Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:23, реферат

Описание работы

Лексикография өзге ғылым салаларымен тығыз байланыстағы, көптеген жағдайларда осы ғылым салаларының тоғысында, шек-арасында дамып отыратын ғылыми пән болып саналады. Қоғамдық сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері(2).doc

— 208.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ  811. 512. 122' 374                                                          Қолжазба құқығында

 

 

                                       

 

 

 

БАЙНИЯЗОВА  ЖАНАР Төлеубайқызы

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ:

БІРТІЛДІ  ОҚУ СӨЗДІГІН түзудің ғылыми негіздері 

 

 

 

 

 

10.02.02 – қазақ тілі

 

 

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу  үшін

дайындалған диссертацияның

 

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

 

 

 

Жұмыс А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                   филология ғылымдарының докторы

                                                        М.Малбақов

 

 

 

Ресми оппоненттер:                    филология ғылымдарының докторы,

                                                         профессор  С.Бизақов

 

                                                         филология ғылымдарының кандидаты

                                                         Р.Түсіпқалиева

 

Жетекші  ұйым:                           Қазақ мемлекеттік қыздар

                                                         педагогикалық университеті

 

 

Диссертация 2008 жылы «19» желтоқсанда сағат 16-00-де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06-түркі тілдері және 10.02.02-қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен ҚР Білім  және Ғылым министрлігінің орталық  ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

 

 

 

Автореферат 2008 жылы «18»  қарашада  таратылды.

 

 

 

 

 

Диссертациялық  кеңестің

ғалым хатшысы, филология 

ғылымдарының  докторы, профессор                                      Ж.А.Манкеева

 

 

 

 

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

 

      Лексикография  өзге ғылым салаларымен тығыз  байланыстағы, көптеген жағдайларда  осы ғылым салаларының тоғысында,  шек-арасында дамып отыратын ғылыми  пән болып саналады. Қоғамдық  сананың көрінісі ретіндегі, ұжымдық тәжірибені жинақты түрде бейнелейтін ғылыми шығарма ретіндегі лексикографиялық туындыларды түзудің ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен, басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланыста. Сөздік атаулының, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналатыны белгілі. Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы.

    Зерттеу  тақырыбының өзектілігі. Ұсынылып отырған жұмыс шағын көлемді біртілді сөздіктің ғылыми негіздерін, сөзтізбе құрамы мен құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Осы сала бойынша қазақ тіл білімінде жүргізілген зерттемелердің көпшілігі өзге тілді азаматтарға арналып жасалатын екітілді аударма сөздіктердің құрылымын қарастыруға бағышталған болатын. Бірінші кезекте өз ана тілін үйренушілерге бағдарланған, екіншіден Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін өз бетінше үйренгісі келетін өзге тілді (отандас және шетелдік) азаматтар үшін де өте пайдалы болатын біртілді шағын сөздіктің құрылымы іс жүзінде бұған дейін зерттелген емес. Көпұлтты, көп конфессиялы республика жағдайында халықты ұйыстыратын басты факторлардың бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, оны үйренуге қолайлы жағдай тудыру - ғылыми қауымның басты міндеттерінің бірі. Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналып түзілетін шағын көлемді сөздіктерді түзудің ғылыми негіздерін зерттеу  осы аталған міндетті жүзеге асыруға қызмет етеді. Оқу лексикографиясының теориялық мәселелерінің жан-жақты зерттелінбеуі, зерттелген жағдайда да тәжірибеге енгізілмеуі еліміздегі сөздік түзу ісінің жай-күйіне кері әсерін тигізуде. Осы жайт қазақ тілінің қолданымға ыңғайлы шағын көлемді сөздіктерін зерттеу мен құрастыру ісіне тікелей қатысты. Дидактикалық, ғылыми және анықтамалық интенциялардың теңгермелі болуын ескере отырып жасалатын біртілді шағын оқу сөздігінің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу қазіргі таңдағы қазақ теоретикалық лексикографиясында маңызды мәселеге айналып отыр. Аталған жайттар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

     Зерттеудің негізгі нысаны – оқу лексикографиясындағы қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігін жасаудың ғылыми-теориялық негіздері, оның сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері.  

     Зерттеудің пәні. Тіл білімінде лексикографияның жеке саласы ретінде қарастырылатын оқу лексикографиясы.

     Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дереккөздер ретінде шағын оқу сөздіктерінің отандық және шетелдік үлгілері, оқу лексикографиясының жалпытеориялық, құрылымдық мәселелері зерделенетін ғылыми еңбектер, қазақ лексикографиясының тарихы бойынша жасалған зерттемелер, шағын көлемді оқу сөздігін түзудің тәжірибесі мен ғылыми негіздері қарастырылатын зерттеу еңбектері пайдаланылды.

     Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми-теориялық базасы мен әдіснамалық негізі ретінде осы тақырыпқа қатысты әлемдік лексикография мен қазақ лексикографиясы салаларындағы Л.В. Щерба, В.П. Берков, Ж. Дюбуа, К. Дюбуа, А. Рей, Л. Згуста, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Ю.Н. Караулов, Ш.Ш. Сарыбаев, Б.Қ. Қалиев, М. Малбақов, Р. Түсіпқалиева, т.б. ғалымдар тарапынан жазылған ғылыми еңбектердегі тұжырымды ой-пікірлер алынды.

     Зерттеу жұмысының мақсаты мен  міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты – жалпылама қолданымға арналып түзілетін, ортақ лексика-грамматикалық минимумға негізделген, құрылымдық бірліктер мен сөздік құрамдағы базистік лексиканы қамтитын шағын көлемді сөздік түзудің ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін анықтау. Аталған мақсатқа жету мүддесі төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:

     1. Оқу лексикографиясының әлемдік тәжірибесін қорыта отырып, оның жалпытеориялық мәселелерін бағамдау;

     2. Отандық оқу лексикографиясы тәжірибелерін тұжырымдау;

     3. Шағын көлемді оқу сөздіктерінің құрылымына қатысты ғылыми-теориялық әдебиетті зерделеу;

     4. Шағын сөздіктің сөзтізбесіне алынатын лексикаға қатысты алғанда тілдік сананың лексикалық базасын құрайтын бірліктердің, құрылымдық сөздердің, жалпығылыми базистік сөздіктің құрамын анықтау;

    5. Сөздік бірліктерді сөзтізбеге сұрыптап алуда басшылыққа алынатын ұстанымдар құрамын айқындап, олардың қызмет ету ерекшеліктерін көрсету;

     6. Зерттеу нысанына сәйкес сөздік түрінің сөзтізбесіне алынатын тілдік бірліктердің сандық және сапалық құрамын айқындау.

     Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде ең алдымен қазақ тіл біліміндегі теориялық лексикография мәселелерінің қазақ лексикографиясы тәжірибесіне қатысты алғаш рет жүйелі түрде зерттелуін, екіншіден, біртілді лексикография саласындағы шағын көлемді оқу сөздігінің ғылыми-теориялық, құрылымдық мәселелерінің қазақ тілінде тұңғыш қарастырылуын, үшіншіден, қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексика құрамын сөзтізбеде қамту мәселесінің қазақ тіл білімінде тұңғыш рет зерттеліп отырғандығын айту қажет. Осы зерттеме арқылы шағын оқу сөздігіне алынатын базалық лексика құрамын анықтауға мүмкіндік туып отыр.

     Қорғауға ұсынылатын негізгі  тұжырымдар:

     - қазақ  лексикографиясындағы «оқу лексикографиясы», «оқу сөздігі» атауларының орнына терминдік мәнде «тілүйренім лексикографиясы», «тілүйренім сөздігі»  атауларын  қолданған жөн;

     - 4000 бірліктен тұратын шағын оқу сөздігінде қазақ тілінің лексикалық негізін құрайтын базалық лексика толық қамтылуы қажет;

     - қазақ  тілінің лексикалық негізі - инвариант  қызметін атқарады;

     - базалық  лексиканы қамтитын біртілді  оқу сөздігіне алынатын лексикалық  бірліктер құрамы үш бөліктен  құралады (құрылымдық сөздер, ең  жиі қолданымдағы лексикалық бірліктер,  ең басты тақырыптық сөздер);

     - құрылымдық  сөздер - тілдегі лексикалық негіздің  өзекті бөлігі;

      - біртілді  шағын оқу сөздігінің сөзтізбесіне  тақырыптық топтар құрамындағы  негізгі атаулардың мүмкіндігінше  толық қамтылуы қажет;

      - сөздіктің  барлық түрінде де дидактикалық  интенция басым болады.

     Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеудің теориялық тұрғыдан маңыздылығына қатысты қазақ лексикографиясында шағын көлемді біртілді сөздік түзудің ғылыми-теориялық негіздерінің айқындалып отырғандығын атауға болады. Ұсынылып отырған еңбекте сөз болатын теориялық мәселелер таяу болашақта елімізде түзілетін шағын сөздіктердің ғылыми негізде құрастырылуына мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге, қазақ лексикографиясында шағын жанрларда жасалатын біртілді сөздіктердің сөзтізбе құрамы мен құрылымының теориялық мәселелерін анықтауға, жалпы оқу лексикографиясы теориясы мәселесінің қазақ тіл білімі негізінде зерделенуіне өзіндік үлесін қосады.

     Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеуде қазақ тіл білімінде тұңғыш рет қазақ тілінің лексикалық негізіне бағдарланған біртілді шағын оқу сөздігінің сөзтізбесін түзудің құрылымдық ерекшеліктері анықталып отыр. Мұның өзі зерттеудің болашақта жасалатын шағын сөздіктерді құрастыру ісінде басшылыққа алынатын көмекші құрал қызметін де атқара алатындығын білдіреді. Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілін еліміздегі өзге тілді азаматтарға, шетелдіктерге үйретуде, жалпытілдік және салалық лексикалық минимум сөздіктерін құрастыруда, қазақ тілінің өзге тілді азаматтарға арналған оқулықтары мен оқу құралдарындағы сөздіктерді, салалық минимум сөздіктерін жасауда қолдануға болады. Сонымен бірге, зерттеу нәтижелерін қазақ лексикографиясы бойынша, лексикографияның тарихына, теориясы мен практикасына байланысты арнаулы курстарда пайдалану мүмкіндігі болады.

     Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттамалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық және лингвостатистикалық әдістер, салыстыру, салғастыру, анализ, синтез жасаудың әдіс-тәсілдері қолданылды.

     Зерттеу нәтижелерінің талқылануы  мен жарияланымы. Зерттеу жұмысының тұжырымдары мен негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, атап айтқанда: “Қазіргі таңдағы ғылым мен білім” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Шымкент, 2005), “Мемлекеттік тіл: бүгіні мен ертеңі” атты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 15 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Мемлекеттік тілдің дамуындағы жаңа үрдістер” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2007), “Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және жаратылыстану ғылымдарының даму перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, “Қазақ халқының рухани мәдениеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2008) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008) баяндалып

Талқыланды, сондай-ақ, Қ.А.Ясауи  атындағы халықаралық қазақ-түрік  университеті Шымкент институты  мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл  білімі институты жанындағы лингвистикалық семинарларда баяндалып, түрлі ғылыми басылымдарда 12 мақала жарыққа шықты.

     Зерттеудің құрылымы. Диссертациялық еңбек кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің соңында зерттеуде қолданылған әдебиеттер тізбесі берілген.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

    Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлігінде зерттеудің өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің нысаны, пәні, материалдары мен дереккөздері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, жұмыстың талқылануы мен жариялануы туралы баяндалады.

    «Теоретикалық  лексикографияның ғылыми негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде теоретикалық лексикографияның құрылымдық негіздері зерттеледі. Лексикографияның теориясы мен тарихы құрамындағы негізгі категориялардың мазмұнына талдау жасалады.

Адам баласының тілі - негізінен сөздерден тұратын  тіл. Осыны білгендіктен Ф.Соссюр «сөздердің тіл механизмінің өзегін құрайтындығын» жазған болатын. Осыған ұқсас «Сөз – тілдегі сөздік құрамның негізгі бірлігі ғана емес ол, сонымен қатар, жалпы адамзат тілінің орталық өзегін құрайтын бірлік» деген тұжырымды орыс ғалымы А.И.Смирницкий де айтқан еді [1].

Лексикография – лингвистикалық қызметтің барлық нәтижелерін жария етіп, жарыққа шығаратын негізгі канал болып табылады (В.В.Морковкин). Оның үстіне, тіл білімі ғылымында сөздің барлық қасиеттерін жинақты түрде қарастыратын бірден-бір саланың да лексикография болып табылатындығы белгілі. Осы тұрғыдан лексикографияны тіл туралы ғылым санатындағы лингвистика мен тілді танып білуге ықыласты қоғамның арасын жалғайтын тілдесім қызметі деуге болады.

     Адамзат  қоғамында практикалық лексикографияның  пайда болып, сөздіктердің түзіле  бастағанына төрт мың жылдан  астам уақыт өткен. Ал содан  бергі кезеңде жасалған сөздіктердің жалпы саны, ХХ ғасырдың ортасында жасалған санақ бойынша, он мыңнан асқандығы белгілі.   Лексикография мәселелерін зерттеушілер сөздік түзу саласында мол тәжірибе жинақталғанымен, сөздік құрастыру тәжірибелерін қорытып, ғылыми талдау жасаудың, оны жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздемесін даярлау ісінің тым кеш қолға алынғанын айтады. Расында да, лексикография атты ғылым саласының XX ғасырдың ортасына дейін жетілген теориясының болмағандығы да шындық. Осы орайда, лексикография теориясының мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырудың XX ғасырдың орта кезеңіндегі академик Л.В.Щербаның еңбегіне дейін [2] жүйелі түрде жүргізілмегенін айтпай отыра алмаймыз. Теориялық мәселелерді зерттеудегі кемшіліктер лексикографиядағы практикалық жұмыстардың болашағының айқын болмауына, сапасының нашар болуына әкелді.

Информация о работе Қазақ лексикографиясы. біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері