Әлеуметтік-психологиялық және жас
ерекшелік кұрылымының ерекшелігі
ретіндегі студенттік кезеңнің
мәселесі Б.Г. Ананьев мектебінде
көп қарастырылды. Б.Г. Ананьев,
Н.В. Кузьмина, Ю.Н. Кулюткин, А.А.
Реан, Е.И. Степанова зерттеулерінде
бақылаудың эмпирикалық материалы
эксперименттер мен теориялық
жалпылаулар осы мәселе бойынша
көптеп жиналды. Көптеген зерттеушілердің
мәліметтері студенттерді әлеуметтік-психологиялық
және психологиялық-педагогикалық
қырынан оқу іс-әрекет субъектісі
ретінде сипаттауға болатынын
көрсетеді.
Студенттік кезең – бұл ерекше
әлеуметтік мәдениет, жоғары білім
беру институтымен біріктірілген
адамдардың қоғамы. Тарихи жағынан
бұл әлеуметтік-кәсіби құрылым
бірінші университеттердің пайда
болу уақытынан, 11-12 ғасырдан басталады.
Студенттер бағыттылықпен білімді
және кәсіби біліктілікті жүйелі
меңгеретін, оқу еңбегімен айналысатын
адамдар тобы.
Әлеуметтік топ ретінде ол
кәсіби бағыттылықпен, келешек
кәсібіне деген қатынастың қалыптасуымен
сипатталады. Соңғысы мамандық
қоятын талаптар мен кәсіби
іс-әрекет жағдайларын білуді
қажет етеді. Зерттеулер нәтижесінде
студенттің мамандық туралы түсініктері
оның сабаққа деген қатынасының
деңгейімен сәйкес келетінін
көрсеткен: өзінің мамандығы туралы
неғұрлым аз білсе, соғұрлым
сабаққа деген жағымды қатынасы
төмен болатыны анықталған.
Әлеуметтік-психологиялық аспектте
студенттер өзге топтармен салыстырғанда
неғұрлым жоғары білімділік деңгейімен,
мәдениетті белсенді пайдалану
және таным мотивациясының жоғарғы
деңгейімен сипатталады. Сонымен
қатар студенттер - әлеуметтік белсенділіктің
жоғарғы деңгейімен және жеткілікті
түрде интеллектуалды және әлеуметтік
зерделіліктің үйлесімділігімен
сипатталатын әлеуметтік қоғам.
Бұл студенттік ерекшеліктің
негізінде әрбір студентке деген
оқытушының педагогикалық қатынастың
болуы жатыр. Жеке дара-іс-әрекеттік
тұрғыдан студент өзінің іс-әрекетін
өз бетімен ұйымдастырушы педагогикалық
өзара әрекеттің субъектісі ретінде
қарастырылады. Оған нақты кәсіби-бағдарланған
тапсырмаларды шешу үшін танымдық
және коммуникативті белсенділікке
деген бағыттылық тән. Студенттік
кезең – адамның қалыптасуындағы
орталық кезең және түрлі қызығушылықтардың
көрінуімен ерекшеленеді.Бұл спорттық
рекордтың орындалуы, шығармашылық, техникалық
және ғылыми белсенді әлеуметтанудың
жүзеге асатын кезеңі.
Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілерінен
алынған мәліметтер студенттік
кезеңнің – интеллекттің күрделі
құрылымдарының уақыты екендігін
көрсетеді. Жоғары оқу орнындағы
оқу уақытында еңбектік, кәсіби
іс-әрекеттің негізі қалыптасады.
Оқу барысында меңгерілген білім,
біліктілік, дағды оқу іс-әрекетінің
пәні ретінде емес, кәсіби іс-әрекеттің
құралына айналады. Бірақ техникалық
жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің
жартысында жоғары мектепті таңдаған
кезде кәсіпке деген қызығушылық
мотиві жоқ. Студенттердің үштен
бір бөлігінен көбі өзінің
мамандығын дұрыс таңдағанына
күмәнданады (А.А. Вербицкий, Т.А.
Платонова).
Студенттің мәнді көрсеткіші
– оқу іс-әрекетінің түрлері
мен түр пішіндерін орындай
алу біліктілігі.
Оқытушылардың
алдында жауапкершілігі мол психологиялық-педагогикалық
тапсырма тұр. Ол студентті өзінің әрекетін
жоспарлап, ұйымдастыра алуды білдіретін
оқу іс-әрекет субъектісі ретінде
қалыптастыру мәселесі.
Студентке әлеуметтік зерделі
тұлғаға қатынас ретінде қарау
адамның әлемге деген көзқарасы
емес, дүниедегі өзінің орынына
деген пікірдің де қалыптасуына
әкеледі. Студенттің әлемді тануын
қалыптастыру оның рефлексиясының
дамуын, өзін іс-әрекет субъектісі,
әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде
сезінуін білдіреді.
Практикалық психологтың тұлғалық-кәсіби
даму процесінің жүзеге асуы
объективті, субъективті, субъективті-объективті
жағдайлардың орындалуын талап
етеді
Жантанушыларды дайындауда психологиялық-акмеологиялық
тұрғы мәселенің негізі бола
алады (Б.Г. Ананьев, К.А. Абульханова,
А.А. Бодалев, А.А. Дергач, А.С.
Гусева, В.Г. Зазыкин, Н.В. Кузьмина,
И.Н. Семенов, А.П. Ситников, Е.А.
Яблокова).Жантанушы-студенттің тұлғалық-кәсіби
дамуы дайындық процесінің ғылыми-әдістемелік,
мазмұндық және ұйымдасқан қамтамасыздануы
негізінде мүмкін болады.Жантанушы-студенттің
тұлғалық-кәсіби дамуының алғышарты
болып өзін-өзі танудың дамуы
және өзін-өзі жетілдіру тілегінің
деңгейі болып табылады. Өзін-өзі
тану іс-әрекетін жоғары деңгейде
меңгеру өзіндік жетілу мен
кәсіби даму әрекетіне белсенді
қосылуға мүмкіндік береді. Сол
себепті тұлғалық жетілудің жоғарғы
деңгейі практикалық психологтің
кәсіби дамуының бірінші және
екінші деңгейімен байланысты. Өз-өзін
тану, өзін-өзі қабылдау және өзіндік
жетілдіру деңгейі дайындық процесінде
іс-әрекет субъектісі жантанушы-студенттің
тұлғалық-кәсіби дамуы маңызды
болып саналады.
Практикалық психологтерді жүйелі-құрылымдық
дайындауда тұлғалық-кәсіби өсуіндегі
жағымды өзгерістерді қамтамасыз
етеді. Жантанушының кәсіби «Менінің»
қалыптасуы мен дамуы кәсіби
іс-әрекеттің жүзеге асуына бағытталады.Жантанушы-студенттің
тұлғалық-кәсіби дамуы тұлғалық,
іс-әрекеттік және әлеуметтік-мәдени
өзгерістердің үзіліссіз процесі
ретінде түсіндіріледі. Бұл ерекшеліктер
теориялық, практикалық білім,
біліктілік, дағдының қалыптасуын
қамтамасыз ететін өзіндік даму
мен дайындықтың бірлігі ретінде
қарастырылатын үздіксіз процесс.Жантанушы-студенттің
тұлғалық-кәсіби дамуының өзіндік үлгісі
кәсіби маңызды қасиеттердің өзіндік
бағалануы.
Кеңес психологы Б.Г. Ананьев
студенттік кезеңді «жеке қатынаста
адамгершілік және эстетикалық
сезімдердің және өзіне азаматтық,
қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбекті біріктіретін
ересек адамның функцияларының
қалыптасып, тұрақталуының айрықша
белсенді мәнге ие» деп қарастырды.Жоғары
мектеп жасынан студенттік жасқа
өтуі өмірдің үйреншікті көзқарастың
өзгеруі мен қарама-қайшылықтарымен
сәйкес келеді. Бұл қарама-қайшылықтар
әлеуметтік-психологиялық сипатта
болып келеді.
Студенттік кезеңдегі өзбеттілік
әрекеттер туралы сұрақ көп
жағдайда нақты практикалық сипатта
болып келеді. Бір жағынан теориялық
білім мен қызығушылықтар жиналған
білім аймағындағы практиканың
қолдануымен кездескенде тексеруден
өтеді. Екінші жағынан қызығушылықтар
мен қажеттіліктердің теориялы,
абстрактілі аймағы оны тұрмыста
қолдануға әкеледі. Өзбеттілік -
жатақханадағы өмірге үйрену, өзінің
ақшасын ұстау, өз уақытын дұрыс
қолданумен байланысты практикалық
іске айланады.
Бұл жас кезеңде идеалға, шындыққа
деген бағыттылық мықты болады.
Әртүрлі арнадан келіп жататын
ақпараттың көптігі студенттің
білімін кеңейтеді. Сонымен қатар
бұл ақпараттың шектен тыс
көптігі уақыттың жеткіліксіздігі
мен оны ойша өңдеуге құлықтың
болмауынан білім мен ойлаудағы
үстірттікке, өзінің өмірін ұйымдастырудағы
қателіктерге әкеледі.
Бұл іс-әрекеттегі профессионалдылық
бөлек алынған еңбек және өмір
субъектісінің, ұжымдағы жалпы
әлеуметтік ұйымдағы байланыстар
мен қатынастардың терең табиғатының
сырын ашуға мүмкіндік береді.
Осы негізде морфологиялық, психофизиологиялық,
психикалық, әлеуметтік-психологиялық
және әлеуметтік деңгейлерге
нәтижелі әсер ету құралдары
қолданылады. Осындай жолмен практикалық
психологтың профессионалдылығын
өзі таңдаған іс-әрекет түрінің
негізгі құрылымы деп атауға
болады.
Тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан
студент белсенді өз әс-әрекетін
өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық
өзара әрекеттесу субьектісі
ретінде қарастырылады. Оған танымды
және коммуникативті белсенділіктің
нақты, кәсіби бағдарланған міндеттерін
орындау деген ерекше бағыттылық
тән. Студенттік кез үшін оқытудың
негізгі формасы таңбалық контекстік
болып табылады. Студенттік кезді
әлеуметтік-психологиялық сипаттау
үшін маңыздысы адам дамуының
осы кезеңінің қалыпты экономикалық
тұрақтылықтың қалыптасуымен ата-аналық
үйден кетіп, өзінің отбасын
құруымен байланысты болуы.
Студенттер де жасөспірімдер секілді
өзінің қандай екенін, қаншалықты құнды,
қабілетті екенін барынша білгісі келеді.
Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар:
- Олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды.
- Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін жақтарын білу. Мұндай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін.
Әрбір адамда «Мен» деген біреу
болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға
байланысты неше түрлері кездеседі:
1. «Мен шынында кіммін?» (шындықты
көздейтін мен); 2. «Мен»-өзімді өзгелер
қалай бағаласын деп ойлар
едім? (эмпатикалық мен); 3. «Мен»-тілегім
бойынша қандай болғым келеді?
(тілек, яғни фантастикалық мен);
4. «Мен» келешекте кім болғым
келеді? (болашақ мен).
Сонымен, өзіндік бағалауда студенттер
өзіне сындарлы көзқараспен қарап,
өз мүмкіндігін өмір талабына
сәйкес бағдарлай білуі, өз
мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу
қабілеттілігіне ие болады. Өзіндік
бағалау адамның өзіне деген
сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін
дамытады.Осы шақта практикалық
және танымдық іс-әрекеттің субъектісі,
тұлға ретінде ұғынуы және
бағалауы яғни, өзіндік сана- сезімі
қалыптасады.
Студенттердің ақыл-ойына келсек,
мұның өзі жасөспірімдік кезеңге
қарағанда сапа жағынан да, көлем
жағынан да біршама қалыптасып
қалған. Қалыптасуда мынадай екі
тетік бар: біріншіден, бұлар өзі
қоршаған әлеумет ортасынан соның
ішінде жеке адамдар арасында
кездесетін неше түрлі қатынастың
мәнісіне түсініп, әр нәрсенің
себебіне және одан шығатын
нәтиженің мәнісіне түсініп, әр
нәрсенің дүниеде себепсіз нәтиже
болмайтынын ұғына бастайды.; екіншіден,
егер бұл кезеңде ересек уақытының
көбін мұң, фантазия сияқты
нәтижесіз объектілерге жіберетін
болса, енді сол фантазиядан
нәтиже шықпайтынын біліп, күші
мен жігерін шындық нәрсені
меңгеруге жұмсайды. Осының өзі
ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің
бірі .
Өзіндік сананы зерттеу кезінде психологтар
өзіндік танымның дамуына, құрылымы мен
генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен
байланысты мәселелерге басты назар аударады.
Студенттік
кезеңдегі тұлғаның өзіндік танымын зерттеуге
арналған еңбектер бойынша бірқатар теориялық
және эксперименталдық нәтижелерді қарастырдық.
Біз өзімізге оқу іс-әрекеті
барысында жасөспірімдік шақтағы
тұлғаның өзіндік танымын құрылымының
өзгеруіне түрлі факторлардың, атап
айтқанда әлеуметтік орта, этнопсихологиялық
факторлардың әсерін зерттеуді
мақсат етіп қойдық. Себебі, алдағы
уақытта біздің қоғамның өмірі
мен дамуын анықтайтын жасөспірімдердің
өзіндік танымды зерттеу жұмысы
өте қажет.
Өзіндік танымын бойынша кеңестік
және шетелдік теорияларды талдау
жұмысы көрсеткендей, өзін-өзі тануды
зерттеу кезінде авторлар төмендегідей
жағдайларды бөліп көрсетеді:
1) өзіндік
танымның әлеуметтік табиғаты
болады;
2) өзіндік
таным бұл адамның өзін-өзі
іс-әрекет және қарым-қатынас
субъектісі ретінде тануы;
3) өзіндік
таным – тұлғаның өзіндік санасын
мазмұнға толтыру процесі;
4) өзіндік
танымым күрделі, көпдеңгейлі
процесс;
5) өзіндік
таным тұлғаның өзін-өзі танудың
субъектісі де, объектісі де. Өзіндік
таным, өзіндік сана, өзін-өзі
бағалау және өзін-өзі анықтаумен
тығыз байланыста бола тұра, өзінің
психологиялық сипаттары бар
салыстырмалы түрде дербес процесс
болып табылады.
Өзіндік танымының
студенттік шақтағы онтогенезі аз зерттелгендіктен,
біз студенттік шақта тұлғаның өзіндік
танымының психологиялық
Студент тұлғасының бағыттылығы
қажеттіліктер
материалдық
рухани
елігу, талпыныс, эмоционалды
күй (тамақ, киім, тұрғын
(таным,музыка,кітап жәнет.б)
үй және т.б)
Оқушы белсенділігі
Сурет
1 - Студент тұлғасының бағыттылығы