Сенім хат

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 08:31, курсовая работа

Описание работы

Қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала – ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ 5
1.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны 5
1.2 Сенімхаттың түрлері 6
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР 8
2.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері 8
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17
ҚОСЫМШАЛАР 19 - 24

Работа содержит 1 файл

сенимхат.doc

— 122.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                              3

1-ТАРАУ. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ                                                                       5

1.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны                      5

1.2 Сенімхаттың түрлері                                                                                   6

2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА  СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА  БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР                                                           8

2.1 Сенімхаттың жасалу  жолдары, тоқтатылу негіздері                                      8

ҚОРЫТЫНДЫ 15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17

ҚОСЫМШАЛАР 19 - 24

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазак тілінің  мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала – ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.

Ісқағаздарын  жүргізу – бұл құжаттар дайындау және кеңсе құжаттарымен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін қызмет саласы. Соңғы кездері басқаруды құжаттандырумен қамтамасыз ету (БҚҚ) деген термин жиі қолданыла бастады. Бұл термин іс жүргізудің ұйымдастыру-техникалық негізін жетілдіруге байланысты, құжаттармен жұмыс жасау саласына есептеуіш техника құралдарын, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және пайдаланудың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын енгізуге байланысты пайда болды.

Ісқағаздарын жүргізудің негізгі элементтерінің бірі – құжат  жасау болып табылады. Құжат жасау  дегеніміз – ақпаратты қағазға  немесе басқа тасымалдаушыға жазу (түсіру) болып табылады. Ол бекітілген нормативтік-құқықтық актілердің ережелері бойынша жүзеге асырылады және заңдық күші болады.Заңдық күш құжаттың қолданыстағы заңнамаға, оны шығарған органның құзыретіне, ресімдеудің бекітілген тәртібіне байланысты болады.

Басқару құжаттары мекеме құжаттарының негізін құрайды және ісқағаздарын жүргізудің нысаны болып табылады.

Сенімхат – белгілі  бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын  екінші бір тұлғаға берілгенің жазбаша  растайтын іс қағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.

Сенімхат кез-келген төлем  түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, ақшалай  сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда берілед

Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге  бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.

Үлкен жауапкершілік жүктейтін  іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады.

Курстық жұмыстың алдына қойған міндеті – сенім хат тусінігін анықтау және рәсімдеу тәртәбәне сипаттама жасау.

Курстық жұмыстың пәні – сенім хат.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ

 

    1. Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны

 

 

Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy;— сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхат - белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің орындалуын басқа адамға тапсыру үшін жазылады. Құжат аты мен негізгі мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.

Сенімхат —  белгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға  берілгенін жазбаша растайтын іс кағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені (көбінесе мүліктік сипаттағы) үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.

Сенімхат кез  келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы  алу үшін, ақшалай сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жaтқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат куәлігін жеке тұлғаның ауызша арызы негізінде  мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және сенімхат алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.

Ұйым жетекшісі  сенімхат берушіге сенімхат алушынын өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін жөне сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдьгруға құқы бap екендігін ескертуі қажет.

Сенімхат меншікке деген  құқық тудырмайды. Сенім білдірген  адам кез келген уақытта сенімхаттың  күшін жоя алады. Сенімхат берген адам қайтыс болған жағдайда, сенімхаттың күші жойылады және сенімхат бойынша біреуге берілген мүлік, сенімхат берген адамның мұрагерлеріне өтеді. Мұрагерлер мәселесін шешуге де тура келеді. Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.

Сатып алушыға сенімхат бойынша автомобиль сатып алудың қажеті жоқ, өйткені: сіз автомобильдің  қожайыны бола алмайсыз, тек қана автомобильді жүргізуге және сатып жіберуге ғана өкілеттісіз, транспорт құралын тіркеуге алу туралы куәлікте көрсетілген адам ғана меншік иесі болып қала береді. Бұл мүлік  оның қарызы бойынша тұтқындалуы мүмкін, ал бұл қарыздар автомобильді сізге берген соң ғана пайда болса да; автомобиль сізге берілмей тұрып кепілге қойылған немесе тұтқында тұрған болуы мүмкін, сөйтіп сіз оны кейін сатып жібере алмайсыз (оны алдын-ала тексеріп алуға да болады); ол ұрланған машиналардың да тізімінде тұруы мүмкін, ол жағдайда оны сізден тартып та ала алады.

Бұл жағдайда өзіңіздің дұрыс әрекет жасағаныңды сот және басқа органдарда дәлелдеуге тура келеді.Осы жылдың сәуір айынан бастап қолданысқа енген жаңа ережелерге сәйкес, сіз «бас сенімхат» арқылы да автомобильді өз атыңызға аудара алмайсыз. Бұл жағдайда сізге үшінші бір адамның  (әйелің, ағаң, құдаң және т.б.) болуы, немесе сатушы мен сатып алушы РЭО-да өзара еркін нысанда шарт жасасып, сонан соң барып құжаттарды қайта рәсімдеуге берулері қажет.

 

 

    1. Сенімхаттың түрлері

 

 

Сенімхат - қүжат иесі басқа біреуге бір істі атқаруға, сөйтіп, өз атынан оның құқын пайдалануға рұқсат беретін құжат түрі. Сенімхатты мынадай ақша түрлерін алу үшін пайдалануға болады: жалақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу, сату, үй ауыстыру, басқару, сыйлық алу, автоколіктерді сату, ауыстыру т.б. операцияларды сенімхат арқылы жүзеге асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді т.б. сеніп тапсыруға болады.

Үлкен жауапкершілік  жүктейтін іс-әрекетті орындауға  немесе қымбат мүлікті алуға берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған қолдар сенімхатта керсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар қабылдаулар жатады

Сенімхат куәлігін жеке, тұлғаның ауызша арызы негізінде  мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.

Ұйым жетекшісі  сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескертуі қажет.

 

 

Сенімхаттың мәтінің мәлеметері:

1. Сенімхат иесінің  аты-жені, қызметі, (қажет жағдайда) және 
мекен-жайы;

2. Сеніп тапсыратын өкілеттіктері мен құқықтарының дәл ауқымы.

3. Сеніп тапсырған  адамның аты-жөні, оның қызметі  немесе мекен жайы, сондай-ақ жеке  басын куәландыратын құжаттың (куәліктің)  нөмірі, кім бергені, қашан бергені.

4. Сенімхат әрекетінің  мерзімі мөтіндегі екінші және үшінші бөліктерінің орнын ауыстыруға да болады.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына  мыналар кіреді:

  • құжат аты;
  • жазылған жері мен уақыты;
  • сенімхат берушінің және сенімхат алушының аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін.
  • ұйым мөрі басылған, растайтын жазба;

Сенімхаттың мерзімін сенім

 білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ  мерзім — 3 жыл. Сенімхатта  мерзімі көрсетілмесе, толтырылған  күнінен бастап 1 жыл мерзімге  жарамды болып саналады.

Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін: 1) мәміле жасау;

2) акционердің атынан  қоғамның жиналысына қатысу;

3) белгіленген уақыт  ішінде сенім білдірушінің атынан  әрекет ету;

4) сенім білдірушінің  мүліктік кешенін басқару, т.б.

Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады: 1) мерзімінің өтуі;

2) көзделген әрекеттің  орындалуы;

3) Сенімхат. беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы;

4) Сенімхат берілген  адамның одан бас тартуы;

5) Сенімхат. берілген  заңды тұлғаның таратылуы;

6) Сенімхат берген  не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы  толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін  тұлға туралы толық мәлімет  (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік  нөмірі);

- алынғат заттың атауы  (егер ақша болса, көлемі санмен  де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты  уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы  шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі

Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я  болмаса жазба машинкасы арқылы да компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде  түзетілген, өшірілген я қосымша  жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар  болған жағдайда олардың әрқайсына  түсініктеме жазылып (“өшірілген сөз оқылмайды”, “түзетілген дұрыс” сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат да өз қолдарын қоюлары қажет.

Төлемақы алу  үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы  – 3 ай;

Мүлікті пайдалану  үшін берілетін сенімхаттардыөң  жарамдылығы – 3 жыл; Егер пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек.

Сенімхатқа  қол құжаттың түпнұсқа екенің куәландырушы адамның қатысумен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.

Құжат дайындалғаннан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші бойынша  сенімхат алушыға беріледі я жіберіледі.

Информация о работе Сенім хат