Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 07:11, автореферат

Описание работы

Өкінішке орай, бүгінгі күні білім беру саласында тұлғаға бағытталған жүйені енгізу әрекеттері жасалып жатқанымен, мектептерде бұл міндеттің орындалмай отырғаны алаңдатады. Білім берудің тұлғаға бағытталған жүйесін қалыптастыру білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасына психологиялық білімдерді кеңінен енгізу жағдайында ғана мүмкін болады. Осыған байланысты индивидтің ішкі және әлеуметтік белсенділігінің қайнар көздері мен заңдылықтарын анықтайтын жасөспірім тұлғасы дамуының интегралды компоненті ретінде өзін-өзі тану мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерін әрі қарай тереңінен өңдеу қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде, алдағы уақытта біздің қоғамның өмірі мен дамуын анықтайтын жасөспірім тұлғасының өзін-өзі тануын зерттеу мәселесі ерекше өзекті.

Работа содержит 1 файл

kojahmetova.doc

— 155.50 Кб (Скачать)

Психологияда алғашқылардың  бірі болып өзін-өзі танудың сфераларын американ психологы У.Джемс белгіледі. Адам санасындағы таным элементтері  ретінде ол физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны, рухани тұлғаны бөледі.

Физикалық тұлға –  бұл адамның тәні және адамға қатысты барлық нәрселер: киімі, отбасы, жағдайы, өзінің еңбек өнімдері.       

 Әлеуметтік тұлға  - бұл өзге адамдар тарапынан  біздің тұлғамыздың мойындалуы. У.Джемстің айтуынша, адамды қанша   индивид тұлға деп мойындаса  және ол туралы пікірлері болса, онда сол адамда сонша әлеуметтік тұлға болады. Рухани тұлға бұл сананың жеке күйлерінің, нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттерінің бірлігі. Тұлғаның аталған үш типі иерархиалы түрде ұйымдасқан. Ең жоғарғы деңгейінен рухани тұлға орын алады , төменгісінде - физикалық. Әлеуметтік тұлғалар аралық орын алады.

Демек, У.Джемс бойынша  өзін - өзі тану физикалық, әлеуметтік және рухани деңгейлерде жүзеге аса алады. Кеңестік психологияда ғалымдардың басым бөлігі адамдардың биоәлеуметтік табиғаты туралы қағиданы ұстанады. Осыған сәйкес оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері ажыратылады. Сондықтан ғылымда ұзақ жылдар бойына адамның екі түрлі деңгейде ұйымдасуы туралы түсінік жетекші болды, яғни индивид және тұлға ХХ ғ-ң 80 жылдарынан бастап қана аралық айнымалы – әлеуметтік индивид ұғымы енгізіледі.

Студенттік шақтың өмірлік  көзқарастың қалыптасуы үшін өте  маңызды, осы уақыттқа дейінгі адами  алғы шарттары жетіледі. Болашаққа  деген өз әрекетінің бағдарламасын  құруда болашақ мамандықты таңдау және т.б. кіреді. өзінің болашағы туралы “мен”—идеалды, “мен” – болашақта образдарының дамуы туралы объективті ұсыныстарының құрылу процесін зерттеу жоспарда әлеуметтік және медициналық нормалардан ауытқуларына ие еместігі әртүрлі адамдарда бұл процесстер болатындығын және оптималды индивидуалды типтік варианттарының ажыратылуының мүмкін екендігі айтылады.

Студенттік шақ - өмірлік, болашақ көзқарасының құрылуының шешуші кезеңі. Сондықтан да, дәл осы уақытта эмоционалды жеке адамдық алғышарттары жетіледі, өмірлік көзқарасты іздестіруі жастардың өзіне бағдарлауды, өзінің жекелігін сезінуді, әлеуметтік жалпылықтың элементті, өзінің болашақ әлеуметтік жағдайының талдануы және оған жету тәсілдерін таңдауы кіреді.

Осы ізденіс барысында  студенттер жеке өзінің бар екенін және адамзаттың даму перспективасының мағынасын жаңғыртады. Студенттік шақтағы жастардың сипаттамасы - өмірлік болашақтың жоспары. Болашақтың жоспары бір жағынан жеке адамның өзінің алдына қойған мақсаттарының жалпылық нәтижесінде, жекелікке ұмтылатын құндылық бағдарланудың тұрақты ядросының құрылуын қарастырады. Екінші жағынан, мақсат пен мотивтердің нақтылануы.

Студенттік  кезеңді құрайтын 4-5 жылдың ішінде жеке адамда күрделі өзгерістер болады. Жеке адам дамуының бас кезінде адамның  физикалық тұрғыда жетілуі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық белсенділігі мен интеллектуалдылық және моральдық көрсеткіштерінің де жан-жақты дамуымен сипатталынады.

Студент тұлғасының қалыптасуына, өз ортасы, оқу орны, оқытушылар мен ата-аналар қарым-қатынасынан  туындайтын ішкі және сыртқы жағдайларда үлкен әсерін тигізеді. Студенттің танымдық сферасының кеңейіп, жеке адамдық концепциясының, яғни, кемелденуінің басталуы да – осы кезеңдегі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады.

Студенттік  жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-25 ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатырында бастапқы буын болып табылады.

         Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік кәсіби категория ХІ-ХІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихы құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады.

          Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше студенттердің мамандық жайлы елестетулер деңгейі оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі. Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық  және мотивациясының жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса  жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретінде  қатынастарының неігізінде жатыр.

 

 

Студент  тұлғасының  бағыттылығы


 

қажеттіліктер


 

             материалдық                                                           рухани               

                                                                       елігу, талпыныс, эмоционалды   күй

(тамақ, киім, тұрғын                               (таным,музыка,кітап жәнет.б)

үй  және т.б)


                                                 Оқушы   белсенділігі

 

Сурет 1 - Студент  тұлғасының  бағыттылығы

 

       Тұлғаның  потенциалды  мүмкіндіктерін  оңтайландырудың  басты  жағдайы – белсенділік  белгілі  бір  әс-әрекет  түріне бағыттылық.

       Оқу  әс-әрекетінің  мотивтерін  төмендегідей  анықтауға  болады:

М – білім  алуға бағыттылық;

М2 – мамандық  алуға  бағыттылық;

М3 – диплом  алуға бағыттылық.

Ерлер  арасында  мамандық  алуға, ал  әйелдер  арасында – диплом  алуға бағыттылық  жоғары. 

       Студенттердің психологиялық  мүмкіндіктері (16-20 жас  аралығы):

  • ақыл-ойының, адами  қарым-қатынасының жетілуі;
  • көзі  ашық, дүниетанымы қалыптасқан;
  • жаңаны  сезіну – батылдық,шешімділік;
  • дербестілік,тік  мінезділік;
  • сыншылдық, өз-өзіне  сын көзбен қарау;
  • таным  мен  интеллектуалды мүмкіндіктердің  шыңырау  шегі;
  • мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдық; 
  • жауапты  шешімдерді  қабылдау: мамандықты  таңдау  және  меңгеру;
  • өмір  сүру  стилі  мен  орнын  таңдау;
  • өмірлік  жарын  таңдау, өз  жанұясын  құру, сексуалды  белсенділік;
  • сәйкестік  кризисі: әлеуметтік  және  индивидуалды  тұлғалық  таңдаулар  мен  өзіндік анықтаудың пайда  болуы;
  • профессионалды  ойлау мен профессионалды  компетенттіліктің  қалыптасуының ең  тиімді  кезеңі;
  • мінез-құлық, интеллект, бағалы  бағдарлардың  қалыптасуының  ортаңғы  кезеңі.

 Қорыта айта  кететін болсақ,  студентттердің  өмірлік жоспарының жүзеге асуы үшін олар жақсы, білікті маман болып шығуы керек. Жоғарғы оқу орны студенттерінің өмірлік жоспары-бұл әрекеттің жоспары, жоспардың психологиялық проблемаларына арналған зерттеулер адамның онтогенетикалық дамуының осы жас ерекшеліктік этапында қаралған. Ол үшін ең алдымен жоғарғы оқу орнындағы оқытушылар да өз ісінің шебері және студентттердің индивидуалды психологиялық ерешеліктерін білуі керек

          Тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан студент белсенді өз әс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субьектісі ретінде қарастырылады. Оған танымды және коммуникативті белсенділіктің нақты, кәсіби бағдарланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық контекстік болып табылады. Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуымен ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құруымен байланысты болуы.

     Студенттер де жасөспірімдер секілді өзінің қандай екенін, қаншалықты құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар:

  1. Олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды.
  2. Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін  жақтарын білу. Мұндай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін.

 Әрбір адамда «Мен»  деген біреу болғанымен, осылардың  тиісті жағдайларға байланысты  неше түрлері кездеседі: 1. «Мен  шынында кіммін?» (шындықты көздейтін  мен); 2. «Мен»-өзімді өзгелер қалай  бағаласын деп ойлар едім? (эмпатикалық  мен); 3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық мен); 4. «Мен» келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен).

  Сонымен, өзіндік  бағалауда студенттер  өзіне сындарлы  көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін  өмір талабына сәйкес бағдарлай  білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін дамытады.

 Осы шақта практикалық  және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, тұлға  ретінде  ұғынуы және  бағалауы  яғни, өзіндік сана- сезімі қалыптасады.

  Студенттердің   ақыл-ойына келсек, мұның өзі жасөспірімдік  кезеңге қарағанда сапа жағынан  да, көлем жағынан да біршама  қалыптасып қалған. Қалыптасуда  мынадай екі тетік бар: біріншіден, бұлар өзі қоршаған әлеумет  ортасынан соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, әр нәрсенің себебіне және одан шығатын нәтиженің мәнісіне түсініп, әр нәрсенің дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды.; екіншіден, егер бұл кезеңде ересек уақытының көбін мұң, фантазия сияқты нәтижесіз объектілерге жіберетін болса, енді сол фантазиядан нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің бірі .

Біз жүргізген эксперименттік жұмыстың мақсаты психологияда студенттердің өзін-өзі тануына байланысты теориялар мен концепцияларды теория жүзінде зерттеп қана қоймай, студенттік кезеңдегі өзін-өзі танудың құрылымын зерттеу және түрлі факторлардың әсеріне байланысты оның спецификалық ерекшеліктерін анықтау.

Эксперименттің  бірінші кезеңі. Сыналушы топтарға ең бірінші жүргізілген әдіс Н.Р.Битянованың «Қарама-қарсы профилдер» әдістемесі.

Нәтижелерді өңдеу. 1-3 төмен, 4-7 орташа, 8-10 жоғарғы көрсеткіштерді білдіреді. Қарама-қарсы тұлғалық қасиеттер сол жақтан бастап оң жаққа қарай яғни жағымды қасиеттерге қарай осылайша бағаланады. 

 

 

 

Қарама-қарсы  профилдер әдістемесі бойынша алынған  сандық

көрсеткіштер

 

Деңгейі

Сыналушылар топтары

 

Эксперименталды топ 

(қыздар)

Бақылау тобы

(жігіттер)

жоғары

22

11

орташа

10

12

төмен

6

10

төмен

6

10


 

Эксперименттің  екінші кезеңі. Екінші жүргізілген әдістеме С.А.Будассидің әдістемесінің модификацияланған нұсқасы, тұлғаның 20 қасиетін ранжирлеуге негізделген өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі.

 

Өзін-өзі бағалау әдістемесі бойынша алынған сандық

көрсеткіштер

 

Өзін-өзі бағалау деңгейі

Сыналушылар топтары

 

Эксперименталды топ 

       (қыздар)

Бақылау тобы

    (жігіттер)

адекватты емес жоғары

 

10

 

6

жоғары

8

10

орташадан жоғары

 

7

 

4

орташа

6

2

орташадан төмен

 

1

 

0

төмен

1

8

адекватты емес төмен

 

1

 

1


 

Эксперимент жұмысының  үшінші кезеңі. Эксперименттің 3-кезеңінде сыналушы топтарға «Талаптану деңгейі» әдістемесі жүргізілді.

Қорыта келгенде, зерттеу  жұмысымыздың нәтижесінде анықталғандай, «Қарама-қарсы профилдер» әдістемесі бойынша «Болашақ» университетінің студенттері 16 шкала бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттеріне қарағанда жоғарғы көрсеткішті көрсетті. «Болашақ» университетінің студенттері өзін-өзі ашық, ар-намысты, интелектуалды дамыған, іскер, албырт ретінде қабылдайды. Ал Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттері «Болашақ» университетінің студенттері қарағанда тек турашылдық шкаласы бойынша жоғарғы көрсеткішті көрсетті.

Информация о работе Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны