Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:49, курсовая работа

Описание работы

Осы тәрбие орындарында психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд. У.В.Ульенкова т.б. анықтады. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................2

I – Бөлім
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының
мазмұны.......................................................................................................3

1.2.Білім берудегі психологиялық қызметтің міндеттері........................10

II – Бөлім
2.1. Білім беру мекемелерінде психокоррекцияның маңызы.................12
2.2.Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары
Қорытынды......................................................................................................17

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................18

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ түзету жұмыстары .doc

— 142.50 Кб (Скачать)

     3.Балаларды  оқыту-тәрбиелеу, мамандық таңдауында  өзін-өзі анықтауға жөн сілтеу, үлкендер мен қатарлас құрбыларының  арасындағы қарым-қатынасы туралы топтық әрі жекеленген кеңестер беру.

  1. .Оқу-тәрбие жоспарын құруға мектеп әкімшілігіне баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып құруларына кеңестер беру.

         5.Баланың оқу-тәрбиесі жөніндегі  мұғалімдеріне, ата-анасына кеңес  беру; т.б. сай оқу-тәрбие іс-шараларын жоспарлауға кеңес беруші ретінде қатысу.

Психодиагностикалық жұмыстар:

1. Кабинетке келген  баланың психологиялық –педагогикалық  картасын толтыру;

2.Келген баланың ата-аналарына  психологияның теорияларымен таныстыру;

3. Баланың ересектер арасында кикілжің болса, оның себептерін анықтау;

4. Бала психикасының  дамуындағы кемшіліктерге тиісті  мамандармен бірігіп дифференциалдық  диагностика жасау.

 

Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық  қызметте  кеңес  беру  бағыты  бойынша  қызметкерлер  нақты  міндеттерді  шешеді:

             1.Оқу-тәрбие  мекемелерінің әкімшілігіне,  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге,  ата-аналарға,  мастерлерге балаларды оқыту және  тәрбиелеу және  бірлесіп  жұмыс істеу мәселесі  бойынша кеңестер  береді.

              2.Балаларға оқу,  жетілу,  өмірлік және  кәсіби  өз-өзін  анықтау,  ересектермен  және  құрбыларымен  өзара қарым-қатынас,  өз-өзін  тәрбиелеу және т.б.  мәселелері  бойынша жеке  және  топтық  кеңес беріледі.

             3.Жеке  және  топтық  кеңес  беру  арқылы   педагогикалық кеңестерге,  әдістемелік  бірлестіктерге,  жалпы  мектептік  және  кластық  ата-аналар  жиналысына  қатысып,  дәріс  оқу  арқылы  педагогтардың,  ата-аналардың,  мастерлердің,  қоғамдық  өкілдердің  психологиялық мәдениетінің  жоғары-лауына  септігін  тигізеді.

            4. Бала  тағдырында  мүмкін  болатын   өзгерістерді  (арнайы  оқу-тәрбие  мекемелеріне  жіберу,  ата-ана   құқығынан  айыру,  бала  асырап  алу  ж.т.б.) анықтауға  байланысты  сәйкес  инстанциялардан  дұрыс  шешім   шығару  мақсатында,  халықтық  соттың,  қамқорлық  көрсету  ұйымдарының  сұранысы  бойынша  баланың  психикалық  жағдайы,  психикалық  даму  ерекшеліктері  туралы  сұрақтар  бойынша  шешім  қабылдаған  кезде  кеңесші-сарапшы ретінде  кеңес  береді.

            5.Өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру   сұрақтары  бойынша  нақты   балалар мекемесіндегі тәрбиелеу  жағдайларын балалардың жас   ерекше-ліктеріне  сәйкестендіріп,  психологиялық  ерекшеліктерінің  негізінде  оқу-тәрбие  шараларын   жоспарлауға  кеңесші  ретінде  қатысады.

 

Психологиялық қызметке байланысты негізгі ұғымдар:

 Колледждегі  психология қызмет-әрбір баланың толыққанды психологиялық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала

Психология- психиканың заңдылықтарын психикалық құбыластарды,үрдістерді, қалыптарды, индивидтің даму жолын және оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Психика – жоғары дәрежеде құрылған бас миының мінез-құлықпен іс-әрекетті қамтамасыз ету қабілеті.

Психодиогностика – тұлғаның потенциалдық қабілеттерін психикалық үрдістердің даму деңгейін, сондай-ақ әрі қарай дамуды болжау немесе тиісті психологиялық түзету мақсатымен эмоционалдық тепе-теңдікті анықтауды өзінің мақсаты етіп қойған психология саласы. 

Психодиогностикалық әдіс-психологияның зерттеу әдісі. П.ә. негізгі ерекшелігі (сипаттау мен эксперименттен ерекшелігі)- оның өлшеу және сынауға бағытталғандығы, соның негізінде зерттеуші құбылыстың сандық және сапалық квалификациясы анықталады.

Психодиогностикалық зерттеу- жұмыс негізі психологиялық диогнос болып табылатын, психолог жұмысының бір түрі.  П.з. негізгі сатылары: зерттеу мақсаттарына сәйкес деректер жинау, алынған нәтижелерді өңдеу және талдау, шешім қабылдау (диагноз және болжам).

Әлеуметтену-  қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асатын әлеуметтік тәжірибені индивидтің меңгеруі және белсенді қайта жаңғырту үрдісі мен нәтижесі.

Тұлғаның өзін-өзі  анықтауы- қандай-да бір мәселе туындаған жағдайда өзіндік позицияның туындауы мен қалыптасуы.   Ерекше түрлеріне ұжымдық және кәсіби т.ө.-ө.а. жатады.

Психологтың кәсіби этикасы-психологтың өз іс-әрекетінде коллегаларымен, ғылыми қоғамдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.

Оқуды игеру (обучаемость)-оқу үрдісінде адамның білімді, білікті және дағдыларды игеруінің  жылдамдығы мен сапасының жеке өзіндік көрсеткіші.

Ақыл-ой (интеллект)- индивидтің ақыл-ой қабілеттері құрылымының саоыстырмалы түрдегі тұрақтылығы.  Ақыл-ой мазмұндық құрылымы

және оның өлшем құралдарының қолданылуы индивидтің тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс, саясат ж.т.б.) сипатына тәуелді.

Жас ерекшелік дағдарылыстары-шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенез ерекше кезеңі.  Неротикалық немесе травматикалық типтерге қарағанда, Ж.е.д. тұлғалық дамудың қалыпты дамуына қажетті заңды үрдіс болып табылады.

Тұлға аралық қарым-қатынас- адамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді.

Девианттық мінез-құлық (ауытқу)-қоғамда қалыптасқан құқықтық және адамгершілік нысандарға қарама-қайшы келетін әрекеттер.  Д.м.қ. негізгі түрлері-құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын торальға қайшы мінез-құлық.

Делинквент (құқық бұзушы)- кейбір шектен тыс жағдайда іс-әрекеті қылмыстық жазалауға алып келетін, мінез-құлқында ауытқуы бар субьект.

 Психикалық дамуында  ауытқуы бар балалар- баланың психикалық дамуындағы сенсорлық ақаулардың (саңыраулық, нашар есту, соқырлық, нашар көрушілік), орталық жүйке жүйесі жарақаттануының (ақыл-естің кемістігі, дамудың тежелуі, қозғалыстың бұзылуы, сөйлеудің күрделі кемістігі) салдарынан болған нормадан ауытқушылық.

Педагогикалық психология-педагогикалық үрдістің психикалық құбылыстары мен заңдылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Жеке даралық-тұлғаның әлеуметтік маңызды сапаларының ерекше және қайталанбас көріністері.

Кәсіптік бағдар-мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешені.

Қарым-қатынас  психологиясы-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын психологиялық ғылым саласы (іскер,дипломатиялық, ұжымдық, жанұя, қызметттік ж.т.б.)

Психологиялық түзету- тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы.

Әлеуметтік сұраныс-білім беру мекемесі әкімшілігінің, ата-ананың, педагогтардың, тәрбие мәселелері бойынша жұмыс істейтін басқа да мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған психолог жоспарынан тыс іс-шара.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Білім  берудегі  психологиялық  қызметтің  міндеттері

         Психологиялық   қызметтің  мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың  психологиялық  денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға  психологиялық  қолдау көрсету.

Психологиялық   қызметтің  міндеттері:

1) білім алушылардың  тұлғалық және зияткерлік дамуына  ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу  және өзін-өзі дамыту қабілетін  қалыптастыру;

2) білім алушыларға  ақпараттық қоғамның жылдам дамуында  олардың табысты әлеуметтенуіне  психологиялық  тұрғыдан жәрдем көрсету;

3) білім алушыларды   психологиялық-педагогикалық  зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

4)  психологиялық  диагностиканы жүргізу және білім алушылырдың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5)  психологиялық  қиыншылықтар мен білім алушылардың проблема-

ларын шешу бойынша  психологиялық  түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

      6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7)  психологиялық  проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының

қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық  көмек 

көрсету;

8) білім беру үдерісі  субъектілерінің  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілігін көтеру болып табылады.

Баланың  дамуына  бағыттылық  білім  берудегі  психологиялық қызметтің негізгі   міндеттерін   анықтайды:  1) балалармен  жұмыс   істедегі  реализациясы  әр  жастағы   дамудың  мүмкіншіліктері,  резервтері;  2) баланың  жеке  дара  ерекшелік-терінің  дамуы  -  қызығушылығы,  қабілеттілігі,  бейімділігі,  сезімі,  қатынасы,  құмарлығы,  өмірлік  жоспар  және  т.б.;  3) баланың  дамуына  қолайлы  психо-логиялық  климатты  құру (бала  бақшада,  интернатта,  мектепте  және  т.б.),  бір  жағынан,  балалардың  ересектермен  және  құрбыларымен  продуктивті  қарым-қатынас  ұйымдастыруымен,  екінші  жағынан,  оған  тұлғалық  маңызды  болып  келетін  іс-әрекетте  әр  балаға  онтогенездің  барлық  кезеңдерінде  табыстылық  жағдайын  құрумен  анықталады;  4) балаларға,  сонымен  қатар  олардың  ата-аналарына,  тәрбиелеушілеріне, мұғалімдерге  өз  уақытында   психологиялық  көмек  көрсету.    

 Білім  берудегі  психологиялық  қызметтің негізгі  мақсатына жетудің  ең  басты  құралы  әр  баланың толыққанды  психикалық  және  тұлғалық  дамуын  қамтамасыз  етуші психологиялық шарттарды құру  және  сақтау  болып табылады.  Бұл шарттарды бұзу  баланың өз  уақытындағы жастық  және  жеке  дара  мүмкіншіліктерінің  реализациялануына  кедергі  жасайды,  бұл  олардың  психологиялық  денсаулығының  нашарлауына  әкеледі  және  олармен  коррекциялық  немесе  арнайы  дамытушы  жұмыстардың  қажеттілігін  шақырады.    

 Айтқанды  қорытындыласақ.    

    Білім  берудегі  психологиялық  қызмет  -  елдегі  білім  беру  жүйесінің  толыққанды  компоненттерінің  бірі.  Оның  мақсаты  мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалардың  психологиялық  десаулығы  болып  табылады;  негізгі  міндеті  -  мектепке  дейінгі  және  мектептегі  балалық  шақтың  барлық  жастық  баспалдақтарындағы  баланың  психикалық,  психофизиологиялық,  және  тұлғалық  дамуына  көмектесу;  ең  басты  құралы  -  жеке  даралықта  дамудың  мүмкін  болғанға  сәйкес  келетін  онтогенез  кезеңіндегі      кепілдікті  реализациялау  үшін,  баланың  әр  жастық  периодты  дұрыс  өтуге  қолайлы  психолого-педагогикалық  шарттарды  құру. 

    Психологиялық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, тәрбие үрдісін дұрыс жолға  қою бағытында тәрбиешілерге, ата-аналарға психологиялық жағынан көмек көрсету психолог қызметінің басым міндеттері. Балабақша психологі кәсіби қызметін атқару барысында балалардың жеке дара қасиеттерін диагностикалап,  зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып олардың күнделікті дамуын ықпал жаайтын іс-шаралар жүргізеді, қалыптан тыс дамыған жеке балалармен жеке дара жұмыстарын ұйымдастырады.

    Мектепке дейінгі мекеме психологі  еңбегінің маңызы  ерекше, өйткені мектепке дейінгі баланың психологиялық дамуы шапшаң, секірмелі, тез қабылдағыш, қалыптастыруға икемді болып келеді. Жеке адам ретінде даму кезінде пайда болған жаңа қажеттер мен қызығулар, игеріліп жатқан іс-әрекеттердің жаңа түрлері, танымдық психологиялық үрдістері (қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, т.б.) қалыптасу кезеңінде балабақша психологінен кәсіби құзыреттілікті талап етеді.

Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамиды, біреулер ақырын. Әр баланың  дамуына байланысты, психолог түзету-дамыту сабақтарын жобалап, таңдап, өткізуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Білім беру  мекемелерінде психокоррекцияның  маңызы

 

 

          Психокоррекция  -  органикалық   негізі  жоқ  және  тұрақты сапаларды көрсетпейтін,  ерте  балалық  шақта  пайда   болып  болашақта  өзгермейтін   психикалық  дені  сау  адамның   кемшіліктерін  түзетуде  психолог  қолданатын  психологиялық  қабылдаулар  жиынтығы.    

      Білім  беру  мекемелерінде   психокоррекциялық  жұмыс   баланың  дамуында  кемшіліктер   мен  ауытқушылықты  немесе  түзету,  немесе  профилактика  жүргізуге  психолого-педагогикалық   әрекет  етудің  жинағын  өзіне  қосады.    

     Коррекциямен  айналысушы  психолог,  сызба  бойынша  жұмыс   істейді:  не  бар;  не  болу  керек;  не   істеу  керек,  керекті  болу  үшін.  Бұл   сұрақтарға  жауап  беру  үшін  психикалық  дамудың  қалыптылығын  анықтап,  содан  соң  оның  талдауын  үш  деңгейде  жүргізу: нейрофизиологиялық,  ортақ психологиялық,  жастық-психологиялық.    

     Психокоррекциялық  жұмыстың  мазмұны  мен  әдістерін   таңдау  объекттердің  спецификалылығымен, оның  күйімен, сонымен  қатар коррекция пәнімен ескертілген, психологиялық  практикада  клиенттердің (балалар,  ата-аналар,  мұғалімдер)  ауыр  тілінде  қалыптасушы.    

Информация о работе Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары