Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 08:31, курсовая работа
Қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде өз дәрежесін иеленудегі аса өзекті сала – ісқағаздарын жүргізу екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес мемлекеттік басқару органдарының барлығы ісқағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру үстінде. Міне, осы орайда мемлекеттік органдарда мамандардың қазақ тіліне шорқақтығынан, білетіндердің ресми стилге төселмеуінен, терминдік қолданыстардағы бірізділіктің қалыптаспауынан, маман-аудармашылардың тапшылығынан, қазақ тілінің жаңа технологияларға жедел икемделмеуінен түрлі қиыншылықтарға ұшырап отыр.
КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ. СЕНІМХАТ ТҮСІНІГІ 5
1.1 Сенімхаттың азаматтық құқықтық қатынастардағы орны 5
1.2 Сенімхаттың түрлері 6
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР 8
2.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері 8
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17
ҚОСЫМШАЛАР 19 - 24
Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:
•егер сенімхат өз атынан емес туысқаның я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір адамның атына берілсе;
•егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;
•егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.
ҚР АК-не сәйкес, сенімхат дегеніміз бір адамның (сенім білдіруші) өзінің атынан өкілдікке ие болуы үшін екінші бір адамға (сенетін адамына) жазбаша түрде берілген өкілдік болып табылады.
Сенімхат меншікке деген құқық тудырмайды. Сенім білдірген адам кез келген уақытта сенімхаттың күшін жоя алады. Сенімхат берген адам қайтыс болған жағдайда, сенімхаттың күші жойылады және сенімхат бойынша біреуге берілген мүлік, сенімхат берген адамның мұрагерлеріне өтеді. Мұрагерлер мәселесін шешуге де тура келеді.
Сатып алушыға сенімхат бойынша автомобиль сатып алудың қажеті жоқ, өйткені: сіз автомобильдің қожайыны бола алмайсыз, тек қана автомобильді жүргізуге және сатып жіберуге ғана өкілеттісіз, транспорт құралын тіркеуге алу туралы куәлікте көрсетілген адам ғана меншік иесі болып қала береді. Бұл мүлік оның қарызы бойынша тұтқындалуы мүмкін, ал бұл қарыздар автомобильді сізге берген соң ғана пайда болса да; автомобиль сізге берілмей тұрып кепілге қойылған немесе тұтқында тұрған болуы мүмкін, сөйтіп сіз оны кейін сатып жібере алмайсыз (оны алдын-ала тексеріп алуға да болады); ол ұрланған машиналардың да тізімінде тұруы мүмкін, ол жағдайда оны сізден тартып та ала алады.
2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚТА СЕНІМХАТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
2.1 Сенімхаттың жасалу жолдары, тоқтатылу негіздері
Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс. Заңды тұлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзге де адамның қолы қойылып беріледі әрі сол ұйымның мөрімен бекітіледі.
Сенімхат мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал, қолдану мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып табылады.
Күнделікті өмірде сенімхаттың көп тараған түрі нотариустың куәландырумен берілетін сенімхат негізінде автокөлікті жүргізу, тіркеуден шығару, сату, автокөлігін пайдалану болып келеді. Көп жағдайда азаматтар сенімхат беру арқылы көліктерін саттық немесе сатып алдық деп есептеп, оған тиісті түрде меншік құқығын заңдастырмай басқарып жүре береді. Кейде, тіпті, үшінші бір адамға сеніп тапсырады. Осылайша көлікті иеліктен шығаруда азаматтардың арасында «генеральный доверенность» деген түсінік қалыптасқан. Негізінде Азаматтық кодексте «генеральный доверенность» деген ұғым жоқ. Сондықтан, сенімхаттың мазмұнын дұрыс түсінбеушілікке байланысты әртүрлі келеңсіз оқиғалар орын алып жатады.
Азаматтық кодекстің 235-бабының 2-бөлігіне сәйкес, меншік иесі мүлікке, меншік құқығына сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе сол мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Меншік иесінің мүлкін мешік иесінің еркінен тыс басқа біреуге беруге кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берілмейді. Азаматтық кодекстің 240-бабының 1-бөлігіне орай, мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмайтын немесе басқа да мүлікке деген меншіктік құқық мүлікті иелену мерзіміне сәйкес тіркелген кезінен бастап пайда болады. Бұл жерде азаматтар нотариалды сенімхат жасау арқылы көлік жүргізуге, басқаруға, сатуға құқық беруді, сол мүлікке меншік құқығын алғандығымен шатастырмауы қажет.
Сондай-ақ, заем шартын жасақтау кезінде, азаматтар жылжымайтын мүлік құжаттарын кепіл шарты ретінде қойдым деп есептеп, заем берушіге мүлкін сатуға өз атынан сенімхат беріп, кейін ақша қаражатын уақытында қайтара алмай, ал, заем беруші болса қарыз шартын орындамауына байланысты заемшының пәтерін сенімхат негізінде сатып жібергендігі анықталып, дүние-мүлкінен айрылып қалып жатқан азаматтар да кездеседі.
Сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады, ал, сенімхат берілген адам одан бас тарта алады. Сенімхат беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы сенімхат берілген адамға, сондай-ақ, сенімхат берілгендердің алдында өкілдік ету үшін өзіне белгілі үшінші жаққа хабарлауға міндетті. Сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік беру де (сенім ауысуы) күшін жояды.
Сенімсіз адамға берілген сенімхаттың зардабы үлкен дауға әкеліп соқтырады, сондықтан, сенімхат беруде сақтық жасап, алдын ала заңдық кеңес алып, содан соң өз атынан өкілдік етуге сенім білдірген жөн.
Сенім хаттар мен өсиеттерді куәландыру құқығы бар тұлғалар
«Нотариат туралы» заңның 1 бабы консулдық қызмет атқаратын және жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдардан басқа нотариаттық іс - әрекеттер жасауға өзге тұлғаларға құқық береді. Оларға тек қана екі біржақты мәмілелерді, яғни сенімхаттарды және өсиеттерді куәландыруға құқығы бар лауазымды адамдар жатады. Нотариус жоқ жерде, мекемелерде немесе денсаулық жағдайына не өзге себептерге байланысты нотариусқа жүгіну мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүліктік құқықтарын орындауды жүзеге асыру қажеттілігі анықталған жағдайларда заңмен көзделген шектеулі лауазымды тұлғаларға мұндай құқық беріледі. Мұндай лауазымды тұлғалардың тізімі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1052 бабында және «Нотариат туралы» заңның 37 бабында белгіленген.
Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:
- ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; - госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары; - әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;
- бас бостандығынан
айыру орындарындағы
- жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
- барлау және
басқа да экспедицияларда
- халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi органының басшысы куәландырған сенiмхаттары.
Аталған лауазымды адамдар өсиеттi куәландырған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, мұндай мүмкiндiк пайда болысымен куәландырған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi. Нотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Аталған лауазымды тұлғалар өсиеттерді және сенімхаттарды куәландыру кезінде қазіргі уақытта «Нотариат туралы» заңды, Нотариалдық іс әрекеттерді жүргізудің тәртібі туралы нұсқаулықты және нотариалдық іс жүргізу туралы нұсқаулықты басшылыққа алады, өйткені 1998 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен бекітілген мұндай лауазымды тұлғаларға арналған арнайы нұсқаулық, 2004 жылы 4 қарашада күшін жойды деп танылды.
Нотариалды қызметтер өтелетін негізде көрсетілгендіктен аталған лауазымды тұлғалар Салық кодексінің 90 тарауына сәйкес, кейбір тұлғалар категориясына көзделген жеңілдіктерді сақтай отырып, мемлекеттік бажды алу керек.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке нотариус өкілеттігіне «Нотариат туралы» заңның 34 бабында көзделген мынандай нотариаттық іс - әрекеттер кіреді: мәмiлелердi куәландырады; шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады; мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды; мұраға құқық туралы куәлiктер бередi; ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi; мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды; құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады; азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады; азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады; құжаттардың берiлген уақытын куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi; ақшаны депозитке қабылдайды; вексель наразылықтарын жасайды; сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; теңiз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн. 15 тармақша нотариустың атқару жазбаларын жасауын көздеген және ол 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бұл тармақшаның конституцияға сәйкес еместігін тану жөнінде қаулысымен алынып тасталды.
Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалары мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайдСенім хаттар мен өсиеттерді куәландыру құқығы бар тұлғалар
«Нотариат туралы» заңның 1 бабы консулдық қызмет атқаратын және жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдардан басқа нотариаттық іс - әрекеттер жасауға өзге тұлғаларға құқық береді. Оларға тек қана екі біржақты мәмілелерді, яғни сенімхаттарды және өсиеттерді куәландыруға құқығы бар лауазымды адамдар жатады. Нотариус жоқ жерде, мекемелерде немесе денсаулық жағдайына не өзге себептерге байланысты нотариусқа жүгіну мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүліктік құқықтарын орындауды жүзеге асыру қажеттілігі анықталған жағдайларда заңмен көзделген шектеулі лауазымды тұлғаларға мұндай құқық беріледі. Мұндай лауазымды тұлғалардың тізімі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1052 бабында және «Нотариат туралы» заңның 37 бабында белгіленген.
Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:
- ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
- госпитальдарда,
санаторийлерде және басқа да
әскери-емдеу мекемелерiнде
- әскери қызметшiлердiң,
ал нотариустары мен
- бас бостандығынан
айыру орындарындағы
- жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
- барлау және
басқа да экспедицияларда
- халықты әлеуметтiк
қорғау мекемелерiнде тұрып
Аталған лауазымды адамдар өсиеттi куәландырған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, мұндай мүмкiндiк пайда болысымен куәландырған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi. Нотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.