Психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері, теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 11:55, реферат

Описание работы

Білім берудегі психологиялық қызмет – елдегі тұтас білім беру жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі.

Содержание

1. Психологиялық қызметтің анықтамасы
2. Психологиялық қызметтің теориялық негізі
3. Білім берудегі психологиялық қызмет тәжірбиесінің психолшогиялық мониторингі
4. Психологиялық консультация жайлы ортақ түсінік және психологиялық қызметтегі орны
5. Білім беру мекемелерінде психокоррекцияның маңызы
6. Психологиялық қызметтің міндеттері
7. Психологиялық қызметтің мақсаты

Работа содержит 1 файл

Психологиялық қызмет-реферат.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

     Балалармен  және  жасөспірімдермен  психокоррекциялық  жұмыстың  негізгі  түрлері.  

     Ойынтерапия. Көптеген  уақыт бойы  ойын  баланың жұмыс бастылығы және  оның  энергиясының  шығарылуы,  немесе  мәдениеттілік және  діни  тәжірибені  жеткізу құралы  ретінде қарастырылған.  Тек  шет  елде  ХІХ-ХХ ғғ. психология  ойынның  дамытушы,  гармониялайтын  және  емдеуші  мүмкіндіктерін  ұға  бастады.  Бұлар  баланың  әлеуметтік  рольдерді  меңгеру  және  оның  ішкі  әлемінің  ашылу  құралы  ретінде  анықталды.

     Психотерапиялық  құралдар  қоймасына ойынды  қосу  М.Клейн және  А.Фрейд жұмыстарымен  байланысты,  олар  балалармен  емдік-коррекциялық  жұмыста ойын  әдістерін қолдануды ұсынған.   Ойын  іс-әрекетін  аналитикалық  зерттеу Ж.Пиаже және Э.Эриксон жұмыстарымен  байланысты,  мұнда  ойын  іс-әрекетінің  негізгі  белгілері:

  • ойын  жағымды,  яғни  қатысушылармен  жағымды  қабылданады;
  • ол  кенеттен  жүреді  және  қатысушылардың  ішкі  мотивациясының  болуын  қадағалайды;
  • психикалық  процесстің  жоғарғы  икемділігі   мен  рольдік икемділікті талап етеді;
  • баланың  физиологиялық  және  интеллектуалдық  дамуының  табиғи  салдары  болып  келеді;
  • баланың  басынан  өткен  психикалық  жарақат  жзәне  интрапсихикалық  қақтығыстың  бар  болуы  ойында  көрінеді  және  оның  қалыпты  қадамының  бұзылуына  әкелуі  мүмкін.

     Терапиялық  процессте    ойын  диагностикалық,  терапиялық  және  оқытушы  функциясын  атқарады.

     Диагностикалық  функция  психопатологияны,  мінез  ерекшеліктерін  және  баланың  қоршаған  ортамен   өзара  қатынасын анықтауға негізделген.

     Терапиялық  эмоционалдылықты  және  моторлы  өзін-өзі  айтуды  елестету,  қысым,  қорқыныш,  фантазияның   жауап  беруінен  тұрады.

     Оқытушы  қатынастың  қайта   құрылуын,  қарым-қатынас  және  өмірлік  көзқарастың  диапазонын  кеңейту,  реадаптация  және  әлеуметтенуді  болжайды.

     Ойынтерапияның  мақсаты  баланың   тұлғалық  құрылымында  теңдікті  ұстауға  баланың  интропсихикалық   тепе-теңдігінің  базалық  өзгеруіне   әрекет  ету  сияқты  анықталады.  Тұрақтанған  тепе-теңдіктің  қорытындысы  «Эго»,  «супер-Эго»  модификациясы  және  «Мен»  бейнесінің  жақсаруы  болып  табылады.

     Коррекциялық  жұмыстың  табысты   болуына  күшті  интегративті  немесе  дезинтегративті   факторы   бар  топ  құрамы  үлкен   мәнге  ие. Жүріс-тұрыстың  альтернативті үлгісін идентификациялау  мүмкіндігін қамтамасыз  ететіндей   топқа алуда толықтыру принципімен және  түрлі синдромдарымен  балаларды қосу  керек.  Әр  балада  топта ешбір мысқыл,  сәтсіздік қорқытуларынсыз өзін-өзі  көрсете  алу  мүмкіндігі  болу  керек.  Топта  бес  баладан  артық  болмау  керек,  сонымен  қатар  терапиялық  жағдайдан  тыс  контактіге  түскен  балалардың  қатысуы қажет емес.  Топ деликвентті тәртібі бар баланы  бірден  асырмау керек, тіпті болмаса бір нейтрализаторымен салмақсыз баланы  да.  Балар арасындағы  жас (психологиялық жас)  топта 12  айдан аспауы  керек.  Мектепке  дейінгі және  мектеп  жасындағы балалар әртүрлі жынысты болуы керек -  ұлдар мен қыздар.

  Ойындарды  таңдау,  ойынтерапияда  қолдануда,  құрылымды  ойын  материалдары  мен  сюжеті  және  құрылымды  емес  ойындарды  қосады.  Бірінші  түрге  жатады  «отбасыға»  (адамдар мен жануарлар)  ойыны,  агрессивті  ойындар,  марионеткалармен  ойындар (қуыршақ  театры),  құрылыстық  ойындар,  конструктивті  және  деструктивті  ойларымен  анықталатын  ойындар  жатады.  Құрылымды  емес  ойындарға  қозғалмалы  ойын-жаттығулары  (секіру,  өрмелеу),  сумен,  құммен,  сазбалшықпен  ойындар  және  терапиялық  (саусақтармен,  білезікпен,  түрлі  түсті  қарандаштармен  сурет  салу).

    Арттерапия. Бұл жұмыс істеу формасы ХХ ғ 30-жылдары психоанализдің  негізінде пайда болды.  Қазіргі кездегі шарты   бойынша арттерапияны  қолдануда клиенттерге түрлі көркем-қолданбалы  түрдегі  жұмыстар  ұсынылады  (ағашты  ою,  шекіме  жабыстыру,  күйдіру,  сурет  салу,  мозайка  жасау  және  т.б.).

     Өнер  терапиясында  іс-әрекеттің   бірнеше  бағыты  бар:

  - өнердің   барлық  шығармашылығын   пациенттің  өзі  талдауы;

  - емделу  құралы  ретінде  өзіндік   шығармашылыққа  пациентті  ояту;

  - бірінші   және  екінші  нұсқада  арттерапияны  біруақытта  қолдану.

     Арттерапияның  негізгі  мақсаты   баланың  өзін-өзі  көрсетуі  мен  өзін-өзі  тануын  өнер  арқылы  дамыту;  конструктивті әрекеттерге қабілеттілікті  дамыту,  қоршаған   әлемнің реалдылығын есептей отырып.  Оның  негізгі принципі  баланың барлық  шығармашылық іс-әрекетінің  барлық   заттарын  сөзсіз  қабыл алу және  мақұлдау,   оның  мазмұны,  түрі  мен  сапасына  тәуелсіз.

     Қазіргі  уақытта  балалармен  және  жасөспірімдермен  жұмыс   істеу  арттерапия  фондында  бірталай  жаңа  түрлермен   толықтырылуда.  Оған  музыкалық   терапия,  библиотерапия,  билеу   терапиясы,  проективті  сурет,  әңгіме  құрастыру,  ертегі  терапия,  құыршақ  терапия.  
 

Білім  беруде  психологиялық  қызметтің  мақсаты

     Кәсібилік  деңгейі  жоғары  болған  сайын,  маман   иесі   мақсатын  анығырақ  және  саналы  ұғады,  сонымен  қатар  өзінің  іс-әрекет мағынасын.  Мақсат  жайлы сұрақ өте маңызды сұрақ деп айтқан  танымал философ және  педагог Г.Гурджиевпен  келіспеуге  болмайды.  Адам  өзіне  өзінің  мақсатын  анықтамайынша,  ол  бірдеңені  «істеуді»  бастай  да  алмайды.  Мақсатсыз  бірдеңені  «істеу»  қалай  болуы  мүмкін?  «Істеу»  ең  алдымен  мақсатты  білдіреді.

     Сондықтан  білім  беруде  жас  отандық  тәжірибелік   психологияда  оның  іс-әрекетінің  мақсатын  парасатты іздестіру   жүргізілуде.

     Балалық  шақтағы  мәселелер   бойынша  отандық  және  шетелдік  әдебиеттерді  меңгеруге  негізделе,  негізгі  мәселелерді,  қиындықтарды,  табыс  пен  табыссыздық,  сенбеушілік,  тәжірибелік  психологтердің  көңілдері  қайтуды  талдау,  бекітуге  болады,  психологиялық  қызметтің  мақсаты,  сонымен  қатар  тәжірибелік  психологтың  де  балалардың  психикалық  және  психологиялық  денсаулығы.

     Тәжірибелік  психолог  қазіргі   кездегі  білім  беруді,  кез  келген  оқу-тәрбие  бағдарламасы   және  балалар  мен  оқушылардың  психикалық  және  психологиялық  денсаулығын  сақтауға  және  нығайтуға  қажетті  шарттарды  қамтамасыз  ету  көзқарасы бойынша жүйені  бағалайды.  Осындай   жағдайда  ғана  шынымен де  ол дамып келе  жатқан  тұлға және  индивид сияқты баланың қызығушылықтарын  ұсынады және  қорғайды. 

     Әрине,  баланың  денсаулығы  көптеген  факторларға  байланысты: дұрыс  тамақтану,  күн  тәртібі,  таза  ауада  серуендеу,  қозғалыс белсенділігі,  шынықтырушы  процедуралар,  отбасыда  және  балалар  білім  беру  мекемелерінде  психологиялық  комфорт  және  т.б.  Сондықтан  балалардың   денсаулық  мәселесі  -  комплексті  және  көп  аспектілі  мәселе.  Ол  зерттеушілерді  қызықтырған  және  қызықтырады  ғылымның  және  тәжірбиенің:  медиктер,  философтар,  әлеуметтанушылар,  экологтер,  педагогтар,  психологтер,  физиологтер  және  т.б.

     Бұл  мәселені   түсінуге  және  шешуге  түрлі бағыттар  бар.  Тұтастай  алсақ,  барлығы мойындайды,  адамның денсаулығы  өмірлік күштің  толық көрінуімен  мінезделеді,  өмірлік сезімнің  қуаныштылығынан,  әлеуметтік  белсенділіктің  жан-жақтылығы мен ұзақ  өмір  сүрушілігі  және  тұлға дамуының  гармониясынан.  Бірақ сондай  денсаулыққа жету  және  оны сақтау – осы мәселе.

     Ересектер  жиі  емес  ойланады,  қандай  құндылық  үшін  болашақта   бүгінгі  бөбек,  бала,  жасөспірім,  жас бала  өмір  сүреді,  не  арқылы  табады  немесе өзінің  өмір  сүруінің  мәнін ендігі  табады.  Н.А.Бердяевтің  айтқанына құлақ салу  пайдалы,  ол  айтқан:  «өмірдің жоғарғы мақсаты экоеомикалық  және  әлеуметтік  емес,  рухани.  Халықтың  айбындылығы,  оның  адам  тарихына  қосқан  үлесі мемлекеттің  құдіреттілігі  мен  экономиканың  дамымауынан  анықталмайды, оның  рухани  мәдениетінен  анықталады».

     Сондықтан  психологиялық   қызмет  іс-әрекетінің  мақсаты   әр  баланың  рухани  дамуын,  психологиялық  денсаулық   негізінде  жатқан  оның  рухани  комфорттылығын  қамтамасыз  етуші психолого-педагогикалық  шарттарды  құру  болып  табылады.

     Сонымен,  баланың  денсаулығына  мектепте  оның  тек  танымдық  қажеттіліктерін  ғана  қанағаттандырмай,   сонымен  қатар  қарым-қатынаста  әлеуметтік  қажеттіліктер,  өзінің  адамгершілігіне  сыйлаушылықтағы психологиялық  қажеттіліктер,  оның  сезімдері  және  ұайымдары,  қызығушылығы  мен  қабілеттері  (оқу  іс-әрекетінде  ғана  емес). 

     Руханилық  өзінен  өзі  тумайды.  Психологиялық  денсаулықтағы  қамқорлық өзіне баланың ішкі  әлеміне зейінін,  оның  сезімдері мен ұайымдары,  құмарлығы мен қызығушылығы,  қабілеттері  мен  білімі,  өзіне,  құрбыларына,  қоршаған  әлемге  қатынас,  болып жатқан  отбасылық және  қоғамдық  жағдайлар,  осы өмірді  қосады. 

     Ересектерге  баланың  өзін-өзі   түсіну,  өзін-өзі  қабылдау  және    қоршаған  адамдардың  гуманистік  өзара  контекстінде                         өзін-өзі  дамыту   құралдарымен    және  мәдениеттілік,  әлеуметтік,  экономикалық, қоршаған  ортаның  экологиялық  реалдылығын  меңгеруге  көмек  көрсетуі  керек;  осы  өмірдің  әдемілігі  мен  қиындығын  көру;  қандай  да  болсын  өмірге  қуануға  үйрету;  өзіне-өзі   қожайын болу.  А.Ф.Лосевті тыңдасақ,  оның  айтуынша:  «тұлға жалғыздық  пен  қайталанбастық  болып  келеді, бұл  сана,  ойлау,  сезу  және  т.б.  ұстаушысы  ғана  емес,  сондай-ақ  субъект  болады,  өзін  өзі  өзімен  және  өзінің  қоршаған  ортасымен  сәйкестендіреді». 

     Сонымен,  білім  берудегі  психологиялық   қызметтің  негізгі  мақсаты  мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  баланың  психологиялық  денсаулығы  болып келеді.  Ол  психикалық  денсаулықты  атайды,  бұның  негізін   баланың  барлық  онтогенез  кезеңіндегі  толыққанды  психикалық  дамуы  құрайды. 

Білім  берудегі  психологиялық  қызметтің  міндеттері

     Баланың  дамуына  бағыттылық  білім  берудегі  психологиялық   қызметтің  негізгі  міндеттерін   анықтайды:  1) балалармен  жұмыс   істедегі  реализациясы  әр  жастағы   дамудың  мүмкіншіліктері,  резервтері;  2) баланың  жеке  дара  ерекшеліктерінің  дамуы  -  қызығушылығы,  қабілеттілігі,  бейімділігі,  сезімі,  қатынасы,  құмарлығы,  өмірлік  жоспар  және  т.б.;  3) баланың  дамуына  қолайлы  психологиялық  климатты  құру (бала  бақшада,  интернатта,  мектепте  және  т.б.),  бір  жағынан,  балалардың  ересектермен  және  құрбыларымен  продуктивті  қарым-қатынас  ұйымдастыруымен,  екінші  жағынан,  оған  тұлғалық  маңызды  болып  келетін  іс-әрекетте  әр  балаға  онтогенездің  барлық  кезеңдерінде  табыстылық  жағдайын  құрумен  анықталады;  4) балаларға,  сонымен  қатар  олардың  ата-аналарына,  тәрбиелеушілеріне, мұғалімдерге  өз  уақытында   психологиялық  көмек  көрсету.

     Білім  берудегі  психологиялық  қызметтің негізгі  мақсатына жетудің  ең  басты  құралы  әр  баланың толыққанды  психикалық  және  тұлғалық  дамуын  қамтамасыз  етуші психологиялық шарттарды құру  және  сақтау  болып табылады.  Бұл шарттарды бұзу  баланың өз  уақытындағы жастық  және  жеке  дара  мүмкіншіліктерінің  реализациялануына  кедергі  жасайды,  бұл  олардың  психологиялық  денсаулығының  нашарлауына  әкеледі  және  олармен  коррекциялық  немесе  арнайы  дамытушы  жұмыстардың  қажеттілігін  шақырады.

     Айтқанды  қорытындыласақ.

     Білім  берудегі  психологиялық  қызмет  -  елдег  білім  беру  жүйесінің  толыққанды  компоненттерінің  бірі.  Оның  мақсаты  мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалардың  психологиялық  десаулығы  болып  табылады;  негізгі  міндеті  -  мектепке  дейінгі  және  мектептегі  балалық  шақтың  барлық  жастық  баспалдақтарындағы  баланың  психикалық,  психофизиологиялық,  және  тұлғалық  дамуына  көмектесу;  ең  басты  құралы  -  жеке  даралықта  дамудың  мүмкін  болғанға  сәйкес  келетін  онтогенез  кезеңіндегі      кепілдікті  реализациялау  үшін,  баланың  әр  жастық  периодты  дұрыс  өтуге  қолайлы  психолого-педагогикалық  шарттарды  құру. 

Информация о работе Психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері, теориялық негіздері