Қазақстанның ДСҰ-на кіруінің жағымды және жағымсыз жақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты мен міндеттері. Бұл курс жұмысының мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын анықтап, көрсету. ДСҰ-ы туралы мағлұматтар беру арқылы оған кірудегі тиімді және тиімсіз жақтарды талқылау. Ол үшін мындай міндеттер алға қойылды:
ДСҰ-ның құрылу мақсаты, жүзеге асу принциптері және оған қабылдану критерилерін көрсету, соның ішіндегі Қазақстанның ұсынысы, қарастырылған келісімдерді қарастыру;

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I ГАТТ-тың құрылуы. ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы......................................................................................6
1.1 Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ)/Дүниежүзілік сауда үйымы (ДС¥)...........................................................................................................6
1.2 ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы............9
II Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемалары .....12
2.1 Қазақстанның ГАТТ/ДС¥-на кіру проблемалары........................................12
2.2 Қазақстанның ДС¥-на кіруінің жетістіктері. Қазақстан экономикасының ғаламдануы.............................................................................................................15
2.2.1 ТМД саясатының координациясы..............................................................18
2.2.2 Тиімсіз жақтары............................................................................................18
2.2.3 Тиімді жақтары.............................................................................................20
Қорытынды.......................................................

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 
 

Кіріспе......................................................................................................................3

I ГАТТ-тың құрылуы.  ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы......................................................................................6

1.1 Сауда  мен тарифтер бойынша Басты  келісім (ГАТТ)/Дүниежүзілік сауда үйымы (ДС¥)...........................................................................................................6

1.2 ДСҰ-на  қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы............9 

II Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемалары .....12

2.1 Қазақстанның  ГАТТ/ДС¥-на кіру проблемалары........................................12

2.2 Қазақстанның  ДС¥-на кіруінің жетістіктері. Қазақстан экономикасының ғаламдануы.............................................................................................................15

2.2.1 ТМД саясатының  координациясы..............................................................18

2.2.2 Тиімсіз жақтары............................................................................................18

2.2.3 Тиімді жақтары.............................................................................................20 

Қорытынды..........................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………24 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

Курс  жұмысының  өзектілігі. Қазіргі таңда Дүниежүзілік Сауда Ұйымы әлемдік экономиканы реттейтін негізгі күшке айналып отыр. ДС¥-ның негізгі мақсаты—импорттық баж деңгейін түсіруде тарифтік әдістерді реттеу,  халықаралық тауар және қызмет көрсету алмасуында тарифтік емес кедергілерді жою  жолымен әлемдік  сауданы  либерализациялау. Өткен ғасырдың екінші  жартысындағы  әлемдік экономиканың басты  тенденцияларның бірі - сауда бостандығы үшін күрес болды.

          Соңғы жылдары еркін сауда үшін қозғалыс ғаламдану атына ие болды. Ғаламдану тек сауда саласын емес, сонымен қатар тауарлар, жылжымайтын мұлік  немесе қаражат және  мамандандырылған жұмыс күшін  қамтуда. Ғаламдану  Қазақстанды да  айналып  өткен  жоқ. ДС¥-на кірмей  тұрып және қазір де бәсекелестікке қабілетсіз болған  отандық өнім, мүшелікке заңдастырылғаннан  кейін  ішкі саудадан алынды. Сонымен қатар кедендік тосқауылды түсіру және мемлекет үшін экспортты қолдану мүмкін емес нэрсе. ДС¥-на кіру  әрқашан  да өркендеуге  әкелмейді, сондықтан қалаушыларға  ұйымға мүше  болуында жағымсыз салдарын анықтап алуға тура келеді. Әлемдік нарықтағы ойын  ережелері бізсіз, кейде бізге қарсы орнатылады. Сондықтан Қазақстан осы ұйымға осыншама ұмтылуда

          Әлемдік  нарыққа  жол  ашудағы  жаңа мүмкіншілік осы ұйымға кіру болып отыр. Бұл мүмкіндіктер, яғни ДСҰ-на  кіру  мемлекеттің инвестициялық жағдайын көтереді, толығымен елдің  жолын  ашады.  Қазақстан үшін  ДС¥-на қатысушылардың  арасында сауда  жүргізу ұлкен  мағына береді, біздің елімізге көп әлемдік мүнай экспортын, табиғи газ, электроэнергия, газды тартумен байланысты. ДСҰ-на кіру Қазақстанға 114 мүше-мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынаста болуына және экспортты лицензиялау,   стандарттауға   артықшылық   береді,  антидемпинг және компенсациялық  баж   салығын қолдану және  мемлекеттің   сыртқы экономикалық  өсуіне  жақсы әсер етеді. ДСҰ-на кіру көпжақты сауда жүйесінің толық  құқықты қатысушысы  ретінде  интеграцияның  әлемдік қауымдастыққа аяқ басуы және республикалың заңдарын әлемдік жаңашыл деңгейге көтеру болып саналады. Қазақстанның   XXI   ғасырда  әлемдік   дамудың көшбасшылары қатарына кіруге барлық мүмкіндіктері бар. Көптеген табиғи ресурстар, ғылыми  потенциал,  мамандандырылған  жұмыс  күші—мұның барлығы елімізді ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті етеді. БҰҰ-ның Бас Хатшысы айтқандай, "қазіргі тынышсыз әлемде ғаламданудан қорғалмағандар жеңіледі, олар борттан шетте қалғандар".

Тарихи  шеңбері.  Негізінен Қазақстанға қатысты тарихи шеңбері 1996 жылдан бастау алады, бірақ ГАТТ-тың тарихы мен құрылымы, қызметі түсіндірілгендіктен 194 7 жылдан бергі уақыт аралығы да қамтылып кетті.

Курс жұмысының  зерттелу деңгейі.  Курс  жұмысын жазу барысында  көптеген  эдебиеттер,   ғылыми  еңбектер   мен  жұмыстар қолданылды. Зерттеу  тақырыбының теориялық негізін шетелдік, ресейлік және қазақстандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері құрады: «Мировая экономика» Булатованың редакциясындағы [1], Байбесиев А «Халықаралық экономикалық қатынастар»[2], Кабдешев К «Казахстан в международных организациях»[3],  И.Н Герчикова «Международные   экономические организации: регулирование   мирохозяйственных   связей   и   предпринимательской деятельности»[4], К.А Семенов «Международные валютно-финансовые отношения»[5], Дюмулен И «Торгово политическая система ГАТТ: принципы, правовые нормы и правила»[6], Пэдро М. «МЭ, валютные и финансовые отношения»[10].

Мақсаты мен міндеттері. Бұл курс жұмысының мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын анықтап, көрсету. ДСҰ-ы туралы мағлұматтар беру арқылы оған кірудегі тиімді және тиімсіз жақтарды талқылау. Ол үшін мындай міндеттер алға қойылды:

    • ДСҰ-ның құрылу мақсаты, жүзеге асу принциптері және оған қабылдану критерилерін көрсету, соның ішіндегі Қазақстанның ұсынысы, қарастырылған келісімдерді қарастыру;
    • Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын айқындау;
    • Қазақстанның экономикасына ДСҰ-ның әкелетін тиімді және тиімсіз әсерлерін анықтау.

Курс  жұмысының кұрылымы. Курс жұмысы  кіріспеден, екі бөлім, жеті бөлімшеден, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I ГАТТ-тың құрылуы. ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы

1.1 Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ)

Дүниежүзілік  сауда ұйымы (ДС¥) 

          Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда. 1996 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ДС¥ Хатшылығына ресми өтінішін жолдаған болатын. Осы жылдың шілдесінде ведомтвоаралық комиссия ДСҰ Хатшылығына сыртқы сауда тәртібі туралы меморандум мен басқадай міндетті құжаттарды жолдады. Осы кезден бастап Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы үзақ та, көпжақты келіссөздер жүргізіле бастады. Бұл еліміздің экономикасы үшін зор мәнге ие болатын, күрделі де, маңызды процесс. Осыған байланысты бізге ДСҰ/ГАТТ іс- әрекетінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен ерекшелігін қарастыру маңызды

болатын сияқты.  

          ГАТТ құрылу себептері мен мақсаттары, жүзеге асыру принциптері.

         Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ) 1947 жылы халықаралық сауданы реттейтін ғаламдық ұйым ретінде құрылды. ГАТТ құрылуының негізгі мақсаты халықаралық сауданың ашықтығы мен қауіпсіздігін төмендегідей жолдармен қамтамасыз ету болып табылған:

- Кедендік  және басқадай саудалық шектеулерді  жою; 

- Халықаралық  саудадағы дискриминацияны жою;

- Нақты  табыс, сұранысты, сауда айырбасын  жоғарылату.

         Осы келісімнің басты мақсаты болып елдер арасындағы сауда қатынастарын көпжақты негізде реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.

         Халықаралық сауда ұйымын құру талаптарының жоққа шыққанына байланысты Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім мүше-елдердің сауда және тарифтік саясатын реттейтін көпжақты жалғыз құжат болады. АҚШ тарифтерді төмендету мақсаты американдық трансұлттықкорпорациялар мүддесіне қайшы болмағандықтан, ГАТТ келісіміне қол қоюға қарсы болған жоқ [11,446].

        1948 жылдың 1 қаңтарынан Басты келісім оған қол қойған, негізінен дамыған 22 капиталистік елдер үшін сыртқы саудадағы құқықтары менміндеттемелерін анықтайтын көпжақты келісім болып күшіне енді [14,836].

         ГАТТ негізгі ережелер мен принциптер жинағынан, тарифті анықтайтын тізімдер мен қосымшалардан, қосымша шешімдер мен мәжілістерден, жекелеген келісімдерден тұрады. ГАТТ-тың негізгі іс-әрекет механизмі көпжақты сауда раундтары түрінде өтіп, ол жерде халықаралық сауданы реттеудің жаңа нормалары мен ескілерінің қайта қаралуы жүзеге асырылады.

         ГАТТ іс-әрекет негіздеріне төмендегідей принциптер салынған:

- Өзара  саудада ең тиімді жағдай жасау  мен дискриминацияламау;

- ¥лттық  режим қатысушы елдердің ішкі  салық пен алымдар саласындағы ұлттық тауар режимін шет елдік тауарларға да қоюы қажет екенін белгілейді;

- Халықаралық  сауданы реттеу мөлшерлік шектеу  емес, кедендік тариф арқылы жасалуы тиіс;

- Көпжақты  сауда келіссөздері барысында  кедендік тарифтердің бірте-бірте төмендеуі, өзара көнулерге бару;

ГАТТ  өзінің өмір сұру кезеңінде негізінен кедендік тарифтермен айналысқан. Құрылу кезінен бүгінгі күнге дейін ГАТТ шеңберінде 8 тарифтік конференция өткізіліп, онда тарифті төмендету бойынша ұлкен жұмыстар атқарылды.  

«Уругвайлық»  раунд және Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы.

          Соңғы Уругвай раундының келіссөздерінің нәтижесінде халықаралық сауданың көпжақты жаңа жүйе күрылып, ГАТТ Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) алмастырылды [17,846].

          Дүниежүзілік сауда ұйымы - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық рым.

 1994 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымын құ-ру туралы келісімге кол қойылып, ол 1995 жылы жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДС¥-на 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы мәлімет бойынша оған 14 ел мүше болды. Бұрыңғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Әстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар.ДС¥-на кіретін елдердің ұлесі әлемдік тауар айналымының 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

            ДС¥ төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • Көпжақты келісімге байланысты әкімшілік жұмыс;
  • Әлемдік сауда жағдайын бақылау және кеңес беру;
  • Халықаралық сауда палатасы (МТП) үшін форум рөлін атқару;
  • Сауда таластарын реттеудің механизмін қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттердің сауда саясатына бақылау орнату;
  • Басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнату.

            ДС¥-ның негізгі ережесіне сәйкес, халықаралық сауданы реттеудің басты кұралы кедендік тариф болып табылады. Соған сәйкес құжаттарда кедендік тарифті реттеуді анықтайтын құқықтық нормалар бар [1,3226].

            Дүниежүзілік сауда ұйымы қазір ГАТТ-ың функцияларын атқарып, өз мүшелері арасында сауда мәселелері жөнінде туындайтын таластарды реттеу мен ынтымақтасу үшін институционалды негізді қамтамасыз етеді.

            Қазақстан Әлемдік сауда ұйымына кіргенде төмендегідей міндеттемелерін қабылдауы тиіс:

 - Кедендік тарифтерді күрт төмендетіп, тарифтік емес шараларды бүтіндей

 тарифке айырбастау;

 - Ауыл шаруашылық өнімінегі субсидия мен дотацияларды жою;

 - Кедендік процедураларын ДС¥ талаптарына сәйкестендіру;

 - Өзінің тауар, қызмет көрсету мен капитал нарығын максималды ашу;

 - ДСҰ-ның барлық міндетті нормалар мен тәртібін үстану;

         ДС¥-на кіргеннен кейін Қазақстан төмендегідей артықшылықтарға ие

 болады:

 Болашақта баламасы жоқ сыртқы сауда тәртібінің ырықтануы мен ашықтығын жалғастыру;

 Қазақстанға қатысты барлық сауда бөгеттері алынып тасталатындықтан, әлемдік нарыққа шығу мен Қазақстандық тауарларды дискриминацияламау жүзеге асады;

 Республикалық әр түрлі елдердің экономика мен сауда тәртіптері, қаржыландыру жағдайлары туралы мәліметтер бар зор ақпараттық базаға шығу мүмкіндігі;

 Сауда стратегиясы мен сыртқы сауда саясатын ашық және тең құқылы ортада жасақтау мүмкіндігі мен қажеттілігі;

 Қайшылықтарды халықаралық нормалар мен тәртіптер негізінде реттеу;

Информация о работе Қазақстанның ДСҰ-на кіруінің жағымды және жағымсыз жақтары