Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 22:31, творческая работа
Қала тұрғындары дүкеніне жиі кіретін. Бірде тұзы аз, бірде мейізі аз, біреуге шекері көп болса, біреуге шекері аз... Олардың бірі мақтаса, бірінің көңілі толмай жататын. Кейбіреулер тіпті ештеме айтпайды. Бірақ бәрі қайтадан келіп, нан мен бөлке алатын. Жұмысы жүріп, пісірген наны мен бөлкелерін қала тұрғындары сатып алып жатса да уайымдайтын, тіпті оған оның өмірінде ешқандай қызықты ештеңе жоқтай көрінетін. Бір күні көрші қайыңды тоғайдан жас орман иесі келеді. Ол тәтті бөлке мен дәмді нан жеп көргісі келетінін, бірақ оған төлейтін орман иелерінің ақшасы болмайтынын, оның есесіне ол бір дорба әр түрлі жарқырауық тастары барын айтады. Наубайханашы бірден бірнеше хош иісті бөлкені бір жарқырауық тасқа айырбастауды ұсынады.
Ұялшақ наубайханашы: -Өзгелер қалай жауап берер еді?-деп көмек сұрайды.
Қане, есімізге түсірейік. Сіздің өміріңіздегі өзіңізді мақтан тұтатындай үш оқиға(жағдай) және неліктен мақтан тұтатыныңыз туралы айтып беріңіз. Кейде бұл жағдай жағымды, бірақ жылдам аяқталуы мүмкін, кейде қиын, бірақ сәтті аяқталатын мәселелер болуы мүмкін. Қазір қайсысы есіңізге түсетіні маңызды емес.
Наубайханашы сіздердің
Қалада орман иесі ұзақ көрінбейді. Бірнеше ай өткеннен кейін ол келіп, наубайханашыны тұңғыш баласының шілдеханасына шақыратынын айтады. Қонақтарға дастархан жаю үшін, ол наубайханашыдан болшақта армандаған үш оқиғаны айтып беруді сұрайды.
Ұялшақ наубайшы тағы да өтініп:-Басқа адамдардың жауабын тыңдауға бола ма?-дейді.
Наубайханашыға көмектесу үшін, болашақ өміріңізден күтетін үш жағымды оқиғаны атап беріңіз. Қай уақытта және қандай көлемде болатыны маңызды емес. Әр оқиғаны атап, сол оқиға әсерінен алатын сіздің өміріңіздегі жағымды да ұнамды сезімдер.
Ертегі кейіпкерлеріне берген көмектеріңіз үшін мен алғысымды білдіремін. Ал наубайханашы мен орман иесі көп рахметтерін жаудыруда.
Шілдехана тойы керемет өтті. Тойға орман тұрғындарының бәрі тышқан, қоянна бастап аяюға дейін бәрі жиналды. Бәрі наубайханашының дәмді наны мен тәтті бөлкелерін мақтады.
Тойдың қызған кезінде наубайханашы батылданып, орман иесінен осыншама жарқырауық тастарды қайдан алғанын сұрайды.
Ертегі аяқталды. Енді азғантай талдау жұмыстарын жүргізейік. Әр тапсырмаға байланысты пайда болған сезім күйлеріңіз. Өз бойыңыздағы үш жағымды қасиет, үш жақында өткен оқиға, өзіңді мақтан тұтатын үш оқиға, болашақта болатын үш оқиға. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта болатын оқиғалар мен жақында немесе ертеректе өткен оқиғалар арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Болашақ жетістіктерге өткен шақ қалай әсер етеді?
Өз ойларыңызды ортаға салыңыз.
Қазір жаттығуды орындау барысында болған жағдайлар туралы әңгімелесейік.
Тренинг – ертегіде сізге не ұнады, әлде де жетілдіру үшін сіз не ұсынар едіңіз?