Психология тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 13:48, реферат

Описание работы

Психология – ерте заманнан бері келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің: “psyche” - жан, “logos”- сөз, ұғым, ой деген сөздерінен шыққан. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны жан құбылытарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл-ой ұызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кез

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Рационалистік психология
1) Рене Декарт
2) Бенедикт Спиноза
3) Готфрид Лейбниц
II. Эмпириялық психология
1) Френсис Бэкон
2) Томас Гоббс
3) Джон Локк
4) Джордж Беркли
5) Давид Юм
6) Иммануил Кант
7) Вильгельм Фридрих Гегель
8) Людвиг Фейербах

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Психология тарихы.doc

— 112.50 Кб (Скачать)

     Жоспар 
 

     Кіріспе

     Негізгі бөлім

           I. Рационалистік психология

                     1) Рене Декарт

                     2) Бенедикт Спиноза

                     3) Готфрид Лейбниц

           II. Эмпириялық  психология

                      1) Френсис Бэкон

                      2) Томас  Гоббс

                      3)  Джон Локк

                      4) Джордж Беркли

                      5) Давид Юм

                      6) Иммануил Кант

                      7) Вильгельм Фридрих Гегель

                      8) Людвиг Фейербах

                         

     Қорытынды 

     Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Психология  – ерте заманнан бері келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым  мың жылдай болды. «Психология» термині гректің: “psyche” - жан, “logos”- сөз, ұғым, ой деген сөздерінен шыққан. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны жан құбылытарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл-ой ұызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әр түрлі ұғым болған. Мысалы, ерте замандағы адамадар өздерінің дене мүшелерін, оларда болатын физиологиялық құбылытарды (жүрек қызметі, қан айналысы, дем алу және т.с.с.) жан деп түсінген. Себебі олар кейбір дене мүшелерінсіз күн көріп, тіршілік ете алмайтынын білген. Мәселен, аяғы жоқ адамның тіршілік етуі қиын, баратын жеріне бара алма й, жауларын көргенде қашып құтыла алмайды. Ал егер қол болмаса, тамақ тауып жей алмай, қару алып, й    жыртқыш аңдарға қарсы тура алмайтын еді.  Аш адамда жағымсыз сезімдер пайда болып, көңіл күйі болмай,жөңді қызмет істей алмайды,ал тамағы тоқ адамның көңілі көтеріңкі болып,жағымды сезімдер туады,осыған орай,олар кейде құрсақты да жан өрісі деп санаған. Адам тірі кезінде жүрегі соғып, қаны жүріп, дем алып тұрса, өлген соң бұл әрекет тоқтайтындықтан,адамдар жүректің соғуын да, қанның жүрісін де жан деп білген.Сөйтіп,қорыта айтқанда, жан туралы жұрт арасындағы ең алғашқы ұғым тұрпайы материалистік сипатта болған.

     Философия тарихында жан туралы мәселе талай  өзгеріске түсті. Матреиализмнің ең алғашқы түрі Грекияның сол кездегі  отары Ионияда, біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың аяғында – VI ғасырдың басында пайда болды. Мұндай көзқарас ұсақ өнерлі кәсіптің, сауданың, ғылымның өсіп дамуымен байланысты еді. Ғалымдар дүние, табиғат жайлы мәселелермен шұғылданып, ерекше зейін қойып, арнайы материалистік, диалектикалық көзқарасты дамытты. Дүние неден және қайдан пайда болды деген ой грек философиясының негізгі проблемасы болды. Милет қаласының ғалымдары  Фалес,  Анаксимен, сондай-ақ Гераклит дүниенің заттық негізі бар екенін айтты.

     XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат  баласының өзін қоршаған дүниені  танып-білуге деген құлшынысының  жемісі болды. Ғылымның қарышты  қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды.  
 
 
 
 

     Рационалистік психология 

     Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды  ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімім ен де санасып отырды.

     Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) XVII  ғасырдағы рационалистік психологияның негізін салушы (лат. “rationalis” – ақылды деген мағынаны білдіреді).

     Рационалистік  психология – дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы - ақыл-ой деп есептеді. Декарт дуалист (лат. Dualismus),  яғни дүниенің қос негізі бар деп уағыздаушы ғалым. Декарттың айтуынша, дүниенің қос негізі бар: ол – материя мен ойлаушы жан. Материя кеңістіктен орын алады, оның өлшемң, белгілі салмағы болады. Ал жан – рухани нәрсе, кеңістіктен орын алмайды, өлшенбейді, салмағы болмайды. Материя мен жан бір – біріне қарама-қарсы, бірімен – бірі еш байланыспайды, екеуі қатар жүрмейді, бірі барында екіншісі болмайды, әрқайсысы үз алдына жеке үмір сүреді.

      Декарттың дүниеге, жаратылысқа, ондағы сан алуан  құбылыстарға көзқарасы - материалистік көзқарас. Ол жанды рухты жаратылыстану ғылымдарымен түсіндіруге тырысты. Декарт сондай-ақ физика ғылымын материалистік жолмен танып, алға басуына да көп еңбек сіңірді. Бірақ оның материализмі шолақ, аяқталмаған материализм болды, жан, рух мәселелерін түсіндіруге келгенде ол идеализмге бой ұрды. Декарт метофизикалық психологияның шеңберінен шыға алмады. Өзі де схоластикалық қателерге ұрынды. Әйтседе ол адамның психологиялық әдеттерін, сана құбылыстарын зерттеудің керектігіне ерекше көңіл бөліп, бұл жөнінде өзінен кейінгілерге жол салып кетті. Оның психология ғылымына сіңірген еңбегі - жануар психикасының рефлекстік сипатта болатындығы, оның тәнмен байланысты жақтарын көрсеткені болдды. Бірақ адамның жан дүниесі пайда болады дейтін қате пікірді уағыздады. Ол Аристотельден «жан – өмірдің принципі» деген қағидасының орнына «жан – сананың принципң» деген ұғымды алға тартты.

     Жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды.

     Голландық материалист-философ Бенедикт Спинозаның (1632-1677) «Діни-саяси трактат», «Этика», «Саяси трактат» деген еңбектері бар. Мемлекет пен құқық жайлы мәселені табиғаттың құрамдас бөлігі деп қарастырады. Табиғаттың ең жоғарғы заңы – өзін-өзі сақтауға ұмтылу заңы. Адамдар – «табиғаттың бөлшегі». Адамның күші мен қуаты оның құқығын айқындайды. Сондықтан Спиноза адамның жаратылыс құқығы¬ның негізі ақылынан, ойынан деушілермен келіспейді. Құқық адамның талпынысынан, ұмтылысынан дейді. Көзқарасы жағынан монархияға қарсы, республикалық басқаруды жақтай¬ды. Құдай мен табиғатты біртұтас субстанция деп Спиноза диалектиканың өздігінен дамуы принципін пантеистік-материа¬листік тұрғыда негіздеген. Адам жөніндегі ілімінде осы қағида¬ларға сүйеніп, адамның өте күрделі психикалық өмірін ақылға, құштарлық пен ынтызарлыққа, аффектіге балады. Атеизм мен ғылыми ойдың дамуында Спинозаның ықпалы зор.

     Шындығында  да, жаңа заманның философы, әрі математигі Готфрид Лейбниц (1646-1716 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.

     Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі  ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға  қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік  көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді. 
 
 
 

     Эмпириялық  психология 

      Капитализмнің пайда болып дами бастауы әсіресе  жартылыстану ғылымдарының өрістеп, алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысп, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады.Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетаным, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан – күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан–алысқа, деректіден дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылсытану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті.

      Жаңадан бас көтеріп экономикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін адамдардың ақиқаттық нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді қажет етті. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпириялық (тәжірибелік) психологиянығ аренаға шығып, дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмпириялық философиясына негізделді.

     Ағылшын ғалымы Френсис Бэкон  (1561-1626) «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.

     Ол  табиғатты байлықтың көзі деп  қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді.

      Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схоластикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон әдейлеп психлолгия ғылымымен шұғылданбаса да, эмпириялық психологияның негізін салды, бірақ оны толық дамыта алмады.

     Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен  қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің  орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша  дамып, өркендеуіне жол ашқан  Англия елінің Томас Гоббс (1588-1679) сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.

     Эмпириялық  философияның принциптерін, психология ғылымын ағылшынның тағы бір ғалымы – Джон Локк (1632-1704) таратып, әрі қарай дамыта бастайды. Психолдогияда метафизикалық, схоластикалық құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақты білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Жанның мазмұндарының орнына санаың ақиқаттық сипаттары зерттеле бастады. Бұрынғы жан туралы ғылыми есебінде көрінген психологияның орнына сана өқбылыстарын зерттейтін психология бой көтерді. Сөйтіп, XVIII ғасырдан бастап сананы зерттейтін «жансыз психология» ғылымы сахнаға шықты.

Информация о работе Психология тарихы