыртқы саясаты мен Сыртқы Істер Министрлігінің функциясына үлкен ықпалының тимеуі мүмкін емес еді. Испания соғыстан кейінгі жылдарда пайда болған Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне кірмегендіктен және бүкіл әлемде салмағы бар мемлекетпен дипломатиялық қатынаста болмағандықтан, оның көпжақты дипломатияға қатысуына кейбір шектеулер қойылған еді.14

    50-жылдардың  соңында көптеген әскери басшыларының  жіберген қателігіне байланысты , Испанияда қаржылық-экономикикалық кризис пайда болады.Осыған байланысты Франко ұстанған саяси және экономикалық  бағыттарын өзгертуге мәжбүр болды. Сондықтан үкіметке либералды-экономикалық көз-қараспен жаңа министрлер келеді.

    Сыртқы  Істер Министрлігінің портфелін  енді Фирнандо Мариа Кастиеллаға беріледі. Оның « Испанияның Қайтуы» атты кітаптың авторы.Осы шығарма өз агрессиясымен бүкіл европа мемлекеттерін таң қалдырған еді. Сондықтан да, Кастиеллині Ұлыбритания жерінде, елші ретінде қызмет ету ұсынысынан бас тартылған болатын.

    Осыған  қарамастан, Кастиелли дәрежесі мол дипломат болды.

    Басында ол Перу елшісі болып, ал кейін Испания  Ватиканмен Конкордата жасаған кезеңінде қызмет атқарған болатын. Жаңа министрдің негізгі міндетіне Испанияны халықаралық аренада мүддесін көтеріп, басқа мемлекеттермен  екі жақты қарым-қатынасты орнату керек еді.

    Осыған  байланысты Испания шет мемлекеттермен қарым-қатынасы жақсарғаны, сол кезде  бір-біріне жасаған визиттерден  байқай аламыз. Осындай визиттердің  бірі 1959 жылы АҚШ президенті Эйзенхауэра Мадритке келген болатын. Нәтижесінде, испан мен американ қатынастары , франко режимін әлемдік аренада өз пайдасын тапты.

    Дәл осы уақытта мемлекет шетелде  өз имиджін көтеру үшін жаңа девизді ойлап табады. Ол « Испания басқа » деп аталынған еді. Осы девизтің негізгі идеясы , әлемнің Испания жөніндегі ойы жоғары болу үшін істелінген болатын.12

    60-70-ші  жылдары мемлекеттің сыртқы саясатының  негізгі бағыттары жөнінде дискуссия пайда болады. Өйткені дәл осы кезден бастап Испания экономика-сауда байланыстарын Европа мемлекеттермен кеңейткен болатын. Сонымен қатар, олармен сауда көлемі артты . Осы кезде Европаның халықаралық аренада алатын ролі үлкен еді. Европа Испаниямен бірге байланысты болуына қарсы болмады. 1962 жылдың 9 ақпанда испания елшісі Брюссель мен Европаның Экономикалық Ұйымның мүшесіне ресми түрде , Испания мемлекеті бұл ұйымға кіру мүмкіндігі жөніндегі хатты жіберген болатын. Осы жағдайлардың бәрі Испания мемлекетінің өзіне әлемдік аренада тиісті орнын тапқанын көре аламыз. Сонымен қатар, парламентарийлері мен Европа мемлекеттерінің , негізінен Европа Одағымен қатынастары жақсарды. Сөйтіп 1976 жылы Испания Европа Одағының мүшесіне қабылданды.

    70-ші  жылдардың басында Испанияның  Сыртқы Істер Министрлігінің  жаңа структурасы, жұмыс істеу методтары мен функциялары халықаралық

    қатынастарға лайықты етіп жасалынды.2

    1970 жылдың ақпан айында Испанияның  Сыртқы Істер Министрлігінің  жаңа структурасына байланысты  декрет жасалады. Сыртқы істермен  айналысатын Субсекретариаттың  орнына Мемлекеттік бас орган  құрылады. Оның қол астына  субсекретариаттың   барлық бөлемшелері мен функциялары беріледі. Сонымен қатар, экономикалық қатынастарды бақылайтын Бас орталығы мен халықаралық техникалық серіктестігінің Бас орталығы. Олардың міндетіне экономикалық-қаржылық  мәселелерге анализ жасау мен сыртқы экономикаық саясатын дайындауы кіретін. Осының бәрі Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінің атқаратын қызметі күшейгенін көрсетеді.

    Сол кезде Испанияның сыртқы істер министрі Лопес Браво болып істейді. Дәл осы кезде Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінің мемлекетте беделі өседі. Бравоның іс жүргізуі ерекше болды. Өйткені ол Испанияның халықаралық аренада имиджін көтеру үшін барлық бағыттарды қолданып, пайдаланған еді.

    Франко  билік еткен жылдарына анализ істейтін  болсақ келесі қорытынды жасауға болады. Франкизмнің 1-ші билік ету кезенінде Сыртқы Істер Министрлігінің көптеген шетел мәселелерін шешуде рөлі аса маңызды болған жоқ. Ал Испан консульствасы канцеляриялық функцияларды орындауымен қатар шет мемлекетте жүрген азаматтардың денсаулығын бақылап қызметтерін қадағалаған. Сонымен қатар, паспорт беру, виза мен арнайы құжаттарды жасау сияқты мәселелермен айналысатын болған.1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     ΙΙI. Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі 

3.1. Франкистік режимнің құлауы мен  Испанияның демократиялануы 

    Франкистік  режимнің құлауы Испанияның демократиялануы мен мемлекеттің саяси жағдайының күрт өзгенруіне әкеп соқты. Аз уақыттың ішінде, яғни 1975 жылы мемлекеттің жаңа конституциясы жасалынып, қабылданды. Ол бойынша енді Испания парламенттік монархияға айналды. Конституцияға сәйкес мемлекет басшысы болып король есептелінді. Бірақ іс жүзінде король билигі шектеулі болып, мемлекетті басқаруда символикалық рөл атқарды. Барлық билік генеральды кортес пен конституционалды соттың қолында болды.

    Қабылданған жаңа конституция Испанияның ішкі бүкіл  саясаты мен дипломатиялық қызметіне  күрделі өзгерістер енгізді. Сол  кезеңде жасалған корольдік декрет бойынша Испан демократиясына сай  өзгерістер енгізілуі керек болды. Декрет Сыртқы Істер Министрлігінің мүшелері мен мемлекеттік парламенттің бірігіп жұмыс істеуін негіздеді. Жаңа конституцияға сай парламент барлық сырқы саяси органдардың жұмысын қадағалау құқығына ие болды.9

    Испания демократиялық мемлекет болғаннан  кейін сыртқы саясатты бақылаудағы жаңа ұйымдар пайда бола бастады. Осындай органның бірі мемлекеттің сыртқы істерімен айналысатын мемлекеттік Секретариат.

    Жоғарыда  айтылған Корольдік декрет бойынша  Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінің атқаратын міндеттері келесідей:

    1. Мемлекттің сыртқы саясатын жоспарлау, оны бағыттау мен жүзеге асыру.

    2. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттермен арақатынастарын ұлғайту мен оны сақтау.

    3. Шетелде Испания мемлекетінің  мүддесін қорғау.

    4. Шетелде орналасқан Испан азаматтарының  құқығын қорғау.

    5. Біртұтас сыртқы саяси қатынастармен айналысатын Испания министрлігінің және ведомствасының қызметтерін үйлестіру.

    Жаңа  конституцияға сәйкес, Испанияның Сыртқы Істер Министрлігіне димократиялық  қоғам мен сыртқы саяси ведомстваға  сай функциялар енгізілді . Біріншіден ол бұқаралық саясатының өткізілуіне байланысты болды.Сонымен қатар,  жаңа Конституцияға сәйкес сыртқы саяси салада сот ұйымдар мен өкілділіктің алатын орны өсті. Осыған байланысты , Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінде арнайы бөлімшелер пайда болды. Олардың міндеттеріне сыртқы  саяси мәселелермен айналысатын үкіметтің парламентте және  бұқаралық ақпараттарда ресми ұстанымын көрсету.  Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінің дәстүрлі департаменттердің бұқаралық дипломатия саласында жұмысы артты.  Осылайша дипломатиялық ақпарат бөліміне әр жыл сайын арнайы құжаттар жинағын дайындау міндетіне ие болды. Онда король, үкімет төрағасы мен сыртқы істер министрінің Испанияның сыртқы саяси қызметіне байланысты айтылған сөздері жазылып отыратын болған.6

    1990 жылы жаһандану процессі мен Европа Одғының саяси механизімінің ықпалы күшейді. Осыған байланысты енді Испания мемлекетін түрлі сыртқы саяси қызметтердің мүшесі болуына ұсыныстар түсе бастады. Амстердам мен Маастрих келісіміне қол қойғаннан кейін, Испания аймақаралық қарым-қатынастарды ұйым шеңберінде дамыту міндетін өз мойнына алды. Амстердам келісіміне сәйкес Регионалдық комитет Испанияға жаңа мүмкіндіктер берді. 1990 жылдың аяғында ұзақ және қиын келіссөздерден кейін жаңа Министраралық комиссия құрылады. Оның қызметіне  орталық және регионалды өкілдерінің үкіметтері қатысады. Комиссия Испанияның халықаралық саяси  мәселелері шешуде оның ұстанатын позициясын көрсетіп,  халықаралық аренада бірігіп істейтін шараларын дайындады.

    XX ғасырдың аяғында , Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінің қызметіне адам құқығын қорғау , айналадағы ортаны сақтау, экономикалық даму жағынан артта қалған мемлекеттерге көмектесу, терроризм мен экстремизмге қарсы күш қолдану, ашаршылдық пен кедейшілікпен күресу және с.с. проблемаларды шешу сияқты жаңа міндеттерге ие болды.  Осының бәрі , Испанияның Сыртқы Істер Министрлік қызметінің ұлғаюы мен жаңа бөлімшілердің пайда болғанын көрсетеді.

    Постфранкистік  периодтың бірінші кезеңінде  Испанияның әлемдегі мемлекеттермен ара-қатынасын  жақсарту жөніндегі сұрақ туындады. Ол үшін Испанияның Сыртқы Істер Министрлігі шетелде жаңа дипломатиялық және консулдық мекемелерді ашуымен қатар, министрлікте жаңа территориалды бөлімдері ұйымдастырылды.10

    1976 жылы сәуір айында Испанияда министрлікті қайта құру туралы шешім қабылданды. Мақсаты, жетекші ұйымның қызметін нығайтып , жаңарту. Ал Декрет бойынша Европа, Атлантика, Солтүстікатлантика мен Тынықмұхит мәселелермен айналысатын Жалпы Басқару ұйымның атқаратын міндеттерін қайта қарастырды. Техникалық және  Дипломатиялық кабинеттер бірігіп, Министр кабинеті деп аталды. Сонымен қатар Бас техникалық секритариат та қайта құрылды.

    1978-1979 жылдарда жаңа конституция қабылданғаннан  кейін, министрлік құрылымы күрделі өзгерістерге ұшырады. Біріншіден көпжақты дипломатияның әлемде ролінің өсуі, халықаралық ұйымдардың және конференциялардың жалпы құрылымы өзгертілді.

    Екіншіден, министрліктің шеңберінде Европалық Ұйыммен байланыстыратын  Секретариат құрылады. Әрине, осындай қадам Испания мемлекетін Европалық Экономика Ұйымының құрамына кіру үшін жасалған еді. Интеграция жөнінде жүргізілген келіссөздердің бірінші жылдарынан бастап, оған қатынасатын бөлімдерді үйлестіру керек екеніндігін көрсетті. Испания мемлекеті Европалық Экономика Ұйымға кіргеннен кейін, 1985 жылдың 28 тамызында жасалған декретке сай, Европалық байланыстармен айналысатын Секретариат енді Европалық мәселелермен айналысатын Секретариатқа айналды. Сонымен қатар халықаралық бірлестік пен Ибероамерика мәселелерімен айналысатын Үкімет Секритариаты құрылады. Ол он жыл көлемінде жұмыс істеген14. 
 

    3.2. Испанияның қазіргі таңда әлемдік сахнада алатын орны 

    Испания Үкіметінің Сыртқы Істер Министрлігі  құрылымын кеңейту үшін келесі қадамы НАТО-ға кіруі болды. 1982 жылы қауіпсіздік қарусыздандыру мәселесі мен айналысатын жалпы басқару органы құрылды.

    Осыған  байланысты Испанияның Сыртқы Істер Министрлігінің жаңа құрылымы пайда болды. Олар: Испанияның Сыртқы Істер Министрлігі, оған бағынатын министр кабинеті; дипломатиялық информациямен айналысатынг Басқару органы; сыртқы саясатты жоспарлау және оған анализ жасау кабинеті мен Сыртқы Істер Министрлігінің Жоғарғы Кеңесі. Министрге тікелей  екі Мемлекеттік Секретариат- Евро Одағы мен сыртқы істер Секретариаты ( ЕОССС) және Ибероамерика мәселесімен айналысатын халықаралық Бірлестігінің Секритариаты ( ИХБС )кірді . ЕОССС-не қауіпсіздік пен сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын арнайы миссия бағынады. Оның функциясына – Евро Одағының техникалық мәселелері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы; қауіпсіздік пен қарусыздандыру; сонымен қатар, Европа, Солтүстік Америка, Африка, Азия , Тынықмұхит регионы мен Ибероамерика айналысатын географилық бөлімдері кіреді. ИХБС-ң құрамына ғылым мен мәдениет  мәселесімен айналысатын Жалпы орталық кіреді. Осы министрлікке автономдық сипаты бар органдар:

    I. Испанияның халықаралық бірлестігінің  Агенттігі. Оған екі ортақ басқармалар бағынады: 1) Американың құрамына кіретін мемлекеттерінің мәселелерімен айналысатын басқарма; 2) Араб мемлекеттерінің ара-қатынасымен айналысатын басқарма.

    II. Министрлікке қатысты Сервантес  институты.

    Министрлік  бөлмшелердің қызметінің ұлғаюы Сыртқы Істер Министрлігінің құрылымына шектеулер  қойылды. Субсекриаттың міндетіне экономикалық және мәдениет саласындағы мәселелерді шешу кіреді, ал Европа Одағына байланысты сыртқы саяси мәселелермен айналысатын Жалпы басқару органы айналысатын болды.

    Әрбір министрлік бөлімшілердің атқаратын  міндеттері үлестірілсе де, қазіргі  таңда Субсекритариат көптеген мәселелерді шешуде оның әсер етуі өте жоғары.

    Сыртқы  Істер Министрлігінің құрамында  басқа да комиссиялар жұмыс істейді. Олар: сый ақы беру , ақпарат , кадрлер мәселелері мен дипломатиялық қызметі жөніндегі комиссиялар.Барлық комиссиялар субсекритариаттармен басқарылады. Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі халықаралық саяси мәселелермен айналысатын ұлттық немесе министраралық комиссияның жұмысына қатысады. Министірліктің уәкілдері осы көптеген комиссиялардың төрағалары болып келеді.7

Информация о работе Қазіргі замандағы Испанияның дипломатиялық қызметі