Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 13:53, реферат
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Психика мен сананың дамуы 3
1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары 6
2. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы. 9
3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері 10
3.1. Жануарлардың инстинкті. 10
3.2. Жануарлардың дағдылары. 11
3.3. Жануарлардың интеллекті. 13
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар 14
ҚОРЫТЫНДЫ 17
Әдебиеттер тізімі 18
Жануарларда дағдылардың қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі» арқылы іске асады. Мәселен, қасқырлар өз балаларына аң аулауды былай үйретеді: кәрі жануар қалай аулаудың тәсілін іс-әрекет үстінде көрсетеді, ал балалары сол әрекетті қайталайды. Бұл жерде «үйрету» еліктеу инстинкті негізде іске асады.
Адамдар үй жануарларын қолға үйретіп, көптеген дағдыларды қалыптастырады. Адамдардың жануарларға дағдыны қалыптастыруды дрессировка немесе қолға үйрету деп аталады.
Қалыптасқан дағдылар жекелеген инстинктердің байқалуын жойып жіберуі мүмкін. Мәселен, тышқанды қолға үйреткенде мысық тышқаннан қашады, ал тышқан мысықтың артынан қуады. Ал, әуелден тышқан мысықты көргенде қашатын болған, ал үйретудің нәтижесінде тышқаннан мысықтың қашатындай етіп дағдыны қалыптастырған.
Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады. Мәселен, аквариумды әйнекпен ортасын екіге бөліп, аквариумның бір бөліміне шортанды орналастырып, ал екінші бөліміне кішкентай шабақтарды салып, байқар қарағанда, шортан бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмтыла береді, ұмтыла береді, бірақ тұмсығын әйнекке соғып, әбден шаршайды, уақыт өте шортанда белгілі дағды қалыптасады: ол шабақтарға ұмтылуын әбден қояды. Бұл дағды ортадағы әйнекті алап тастағанда да сақталады, шортан кішкентай шабақтарға тимей, бірге жүре береді, бірақ біраз уақыттан кейін дағды жойылып, шортан өз әдетінше өмір сүре бастайды.
Дағды – жануарлардың қылықтарының өзгертілген түрі, сондықтан да әбден орнықпайынша ол бірте-бірте жойылуы мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан аңғарылады. Маймылда бананы бар жәшіктің тесігін алдыңғы оң аяғымен ашу дағдысы қалыптасқан. Оны денесіне тақап қойған кезде ол жәшік тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан, бұл аяғы да таңылып тасталғанда жәшікті артқы аяғымен ашып, бананды алуға әрекеттенген. Енді ол арқылы ештеңе болмайтынын білген ол тіспен ашуға тырысады. Дағдының ауысуы негізінен жоғары сатыда дамыған жануарларға тән.
Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жануарлардың жалпы даму деңгейіне және қалыптасқан дағдының жануарлар мінезінің инстинктілік түріне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі Р.А. Дуров орынды пайдаланды.
3.3. Жануарлардың интеллекті.
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) ақылды деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез-құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған тәжірибеден сан рет байқалған. Мәселен: маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлдеде қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып, биіктеткеннен кейін қара тер болып бананды алуға шамасы келеді. Мұндай әдіспен маймылдың осы қылығында қандай болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллекті хайуанның жеке өзіне ғана тән, оның ғана тапқан әдісі.
Интеллект - "интеллектус" деген латынның сөзі, қазақша "ақыл" деген мағынаны білдіреді.
Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
Интеллектуалдық мінез-құлық – бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен дельфиндерде аңғарылады. Жоғары сатыда дамыған жануарларды (мәселен, маймылдарды, дельфиндерді, иттерді) бақылай отырып, біз кей жағдайда олардың «ойлағыштық». «тапқырлық», «байқағыштық» сияқты қасиеттерін байқаймыз.
Жануарлардың мінез-құлқында
алдына мақсат қою, бір міндетті шешу
сияқты іс-әрекетті байқауға болады. Одан
мынандай сауал туындайды: жануарлар
қарапайым ойлау әрекетіне
Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті туралы айта отырып, олардың да іс-әрекеті адамның ойлау үдерісін еске түсіретіндігін немесе соған жақындайтындығын аңғарамыз. Осындай іс-әрекетті жануарлар соқыр сезіммен орындайды (мәселен, маймылдардың жаңғақты шағуы).
Соңғы жылдары жануарлардың ойлауы туралы мәселе әртүрлі маймылға жүргізілген көптеген эксперименталдық зерттеулер көрсеткеніндей, шимпанзе алғашқы абстракциялық қабілеттерді меңгерген: маймылдар қабылданатын заттардың түсін түрінен және көлемінен немесе түрін түсінен және көлемінен ажырата біледі.
Жоғары сатыдағы жануарлардың (маймылдардың) интеллектуалдық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу белгілі неміс психологы В. Келлерден басталды. Мінез-құлықтың осы түрін зерттеу үшін Келлер белгілі мақсатқа жету мүмкін болмаған кезде маймылды өте қиын жағдайда сынады, өзінің тамағын алуға маймыл айналып баратын жол немесе арнайы құрал пайдаланды.
Мәселен, маймылды үлкен темір торға орналастырады, қатарына оның қолы жетпейтін қашықтықққа тамағын қояды. Тек тордың артқы қабырғасында орналасқан есік арқылы айналып өтетін жолды пайдаланғанда ғана маймылдың оған қолы жетеді.
Келлердің жүргізген зерттеулері төменгі жағдайды бақылауға мүмкіншілік жасады. Алдымен маймыл тамақты алу үшін сәтсіз әрекеттер жасап көрді: аяғын созып та, секіріп те көрді, бірақ ештеңе шықпады, енді ол сәтсіз әрекеттерді тоқтатып, қозғалмай отырып, белгілі бір шешім алғанша тынышталды.
Жануарлар міндеттерді интеллектуалдық тұрғыдан шешуге қалай келді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әртүрлі зерттеулер әр алуан түсіндіреді. Кейбіреулер маймылдың мінез-құлқын адам интеллектісімен жақындату мүмкіншілігіне тоқталады, оны шығырмашылық көрегендіктің белгісі ретінде қарастырады.
Австрияның психологы К.Вюлердің түсіндіруінше, маймылдардың құралдарды пайдалануы бұрынғы тәжірибенің ауысуының нәтижесі ретінде көрінеді.
Қазіргі зерттеушілердің көзқарасы бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттардың арасындағы күрделі қатынастардың бейнеленуі құрайды. И.П. Павлов маймылдардың мінез-құлқына жүргізген бақылаулары бойынша олардың интеллектуалдық мінез-құлқын «қолмен ойлау» деп атады.
Сонымен, жоғары сатыдағы сүтқоректілерде және одам тәріздес маймылдарда интеллектуалдық мінез-құлық ерекше жоғары дамыған.
Мәселен, алма ағашының баындағы
алманы көріп, алып жемек болып ұмтылып,
секіріп көреді,содан кейін
Демек, жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі олардың қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім органдарының даралануына, жіктелуіне алып келеді. Осының негізінде қарапайым сенсорлық психика ортаның жекелеген қасиеттерін бейнелеу қабілеттелігі пайда болады. Жануарлардың жерде өмір сүрүге көшуіне және бас ми қыртысының дамуына байланысты тұтас құбылыстарды психикалық бейнелеу – перцептивтік психика пайда болды.
Ақырында, одан әрі өмір сүру жағдайының қиындауы өте жетілген қабылдау органдары мен іс-әрекетке және ерекше жетілген мидың дамуына алып келеді, жануарларда заттар мен құбылыстар түрінде оларды сезгіштік қабылдаудың мүмкіншіліктерінің пайда болуына көмектеседі.
Сонымен, психиканың дамуы жануарлардың ортаға бейімделуінің қажеттілігімен анықталады және психикалық бейнелеу осы бейімделудің барысында қалыптасатын органдарының қызметі болып табылады.
Тіптен басқа түрде ерекше белгілерімен сипатталатын психика дамуының жоғары сатысы – адам санасы болып табылады.
Адам санасының негізгі айырмашылығы, оның пайда болуы психика дамуын басқаратын заңдардың өзгеруімен байланысты. Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму тарихында психика дамуының бағынған ортақ заңдары – биологиялық эволюция заңдары болды, ал адам психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму заңдарына бағынады.
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген (биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:
1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әретінің өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсіл қалыптасады. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.
2. Жануарлардың өзі
тектес тіршілік түрлеріне
3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.
Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев).
Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ, Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару; 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емсс, терендегі зандылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт таңдайды; 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамнын біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс әрекетіи игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.
Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек кұралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік катынастың пайда болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі -биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады.
Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Адамның дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.
Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл кұралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бүл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады.
Жеке адам талаптар деңгейінің әрекетіні мен мазмүндық сипатын жете танумен түлғаның іс-әрекет, мінез-құлықтарының түрткілерін тереңдей білуге жэне сол арқылы адамда ұнамды сапалар мен қасиеттерді баулудың жолдарын ашып оған нәтижелі ықпал жасауға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Ілешева Р. Медициналық психология / Көмекші оқу қүралы.- Алматы: Санат, 1994.- 88 б.
2.Әбішев Қ. Философия: Оқулық: Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға арналған / Жауапты ред. Ә.Н.Нысанбаев.- Алматы: Б.ж., 2001.- 264 б.
3. Бап-баба С. Психология негіздері [Мәтін]: оқу анықтамалық қолданба / С. Бап-баба.- Алматы: [Заң әдебиеті], 2007.- 106 б.