Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 22:31, творческая работа
Қала тұрғындары дүкеніне жиі кіретін. Бірде тұзы аз, бірде мейізі аз, біреуге шекері көп болса, біреуге шекері аз... Олардың бірі мақтаса, бірінің көңілі толмай жататын. Кейбіреулер тіпті ештеме айтпайды. Бірақ бәрі қайтадан келіп, нан мен бөлке алатын. Жұмысы жүріп, пісірген наны мен бөлкелерін қала тұрғындары сатып алып жатса да уайымдайтын, тіпті оған оның өмірінде ешқандай қызықты ештеңе жоқтай көрінетін. Бір күні көрші қайыңды тоғайдан жас орман иесі келеді. Ол тәтті бөлке мен дәмді нан жеп көргісі келетінін, бірақ оған төлейтін орман иелерінің ақшасы болмайтынын, оның есесіне ол бір дорба әр түрлі жарқырауық тастары барын айтады. Наубайханашы бірден бірнеше хош иісті бөлкені бір жарқырауық тасқа айырбастауды ұсынады.