Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:23, реферат

Описание работы

Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері(2).doc

— 208.00 Кб (Скачать)

     2.5 Біртілді оқу сөздігіне лексикалық бірліктерді сұрыптап алу ұстанымдары.

Р. Түсіпқалиеваның еңбегінде  басты сұрыптау ұстанымдары туралы төмендегідей тұжырымдар келтіріледі:

«1. Сұрыптаудың басты  ұстанымы – статистикалық ұстаным (Ең алдымен тілдік бірліктің қолданым жиілігі ескеріледі).

 2. Сөздің тіркесімдік қабілеті (тіркесімге көп түсетін сөз – тілүйренім тұрғысынан маңызды сөз. Сондықтан ортақ минимумға синтаксистік және лексикалық тіркесімдік әлеуеті мол сөз алынады).

      3. Тілдік бірліктің сөзжасамдық мүмкіндіктері, яғни сөз түбірінің тарамдану қабілеті мол сөз. Бір сөзді білсең, біртекті сөздерді тану қиын емес.

       4. Сөздің семантикалық құндылығы. Бұл ұстаным бойынша, минимумға көпмағыналы сөздер алынуы керек. Барлық мағыналары бірдей актив меңгерілуге жатпайтындықтан, минимумға ол сөздің негізгі, басты мағынасы алынады. Бұл ұстаным тілдік қатардан синонимдерді таңдап алуға, антонимдерді тауып алуға, т.т. жағдай жасайды. Осы ұстаным арқылы интернационалдық лексиканың минимум сөздігіне сұрыптау жасалады.

      5. Сөздің стилдік бейтараптығы. Бұл ұстаным бойынша, ұлттық мектепке (жоғарғы, орта) арналған минимум-сөздікке стильдік тұрғыдан бейтарап әдеби тіл сөздерін алуға жағдай жасайды.

      6. Жағдаяттық-тақырыптық ұстаным. Бұл ұстаным қолданым жиілігі төмен болса да, тілде сөйлеушінің әрқайсысына да қажетті нақты сөздермен минимумды толықтыруға мүмкіндік береді. Лексиканы сұрыптаудың жағдаяттық-тақырыптық ұстанымның қолданылуы минимум сөздікке алынуға тиісті  тақырыптар мен жағдаяттың нақты көлемі белгіленген жағдайда  ғана мүмкін болмақ.

     7. Сөздің методикалық тұрғыдан оқыту мақсатына сәйкестігі. Бұл ұстаным лексикалық минимумды үйренілетін тілдің грамматикасымен, сөзжасамымен, фонетикасымен, орфографиясымен, әдебиетімен, жалпы тілүйренім процесін ұйымдастырумен үйлестіруге мүмкіндік береді» [8].    

Біз ғалым тарапынан  келтірілген ұстанымдардың саны мен мазмұны туралы тұжырымдарды қолдаймыз. Біртілді оқу сөздігінің сөзтізбесін түзуде осы аталған  ұстанымдарды басшылыққа алған жөн  болмақ. Дегенмен, базалық лексиканы қамтитын біртілді оқу сөздігінің құрылымына арналып отырған зерттеуімізде өте-мөте маңызды екі мәселеге кеңірек тоқталған дұрыс болады деп ойлаймыз. Олар: сөздікке алынатын лексикалық бірліктердің қолданым жиілігі мен тақырыптық таралымы туралы мәселелер.

     Біртілді оқу сөздігіне алынатын  лексикалық бірліктердің қолданым  жиілігі. Мамандардың пікірі бойынша, бір мыңнан бастап төрт мың сөздік көлемге дейінгі минимум сөздіктер тіл негіздерін белсенді, пәрменді түрде меңгеруге бағдарланған актив сөздіктер болып саналады. Олардың ішіндегі 1500 бірлікке дейін қамтитын аса шағын көлемді туындылар тілді меңгерудің бастапқы сатысына арналған элементар сөздіктер қатарын құрайды. Демек, қазақ тілін үйренудің, меңгерудің бастапқы, элементарлық курсына лайықталып жасалатын шағын минимум сөздіктің сөзтізбесі әдетте 1500 сөзге дейінгі көлемді қамтиды. Р.Түсіпқалиева сұрыптаудың жеті ұстанымын қолдану негізінде сараланып, сарапталып алынған 1300 бірлікті қамтитын ортақ лексикалық минимум құрамын ұсынады. Бұл – жоғарыда сөз болғандай, тілді үйренудің бастапқы сатысы үшін арнайы жасалған тізбе. Ал біздің еңбегімізде сөз болатын 1500 бірліктен 4000 бірлікке дейінгі көлемдегі, тілдегі базистік лексиканы қамтитын сөздіктер келесі сатыға, тілді базистік деңгейде меңгеруге бағдарланады.

     Диссертациялық  еңбекте қазақ лингвостатистикасында  түзілген жиілік сөздіктердің  деректері өзара салыстырыла,  салғастырыла зерттеледі. Жиілік  тізбелерді талдау барысында  жалпы қазақ ұлты өкілдерінің  сөзқолданым жиілігіне тән бірқатар заңдылықтар байқалды. Мәселен,  ең жиі қолданылатын сөздер қатарында адамның сөйлеу процесін суреттейтін де- етістігінің, жалпы тіршілікті бейнелейтін е- етістігінің, жалпы болмысты білдіретін бол- етістігінің және күллі жанды-жансыз дүние атауларының синонимі ретінде қолданыла беретін ол есімдігінің келтірілуі тілдегі бұлжымас заңдылықтардан хабар береді. Де- етістігінің қазақ мәтіндеріндегі ең жиі қолданылатын сөз болуы тілді үйрену, оны меңгеру ісіндегі белсенді сөйленім процесінің, антропоөзекті бағдардың қаншалықты мәнді, маңызды екендігін байқатады.

     Қазақ мәтіндерінде  ең жиі қолданылатын 500 сөз құрамына  жасалған талдау барысында төмендегі  жағдайлар анықталып отыр. Біріншіден, базалық лексиканы қамтитын оқу  сөздігіне алынуы тиісті құрылымдық сөздердің басым көпшілігінің осы ең көп қолданылатын сөздер тізбесіне еніп отырғандығын айту қажет. Бұл аталмыш сөздердің екі жақтан да  (қолданымдық және маңыздылық) мәнділігін байқатады. Мысал үшін айтар болсақ, тізбелерде тілүйренім үшін аса маңызды  үлкен, қатты, жақсы, қара, ұзақ, соңғы, осындай, ақ, жақын, кең, анық, мол, басқа, сондай, ауыр, көк, жаңа, алыс, бүгінгі, суық, ұзын, қызыл, ыстық, шын, артық, жаман, бөлек, салқын, биік, қоңыр, қарсы, кішкене, алғашқы, соңғы, мәлім, зор, ашық, сары, ар, қазіргі, аппақ, денелі, қараңғы, бай, қысқа, кіші, белгілі, қызық, түрлі, аз, қалың, жас, жалғыз, тең, күшті, орта, толық, айқын, мынадай, кешегі тәрізді сын есімдер, ол, бұл, осы, сол, сонда, мен, сен, біз, бір, барлық, өз, бәрі, мына, қандай, қалай, кім, сіз, бар, әр, не, мынау, бірнеше, қайда, әрбір, міне, біреу, кейбір, анау, бұ, ана, қай, ешкім тәрізді есімдіктер, енді, дәл, қазір, бүгін, ең, әлі, бұрын, қайта, тіпті, аса, әсіресе, талай, сонда, бірге, тез, жаңа, біраз, әуелі, әдейі, сәл, соншалық, алғаш, өзгеше, ақырын, кейін, түгел, ертең, қарсы, осылай, шапшаң, кейде, атаулы, солай, үнемі, төмен, былай, өте, алыс, онда, тек, жоғары, кеше, ерте, мұнда, әбден, алдымен, мүлде тәрізді үстеулер, бір, екі, үш, жалғыз, он, бес, төрт, алты, жеті, жүз, мың тәрізді сан есімдер, да, де, туралы, мен, және, ғана, ал, тағы, бірақ, соң, ғой, қарай, сияқты, пен, кейін, тек, ма, бойынша, та, ме, әрі, ба, үшін, бе, сондықтан, дейін, егер, пе, те, бері, қатар, сайын, сонымен, тәрізді, сонда, қана, қой, бойы, жөнде, өйткені, бен, шейін, па, кейде, ендеше, немесе, қой тәрізді шылаулар, бар, жоқ, көп, керек, әсіресе, қажет, мүмкін, аз тәрізді модаль сөздер құрамы қайталанып кездесіп отырады.

     Жиілік  тізбелерді өзара салыстыру барысында   қазақ мәтіндерінде ең жиі  қолданылатын 500 сөз құрамына патша, болыс, өт зат есімдері мен сүйгін етістігі тәрізді бірқатар сөздердің негізсіз, кездейсоқ еніп отырғандығы байқалды. Жалпы алғанда, келтірілген тізбедегі сөздердің лексикалық негіз құрамында берілуі міндетті деп ойлаймыз. Жоғарыда аталған жиілік сөздіктер негізінде қалған мың сөз құрамын да сұрыпталып алынады.

Біртілді оқу  сөздігіне алынатын лексикалық бірліктердің тақырыптық таралымы. Қазақ тілінің базалық лексикасындағы идеографиялық бөлікті тақырыптық сөздер құрайды. Бұл тізбеге тақырыптық минимумға кіретін басты-басты бірліктер енеді.  Тақырыптық сөздер құрамынсыз мұндай сөздіктің толыққанды туынды болып шықпайтындығы белгілі. Ондай жағдайда лексикалық жүйедегі бір-бірімен байланысты сөздер тобы, сөйленім процесі үшін, айтылым мен жазылым үшін аса маңызды болып табылатын сөздер беймәлім болып қалады.  Диссертациялық еңбекте базалық лексиканың тілүйренім сөздігінде мағыналық топтардың қамтылу үлгісін келтіру мақсатында тіршілік иесі ретіндегі адамның жай-күйін қарастыратын тақырыптық топтың құрамы келтіріледі.

 

Қорытынды

 

     Қазіргі  таңда лексикография ғылым мен  білім, техника, өнеркәсіп салаларының  бәріне де қатысты, қолданым  аясы өте кең пәндердің бірінен  саналатыны белгілі. Сол себепті  лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелерін зерттеуде таза лингвистикалық факторлар да, алуан түрлі ғылым салаларының ерекшеліктерінен туындайтын экстралингвистикалық факторлар да ескерілуі тиіс екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

     Осымен  байланысты бірнеше ғылым саласының ара-жігінде пайда болған ғылыми пәндердің бірі – лексикографияның жаңа саласы – оқу лексикографиясы. Сондықтан оқу лексикографиясының ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу осы салада түзілетін туындылардың авторлардың тілдік түйсігіне, субъективті жағдайларға тәуелді болмауы үшін, объективті ғылыми негізде жасалуы тиіс екендігі аталмыш зерттеудің тақырыбын белгіледі. Оқу лексикографиясында «көлемі шағын болғанмен, мәні зор» сөздіктер жасалады, солардың бірі – қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексиканы қамтитын оқу сөздігі. Бұл тәрізді шағын көлемді біртілді оқу сөздіктерін түзудің ғылыми негіздерін, олардың сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеудің таза ғылыми тұрғыдан да, қазақ тілін үйретуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрғысынан да маңыздылығы дау тудырмайтынын зерттеу барысы нақты дәлелдеді.

     Соның нәтижесінде  базалық лексиканың тілүйренім  сөздігі тіл құрылысынағы маңыздылығы  жағынан іріктеліп алынатын құрылымдық  сөздерден, қолданым жиілігі бойынша сұрыпталып алынатын жиілік тізбеден және тілдік жүйені қамтитын негізгі атаулар бойынша жасалатын тақырыптық тізбеден  тұратын төрт мың лексикалық бірліктен құралатыны айқындалды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

     1. Соссюр  Ф.де. Труды по языкознанию. М., 1977; Смирницкий А.И. К вопросу о слове (Проблема «отдельности слова») // Вопросы теории и истории языка в свете трудов И.В.Сталина по языкознанию. М., 1952.

     2. Щерба Л.В. Опыт общей теории лексикографии // Известия АН. Отд. л-ры и языка‚ 1940. Вып.3. С. 89-117.

    3. Қалиев Ғ.  Тіл білімі терминдерінің түсіндірме  сөздігі. Алматы:

     Сөздік – Словарь, 2005. – 440 б.

    4. Берков  В.П.  Вопросы двуязычной лексикографии.  Л.‚ 1973. 190 с. 

Malkiel Jakob. Distinctive Features in Lexicography. A Typological

Approach to Dictionaries Exemplified with Spanish, part 1-2, 1959. Univ. of California Press, Berkeley and Los Angeles; Sebeok T.A. Materials for a Typology of Dictionaries. Lingua, Amsterdam, 1962, vol. XI. 20; Rey-Debove J. Etude linguistique et semiotique des dictionnaires français contemporains. The Hague – Paris, Mouton, 1971, 329 pp.

           6. Денисов П.Н. Основные проблемы теории лексикографии: автореферат дис. докт. филол. наук. М., 1976.

           7. Караулов Ю.Н. Об одной тенденции в современной лексикографической практике // Русский язык. Проблемы художественной речи. Лексикология и лексикография. - М.‚ 1981. С.135-153.

           8. Түсіпқалиева Р.  Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы. Фил. ғыл. канд. дис. автореф. Алматы, 2007. – 24 б.

 9. Морковкин В.В.  Основы теории учебной лексикографии (научный доклад диссертации доктора фил. наук). М., 1990.

      10. Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. Алматы: Ғылым, 2003. -357 б.

      11. Сарыбаев Ш.Ш. Проблемы казахской региональной лексикографии: автореферат дисс. Доктора. – Алма-Ата, 1973. 105 с.

      12. Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов и казахский язык. – Алма-Ата: Наука, 1981. 172 с.

      13. Малбақов М. Қазақ лексикографиясының тарихы. Фил. ғыл. кандидаты диссертациясы. Алматы, 1992.

      14. Малбақов М. Сөздіктің тілі туралы // Профессор С.М.Исаев: қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері. I том. Алматы, 2008. 148-154 бб.

      15. Малбақов М. Шағын тілүйренім сөздігінің минимум құрамы туралы // Тілтаным, 2008. №1.

 

 

 

 

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:

Қазақ және түрік тілдерінің түсіндірме сөздіктерінде терминдік  атаулардың берілу жайы // “Қазіргі таңдағы  ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Шымкент, 2005. 20-24 бб.

Қалта сөздіктің жанрлық-типологиялық сипаты // Тілтаным. –2006. №3. 97-102 бб.

Оқу лексикографиясының антропоценрлік бағдары туралы // “Мемлелеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты  ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. Шымкент, 2007. 50-53 бб.

  Шағын көлемді  сөздіктерге лексикалық бірліктерді  сұрыптаудың ғылыми негіздері  // “Мемлекеттік тілдің дамуындағы  жаңа үрдістер” атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент, 2007. 12-16 бб.

Үйренім сөздіктерін  жасаудың алғашқы тәжірибелері мен  бағыттары // “Мемлелеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты  ғылыми-әдістемелік  конференция материалдары. Шымкент, 2007. 45-50 бб.

Шағын сөздік құрастыру  мәселесі // “Актуальные проблемы политико-правовых и общественно-гуманитарных наук в условиях модернизации казахстанского общества”. Шымкент, 2007. 17-19 бб.

Шағын көлемді түсіндірме үйренім сөздіктер жүйесінің  құрылымдық мәселелері // Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің  Хабаршысы. Түркістан, 2007. №2. 83-86 бб.

Ортақ лексикалық минимум  сөздігінің құрылымдық ерекшеліктері // “Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары”. Шымкент, 2008. 59-64 бб.

Шағын сөздікке алынатын лексикалық бірліктер тобы // “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу  мен оқытудың өзекті мәселелері”. Шымкент, 2008. 217-221 бб.

Укув луғатларини яратишдаги илк тажрибалар ва унинг йуналишлари // әл-Хорезми атындағы Үргеніш университетінің  ғылыми және ғылыми-методикалық журналы. Өзбекстан. Ургенч, 2008. 87-92 бб.

Статистикалық тәсілдің қазақ тіл біліміндегі қолданым тарихынан // Қазақ тілі мен әдебиеті және инновация мәселелері. Алматы, 2008. 370-374 бб.

Түсіндірмелі тілүйренім сөздігіндегі сөздік мақала құрылымы туралы //

     ҚР ҰҒА   Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 2008. № 2. 76-79 бб.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Р Е З Ю  М Е

 

                                Байниязова  Жанар

 

Казахская лексикография: научные основы

 составления   одноязычных учебных словарей 

           Специальность – 10.02.02-казахский язык

 

      Диссертационная работа посвящена  одной из новейших и актуальных направлений отечественной  лексикографии - учебной лексикографии, а, именно, исследованиям основ  составления  малых одноязычных словарей,   описанию особенностей состава и структуры  их словника.

Информация о работе Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері