Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 13:48, реферат
Психология – ерте заманнан бері келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің: “psyche” - жан, “logos”- сөз, ұғым, ой деген сөздерінен шыққан. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны жан құбылытарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл-ой ұызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кез
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Рационалистік психология
1) Рене Декарт
2) Бенедикт Спиноза
3) Готфрид Лейбниц
II. Эмпириялық психология
1) Френсис Бэкон
2) Томас Гоббс
3) Джон Локк
4) Джордж Беркли
5) Давид Юм
6) Иммануил Кант
7) Вильгельм Фридрих Гегель
8) Людвиг Фейербах
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Таным
процесінде логика мен диалектикаға
ерекше назар аудара отырып, пайым
мен зерденің өзара байланысын тереңнен
зерттеген Гегель өзінің алғашқы
еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында»
зерделі ойдың негізін
Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Фейербах
классикалық неміс
Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.
Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз.
Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы
жағдайы,
зерде формаларының заңдары. Шын
мәнісіндегі ойлау уақыт пен
кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.
Қорытынды
Қорыта айтқанды Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII
ғасыр ғылыми революция —
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.
Жаңа
заманда еуропалықтардың күш-
Жоғарыда
атап өткеніміздей, бұл дөуірде әлем техникаландырыла
бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды
болмаған қарқынға ие болды, капитал күшіне
енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан
өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын
өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз
ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда
қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса
да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен
толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық
өркениеттің алға басуы дүние жүзінің
басқа да халықтарын, соның ішінде көне
мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды
(Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық
тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек
еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті
елдерге айналуына тікелей әсер еткен
бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез
арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы
географиялық ашулар заманын» басынан
кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді
экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ,
өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен,
халықтардың рухани байлығын игеруді
қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық
мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды.
Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін
мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын,
ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете
білуіміз қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер
3. Т.Тәжібаев «Жалпы психология» 1993, Алматы
4. М.Г.Ярошевский «История психологии»