Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 13:53, реферат
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Психика мен сананың дамуы 3
1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары 6
2. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы. 9
3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері 10
3.1. Жануарлардың инстинкті. 10
3.2. Жануарлардың дағдылары. 11
3.3. Жануарлардың интеллекті. 13
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар 14
ҚОРЫТЫНДЫ 17
Әдебиеттер тізімі 18
Жануарлар интеллектісінің мәселесі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Психика мен сананың дамуы 3
1.2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары 6
2. Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы. 9
3. Жануарлар психикасының негізгі түрлері 10
3.1. Жануарлардың инстинкті. 10
3.2. Жануарлардың дағдылары. 11
3.3. Жануарлардың интеллекті. 13
4. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар 14
ҚОРЫТЫНДЫ 17
Әдебиеттер тізімі 18
КІРІСПЕ
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен түрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады)
2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адамзат жер бетінде пайда бола бастағаннан бастап өмір сүріп отырған табиғи ортаны өзінің сезім мүшелері арқылы қабылдап, одан әрі ақыл-ой арқылы талдап, сараптап, жүйелейтін жағдайға көтерілген де, болып жатқан құбылыстардағы белгілі бір қайталанушылық, тұрақтылықты жадында сақтап, логикалық ой қорытындылар жасауға дейін жетілген. Өмір сүріп отырған ортаны сезініп тану бар. Ол таным процесінің негізі болып табылады.
Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқан болатынбыз. Органикалық дүниенің органикалық емес дүниеден айырмашылығы оның негізгі қасиеттернің бірі тітіркендіргіштік, демек, сыртқы әсерлерге жауап беру қабілеттілігі. Қарапайым механизмдерде психика болмайды. Оларға тән сипат бейнелеудің қарапайым түрі – тітіркендіргіш қасиет.
Тітіркендіргіш – бұл тірі организмнің сыртқы әсерге өзінің жағдайы мен қозғалысының өзгерістерімен жауап беру қасиеті.
Кері жауап беру реакциясының күші мен сипаты сыртқы әсер етудің күші мен ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар тірі ағзаның ішкі жағдайына да байланысты. Мәселен, тойып алған амеба тамаққа ешқандай реакция бермейді. Жәндіктер дыбысты, иісті, түсті бағдарлай отырып, тамағын тауып алады немесе қауіп-қатерден қорғанады. Заттар мен құбылыстардың дыбысы, иісі немесе түсі құрт-құмырсқаларға қауіпті емес, әрі олардың тамаққа қажеттіген қанағаттандыру мүмкіндіктері туралы ескерту сигналдары болып табылады.
Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты. Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды(гидра, медуза, актиния). Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп тұрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффуззия деп атайды.
Осындай жүйке жүйесінде әртүрлі тітіркендіргіштерге барлық ағзаның сараланбаған реакциясы аңғарылады. Онда қандай да болса басқару орталығы жоқ. Басқару орталығы жүйке жүйесінің дамуының келесі кезеңінде пайда болады. Ол ганглиоздық (түйіскен, тізбектелген) жүйке жүйесі деп аталады. Құрттарда барлық түйіскен (ганглия) жерлері денесінің әрбір сегментінде орналасқан. Бүкіл түйіскен жерлер өзара байланысқан және ағза біртұтас әрекет етеді. Басқаларға қарағанда басты түйіскен жер біршама күрделірек және сыртқы тітіркендіргіштерге ерекше сараланып жауап береді.
Жәндіктерге тән жүйке жүйесі ганглиоздық жүйесі одан әрі дамыту және күрделендіру болып табылады. Жоғары сатыдағы(бал аралары, құмырсқалар) жәндіктерде дәм, сипай сезу, иіс, көру т.б. түйсіктері болады. Сонымен, тірі ағзалар өсімдік және жануарлар түрлері дамуының барлық кезеңдерінде бейнелеудің ерекше биологиялық түрі – тітіркендіргіштікті меңгереді.
Тітіркендіргіштік дегеніміз
тірі ағзаның биологиялық(
Элементарлық
Қазіргі ағзалардың ұзақ
эволюциясы нәтижесінде біз
Органикалыфқ материяның кейінгі даму сатылырында жаңа қасиет – сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті, яғни, ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті. Алғашқы түрінде бұл түйсіне білу қабілеті жануарлардың жүйке жүйесінің алғашқы қалыптаса бастаған кезінде, тіпті одан да ерте кезде пайда болуы мүмкін.
Түйсіне білу қабілеті психика дамуының бастапқы сатысы болып табылады. Жануарлардың жүйке жүйесінің дамуына, оның ішінде, сезім органдарының дамуына байланысты, одан әрі бейнелеу қызметі дамып, өте күрделене бастайды. Мәселен, арнаулы сезім органдары жоқ қарапайымдыларда, жануарларда тек қана жалпы сараланбаған сезгіштік болады.
Дамудың жоғары
сатысында сезім органдары,
Осыған байланысты жүйке жүйесінің, сезім органдарының дамуы, жануарлар психикалары олардың өмір тіршілігіне, яғни жануарлар қайда тұрады, қалай өмір сүреді, қалай тамақтанады, қалай тамақ табады, кімдермен жауласады және т.б. жағдайларға тікелей қатысты. Құстар, мәселен, өмірінің көпшілігін ауада ұшып өткізеді. Осындай өмір салты, тіршілігі үлкен кеңістікте бағдарлай білуді қажет етеді. Сондықтан да құстарда, соның ішінде ерекше жыртқыш, жылы жақтарға ұшып барып, келетін құстарда көру сезімі және кө
Психиканың даму кезеңдері туралы қазіргі кездегі түсініктер, сана туралы ұғым
Психика мен оның дамуының
пайда болу мәселесі, яғни генезисі
тығыз байланыста болады. Сондықтан
психиканың даму үдерісіне деген
жалпы көзқарас психиканың пайда
болу мәселесінің теориялық
Орталық жүйке жүйесінің пайда болуымен психикалық бәйнелеудің жаңа түрі – психика дамуының перцептивтік кезеңі пайда болды. Бұл кезеңде жануарлар үшін бірнеше тітіркендіргіштерді бір мезгілде бейнелеуге болады.
Жануарлар мінезінің туа біткен, түрлері және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан түрлері кездеседі. Бірақ туа біткен және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан (дара) мінездің түрлерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Жоғарыда көргеніміздей, туа біткен түрлері өзгеруі және даралануы мүмкін, мінездің дара түрлері туа біткен түрлерінің негізінде қалыптасады.
Жануарлар психикасының туа біткен басты түрі инстинктер (соқыр сезім) болып табылады.
1.2 Психикалық
дамудың алғашқы қарапайым
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Соңдықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады. Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның мәні психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда.
Бұған қарама-қарсы, екінші теория "панпсихизм", яғни бүкіл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған "бопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі - психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлегіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке -жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым "нейропсихизм" деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады.
Тіршіліктің пайда болуының негізгі шарты - қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі аққуызды молекулалардың түзілуі. Өздерінің тірлік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция жэне диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Мұндай молекулалар тек қоректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себебін тигізетін жарық пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық механикалық не химиялық қалыпты жасауына кедергі болатын әсерлерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап әсерді тіпті елемейді.
Каоцерваттардың иңдиферент әсерлерді елемей, зат алмасу процесіне себепші әсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бұл тітіркену құбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрінеді. Бұдан шығатын қорытынды әрқандай тірі организм сыртқы тітіркендіргіштерге тандамалы қатынас жасап, тірі материяның өзіндік реттеу деп аталатын жаңа сапалық қасиетін танытады.
Тітіркену -бұл биологиялық бейнелеудің ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және жануарлар эволюциясының барша кезендеріндегі тірі организмдерге тән құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті. Осылай, органикалық дүниеге өту барысында бейнеленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл бейне айнадағыдай дәл сипатты бере алмайды
Тіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары маманданған формаларының қалыптасуы жэне олардың Ү-рпақтан үрпаққа беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар бәрі осы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін мәнді және бір жағдай бар. Биотикалық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзге әсерлерді байқамайды. Олар қоршаған ортада белсенді бағыт-бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәулесі жарқырап түсіп тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.
Мұндай өмір сүрудің енжар формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі жәндік-жануарлар дүниесі айрықша сипатқа ие. Бұл кезендегі жалпы, ең қарапайым тіршіліктің даму барысында пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы - сезу екені жөнінде ғылымдық болжам бар (А. Н. Леонтъев). Бұл болжам бойынша, ең қарапайымдарынан бастап әрбір тірі организге тән құбылыс жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық әсерлерге жауап беріп қоймастан, биологиялык мәнсіз не "бейтарап" әсерлерге де, егер олардың өмірлік қажеттілігі жөнінде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең қарапайымдары да, қоршаған ортада белсенді түрде бағыт-бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңіректегі барша өзгерістерді байқастырады. Мұңдай алғаш биологиялық маңызсыз, ал сонан соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті - сезу деп аталады. Сезу құбылысы психиканың туындауында объектив биологиялық белгі қызметін атқарады.