Психология жайлы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 01:15, реферат

Описание работы

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Содержание

1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
1.1.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
1.2.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
2.Туристік іс-әрекет түсінігі
2.1.Туристік іс-әрекет түрлері
3.Менеджмент туралы түсінік
3.1.Менеджмент құрылымы
3.2.Менеджмент мақсаты мен міндеттері
4.Туристер мен менеджердің қарым қатынасы
4.1. Салем – сөздің атасы
4.2. Этикет ұғымы
4.3. Туристер мен менеджердің қарым-қатынасына әсер ететін жағдайлар
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 58.71 Кб (Скачать)

     Талдаумен маман-аудиторлар айналысады. Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады. 
Олардың кызметі — фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау.

 

 4. Салем  - сөздің атасы

    Амандасу —  адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету  үлгісі. Сондықтан болар, қазақ  тілінде "сәлем түзелмей әлем  түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен  татулықты, басқаға деген жылы  шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам  бірінші болып сәлем береді. Телефон  шалған адам алдымен сәлемдесіп  барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да  іннен шығады" деген қазақ халқының  даналығынан туындаған мақал  да жағымды, ізетті сөз саптаудың  адамдар арасындағы қарым-қатынасты  құрастырушы фактор екендігін  танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу  — әдептіліктің маңызды шарты.  Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін  таба білу" іскер адамға пайдалы.  Ал іскер пайда көздейтін адам  болғандықтан, пайдаға жарайтын  нәрсенің бәрін білгені жөн.  Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай,  айтқан уәдеде тұра білу, өз  бас пайдасын ойлай тұра басқалардың  құқығын тәрк етпеу сияқты  әрекеттер іскер адамға қажетті  құлық, өмірлік ұстаным болуы  тиіс. 
    Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл—оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

    Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. 
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін. 
     Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді. 
Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі. 
Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі — гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері. 
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.

Этикеттің кейбір ұстанымдары

Қазіргі нарықтық экономика  жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп  нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез  жанды айтады. Іскер де тірі жан  болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар. 
     Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады. 
Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу

      Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері  
   Әлеуметтік өмірде адамдардың іс- әрекеттерінің негізгі бір түрі- сөйлеу. Ол- күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу- адамның қарым- қатынас жасау құралы. Ал қарым- қатынас жасаудың қуатты құралы- тіл. Осыған дәлел Лассуэли моделі.

 
           Кім (хабарлайды)- коммуникатор 
            Нені (хабарлайды)- хабар 
            Қалай (хабарды жеткізеді)- канал 
            Кімге (бағытталған)- аудиторияға  
           Қандай (нәтижеге жеткізеді)- хабардың тиімділігіне байланысты.

 
   Әр адамды қызықты әңгімелесуші  ететін қарым- қатынас. Практикада  турист мен менеджер қарым- қатынасы әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек: 
- ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы 
- ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы 
- оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы 
- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек. 
      Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары:  
   Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.  
   Менеджер қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысуы қажет. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады. 
     Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы. 
  Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам. 
    Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.  
Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз. 
  Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі. 
      Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз. 
    Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай: 
  1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік. 
  2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу. 
  3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер. 
   4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік. 
   5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес. 
   6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық. 
  7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі. 
  8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі. 
   9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық. 
   10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

   11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы  жайында өзіне едәуір талап  қоюдың пайда болуы.  
   Қарым- қатынастың үш жағы бар- интерактивті, коммуникативті, перцептивті. 
Г.М.Андреева бойынша қарым- қатынас құрылымы:  
   1. Коммуникативті (адам арқылы қарым- қатынас) 
   2. Интерактивті (білім, оймен ғана ауысу емес қимыл) 
  3. Перцептивті (өзара тіл табысу үшін, қарым- қатынасқа қатысып отырған партнерлердің бірін- бірі қабылдауы) 
Қарым- қатынас жасаудың негізгі психологиялық сипаттарына жатқызамыз: 
   а) дара адамдар арасындағы қатынас және оның әлеуметтік бағыт- бағдары;  

ә) оның психологиялық дамуы  мен негізгі тірегі; 
б) қарым- қатынас жасауының белгі таңбалары және оның қимыл қозғалысы, бет құбылысының, ым- ишаралары мен көзқарасынан айқын бақылау; 
  в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінетіндігі.  
   Ал қарым- қатынас жасау әркетінің психологиялық құрылымына келсек, олар: қарым- қатынас орнатуға ықылас- ынталы болу; қарым- қатынас жасауға ұмтылып әрекеттер жасауға бағдарлану; діттеген ойын жеткізуді жүйелі жоспарлау; мақсат- мүддесін айтып жеткізуді жүзеге асыру; белгіленген ісімен бағдарларының іс жүзінде орындалуын түрліше деңгейде бақылау. 
   Менеджер мен туристтің қарым- қатынас жасауының әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық қызметі төмендегі мақсат- міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: адамдардың ұжымдық іс- әрекеттері мен олардың нәтижелі болуын ұйымдастыру, өзара қатынас орнатып байланысқа түсу, тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайға икемделу, адамдардың тобына, олардың іс- әрекеттеріне орай ыңғайлануы, өздерін топтағы адамдармен салыстыра отырып, жеке басының ерекшеліктерін аңғарып білу, топтар арасындағы қарым- қатынасты, байланыстарды нығайту сияқты әртүрлі жағдайларға төзімділік көрсетуге бейімделуге тиіс. 
     Осы заманғы психологиялық зерттеулер- әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас- тартыстар мен дау-дамайдың өрбуіне ерекше назар аударып, олардың себеп салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өміртіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындары мен мекеме ұжымдары арасындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып отыратындығына баса көңіл аударып, ондай жәйттерді жеңудің жол- жосығын, әдіс- тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде психологиялық тұрғыдан алып іздестіріп көрдік. 
     Талас- тартысты мәселелердің туындап отыруында әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардан болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп тиісті шешімін келешектен күтеді. 
       Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері       

Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.

    Әдетте тұлғааралық қарым қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне  ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.       

Сондықтан  қазіргі  психологияда  тұлғааралық  қатынас  сипатын  бағалауға  бағытталған  психодиагностикалық  құралдардың  көптеген  түрлері  бар.        

 Практикалық  психолог  тұлғааралық   қатынас  мәселесімен  жұмыс   жасағанда  түрлі  негізде   құрылған  психодиагностикалық   әдістемелер  жүйесіне  бағдарланады.  Ол  жекеленгенде  былай  жіктелуі  мүмкін:      

а)  обьект  негізінде  (топтар арасындағы  қатынас,   ішкі  топтардың процестері,  диадалық  қатынастардың диагностикасы);      

б)  зерттеу  шешетін  міндеттер  негізінде  (топтың  ұйымшылдығын,  сәйкестігін  және  т.б.  анықтау);      

в) қолданылған  әдістемелердің  құрылымдық  ерекшеліктері  негізінде (сауалнамалар,   проективті  әдістемелер,  социометрия және  т.б.);      

г)  тұлғааралық  қатынасты  диагностикалаудың  бастапқы  есептеуі  негізінде  (субьективті  қалаулар  әдістемесі,  қарым-қатынасқа  қатысушылардың  жеке  мінездемесін   анықтау  әдістемесі,  тұлғааралық  қатынастың  субьективті  бейнеленуін  зерттеу  әдістемесі  және  т.б.)    «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.

      Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.

     Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.

Адамға қатысты өмірлік  қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды  қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат  қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.

     Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.

      Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

     Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және әдепті.

     Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың ықпалымен дамып отырады.

     ТАБИҒАТ – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап, көмек көрсетеді.

Информация о работе Психология жайлы түсінік