Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 08:31, курсовая работа
Қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала – ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.
КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ 5
1.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны 5
1.2 Сенімхаттың түрлері 6
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР 8
2.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері 8
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17
ҚОСЫМШАЛАР 19 - 24
Аталған лауазымды тұлғалар өсиеттерді және сенімхаттарды куәландыру кезінде қазіргі уақытта «Нотариат туралы» заңды, Нотариалдық іс әрекеттерді жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты және нотариалдық іс жүргізу туралы нұсқаулықты басшылыққа алады, өйткені 1998 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен бекітілген мұндай лауазымды тұлғаларға арналған арнайы нұсқаулық, 2004 жылы 4 қарашада күшін жойды деп танылды.
Нотариалды қызметтер өтелетін негізде көрсетілгендіктен аталған лауазымды тұлғалар Салық кодексінің 90 тарауына сәйкес, кейбір тұлғалар категориясына көзделген жеңілдіктерді сақтай отырып, мемлекеттік бажды алу керек.
Құжат аты мен мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсына түсініктеме жазылып (“өшірілген сөз оқылмайды”, “түзетілген дұрыс” сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат да өз қолдарын қоюлары қажет.
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай;
Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардыөң жарамдылығы – 3 жыл; Егер пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек.
Сенімхатқа қол құжаттың түпнұсқа екенің куәландырушы адамның қатысумен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.
Құжат дайындалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші бойынша сенімхат алушыға беріледі я жіберіледі.
Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:
•егер сенімхат өз атынан емес туысқаның я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір адамның атына берілсе;
•егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;
•егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке нотариус өкілеттігіне «Нотариат туралы» заңның 34 бабында көзделген мынандай нотариаттық іс - әрекеттер кіреді: мәмiлелердi куәландырады; шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады; мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды; мұраға құқық туралы куәлiктер бередi; ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi; мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды; құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады; азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады; азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады; құжаттардың берiлген уақытын куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi; ақшаны депозитке қабылдайды; вексель наразылықтарын жасайды; сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; теңiз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде нотариус жасайтын
өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi
мүмкiн. 15 тармақша нотариустың атқару
жазбаларын жасауын көздеген және ол
29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан
Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалары мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды
Қорытынды
Заң тілімен айтқанда бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.
Сенімхат берудің тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 167 бабымен бекітілген. Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс. Заңды тұлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі және сол ұйымның мөрімен бекітіледі.
Сенімхат мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Ал берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып табылады.
Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 235 бабының 2 бөлігіне сәйкес меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Меншік иесінің мүлкін мешік иесінің еркінен тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 240 бабының 1 бөлігіне сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлікке меншік құқығы, бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада осындай тіркеу кезінен бастап пайда болады. Бұл жерде азаматтар нотариальды сенімхат жасақтау арқылы көлікке жүргізу, басқару, сату құқығын беруді, сол мүлікке меншік құқығын алғандығымен шатастырмауы қажет.
Сондай-ақ, заем шартын жасақтау кезінде, азаматтар жылжымайтын мүлік құжаттарын кепіл шарты ретінде қойдым деп есептеп, заем берушіге мүлкін сатуға өз атынан сенімхат беріп, кейін ақша қаражатын уақытында қайтара алмай, ал заем беруші болса қарыз шартын орындамауына байланысты заемшының пәтерін сенімхат негізінде сатып жібергендігі анықталып, дүние-мүлкінен айрылып қалып жатырған азаматтар да кездеседі.
Сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады, ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады. Сенімхат беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы сенімхат берілген адамға, сондай-ақ сенімхат берілгендердің алдында өкілдік ету үшін өзіне белгілі үшінші жаққа хабарлауға міндетті. Сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік беру де (сенім ауысуы) күшін жояды.
.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
СЕНІМХАТТЫҢ ТИПТІК ҮЛГІСІ МЫНАДАЙ:
ҚҰЖАТ АТАУЫ.(СЕНІМ ХАТ)МӘТІН.
( кім, кімге, нені және қандай мерзімге сеніп тапсырады )
күні |
Сенімхат берушінің қолы. |
Нотариалдық тұрғыдан
куәландыратын құжаттардың
" Сенімхат " деген сездің алдында
қандай іс тапсырылатыны көрсетіледі.
Мысалы:
Жалақын (алиментті, зейнетақыны т.б. ) алуға
СЕНІМХАТ
Одан өзге мәтіннің басында сенімхат берілген орын және күн жазбаша түрде көрсетіледі. Мысалы:
Ақша аударымын алуға.
СЕНІМХАТ
Қарағанды қаласы, 8 тамыз 2001 жыл.
Мен.......
СЕНІМХАТТЫҢ МӘТІНІ МЫНАДАЙ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҚАМТИДЫ:
1. Сенімхат иесінің
аты-жені, қызметі, (қажет жағдайда)
және
мекен-жайы;
2. Сеніп тапсыратын
өкілеттіктері мен
3. Сеніп тапсырған адамның аты-жөні, оның қызметі немесе мекен жайы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың (куәліктің) нөмірі, кім бергені, қашан бергені.
4. Сенімхат әрекетінің
мерзімі мөтіндегі екінші және
үшінші бөліктерінің орнын
Мысалы.
СЕНІМХАТ
Мен Қараганды қаласы С.Сейфуллин көшесі, 210 үй, 4-пәтерде тұратын Қобланов Бейбіт, Қарағанды қаласы Ж.Жабаев көшесі 35-үй, 82-пөтерде тұратын Манатов Әсетке ( жеке куәлігі №... кім, қашан бергені) маған тиесілі 2001 жылдың тамыз айының еңбек ақысын Қарағанды қаласындағы Валют Транзит банкісінңдегі №000 есепшотынан алуды сеніп тапсырамын.
Сенімхат 2001 нылы тамыз айының 11-не дейін берілді.
00.00.00. |
Б. Қобланов. |
Қарағаңды қаласы. |
16. шілде 2001ж. |
СЕНІМХАТ
" Балхаш"
сауда үйі Манатов Осет
Директор |
Алибеков 3 |
Мері |
.
Автомобил жүргізуге сенімхат жеке адам тарапынан берілгенде дәл осылай толтырылады. Тек онда ұйымның атының орнына сенімхат беруші адамның тегі көрсстіледі.
Сенімхат
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
- менің атымнан өтініш жазуға;
- анықтамалар мен құжаттар алуға;
- менің орныма қол қоюға;
- мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.
Сенімхат 2009 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.
01.12.2010]
С.Маметовтың қолын растаймын