Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:49, курсовая работа
Осы тәрбие орындарында психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд. У.В.Ульенкова т.б. анықтады. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған.
Кіріспе ................................................................................................................2
I – Бөлім
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының
мазмұны.......................................................................................................3
1.2.Білім берудегі психологиялық қызметтің міндеттері........................10
II – Бөлім
2.1. Білім беру мекемелерінде психокоррекцияның маңызы.................12
2.2.Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары
Қорытынды......................................................................................................17
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................18
Психокоррекция объектісі - өзгере алатын, тұлғаның жеке аймағы, оның пәні - психокоррекциялық әрекет бағытталған психикалық реалдылық. Мысалы, егер коррекцияның объектісі баланың тәртібінің бұзылуы болса, онда пәні, шағым локусына байланысты әртүрлі болуы мүмкін: «Мен» бейнесі, мұғалімге қатынас, оқу мотивациясы және т.б.
Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары: Балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
1.Жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек.
2.Психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды.
3.Әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды.
4.Шұғыл шара алатындай жанұя жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
5.Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, балабақша тәрбиешілерімен мен дәрігермен бірлесіп жүргізілуі керек.
Психологиялық түзету - тұлғаның кейбір келеңсіз қасиеттері мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Адам баласы өзінің тіршілік
ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрібір,
оның биологиялық және психикалық қуат
күшінің аса мол қоры, сонау нәресте кезінен
бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол
қуат бала болмысында, тек еркін де жасқанбай
жігерлі өскенде ғана жетілмек. Ата-ананың
қайырымы да, төзімді тәрбиелерінің арқасында,
баланың көңіл-күйі мен түйсік-сезімдерінің
қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса
оның интеллектісінің де еркін дамуына
мүмкіндіктер алады. Түсініскен ортада
тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді
де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі.
Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы
қатты дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап
шексе, ондай балалардың психикасын орнына
келтірудің өзі қиямет қиындықтарға соқтырады.
Тіпті, ондай балалардың қөпшілігі неврологиялық
клиникада жатып та емделеді. Жалпы, мұндай
балаларға психологиялық түзету жасаудың
жолы, қанша ауыр болғанмен де, әртүрлі
әдістерді қолданып көмекке келмей болмайды.
Сонда, ең әуелі мұндай жағдайда не істеу
керек? Бәрінен бұрын баланы жайына қалдырған
жөн.
Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңілін
алақұйын етіп, не істерін білмей тіпті
көңілдері қалғандай өкпе-наздарын да
айтқызбақ. Бірақ, басқа істер шара жоқ.
Егер, тән құрылысы жарақаттанса, оңы тыныштандырып
жатқызуды ата-ананың өзі де біледі. Осы
тәрізді, жан дүниесі жарақаттанған балаға
да, керегі тек қана белгілі уақытқа дейін
тыныштық екенін түсінуіміз керек.
Үлкендер жағы өзіңше қателіктерін дереу
мойындауымен қоса, мұндай сәттегі тәрбие
берудің әдістерін үйренгенше, баланы
тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара
жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі — психологиялық
түзетудің пәрменді бір тетігі болып табылады.
Әрине, мұндай бетбұрыс ата-ана мен тәрбиеге
қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ
баланың келешегі үшін ешқандай мәймөңкесіз,
дереу ұстамдылық пен мейірімділікке
ауысу қажет (Ендігі жерде, бала мен ата-анасының
түіскен достық қатынастары жайын аңғарады.
Осыны ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудің
екінші басын басып қалған тәрізді, тағы
да маңдайыңа аңдаусыз соққы тиюі ғажап
емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған
ата-аналар кәдімгідей-ақ дайындалмай
болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің
қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін
емес. Оның қажеттігін қабілетіңе қарай
емес, тыныстауына қажет ауадай міндетті
түрде игеруің керек.
Мұндай өзгерістер мен игерулердің жалпы
жағдайы, мөлшермен төмендегідей сипатта
болуы мүмкін:
1 Баланы міндетті түрде тәрбиелеу керек.
Ал, қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу
үшін, үлкендер жағы үзілді-кесілді өздерін
тексеруі қажет. Баланың келешегіне керек
ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты
талап етеді.
2. Егер үлкендер жағы, өзін-өзі баланың
ыңғайына орай өзгерте алмаса, ары қарай
баланы тәрбиелеуден өз ықтиярларымен
бас тартқан дұрыс.
3. Ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге
болмайды. Бұл баланың келе-шегін сындыру
мен құрту деген сөз.
4. Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі
арқылы баланы жасытып жөндеймін деу,
барып тұрған надандық.
5. Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік,
екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін
бірден ұққан жөн.
6. Психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің
бәрінде де, басынан бастап, тек қана төзімділік
керек! Тәрбиелік іс-әрекет үстінде —
сабырлы ілтипат, салқындылық, ұстамдылық
қажет.
7. Баланың саналы түсінгендігіне сенім
көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың
жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны
дұрыс. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғанымен,
тым асыра мадақтаудың да орын алмауын
қадағалау есте болсын. Артық айтқан мақтау
сөз, ешқашанда жақсылық әкелмейді. Осылайша
психикалық зардап шеккен балаға психологиялық
түзетулер жасаудың жолдары көп.
Түзету жұмыстары барысында келесі әдістер
мен тәсілдерді қолдануға болады:
1.Мінез-құлық бұзылуы және тұлға аралық
қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған
әдістер
-гештальттренинг, арттерапия, психодрамалық
әдістер: әсіресе «айна» техникасы мен
рольдерді ауыстыру әдісі.
-рольдерді ауыстыру арқылы агрессивтікті
азайтуға арналған тренингтер.
-кеңестер беру, әңгімелесу. Мінез- құлық
түрлері және олардың акцентуациясы туралы
әңгімелесу.
-кәсіптік бағдарлау- бағыттау бойынша
жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.
2.Коммуникативтік аясының бұзылуын түзеуге
бағытталған әдістер
-өзін -өзі бағалауды көтеруге бағытталған
тренингтер
-қарым-қатынас тобын ұйымдастыру арқылы
тілдің коммуникативтік жағын дамыту
-күнделікті мәдениеттану сабақтарын
өткізу
-жеке тұлға типологиясы бойынша және
конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,
лекциялар өткізу
-жеке кеңестер өткізу.
6.Эмоционалдық аясының бұзылуы
-қобалжуды азайтуға,жоюға бағытталған
тренингтер
-релаксация және өзін-өзі басқару дағдыларына
үйрету
-арттерапия
-агрессивті күйді шешуге бағытталған
белсенді ойындар мен жаттығулар
-қорқыныш сезімін жоюға бағытталған ойын
терапиясы
-психогимнастика
Психологиялық
түзеу жұмыстары барысында тренингтердің
алатын орны ерекше. Тренингтер барысында
қатты әсер,сезім туғызатын және кері
байланыс туғызатын жаттығулар қолданылады.
Тренинг кезінде психолог әр баланы толығымен
тануға мүмкіндік алады. Бұл жұмыстардың
нәтижесінде топтық ұйымшылдық артады,
балалар арасындағы кикілжіңдер азаяды,
өз құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынасы
жақсарады. Жалпы айтқанда тренинг жұмыстарынан
кейін көптеген жағымды нәтижелер көрініс
береді.
Балалармен және жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмыстың негізгі түрлері.
Ойынтерапия. Көптеген уақыт бойы ойын баланың жұмыс бастылығы және оның энергиясының шығарылуы, немесе мәдениеттілік және діни тәжірибені жеткізу құралы ретінде қарастырылған. Тек шет елде ХІХ-ХХ ғғ. психология ойынның дамытушы, гармониялайтын және емдеуші мүмкіндіктерін ұға бастады. Бұлар баланың әлеуметтік рольдерді меңгеру және оның ішкі әлемінің ашылу құралы ретінде анықталды.
Психотерапиялық құралдар қоймасына ойынды қосу М.Клейн және А.Фрейд жұмыстарымен байланысты, олар балалармен емдік-коррекциялық жұмыста ойын әдістерін қолдануды ұсынған. Ойын іс-әрекетін аналитикалық зерттеу Ж.Пиаже және Э.Эриксон жұмыстарымен байланысты, мұнда ойын іс-әрекетінің негізгі белгілері:
Терапиялық процессте ойын диагностикалық, терапиялық және оқытушы функциясын атқарады.
Диагностикалық функция психопатологияны, мінез ерекшеліктерін және баланың қоршаған ортамен өзара қатынасын анықтауға негізделген.
Терапиялық эмоционалдылықты және моторлы өзін-өзі айтуды елестету, қысым, қорқыныш, фантазияның жауап беруінен тұрады.
Оқытушы қатынастың қайта құрылуын, қарым-қатынас және өмірлік көзқарастың диапазонын кеңейту, реадаптация және әлеуметтенуді болжайды.
Ойынтерапияның мақсаты баланың
тұлғалық құрылымында теңдікті ұстауға баланың интропсихика
Коррекциялық жұмыстың табысты болуына күшті интегративті немесе дезинтегративті факторы бар топ құрамы үлкен мәнге ие. Жүріс-тұрыстың альтернативті үлгісін идентификациялау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей топқа алуда толықтыру принципімен және түрлі синдромдарымен балаларды қосу керек. Әр балада топта ешбір мысқыл, сәтсіздік қорқытуларынсыз өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі болу керек. Топта бес баладан артық болмау керек, сонымен қатар терапиялық жағдайдан тыс контактіге түскен балалардың қатысуы қажет емес. Топ деликвентті тәртібі бар баланы бірден асырмау керек, тіпті болмаса бір нейтрализаторымен салмақсыз баланы да. Балар арасындағы жас (психологиялық жас) топта 12 айдан аспауы керек. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар әртүрлі жынысты болуы керек - ұлдар мен қыздар.
Ойындарды таңдау, ойынтерапияда қолдануда, құрылымды ойын материалдары мен сюжеті және құрылымды емес ойындарды қосады. Бірінші түрге жатады «отбасыға» (адамдар мен жануарлар) ойыны, агрессивті ойындар, марионеткалармен ойындар (қуыршақ театры), құрылыстық ойындар, конструктивті және деструктивті ойларымен анықталатын ойындар жатады. Құрылымды емес ойындарға қозғалмалы ойын-жаттығулары (секіру, өрмелеу), сумен, құммен, сазбалшықпен ойындар және терапиялық (саусақтармен, білезікпен, түрлі түсті қарандаштармен сурет салу).
Арттерапия. Бұл жұмыс істеу формасы ХХ ғ 30-жылдары психоанализдің негізінде пайда болды. Қазіргі кездегі шарты бойынша арттерапияны қолдануда клиенттерге түрлі көркем-қолданбалы түрдегі жұмыстар ұсынылады (ағашты ою, шекіме жабыстыру, күйдіру, сурет салу, мозайка жасау және т.б.).
Өнер терапиясында іс-әрекеттің бірнеше бағыты бар:
- өнердің барлық шығармашылығын пациенттің өзі талдауы;
- емделу құралы ретінде өзіндік шығармашылыққа пациентті ояту;
- бірінші және екінші нұсқада арттерапияны біруақытта қолдану.
Арттерапияның негізгі
Қазіргі уақытта балалармен және жасөспірімдермен
жұмыс істеу арттерапия фондында бірталай
жаңа түрлермен толықтырылуда. Оған музыкалық
терапия, библиотерапия, билеу терапиясы,
проективті сурет, әңгіме құрастыру, ертегі
терапия, құыршақ терапия.
Қорытынды
«Балалық шақ –адамның өмірінің негізгі кезені, келешек өмірге дайындық емес, ол бүгінгі, жарық,өзіндік, қайталанбайтын өмір. Сондықтан, балалық шақ қалай өткені, бала кезінде баланы кім қолынан ұстап жетектігеніне,оның ойына және жүрегіне сырттан не еңгеніне, бүгінгі бүлдіршін келешекте қандай адам болатыны, бағынды болады.» В.А.Сухомлинский.
Баланың жаңадан қоршаған ортамен таныстыру ол үлкен стресс. Балабақша- баланың өздігінен бірінші қадам басқан күні, жаңадан үйренуі. Психолог маман балаға бұл жолды стрессіз өтуді көмектесуі, балабақшадағы атмосфераның психологиялық жайлылығын қалыптастыруы қажет деп ойлаймын. Баланың сәтсіздіктері, кейбір қылықтары, ата-аналарды ойландырады. Баланың психологиясының кілтін табу үшін, оған көмек беру, үлкендер мен баланың қарым-қатынасындағы түсіністікті табу – балабақшаның негізгі міндеті болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Жұмасова К.
Психология: Оқулық. – Астана, 2010. – 296 б.
2.Бап-Баба С.
Жантану негіздері. (Жалпы психология). Алматы, 2007. – 302 б.
3.Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. –Алматы, 2005. – 480 б.
4.Аймауытұлы Ж.
Психология. – Алматы, 1995. – 312 б.Жарықбаев Қ.
5.Жарықбаев Қ.
Психология. – Алматы,-1993. – 272 б.
6. «Психологиялық қызмет» - Қазақстан мектебі (журнал). -2009. №7
7. «Психологиялық қызмет» - Қазақстан мектебі (журнал). – 2008. №9
Информация о работе Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары