Студент психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:55, доклад

Описание работы

«Студенттік шақ» деген сөздің өзі балалық шақ жеке өмір сүруге, жауапкершілік жасына өту этапын білдіреді. Студенттік шақтың ұзақтығы жеке адамның алғышарттарына ие болады. Нақтырақ айтқанда, саналы өзін-өзі анықтау сферасының кеңеюі және оның жекелігі жоғарылайды. Студенттік шақ психологиясыда біршама проблемалы.
Адамның өзіне деген және ақиқат шындыққа деген қарым-қатынасына, материалды негізге ие. Сондықтан да, оның санасына және өзіндік сана-сезімін практикалықтан ақиқат шындықтағы оның өмірлік әрекетінен ерекшеліктерді бөліп қарау керек. Яғни, әлеуметтік психологиялық қасиеттері мен сәйкестенімдерді байланыстыра білу керек.

Работа содержит 1 файл

БАЯНДАМА.docx

— 46.25 Кб (Скачать)

 

       Тұлғаның  потенциалды  мүмкіндіктерін  оңтайландырудың  басты  жағдайы – белсенділік  белгілі  бір  әс-әрекет  түріне бағыттылық.

       Оқу  әс-әрекетінің  мотивтерін  төмендегідей  анықтауға  болады:

М – білім  алуға бағыттылық;

М2 – мамандық  алуға  бағыттылық;

М3 – диплом  алуға бағыттылық.

Ерлер  арасында  мамандық  алуға, ал  әйелдер  арасында – диплом  алуға  бағыттылық  жоғары. 

       Студенттердің психологиялық  мүмкіндіктері (16-20 жас  аралығы):

  • ақыл-ойының, адами  қарым-қатынасының жетілуі;
  • көзі  ашық, дүниетанымы қалыптасқан;
  • жаңаны  сезіну – батылдық,шешімділік;
  • дербестілік,тік  мінезділік;
  • сыншылдық, өз-өзіне  сын көзбен қарау;
  • таным  мен  интеллектуалды мүмкіндіктердің  шыңырау  шегі;
  • мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдық; 
  • жауапты  шешімдерді  қабылдау: мамандықты  таңдау  және  меңгеру;
  • өмір  сүру  стилі  мен  орнын  таңдау;
  • өмірлік  жарын  таңдау, өз  жанұясын  құру;
  • сәйкестік  кризисі: әлеуметтік  және  индивидуалды  тұлғалық  таңдаулар  мен  өзіндік анықтаудың пайда  болуы;
  • профессионалды  ойлау мен профессионалды  компетенттіліктің  қалыптасуының ең  тиімді  кезеңі;
  • мінез-құлық, интеллект, бағалы  бағдарлардың  қалыптасуының  ортаңғы  кезеңі.

 

Студенттердің танымдық ізденімпаздығының  компоненттері

      Уәждік компонент. Ол туындаған қажетсіну мен оны өз күшімен қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қарсылықты түсіну негізінде пайда болатын әрекетке ұмтылушылықпен сипатталады. Уәждік компонентке парыз бен мүдде уәждері жатады.

Танымдық  қажетсіну – белгілі бір заңдылықтары бар ерекше қажетсіну екенін еске сала кетеміз. Олардың ең бастылары: 1) ынтызарлық, яғни таным нәтижесіне толық қанағаттанудың принципті түрде мүмкін еместігі; 2) процесшілдік, яғни танымның нәтижесіне емес, ең алдымен процесіне бағдарланушылық; 3) жақсы сезіммен, яғни қуаныш, қызығу сезімімен тығыз байланыс.

     Мазмұнды-операциялық компонент. Студенттерді танымдық ізденімпаздығының екінші компонентінде жетекші білімдердің және оқу – танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесі қамтылады, бұл тәсілдер жаңа білімдері мен әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктілігін айқындайды. Бұл компоненттің ерекшелігін айқындау үшін жоғары оқу орны студенттері білімдерінің және олардың оқу – танымдық  қызмет тәсілдері жүйесінің ерекшіліктерін анықтау қажет. С. И. Архангельский жоғары білімнің мазмұнына үш компонент кіруге тиіс деп есептейді, біріншісі ғылымның қазіргі жай-күйін; екіншісі даму үстіндегі ғылым мен техниканың жаңа мазмұнын айқындайды; үшіншісі ғылым мен техниканың болжалды дамуын көрсетеді (Архангельский, 1974).

     Студенттің ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі студент жасының ерекшелігімен және жоғары оқу орнындағы оқу – танымдық қызметтің ерекшеліктерімен айқындалады, ал студенттің жас ерекшелігіне Б. Г. Анацьев көрсеткендей, ақыл – парасаттың және арнаулы қабілеттердің қарқынды дамуы тән. Шынында да, ғылымның қисынына сәйкес құрылған және теориялық, әдіснамалық және қолданбалы проблемаларды шешу үшін негіз жасайды, ал теориялық және қолданбалы проблемаларды шешу барысында ең басты нәрсені ажырата білу біліктілігі одан әрі дамытылады. Осының нәтижесінде студенттердің бойындағы осы біліктілік терең де ауқымды бола түсуімен ерекшеленеді.

     Танымдық ізденімпаздықтың операциялық жағының қалыптасуы деңгейлерінің мынадай сипаттамасын беруге болады:

Бірінші деңгей: студент хабардың ең басты идеясын  ашпайтын қосалқы сипаттағы суреттеме  ақпаратты қабылдап, жаңғыртады. Өзінің оқу – танымдық қызметінде ең басты  нәрсені ажырата алмайды, сондықтан  да оның мақсатын нақты қоймайды. Жоспарлау  алға қойылған мақсатқа қатыссыз жүзеге асырылады. Оқылатын материалдың ерекшелігін  және жұмыстың мақсатын ескерместен, бақылаудың біркелкі нысандарын пайдаланады; өзін – өзі бақылауға әрқашан да бірдей жүгіне бермейді.

Екінші деңгей: студент хабардың жалпы мазмұнын қабылдайды, оны толықтырушы және тәптіптеуші ережелері арқылы басты идеясын жаңғыртады. Алдағы оқу – танымдық қызметте негізгі нәрсені ажыратады және осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды, мұның өзі жасалатын жоспардың толық еместігінен көрінеді, өзін – өзі бақылау кезінде бұл мақсатты ескеруге тырысады, бірақ бұл жөнінде әрқашан да бірдей дәйекті емес, өзін – өзі бақылау нысандарын алуан түрлі етуге талпынады, бірақ оқылатын материалдың ерекшелігін әрқашан да бірдей ескере бермейді.

Үшінші деңгей: студент хабардың ең басты идеясын  қабылдап, жаңғыртады. Алдағы оқу –  танымдық қызметтегі ең басты нәрсені  айқын ажыратады және осыған сәйкес оның мақсатын қояды, оны міндеттерде  дәйектілікпен ашады. Мақсаттар  мен міндеттерді ескере отырып, жұмыстың толық жоспарын жасайды. Жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзін –  өзі бақылайды.

      Еріктік компонент. Егер жеке тұлға белгілі бір ерік күшін жұмсамаса, білімді және әрекет тәсілдерін игеруге талпынғанымен, білімдердің белгілі бір жүйесі болғанымен және біліктілік қалыптасқанымен танымда ізденімпаздықпен ілгерілеушіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан еріктік компонент танымдық ізденімпаздықтың ажырамас бөлігі болып табылады, бұл компоненттің негізінде таным барысындағы қиындықтар жөнінде ерік күшін жұмсауға дайын тұрушылық және оны әрекетте іске асырушылық жатыр. В. И. Селиван көрсеткендей “атқарудағы қиындықтарды жеңе білу, біліктілігі – жеке тұлға еркінің дамуын бағалайтын негізгі өлшем”. Танымдық ізденімпаздықтың еріктік компоненті алдыңғы екі компонентпен тығыз байланысты, өйткені олардың негізінде адам белсенділігінің басты қайнар көзі – қажетсіну жатыр. Мұнда осы жалпы негіз – қажетсіну уәждік және еріктік компоненттерінің сезіммен байланысын айқындайтынын байқамауға болмайды, өйткені сезім де қажетсінудің белсенді жағын бейнелейді.

      Танымдық ізденімпаздықтың еріктік компонентінің қалыптасу деңгейлерін ажырату ерекше қиындық туғызады, өйткені психологияда осы проблеманың әзірленуінің қазіргі деңгейі жеке тұлға еркінің дамуының, аиап айтқанда, танымдағы ерік күшінің дамуының айқын өлшемдер сияқты шығуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан студенттің оқу – танымдық қызметінде айқынырақ көрініс табатын көрсеткіштер ретінде сабақтарда жұмыстың ыннталы жүргізілуі, жұмыстағы жүйелілікті, танымдық қызметтің барлық түрлерін аяқтауға ұмтылушылық ұсынылады. Ерік күшінің қалыптасуының мынадай деңгейлерге ажыратылады:

Бірінші деңгей: студенттің таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші әлсіз көрініс  табады; сабақтарда жиі маужырайды, жұмыстарды ақырына дейін жеткізуге  талпынбайды, алғашқы қиындықтар тап  болған бойда-ақ жұмысты орындаудан бас тартады, ізденімпаздық жұмыста  жүйелілік көрсетпейді, тек семестрдің аяғында ғана қызу жұмыс істей  байтайды.

Екінші деңгей: студенттің ерік күші көп жағдайда көрініс табады; көптеген пәндер бойынша  сабақтарда ынталы жұмыс істейді; жұмысты  ақырына дейін жеткізуге жиі  тырысады, бірақ таным барысындағы  елеулі қиындықтарға тап болғанда тайқып шығады; семестр бойына жүйелі жұмыс істеуге тырысады; бірақ, әсіресе тапсырманы өткізу мерзімі жақындағанда және семестрдің аяғында жұмыс қыза түседі.

Үшінші деңгей: студенттің ерік күші оқу – танымдық қызметтің барлық түрлерінде көрініс табады, барлық пәндер бойынша сабақтарда бүкіл уақыт бойына қызу жұмыс істейді; кез келген оқу жұмысын әрқашан да ақырына дейін жеткізеді; семестр бойына жүйелі жұмыс істейді.

     Жоғары деңгей білімдерге қол  жеткізу тәсілдерін жетілдіруге  тиянақты бағдарланумен ерекшеленеді. Кәсіпке бағдарланып өз бетінше  білім алу нысаналы және жүйелі  сипатта болады. Мақсаттардың –  уәждерді тиянақтылығы таным  барысындағы қиындықтардың қандай  дәрежеде екендігіне қарамастан  кез келген оқу – танымдық  қызметті аяқтауға ұмтылушылықты  айқындайды. Игерілген білімдерді  студент кез келген тұрпаттағы  міндеттерді шешу үшін пайдаланады.  Хабардағы және оқу – танымдық қызметтің кез келген түріндегі ең басты нәрсені қатесіз қабылдап, жаңғыртады. Танымдық ізденімпаздық деңгейлерінің келтірілген баспалдақтары танымдық ізденімпаздықты түсіндіруге басқалардан гөрі көбірек лайықты, бірақ осы жеке тұлға бітімінің барлық жақтарын  қамтымайды. Танымдық ізденімпаздық деңгейлерінің жүйесі студенттің танымдық ізденімпаздықтың қалыптасу процесін талдау өлшемін көрсеткен жағдайда жасалуы мүмкін, мұның өз кезегінде оқыту процесін талдауды талап етеді.

 Қорыта  айта кететін болсақ,  студентттердің  өмірлік жоспарының жүзеге асуы  үшін олар жақсы, білікті маман  болып шығуы керек. Жоғарғы  оқу орны студенттерінің өмірлік  жоспары-бұл әрекеттің жоспары,  жоспардың психологиялық проблемаларына  арналған зерттеулер адамның  онтогенетикалық дамуының осы  жас ерекшеліктік этапында қаралған. Ол үшін ең алдымен жоғарғы  оқу орнындағы оқытушылар да  өз ісінің шебері және студентттердің  индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін  білуі керек.

 


Информация о работе Студент психологиясы