Психология жайлы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 01:15, реферат

Описание работы

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

Содержание

1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
1.1.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
1.2.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
2.Туристік іс-әрекет түсінігі
2.1.Туристік іс-әрекет түрлері
3.Менеджмент туралы түсінік
3.1.Менеджмент құрылымы
3.2.Менеджмент мақсаты мен міндеттері
4.Туристер мен менеджердің қарым қатынасы
4.1. Салем – сөздің атасы
4.2. Этикет ұғымы
4.3. Туристер мен менеджердің қарым-қатынасына әсер ететін жағдайлар
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.docx

— 58.71 Кб (Скачать)

Мазмұны

1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым

  1.1.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы

  1.2.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi

2.Туристік іс-әрекет түсінігі

  2.1.Туристік іс-әрекет түрлері

3.Менеджмент туралы түсінік

  3.1.Менеджмент құрылымы

  3.2.Менеджмент мақсаты  мен міндеттері

4.Туристер мен менеджердің қарым қатынасы

  4.1. Салем – сөздің атасы

  4.2. Этикет ұғымы

  4.3. Туристер мен менеджердің қарым-қатынасына әсер ететін жағдайлар

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       1.Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. 
       Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. 
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта.

      Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. 
      Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. 
      Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. 
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. 
       Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: 
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. 
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. 
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. 
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. 
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. 
Қарым-қатынас стратегиясы  
        Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi. 
   1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы. 
   2-шi Монологты стратегия. 
   3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi). 
       Қарым-қатынастың түрлерi: 
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. 
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 
 
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.  
    Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. 
     Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. 
      Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: 
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру. 
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б. 
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.

 
1. хабар берушi  
2. мәлiмет 
3. арнайы ақпарат беру құралы 
4. ақпарат алушы  

   2.«Туризм» сөзінің түбірі – француз тілінің «тур», яғни «серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізімі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.

    Туризмнің ең  басты әлеуметтік мақсаты –  адам өмірін ұзарту, өмір сүруді  жақсарту.

    Туризмнің басты  әлеуметтік құнділіңі табиғатпен  және  жаңа адамдармен көңілді  қарым-қатынас, кездесулер. Себебі  адам қоғамының ең биік мұраты (идеалы) – адам қатынастарының  жағымды формаларын көбейту, сол  формаларды тиімді пайдалану  барысында ләззат алу. Жаңа  танымдар мен жаңалықтар ашу  адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.

    Туризмнің негізгі  әлеуметтік қызметтері:

1.Танымдық

2. Денсаулықтық

3. Әлеуметтік  қарым-қатынас

4. Спорттық

5.Эстетикалық

6.Эмоциялық

7.Шығармашылық

8. Қажылық

    Туристік қызмет - жеке және занды тұлғалардың  туристік қызмет көрсету жөніндегі қызмет;

    Туристік қызмет көрсету - өзінің туристік - саяхаты кезеніңде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттерін қанағаттандыру үшін берілетін қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид - аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулері);

     Туристік қызмет  негізгі екі қызметке бөлінеді:

  1. Туристік агенттік қызмет  (турагенттік қызмет) – қызметтің осы түріне лиценхиясы бар жеке және (немесе) занды тұлғалардың (бұдан әрі-турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;
  2. Туристік оперлаторлық қызмет - қызметің осы түріне лицензиясы бар занды тұлғалардың (бұдан әрі -туроператор) өздерінің туристік өнімдерін қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен турестерге өткізу жөніңдег қызмет;

    Туристік қызметтер жазбаша түрдегі келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.  

Келісім-шарттың негізгі  шарттары мыналар болып табылады:

  • туристік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтерді қосқандағы туроператор немесе турагент туралы ақпарат, орналасқан жері, атауы және банк реквизиттері;
  • туристік өнімдерді іске асыруға қажетті көлемдегі турист туралы мәлімет;
  • келген елдегі барлық тоқтаған пункттерді көрсете отырып, саяхат маршруты мен бағдарламасы туралы, туристердің қауіпсіздік шарттары туралы, туристік қызметтерге арналған сертификаттың болуы туралы ақпараттарды қоса отырып, туристік өнімдердің тұтынушылық құрамы туралы деректі ақпарат беру;
  • саяхаттың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
  • туристердің кездесу, аралау және шығарып салу тәртібі;
  • туристік азық-түліктің бағасы және оны төлеу тәртібі;
  • екі жақтың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
  • келісім-шартты өзгерту мен бұзудың шарттары;
  • туристің жүгін қажетті пунктке жеткізу туралы мәлімет, шарттары және келісім-шарттың аталмыш пунктін орындауға жатпайтын құқықтық жағдайлар;
  • екі жақтың келісімен анықталатын келісім-шарттың басқа да шарттары.

    Туроператор және турагент келісім-шартта қарастырылған міндеттемелердің өзгеруі мен келісім-шарт шарттарына қандай да бір өзгеріс жасау қажет болса, міндетті түрде туристке жазбаша түрде өзгертулер мен қажетті салдарының сипаты туралы хабарлауы тиіс.

     Туристік ұйым жолаушыны кез келген көлік түрімен тасымалдау кезінде туристке жүретін пункт пен баратын пункт атауы, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған жеке немесе топтық тасымалдау құжатын (билет) беруі тиіс.

     Егер туристік ұйым билетті, жүкті тасымалдауға қабылдауға байланысты жүк түбіртегі немесе жүкқұжатын беріп, олар дұрыс толтырылмаса немесе жоғалса, немесе басқа да себептермен көрсетуге мүмкіндік болмаса, тасымалдау келісім-шарты күшінде қалады. Өлшенуге ұсынылмаған жүкке жауапкершілік, оның сақталуы туристке міндеттеледі.

Турист құқығы:

Саяхатқа дайындық кезінде, саяхат кезінде, транзитті қосқанда, туристің төмендегідей құқықтары бар:

  • оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғушылық болған жағдайдағы консулдық, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сонымен қатар туристік өкілдікке хабарласу;
  • уақытша келген елдегі шығу ережесі туралы, уақытша келген елден шығу, қайтадан келу, жергілікті халықтың салты туралы, діни нанымдар, тамдар, табиғат ескерткіштері, тарихи, мәдени мен өзге де ерекше күзеттегі туристік көрсеткіштер, қоршаған ортаны жағдайы туралы қажетті және деректі ақпарат алуға;
  • шектеулі шаралар бойынша уақытша келген ел есебімен туристік ресурстарды еркін пайдалану, еркін қозғалуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен туроператор немесе турагенттің туристік қызмет көрсетуге байланысты келісім-шарт шарттарын орындамаған жағдайдағы шығындар мен моральдық зардаптарын қайтару;
  • жедел медициналық жәрдем алу;
  • шетелдік туристерге құқықтық және басқа да көмек түрлерін көрсету құқын алуға Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының ат салысуы;
  • туристердің қолданыстағы байланыс құралдарын кедергісіз пайдалануы.
  • туристердің өзге де құқықтары келген елдің заңнамасымен анықталады.

     Туриcтің міндеттері:

Саяхат кезінде, транзитті  қосқанда, туристің мынадай міндеттері бар:

  • уақытша келген елдің (орынның) заңын сақтау;
  • уақытша келген елдегі қоршаған ортаны сақтау, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштеріне ұқыппен қарау;
  • уақытша келген елдегі шығу және келу, сонымен қатар уақытша келген елден шығу және транзитті жол жүру елдерінің ережелерін сақтау;
  • саяхат кезінде жеке қауіпсіздігін сақтау.
  • туристердің басқа да міндеттері уақытша келген елдің заңнамасымен анықталады.

   Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.

     Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді. 
    Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді. 
     Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады. 
     Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау. 
    Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау,ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау:

   1.Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:

  • нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
  • өнімдік стратегия;
  • өндірістік стратегия;
  • фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
  • қаржылық (экономикалық) стратегия.

     Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады. 
Дамыған, қалыптасқан фирмалар кобінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады. 
  2.Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

   Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

  3.Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық ғана емес, психлогиялық аспект орын алады.

   4. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.

   Менеджмент құрылымы үш бөлімнен түрады:

  • өндірістік менеджмент;
  • қаржы менджменті;
  • нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

     Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады. 
     Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе. 
     Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.

    Менеджменттің жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілуді басқару техникасы.

    Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

Информация о работе Психология жайлы түсінік