Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 19:26, курсовая работа
Мақсаты мен міндеттері. Бұл курс жұмысының мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын анықтап, көрсету. ДСҰ-ы туралы мағлұматтар беру арқылы оған кірудегі тиімді және тиімсіз жақтарды талқылау. Ол үшін мындай міндеттер алға қойылды:
ДСҰ-ның құрылу мақсаты, жүзеге асу принциптері және оған қабылдану критерилерін көрсету, соның ішіндегі Қазақстанның ұсынысы, қарастырылған келісімдерді қарастыру;
Кіріспе......................................................................................................................3
I ГАТТ-тың құрылуы. ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы......................................................................................6
1.1 Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ)/Дүниежүзілік сауда үйымы (ДС¥)...........................................................................................................6
1.2 ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы............9
II Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемалары .....12
2.1 Қазақстанның ГАТТ/ДС¥-на кіру проблемалары........................................12
2.2 Қазақстанның ДС¥-на кіруінің жетістіктері. Қазақстан экономикасының ғаламдануы.............................................................................................................15
2.2.1 ТМД саясатының координациясы..............................................................18
2.2.2 Тиімсіз жақтары............................................................................................18
2.2.3 Тиімді жақтары.............................................................................................20
Қорытынды.......................................................
Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді қорғау (әсіресе экономиканың аграрлық секторын) тікелей шетел инвестициялары тәртібімен және ішкі нарықты сауда бәкелестерінің экспансиясынан қорғаумен сай болу керек, ол республикадағы жұмыс орындары санының көптеп құрылуына әкеледі.
Одан басқа, ДС¥-на кіру үшін Қазақстан өмірлік маңызды аймақтық трансферттер мен монополиядағы төмен тарифті алып тастауға тура келеді, ДС¥-ның талаптары бойынша олар экспортты субсидияландыру ретінде қарастырылады. Бұның бізге еш жақсылық әкелмейтіні рас.
Тағы бір проблема бұл аймақтық интеграция. Ғаламдану жағдайында көптеген мемлекеттер осыған өздерін беттейді. Мысал ретінде Европадағы - ЕО, Америкада - НАФТА (КанадаДҚШ және Мексиканы қосатын), бізге - ЕврАзӘС-ті алса болады, ШЫ¥ күш жинауда [16,616].
Аймақтық протекционизмді күшейту жағдайында ДС¥ ережелерін кеміту және шешімдерш ескермеу жиі болудан қалды. Мұндай жағдайда Қазақстан ДС¥-на кіре отырып, өзін ғаламдық бәсекелестікке аша отырып, тек шығынға ұшырайды, себебі шикізаттан басқа ештеңе үсына алмайды. Бірқатар Шығыс Европа мемлекеттерінің ЕО-қа кіруімен де жағдай қиындайды. Мұның барлығы Қазақстан экономикасын жағымсыз салдарға ұшыратады: экспорттың қысқаруы, импорттың өсуі және сыртқы қарыздарды төлеу республиканың алтын валюта қорларының қысқаруына әкеліп, масштабты девальвацияға қауіп төндіреді. Шығатын жол біреу—мемлекет үшін қиын саяси және экономикалық салдары бар жаңа сыртқы несиелер.
Осылайша, шешім бір: асығудың керегі жоқ,
себебі бүгінде ДС¥-на Іщтыл түрде кіру
елдің экономикалық қауіпсіздігіне ұлкен
қауіп төндіреді. Қытай мақалында: «Есік
тек бір жағына, не екінші жағына ашылуы
мүмкін, бірақ екі жаққа бірдей емес» делінген.
Сондықтан жауапты қадамның позитивті
және негативті әсерлерін салыстыру арқылы,
барлығын бірнеше рет таразылап алу керек.
Бұдан бөлек, ТМД елдеріне ДС¥-на кіруде
қазіргідей жеке емес, топпен кіру керек,
яғни интеграциялық құрылым ішіндегі
экономикалық параметрлерін келістіру
арқылы (мысалға ЕврАзЭС).
2.2 Қазақстанның ДС¥-на кіруінің жетістіктері.
Қазақстан
экономикасының ғаламдануы
Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың басты тенденцияларның бірі - сауда бостандығы үшін күрес болды. Соңғы жылдары еркін сауда үшін қозғалыс ғаламдану атына ие болды.
Ғаламдану тек сауда саласын емес, сонымен қатар тауарлар, жылжымайтын мұлік немесе қаражат және мамандандырылған жұмыс күшін қамтуда. Ғаламдану басқа ұйымдардың бәсекелестікке қабілетін арттыратын жақсы тәсілдің бірі болып табылады, сонымен бірге жаһандануда бәсекелестік болады, ал бәсекелестік болған жерде қарсыластар болады.
90 жылдары әлемдік сауда көлемі жыл сайын 7%-дейін өсіп отырды, сол кездері ЖІӨ-нің әлемдік деңгейі 2 есе кіші, яғни 3%-ға төмен болды. 1999 жылғы тексеру өзіне дерлік бір бөлек. 1999 жылдың екінші жартысында (дамушы мемлекеттерге жағымды ықпал ететін ғаламдық шығарым мен сауданың нығаюы көріне бастады, тауар экспорты және қызмет көрсету әлемдік орта деңгеймен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды. 1999 жылы дамушы мемлекеттерге тауарлардың әлемдік экспорты 27,5 % және коммерциялық қызмет көрсету экспорты 23% болды [16,836]. Осының барлығы дерлік болашақта әлемдік сауданы өркендете түседі. Ал ғаламдық нарықта күн астынан орын іздеуге қатыспайтындар әлемдік дамудың шетінде қалып (кетулері мүмкін.
Ғаламдану Қазақстанды да айналып өткен жоқ. 1996 жылдың адтарынан бастап Қазақстан Республикасы Тариф пен Сауда жөніндегі Бас Келісімнің (ГАТТ) орнына келген Дүниежүзілік Сауда ¥йымының (ВТО) бақылаушы статусын алды, бірақ мемлекетте мұлдай салаға толық мән бермейді. Мысалға, Сиэтлде болған соңғы кездесу(онда ДС¥-на жаңа мемлекеттердің кіру проблемалары талқыланды) Қазақстанда байқаусыз қалды. Сиэтлде болған Билл Клинтонмен кездесуде ол «ғаламдық экономикаға тұлғалық бейне беруге» шақырды [10,1426]. Осыдан 30 жыл бұрын социалистік өмірдің адами көзқараспен түсіне білмеппіз, егер де осындай қалыпта жалғастыра берсек, біз ғаламданудан элде қайда алшақтап кететінімізді кім білсін.
ДС¥-ға кіргендегі Қазақстан мен Қытайдың айырмашылығы көзге түсді. Осы ұйымға кірудегі мақсатта Қытай 15 жылдай келіссөздер жүргізді. Міне, нәтижесінде агрессивті сыртқы сауда саясаты бар мемлекетке шексіз нарық ашық. Өзінің жаңа статусына ие болған Қытай сауда кедергілерінің қрауына байланысты тауарларының түсуімен, сонымен қатар оның сұранысқа ие боларында сөз жоқ. Сондықтан қатысушы мемлекеттерге өз өндірушілерін Қытай экспансиясынан қорғау үшін көп жыл керек болатын еді. ДС¥ мүшелігіне айырбас ретінде Қытайға бірнеше қатаң талаптар мен міндеттер қолдануға тура келеді, олардың кейбіреулері басқа елдерге қолданылмаған. Бірақ Қытайдың ДС¥-на кіруінде дамушы мемлекет статусын алу мүмкіндігіне ие болды (бұл оған бірнеше жыл көлемінде жоғарғы импортты кедендік салығын және басқа да сауданы қорғау шараларын сақтауға теоретикалық құқық береді) сонда да елдегі кедендік салықтың орта деңгейі біршама түсті. Сол кезде ДС¥-на мүше-мемлекеттер 12 жыл көлемінде Қытай экспортына қатысты өз нарығын қорғауға ерекше шара қолдануға тура келеді [4,1996].
Тағы да Қытай намысына тиген жағдай жақын арадағы 15 жыл антидемпингтік тексеру жүргізілген жағдайда ҚХР саудасыз экономика мемлекеті болып саналады, ал бұл ДС¥-ның арбитраждық органдарының шығарған шешімі Қытай пайдасына емес еді, бұны Қытайға талқыға салу қиын болады.
Осылайша, болашақта ДС¥-на Қытайдың мүше болу болжамы жақын болашақта үмітттерінің ақталмауы мүмкін. Қытай аналитиктерінің пікірінше, жақында ДС¥ талаптарын орындаудан тек жеке кәсіпорындар емес және экономиканың бүкіл саласы зардап шегеді, элауқатты және жағдайы төмен халық топтарының арасында және де шығыс пен батыс аймақтары арасында бөліну ұлғаюда.Әсіресе ең қатты зардап шегетіндер шаруа халық, себебі олардың экспортқа шығарылатын өнімдері толық тоқтатылады.
Біртіндеп Қытайға қарсы сауда қоршаулары шеттетілген соң, ДС¥ -на мемлекеттің мүшелігі оның дамуына жағымды әсерін тигізеді. Бірақ 2005 жылы ҚХР-ның даму проблемаларын зерттеу орталығының есебі бойынша ДСҰ-ның ұлттық өнімі 1,5%, ал қолдану өнімі 0,6%, эксорт болса 26,9%, импорт 25,8%, инвестиция 1,8% өскен болатын. Бүкіләлемдік банктің болжауы бойынша 2020 жылы Қытайдың сыртқы сауда айналымы 10%- ға өседі, яғни АҚШ-тан соң Қытай 2-ші орында болмақ [7, 81б].
ДС¥-на кіруге қажет деп санаған посткеңестік кеңістіктегі елдер болды. Тәжікстан және Түркменстаннан басқа мемлекеттер ДС¥-на мүше болуға өздерінің өтініштерін жіберген, ал Молдова мен Грузия бұл ұйымға кіріп қойған. Мемлекеттердің болашақ экономикасын анықтайтын келісімге оңай қол қойған сэттен бастап мынадай ой туады, бұл мемлекеттер ДС¥-ның талаптары мен ережелеріне келісіп, ұйым үсынған шарттарын қабылдап, болашақ салдарын ескермеген. Мысалы, біздің жақын көршіміз Қырғызстан ТМД мемлекеттері ішінде ең бірінші ДС¥ мүшесі болған ел. Қырғыздар 3 жыл мерзімі ішінде бұл жетістікке қытайлардын бес есе жылдамдықпен қол жеткізді. Өте жылдам жүргізілген келіссөздер Нәтижесінде Қырғызстан кеден салығын тез түсіруге, кейбір тауарларын жоюға, лицензиялықты жойып, ауыл шаруашылығының деңгейін төмендетуге, жергілікті және шетелдік кәсіпкерлерге ортақ заң тәртібін енгізуге мэжбүр болды.
Қорытындысында, ДС¥-на кірмей түрып және қазір де бәсекелестікке қабілетсіз болған отандық өнім, мүшелікке заңдастырылғаннан кейін ішкі саудадан алынды. Сонымен қатар кедендік тосқауылды түсіру және мемлекет үшін экспортты қолдану мүмкін емес нэрсе. ДС¥-ға кіруінде Қырғызстан үміттенген шетелдік инвестиция инвестициялық жағымсыз ауа-райынан келмеді. Сондықтан Қырғызстан ДС¥ мүшелігінің шарттарын қайта қарауға, келіссөздер жүргізуге мэжбүр болмаса, бұл ел ДС¥-ның басқа мүше-мемлекеттеріне сауда шарттарын үстанбағаны үшін компенсация төлеуге тура келеді және ұйымнан шығуға мэжбүр болады. Әлемдік қауымдастықты Қырғызстаннның ішкі саудасы еш қызықтыра қоймас, осыған байланысты Қырғызстан ымыраға келуі мүмкін. Ал ішкі саудасы мен сыртқы экспорты дамыған ірі мемлекетер мынадай мүмкіншіліктерге ие болмайды. Ресейдің ДС¥-ға кіруі де алыс емес. Қытай ДС¥-на кіргеннен кейін Ресей сауда жүйесіне кірмеген ұлкен держава болып қалуда. Біздің көршілес мемлекеттер аңдап аяқ басуда, себебі олар болымды және болымсыз факторлардың әсерінен мемлекетке түсетін пайда немесе шығынды жан-жақты қарастыруда [8 ,№9].
Қырғызстанға қарағанда Ресейдің жоғалтары көп, сол себепті Ресей халқы байыппен және де ауыр түрде келіссөз жүргізуде. Жақтар арасында қатаң қайшылықтар бар, ДС¥ мүшелері өте қатаң талаптар қоюда. Сауда тәртібі, тариф, ауылшаруашылықтың дәстүрлі мәселелерімен бірге, мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметі, жеке интелектуалдық құқық проблемалары одан қиынырақ болды.
Сонымен қатар, ДС¥ Ресейден міндетті емес келісімге, яғни «секторлы бастама»атты келісімге (үкіметтік сатып алу, химиялық тауарларға салық салу, азматтық авиатехника, ақпараттық техника сатуға байланысты) қатысуын талап етеді.
Ресей заңнамасы әлі ДС¥ нормасына сәйкестендірілмеген. Егер кейбір мемлекеттерге ұйымға мүше болғаннан кейін заңға өзгертулер енгізу мүмкіндігі берілсе, мемлекеттің экономикалық қызметін анықтайтын заңдылықтарға Ресей бірнеше айда өзгертулер енгізу мүмкіндігін алды. Сонда да Ресей Федерациясының позициясы анық: кіру. Қандай бағамен болса да емес, тек қолдан келетін шарттар арқылы.
Мынадай сұрақтар туындады, Қазақстанның ДС¥-ға кіруі бірқалыпты акт бойынша ма? Бұған эртүрлі пікірлер бар. Мысалға Ресей үшін ағылшын экономистерінің есептеуінше ДС¥-на кіруінде бірнеше миллиард долларды үнемдейді. Әрине, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру оңай емес, ол үшін бір аздан дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан ДС¥-на кіру мәселесінде алдына қатал ұстаным қойған.
Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
төрағасы Ержан Өтембаев былай деген:
«Қазақстаннның стратегиялық мақсаты
- Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру, яғни
мемлекет талаптарына сай» [4,1146]. Бір жағынан
бұл позиция дүрыс, ішкі нарықта ойын тәртібін
екі рет өзгертпеу-- қазір және ДС¥-на кіргеннен
кейін. Бірақ көптеген сұрақтар жөнінде
позицияларының жақындасуы болмаса мұны
елестету өте қиын.
2.2.1
ТМД саясатының координациясы
Ғаламдық нарық алдыңғы сауда державалары құрған аймақтық коалицияның орнатылуы арқылы құрылады. Еуропалық Одақ мемлекеттері үшін ішкі блок сауда ұлесі 62% экспортқа, ал НАФТА елдері үшін 51% келеді.
Қазіргі уақытта ДС¥-да ең жоғары дамыған мемлекеттердің АҚІП, Жапония және ЕО дауыстары жоғары дәрежеде, олар пайда табу мақсатымен келіссөздер жүргізеді [10, 78б]. Мүмкін Қытайдың кіруі бұл жағдайды өзгертеді, қалған мемлекеттердің даусы естілмейді, дамушы мемлекеттердің ішінде олардың ықпалын теңейтін күш жоқ. ДС¥-на кірген ТМД елдері бұл жағдайды келіссөздер саясаты арқылы өзгерте алады. Мұндай жалпы саясатты құру арқылы кіруге жақсы жағдай жасауы, бұл ұйымға қосымша привилегия қосуы мүмкін. Бұл жөнінде Кедендік одақ үкіметінің кеңес басшыларының отырысынан кейін Астанада өткен жиналыста Елбасы айтқан болатын. Оның айтуынша, ДС¥-на Кедендік одақтың барлық мемлекеттері кіруге дайындалуда. Бірақ, біз барлығымыз бір ауыздан кіреміз деп келістік- деді президент. ДСҰ ішкі нарықтың ашылуын қолдап, шектеусіз шетел тауарларын тасуға, соның Нәтижесінде Кедендік одақтың ішкі мекемелері тоқтап қалуы мүмкін екендігін атап өтті.
ТМД мемлекеттері КСРО-ның мықты экономикалық
өзара тәуелсіздігін ұстап қалған, көптеген
салада мүдделер ұқсамайды, сондықтан
келісілген саясатқа жету қиынырақ болады.
Осы талпыныстар ДС¥-на кіру жолын созуы
мүмкін, себебі еркін сауда аймағы шеңберінде
өзара келісім жоқтығында. Сондықтан,
мысалға Грузия өзін осындай жалпы келісім
саясатынан бас тартып, кіру процесінің
созылуы ДС¥-ның қиын талаптармен байланысты
деп келіссөздерді өз бетінше жүргізуді
шешті. ДС¥-на кіруде оның тиімді және
тиімсіз жақтары да бар.
2.2.2
Тиімсіз жақтары
ДС¥-на кіруде қандай негативті жақтар бар? ДС¥-на кіру үшін бәсекеге қабілетті секторлардың тағам және табиға ресурстары қажет болуы керек. Біздің экономикамыздың басқа салалары бәсекеге қабілетті емес, әсіресе ауыл шаруашылық пен жеңіл өнеркәсіп. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргісі келеді, бірақ бұл пайда келтірмеуі мүмкін. Бұрынғы экономика министрі Жақсыбек Құлекеевтің сөзіне қарағанда, бұл еліміздің экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол үшін шетелге ішкі нарықты ашу керек және мемлекет ішкі нарықты сақтаудың лицензиялау және жеңілдік беру құралдарынан айырылады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, ДС¥-на кіру Қазақстан үшін халық шаруашылығының кейбір салаларын толық жоюға әкеледі. Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімі сыртқы нарықта «артық» болып қалуы мүмкін. ДС¥-на кіру республика үшін ұйымға қатысушы 140 мемлекетпен жағымды сауда тәртібін жүргізуге әкеледі.
Бірақ, Қазақстанға ДС¥-на кіру үшін бірінші ЕурАзӘс-тегі өз әріптестерімен келісілген саясат жүргізу керек. ДС¥-ның негізгі 56 келісіміне қосылмас. Бұрын мемлекет эртүрлі экономикалық дискриминацияға ұшырайды [7, 36б].
Сонымен қатар Қазақстаннан кедендік тариф деңгейін түсіруді талап етеді. ДС¥-на кіру бюджетке де орасан шығын келтіретіні түсінікті. Сауда қызмет көрсету жөніндегі жалпы келісім бойынша 100-ге жуық түрлі қызмет көрсетуге қойылған кедендік барьерлер алып тасталынды. 1997 жылы желтоқсанда қаржылық қызмет нарығын либерализациялау туралы келісімге қол қойылған, қатысушылар 102 мемлекет болды. Бұл ғаламдық нарық 38 трлн. банктік несиені, 18 трлн. доллар бағалы қағаз және 2 трлн. доллар сақтандыру салымын құрайды. Біздің мемлекет те қызмет көрсету сферасындағы кедергілерді, әсіресе қаржы кедергілерін алып тастауға мәжбүр. Бірақ, жақындағы қаржы кризисі көрсеткендей, отандық қаржы институттары тұрақсыз және бәсекеге қабілетті емес. Ал сақтандыру бизнесі енді қалыптасуда.
Информация о работе Қазақстанның ДСҰ-на кіруінің жағымды және жағымсыз жақтары