Жануарлар интеллектісінің мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 13:53, реферат

Описание работы

Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Психика мен сананың дамуы 3
1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары 6
2. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы. 9
3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері 10
3.1. Жануарлардың инстинкті. 10
3.2. Жануарлардың дағдылары. 11
3.3. Жануарлардың интеллекті. 13
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар 14
ҚОРЫТЫНДЫ 17
Әдебиеттер тізімі 18

Работа содержит 1 файл

psihologiya_ref.doc

— 134.50 Кб (Скачать)

Тіршілік иесі қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, есімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.

Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт) байқауға қол жетті. Бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі қараңғы, суы тендей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп жылы жағын қараңғыласа, жануарлар әрекеті өзгере бастайды, яғни енді біржасушалылар температураның көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарықты сезе бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет-қылық баяу өзгереді және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.

1.3 Жануарлар  дүниесінде психиканың тууы және дамуы.

Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен тұрады:

1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады).

2.   Адам санасының  дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға  сәйкес дамиды.

Жануарлардың психикасының дамуы қоршаған дүниені бейнелеудің және оның өзгеруіне бейімделу, күрделі психикалық процестердің пайда болуымен байланысты болды. Жануарлардың түйсіктерінің дамуының нәтижесінде оларда қабылдау туады. Сонымен қатар жануарлардың есі жетіле түседі. Мәселен, маймыл тығып қойған нананды іздей бастайды.

Омыртқалы жануарларда ойлау нышаны бар, бірақ ол адам ойлауынан әлдеқайда шамалы келеді. Психиканың дамуы үшін жануарлардың тұрмысының, қоршаған ортасының маңызы зор. Басқа жануарларға қарағанда ұшатын құстар мен балықтардың психикасы нашар дамыған. Бұл жағдай олардың тіршілік ететін ортасына байланысты, бірақ та құстың көзі жақсы көреді. Жемін алыстан көруіне көп көмек көрсетеді. Маймылдардың психикасының басқа жануарлармен салыстырғаңда жоғары дәрежеде дамуының себебі орманда өмір сүруіге бейімделуінен. Ағаш арасындағы тіршілік жағдайында иіс айырудың қажеті азайып, көру рөлі арта түседі. Ағаш бұтақтарында отырып теңселу, ағаштан-ағашқа секіру, көзбен мөлшерлеуге жаттықтырады, дененің сезімталдығын жетілдіреді, әрі жылдам қозғалуды талап етеді. Маймыл жаңғақтың ішіндегі дәнін, түрлі миуа атауылыны, шөптің сабағын тауып жейді. Ол үшін ептілік керек. Маймыл қолын жүру қызметіне де, ұстау қызметіне де қолдана алады. Маймылдардың психикасының даму сатысын аңғаруға негіз болатын маңызды бір факт - көз бақылауы мен ептіліктің пайда болуы. Бұл бейімділік бұтақтан-бұтаққа секіріп, тамақ тауып жеуіне көмектеседі. Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар. Олар:  1.Инстинкт 2.Дағды   3. Интеллект

3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері

3.1. Жануарлардың инстинкті.

Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде түқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.

Инстинктің мынадай өзіне тэн  ерекщеліктері бар:

1)Амалдық-тұтастық егерде қарапайым рефлекс организмнің жеке мүшелерінің аз уақыт ішінде бір рет қана жауап қайыруы болса, инстинкт ұзаққа созылып жануар үшін биояогиялық мәні зор, күрделі әрекет түрінде өтеді (ін қазу, үя салу, аң аулау, ұясына, ініне тамақ жинау).

2)Туа пайда болу. Бүл жануардың нерв жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті. Бүл инстинкт қайталап отыруды тілемейді.

3)Санасыздық. Сырт қарағанда саналы  сияқты болып жануарлардың "ақылына"  байланысты көрінгенімен, жануарлар  ісінде саналылық деген болмайды.

Мәселен, бал арасының балауызын тесіп қойсаң да бал арасы оған бұрынғысынша бал келтіре береді. Ұяда жұмыртқа басып отырған қасқалдақ жем іздеп ұшып кеткен кезде, оның жұмыртқаларын басқа орынға көрсетіп ауыстырып қойсақ, қасқалдақ оны байқамай үйреншікті орнына отыра кетеді. Жұмыртқаның жоқ екендігінде қасқалдақтың жұмысы болмайды, қасында көрініп жатқан жұмыртқаларының үстіне қонуға ақылы жетпейді, Өйткені оның бұл атқарып отырған іс-қимылдары тек қана инстинкт.

Сонымен инстинкт - жануарлар мінезінің  бейімделу қасиетінің өте жай  өзгеретін түрі. Инстинкт - «инстинк-тус» деген латын сөзі, қазақша «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді.

Инстинкт - омыртқасыздардың, құстардың, балықтардың сондай-ақ т.б. жануарлардың мінез-құлық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Инстинкт адамда да болады. Бірақ адамның іс-әрекеті әдетте интеллектіге, ақыл-ойға бағынады. Инстинктер – бұл жанурлардың күрделі туа біткен іс-әрекеті, оның көмегімен өз қажеттіліктерін қанағаттандырады.

«Инстинкт» деген гректің сөзі, қазақшалағанда «соқыр сезім» деген  мағынаны білдіреді. Мәселен, өрмекшілер ерекше шеберлікпен өзінің өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын-ала бұл өнерге үйренген емес. Бал арасы орасан зор математикалық дәлдікпен омартасының құрылысын салады. Кейбір жануарлардың түрлері, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын көрмейді, бірақ алдын-ала жұмыртқа саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй және тамақ дайындайды, ол дүниеге келген тұқымы жеткілікті дамуы мен өз бетімен жетілуі үшін істеледі.

Мәселен, жазғытұрым жол бойында  немесе жанында қара қоңыздың жұбы тамағын шар түрінде домалатып, бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар – болашақ дүниеге келетін тұқымы үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шарды белгілі көлемде домалатады.  Аналық қара қоңыз шардың ішіне жұмыртқа салады, содан кейін оның аузын жауып, бітегеннен кейін, осы шарды қауіпсіз апарып қояды. Біршама уақыт өткеннен кейін, шардың ішіндегі жұмыртқадан кішкентай құрттар шығады. Құрт шардың өзімен қоректенеді де өсіп отырады. Шардың ішін кеміріп, кішкентай қоңыз кеңшілікке шығады.

Инстинктер қалыптаспайды, әрі  күнделікті өмір барысында оларды жаттығулар арқылы қалыптастыруға болмайды, туа біткен қасиет, тұқым арқылы ата-аналарынан беріледі. И.П. Павловтың ілімі бойынша, инстинктер – бұл сол шартсыз рефлекстер, оларға қарағанда табиғаты күрделірек. «Қазіргі кезде,- деп жазды И.П.Павлов, - толықтай анықталды деуге болады, демек, инстинктер дегеніміз – сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі құрамнан ғана тұрады».

Инстинктер – бұл әртүрлі  шартсыз рефлекстерден тұратын  тізбекті рефлекстер, әрбір рефлекстің қозғаушы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып табылады. Жануарлар инстинктерінде біздің таң қалдыратыны олардың органикалық мақсаттылығы болып есептеледі.

Бірақ жануарлар инстинктерінің мақсаттылығы ерекше шектеулі. Жануарлар инстинктері  таптаурынды түрде іске асады. Мәселен, өрмекші тоқыған торына түскен шыбынды бас салып, оны жеп қояды. Бірақ өрмекші мен шыбынды торда емес, стаканға бірге салып қойса, онда өрмекші шыбыннан қаша бастайды.

Инстинктердің шығуын алғаш рет  түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның ілімі  бойынша, инстинктер жануарлардың ұзақ эволюциялық даму үрдісінде, сыртқы ортаға бейімделуде өмір жағдайларына байланысты қалыптасады.

Инстинктер жануарларды қоршаған ортаға бейімделуді және өмірлік  қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақтиін инстинктіге  бағына отырып, өзіне ұя жасайды  және тамақ жинайды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттерді жасай отырып, ұя салады, сондай дәлдікпен, бірақ алдын-ала үйретілмеген болса да бал арасы омарта жасайды, көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, өзгертілген өмір жағдайында жануарлардың инстинктивтік іс-әрекеті өте қажеттіден мағынасыз әрекетке айналады. Егер де жұмыртқа басып жатқан гагарлардың жоқ кезінде ұяда жұмыртқаларын басқа жаққа ауыстырып, орнына дөңгелек тастарды қойса, ол тастың үстіне отыра береді, өз жұмыртқаларының жоқтығына мән бермейді.

Мәселен, жұмысшы құмырсқамен мынадай бақылау жүргізіп қарайық, олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз індеріне жинақтайды. Алып келген тамағын інге кіргізбестен бұрын сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шығады, содан кейін кіргізеді. Ішке кіріп кеткенлі әлгі тамағының орнын басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны сол жерге алып келіп, қойып, тағы да інге кіріп шығады, оны тағы басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті қайталай береді. Бұл құмырсқанынң іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орындалғанын аңғару қиын емес.

Мәселен, жаңа туған малдың төлі (қойдың) немесе иттің күшіктері туған бойда анасының баурына ұмтылады, енесінің емшегін іздей бастайды, тауып алып емеді. Малдың жас төлінің іс-әрекеті белгілі бір сигналға байланысты. Осының бәрі шартсыз рефлекстің нәтижесінде іске асып отыр.

Тұқым қалдыру инстинктері  өте күрделі, сонымен қатар жыныстық, тамақ, қорғаныс инстинктерін көптеген омыртқалыларда кездестіруге болады. Ұя салу және өзінің тұқымын күту құстарда және бауырымен жорғалаушыларда белгілі бір мақсатта іске асады. Бірақ бұл мақсаттылық таза сыртқы факторларға байланысты. Жануарлардың қылықтары ортаның өзгеруіне байланысты аз-кем өзгерістерге ұшырайды. Жағдайлардың өзгеруіне байланысты кейбір құстар мен бауырымен жорғалаушыларда инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті бұзылады. Мәселен, құстар өз балапандарын тастап кетуі мүмкін, сүтқоректілер өз тұқымын шайнап тастайды.

Жануарлардың қорғаныс қылықтары инстинктілік сипатта болса, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Америкада түсі қара кішкентай аң өмір сүреді, оның бір ерекшелігі барлық аңдардың шабуылынан қорғануын сақтандырған, аңдар оны алыстан арқасындағы ақ сызықтан біледі. Бұл – скунс деген аң. Табиғат оны ерекше қорғану қасиетімен ерекшеленген. Ол өз жауларынан қорғану үшін улы, иісі ащы сұйық затты шығарып отырады. Қауіп төнген жағдайда өз жауына арқасын беріп, қанатын жайып, сұйық улы затты ауаға жібереді. Бірнеше сағат бойы ең ірі жыртқыштар «есінен айырылып қалады». Америкада барлық аңдар скунсқа тимейді. Бұл жануарларда туа біткен инстинктілік іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты жануарлардың туа біткен қылықтарының түрлерін зеттеген этологтардың еңбектері ерекше қызығушылық туғызады. Осы бағыттағы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, инстинктілік іс-әрекет белгілі сигналдардың нәтижесінде болатындығын атап өткен жөн.

 

 

 

3.2. Жануарлардың дағдылары.

Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер - дағдылар деп аталады.

Дағды инстинктерге қарағанда  өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан да, хайуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д. Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атады. В.Д. Дуров осындай табысқа И.П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарды шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай міне бастайды.  Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып, үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет қайталағаннан кейін вагондардын, бөлгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады.

Дағдының физиологиялық  негізі - шартты рефлекстер. Дағдының жасалуының арқасында жануарлардың туғандағы инстинктері кейде өзгереді. Мәселен, балықты дағдыға үйрету үшін, мынадай тәжірибе жасалған. Аквариумды шынымен екіге бөліп бір бөлігіне екі алабұға, екінші бөліміне тірі шабақ жіберілді. Шабақ – алабәғаның жемі. Сондықтан шабақты көре салысымен алабәғалар оған ұмтылады. Бірақ басы шыныға соғылып жей алмайды. Эксперимент екі ай бойы жүргізілді. Көп уақыт өткен соң алабүғалардың жеміне қарай үмтылу бәсендеп, мүлдем жойылды. Осыдан кейін аквариумды бөліп тұрған шыныны алып тастасақ, шабақ алабұғалардың бөлмесіне жүзіп, араласып кете барады. Бірақ алабұғылар шабаққа тимейді. Себебі шыны түрған кезде тауы шағылған алабұғалардың олармен бірге тұруға бойы үйрене бастайды да, ұмтылу инстинктісін жоғалтып алады. Сондықтан екінші бөлмеге ауыспайды. Алабұғаның мінезіңдегі мұндай шабуыл жасамау сипаты бірнеше күн қайталаудың яғни шартты рефлекс жасаудың арқасында пайда болады. Бұдан инстинктінің өзгеретіндігін байқаймыз. Инстинктінің өзгеруінде дағдының үлкен себебі бар. Дағдылар

Жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері – инстинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды. Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады.

Дағдылар дегеніміз  көптеген қайталаудың және бекітудің  нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде  қалыптасқан іс-әрекетін айтады.

Жануарларда дағдыны  қалыптастыру күнделікті өмірдің табиғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. Бақылаулар көрсеткендей, дағдыны қалыптастыруға қабілеттілігі жоғары сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жануарларда да болады. Бірақ, неғұрлым ағза күрделі болып келсе, соғұрлым жануарлардың жүйке жүйесі дағдыны қалыптастыруға жоғары деңгейде қабілетті дамығанын аңғаруға болады.

Мәселен, үйретілген ит адамға аяғын береді, есікті табанымен немесе тұмсығымен ашады, билейді, артқы аяғымен  жүреді т.б. Жануарлардың осындай іс-әрекеті  дағдылар деп аталады.

Дағдының жүйке –  физиологиялық қызметі шартты рефлекс болып табылады. Дағдыны қалыптастыру жануарларда шартты рефлекс немесе шартты рефлекстердің жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Жануарларда дағдылар соқыр  сезімнің негізінде, жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайталау (инстинктерден  айырмашылығы) арқылы қалыптасады, оның көмегімен жануарлар белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады.

 Жаңа іс-әрекетті  қалыптастыру және бекіту ең  алдымен жануарлар өмір сүрген  барлық жағдайларға байланысты.

Мәселен, итке ас беретін  ыдысы ішіндегі тамағымен есігі  жабық бөлмеде орналасқан. Оны көрген ит, итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен, тұмсығымен есікті ашудың әрекетіне кіріседі, ол бұл орайда бірнеше кездейсоқ қозғалыстар жасайды. Осы кездейсоқ қозғалыстардың нәтижесінде ит есікті ашады. Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады. Содан кейін ит қателеспей ылғи аяғымен, тұмсығымен есікті ашатын болады.

Информация о работе Жануарлар интеллектісінің мәселесі