Психология тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 13:48, реферат

Описание работы

Психология – ерте заманнан бері келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің: “psyche” - жан, “logos”- сөз, ұғым, ой деген сөздерінен шыққан. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны жан құбылытарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл-ой ұызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кез

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Рационалистік психология
1) Рене Декарт
2) Бенедикт Спиноза
3) Готфрид Лейбниц
II. Эмпириялық психология
1) Френсис Бэкон
2) Томас Гоббс
3) Джон Локк
4) Джордж Беркли
5) Давид Юм
6) Иммануил Кант
7) Вильгельм Фридрих Гегель
8) Людвиг Фейербах

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Психология тарихы.doc

— 112.50 Кб (Скачать)

     Джон  Локк эмпириялық психологияның, философияның теориялық негіздерін белгілерін  белгіледі. Ол  өзінің философия  – психологиялық тұжырымдамасында сенсуалистік (сезімдік) көзқарасты дамытады. Бұл көзқарас бойынша жан нәсіл арқылы берілмейді. Адам туғанда оның жаны– табула расса (таза тақта) есебінде болады. Елестеулер сыртқы дүниеден келіп бірте–бірте снаны толтырады; елестеулердің бұлағы (негізі) – түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады.

     Локк  «негізгі принципке білімдердің  және идеялардың сезімді дүниеден пайда  болуына» (Маркс пен Энгельс  шығармалары.3–том, 158 бет) толық түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуге – материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде идеалист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден  еш бір мағлұмат ала алмаймыз.

     Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың  елестеулері туралы білім. Ақиқаттың, сыртқы дүниенің біздің санамызға сәуле  түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір–бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» – материализмге, «ішкі тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады.

     Европа  философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы  Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.

     Эмпириялық  психологияның белгілі ірі ғалымдарының бірі – ағылшын философы және психологі  Давид Юм (1771–1776) ассоциациалық эмпириялық психологияның негізін салды. Кейіннен психологияның бұл ағымын Милл, Спенсер және т.б. әрі қарай дамытты.

     Юм  адамның өте күрделі диалектикалық  жолмен дамитын санасын мханистік  жай элементтерге, түйсіктерге және олардың көшірмесін елестетулерге бөлді. Оның ұғымынша, адамның күрделі психикалық әрекеттері, қылығы  осы элементтердің жай қосындысынан ғана, елестеулердің бір–бірімен жай байланысуынан (ассоциациясынан) ғана құралады.

     «Объективті дүние бар ма, жоқ па деген мәселені шешіп болмайды, дүниедегі заттардың қандай екенін білу түгіл олардың барын да, жоғын да білмейміз» деген пікірді айтып, Юм дүниені танып болмайды деген агностицизм жолына түседі. Юмның айтуынша, дүниедегі себептік байланыстар жаратылыстын заңы емес, оған жаратылыста да, адамның елестетулерінде де негіз жоқ, дүниедегі құбылыстардың бірінен кейін бірі болуын байқаудан туатын субъективтік әдет. Адамның санасында тек қана психикалық әрекеттердің ағымы бар, ғылымнығ мақсаты жаратылыстың заңдарын ашу емес, тек қана жаратылыстың құбылыстарын және сананың психикалық әрекеттерін сипаттау. Адамның тұрмысы, тәжірибесі Юмның агностицизмінің және субъективтік көзқарастарының қате екенін көрсетеді. Адам баласы жаратылысқа әсер етіп және оны өздігінше өзгертіп, дүниенің адамға тәуелсіз, дербес, объективтік түрде өзгеретіндігін және оны адамның тани алатындығын байқатты.

     Юмның замандастары және отандастары Гартли мен Пристли сияқты оқымыстылар эмпириялық ассоциативтік психологияның материалистік ағымын дамытты. Бұлардың пікірінше, ассоциациялық байланыстар, Юм айтқандай, елестетуде емес, мидың өзінде болады; әсер етуші қоздырғыштар мидың түрлі салаларың қоздырып, бір–бірімен байланысып отырады, кейіннен мидың бір саласы қозса еріксізден – еріксіз ассоциация арқылы мидың басқа салалары да қозады.

     Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, жедел алға басқан табиғат  ғылымдары психология ғылымына зор  әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымын да жене бастады. Психология бара– бара өзінің зерттеулерінде дәл аппараттарды пайдаланатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. XIX ғасырдың аяғында тәжірибелік психологияны дамытуда көп еңбек сіңірген белгілі психологтар: Германияда – Вундт, Эббингауз, Францияда– Рибо, Англияда– Спенсер, Бен, Америкада– Джемс, Титченер, Ресейде– Челпанов, Ланге және т.б. болды.

     Эмпириалық  психологияның өзінде–ақ кейбір психологтар, әсіресе Вундт пен  Джемс ассоциативтік психологияның  өте өрескел жетімсіздіктері  мен қателеріне қарсы шыға бастады. Вундт – заттарды қабылдау –  түйсіктері мен елестеу – тездің жай ғана қосындысы, шумағы емес екендігін, прецепция мен апперцепцияны өндіріп отыратын өте күрделоі психикалық процесс (түйсіктердің синтезі) екендігін айтты. Джемс сана әрекеттерінің сыртқы ақиқаттық дүниеден айрықша өзгешеліктеріне көбірек көңіл бөлді; психикалық әрекеттердің өне бойы өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа ауысып, толқып отыратын «сана ағымы» екендігін айтты. Олар ассоциативтік психологияға ашық қарсы турғанмен, оның қателерін түгел көрсете алмады.

     Эмпириялық  психологияның мынадай қателері болды:

     1) психология ғылымын «жан құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмпириялық психология идеалистік психология болды;

     2) «психика сыртқы дүниенің әсерінсіз өзінен–өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды» деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін–өзі байұау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін зерттеп білуіне болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психолгияның  бұл ағымы «эмпириялық психология» деп аталғанмен, эмпирияны (тәжірибені) объективті түрде қарамай, әр адамның жеке өзін–өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді;

     3) психикалық әрекеттерге механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек бір–бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде; сезімдердің жинағы, сезімдердің бір түрі ретінде қаралған;

     4) адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруын, адам баласының  пайда болып, өсіп–дамып отыруын зерттемеді. Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактілі, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданады;

     5) психологиялық теорияға негізделуі. Рухани әрекеттер мен физикалық (физиологиялық) әрекеттердің әрқайсысы өз алдына болғанымен, араларында байланыс бар, бір–біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды.

     Эмпириялық  психологияның қателерімен бірге, олардың алға басқан жақтары да болды. Бұлар психология ғылымынғ дамып, ілгерілуіне себептерін тигізді. Құрғақ оймен шұғылданып, дәлелсіз құрғақ қорытындылар шығарған ескі схоластикалық метафизика психологиясына қарсы тәжірибелік әдістерді қолданып, психологияны тұрмысқа жақындатуға, тәжірибелік ғылымға айналдыруға ұмтылды. Психология ғылымының мағлұматтары тәрбие жұмысында, медицинада, өнер саласында, әдебиетте, өндіріс орындарында, түрлі еңбек салаларында және тағы басқа жерлерде мейлінше мол қолданыла бастады.

     Эмпириялық  психология капитализмнің дамуымен бірге пайда болып, оның негіздерінің шіріп, өмір сүруінің ақырына таялуымен бірге бәсеңдеп, төмен түсе бастады.    

     Жаңа  заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен  зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы –

Иммануил Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады. Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды.

     И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың  эмпиризм мен рационализм саласындағы  сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете  отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді.

Кант  жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан  шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл  адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.

     Кант  осылайша белгілеген адамның таным  қабілетінің үш түрі философия тарихында  ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

     Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық  негізде дамытқан классикалық неміс  философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХVII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.

     Гегель  негізінен өзіне дейінгі философияны  тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан  деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.

     Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.

Информация о работе Психология тарихы