Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 07:11, автореферат

Описание работы

Өкінішке орай, бүгінгі күні білім беру саласында тұлғаға бағытталған жүйені енгізу әрекеттері жасалып жатқанымен, мектептерде бұл міндеттің орындалмай отырғаны алаңдатады. Білім берудің тұлғаға бағытталған жүйесін қалыптастыру білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасына психологиялық білімдерді кеңінен енгізу жағдайында ғана мүмкін болады. Осыған байланысты индивидтің ішкі және әлеуметтік белсенділігінің қайнар көздері мен заңдылықтарын анықтайтын жасөспірім тұлғасы дамуының интегралды компоненті ретінде өзін-өзі тану мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерін әрі қарай тереңінен өңдеу қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде, алдағы уақытта біздің қоғамның өмірі мен дамуын анықтайтын жасөспірім тұлғасының өзін-өзі тануын зерттеу мәселесі ерекше өзекті.

Работа содержит 1 файл

kojahmetova.doc

— 155.50 Кб (Скачать)

ӘОЖ  37.15.324:37.01533                                 Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

Кожахметова Лаззат Балтабаевна

 

 

 

 

СТУДЕНТТІК  КЕЗЕҢДЕГІ  ӨЗІНДІК  ТАНЫМҒА  ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА ӘСЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Мамандығы 6М010300 – Педагогика және психология

 

 

Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

Р Е Ф Е  Р А Т Ы

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                    педагогика  ғылымдарының кандидаты,

                                                     доцент Ұ.Б.Ағыбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012 ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасында орындалған.

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:    педагогика ғылымдарының

                                                                       кандидаты, доцент

                                                                       У.Б.Ағыбаева

 

 

 

 

Ресми оппонент:                                          педагогика ғылымдарының

                                                                     кандидаты, доцент                                       Г.Т.Жақсылықова                                                                    

 

 

 

 

 

 

Қорғау өткізілді:

 

Диссертация 2012 жылдың «___» маусымында сағат _____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36-А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық факультеті, №____дәрісхана) қорғалады.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы:                               Д.А.Арқабаева

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе

 

           ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің басты өлшемі - білім мен білік алған кез-келген азамат әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»,- деп атап көрсетті. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күнгі жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру, әсіресе студенттердің өзіндік танымы мен шығармашылық ойын қалыптастырып одан әрі дамытумен қатар,  олардың өздігінен білім алуын, ізденуін, қорытынды жасауын және талдай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңдағы мектептің әлеуметтік институт ретіндегі қызметі қазіргі заманғы қоғамның талаптарына жауап беретін оқушы тұлғасының дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Бүгінгі күні құндылықтардың жаңа жүйесіне бағытталған қоғамның құрылуы, әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуі жағдайында білім берудің негізгі мақсаттарының бірі өзін-өзі жан-жақты дамытуға қабілетті, шығармашылық потенциалы жоғары жасөспірім тұлғасын қалыптастырудан тұрады. Өзін-өзі дамыту индивидтің өз тіршілік әрекетін тәжірибе жүзінде өзгертуге қабілеттілігін түсіндіреді.

Өкінішке орай, бүгінгі  күні білім беру саласында тұлғаға  бағытталған жүйені енгізу әрекеттері жасалып жатқанымен, мектептерде  бұл  міндеттің орындалмай отырғаны алаңдатады. Білім берудің тұлғаға бағытталған жүйесін қалыптастыру білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасына психологиялық білімдерді кеңінен енгізу жағдайында ғана мүмкін болады. Осыған байланысты индивидтің ішкі және әлеуметтік белсенділігінің қайнар көздері мен заңдылықтарын анықтайтын жасөспірім тұлғасы дамуының интегралды компоненті ретінде өзін-өзі тану мәселесінің теориялық және қолданбалы аспектілерін әрі қарай тереңінен өңдеу қажеттілігі туып отыр. Соның ішінде, алдағы уақытта біздің қоғамның өмірі мен дамуын анықтайтын жасөспірім тұлғасының өзін-өзі тануын зерттеу мәселесі ерекше өзекті.

Өзін-өзі тану мәселелері психология ғылымында кеңінен өңделген. Өзін-өзі танудың теориялық және методологиялық аспектілері Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Н.Леонтьевтің, Б.Г.Ананьевтің, И.С.Конның, Д.В.Ольшанскийдің, А.Г.Спиркиннің, Г.Я.Розеннің, И.И.Чеснокованың, В.В.Столиннің еңбектерінде қарастырылады. Шетел психологиясында өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның психоаналитикалық, гуманистік, когнитивті, интеракционистік теорияларында көтеріледі.

Теориялық және эксперименталды  жұмыстардың маңызды бөлігі жасөспірімдік  кезеңде тұлғаның өзін-өзі тану ерекшеліктеріне (А.А.Бодалев, В.Ф.Сафин, Е.А.Серебрякова, А.Г.Гусева, Р.А.Максимова, В.С.Магун, Н.И.Лысенко, Е.Н.Ведерникова) бағытталған.

Біздің көзқарасымыз бойынша, өзін-өзі тану процесіне  біраз жұмыстар арналғанымен, өзін-өзі  танудың даму процесі теориялық  және практикалық тұрғыдан толық  зерттелмеген. Өзін-өзі танудың жасөспірімдік кезеңдегі ерекшеліктеріне байланысты мақсатқа бағытталған және жүйеленген жұмыстар анық жеткіліксіз. Өзін-өзі танудың құрылымы, даму факторлары мен механизмдері, деңгейлері аз зерттелген. Осыған байланысты жасөспірімдік кезеңде өзін-өзі танудың құрылымын анықтау ерекше мәнге ие болады. Және осы процесті қажетті деңгейде ұйымдастырылған және басқарылатын етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде елімізде және әлемде болып жатқан әлеуметтік  көптеген өзгерістер студенттердің  өзіндік таным белсенділігіне әсерін тигізбей қоймайтындығы белгілі. Сондықтан да студенттердің өзіндік ерекшелігіне сай олармен жүйелі, өзіндік танымға әсері мен олардың белсенділігін дамытуға жүргізілетін жұмыстар зерттеуді қажет етеді.  

Зерттеудің  мақсаты. Студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: Егер студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметтік орта әсері теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, онда студенттердің психологиялық ерекшеліктері айқындалады.

Зерттеу міндеттері:

- Психологияда тұлғаның өзіндік таным мәселесіне арналған негізгі теориялық зерттеулерді талдау; зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін анықтау;

-  өзіндік танымның  психологиялық ерекшеліктерін қарастыру  және оның құрылымдық компоненттерін анықтау;

- студенттік кезеңдегі өзіндік танымның өзгерісі түрлі факторлардың әсеріне байланысты эксперименталды  зерттеу;

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметттік орта әсерінің ерекшеліктері эксперимент жүзінде зерттелді, оның студенттік кезеңде қалыптасуына әлеуметтік орта, этнопсихологиялық факторлардың әсері анықталды.

Зерттеудің  теориялық мәні. Студенттік кезеңде өзіндік танымға әлеуметтік орта, этнопсихологиялық факторларға байланысты ерекшеліктерін анықтау. Қарастырып отырған мәселені зерттеу нәтижелері студенттік кезеңдегі өзіндік таным туралы түсінікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижесінде студенттік кезеңдегі өзіндік танымға түрлі фактордың әсер ететіндігі анықталды.  Студенттердің өзін-өзі тануының қалыптасуы мәселесін өңдеу жас ерекшелік психологиясының тұлғаны қалыптастыру, дамыту секіліді және баланың өз мүмкіндіктерін нақты және толық тануы сияқты маңызды мәселелерін шешумен тығыз байланысты. 

Практикалық мәні. Студенттік кезеңдегі өзіндік танымға әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау педагогика және психология мамандығының студенттері үшін «Даму психологиясы» курсын, «Әлеуметтік психология», практикасында қолданыла алады.

Зерттеу нәтижелерінің  дәлдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

      Магистрлік диссертацияның құрылымы: кіріспе, екі тарау:

      Бірінші  тарауда, яғни, студенттік кезеңдегі әлеуметтік орта мен өзіндік танымның психологиялық  ерекшеліктеріне қысқаша талдауы берілген.

      Екінші  тарауда студенттік кезеңдегі тұлғаның өзін-өзі тануының ерекшеліктерін  эксперимент жүзінде зерттеп, талдау жасалған, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

«Студенттік шақ» деген сөздің өзі балалық шақ жеке өмір сүруге, жауапкершілік жасына өту этапын білдіреді. Студенттік шақтың ұзақтығы жеке адамның алғышарттарына ие болады. Нақтырақ айтқанда, саналы өзін-өзі анықтау сферасының кеңеюі және оның жекелігі жоғарылайды. Студенттік шақ психологиясыда біршама проблемалы.

Адамның өзіне деген  және ақиқат шындыққа деген қарым-қатынасына, материалды негізге ие. Сондықтан да, оның санасына және өзіндік сана-сезімін практикалықтан ақиқат шындықтағы оның өмірлік әрекетінен ерекшеліктерді бөліп қарау керек. Яғни, әлеуметтік психологиялық қасиеттері мен сәйкестенімдерді байланыстыра білу керек.

Студенттік шақ немесе балалықтан ересектікке өту кезеңі американ психологы Гезелл бойынша, 11 жастан 21 жасқа дейін жалғасады. Он жыл Гезелл бойынша, бұл алтын  жас, балалық өмірді тез қабылдауы, сенімді, ата-анасымен тең болуы, өзінің сыртқы жағдайына аз көңіл бөлуі сипатталады.

Таным - іс-әрекетінің  адам мақсаттары  мен ұмтылыстарының негізі   болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық  қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады.

Г.Я.Розен таным психологиясына арналған еңбектерінде аталған зерттеу  аймағының құрылымын қарастырады  және оның төмендегідей компоненттерін бөледі:

А. Танымның нақты механизмдерін, процестері мен шарттарын зерттейтін танымның жалпы психологиясы.

Б.   Жеке салалардағы  танымдық процестерді зерттеумен шектелген  жеке пәндер:

1. Ғылыми таным психологиясы.

2. Көркемдік таным  психологиясы.

3.Күнделікті өмірдің  түрлі салаларындағы практикалық  таным психологиясы:

а) үйреншікті таным психологиясы

б) адамдардың бірін-бірі тану психологиясы

в) өзін-өзі тану психологиясы.

         Г.Я.Розеннің айтуынша, өзін-өзі тану  әдіснамалық тұрғыдан, өзіне ең жақын болып келетін кең ауқымды мәселелерді қамтитын  салаға, яғни адамдардың бірін-бірі тану психологиясына бағынады.  Автордың пікірінше, өзін-өзі тану үшін әлеуметтік перцепция аймағында жүзеге асатын процестер мен механизмдер маңызды болып табылады. 

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей тұлғаның өзі туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды  тірегі болады. Адекватты өзіндік  бағалау арқылы адамның өз жетістіктерін  шынайы бағалауы негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық  деңгейде зерттелген.

Өзіндік бағалау - өзіндік  сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады. Өзіндік сана сезімдердің  қалыптасуы жайлы шет елдік зерттеулерде К. Роджерстің жұмыстары мәнді.

Өмірлік тәжірибелерде  қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде  адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды. «Мен» концепциясы оң, амбивалентті және теріс болуы мүмкін. «Мен» концепциясы оң болатын индивид басқаларына қарағанда әлемді, адамдарды бағалауы өзгеше болады. Оған келісімге келмейтіндер адам санасынан ығыстырылады.

Өзіндік  сананы зерттеу  кезінде психологтар өзіндік танымның дамуына, құрылымы мен генезисіне әсер ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелерге басты назар аударады.

        Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік кәсіби категория ХІ-ХІІ ғ.ғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихм құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады.

Зерттеулер  нәтижелерінің көрсетуінше студенттердің  мамандық жайлы елестетулер деңгейі  оның оқуға деген қатынасының  деңгейімен теңестіріледі. Әлеуметтік-психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық  және мотивациясының жоғары деңгейімен ерекшелінеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса  жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретінде  қатынастарының неігізінде жатыр.

Адамның өзін-өзі тануының объектісі не деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез-келген адамнан өзің туралы не білесің деп сұрасаң, онда әрбір адам өзі туралы бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын жауап бере бастайды, мыс: «Мен көпшілмін, бірақ кішкене ұялшақтаумын, жалпы ақ көңілмін» деген сияқты. Сол себепті өзін-өзі тану процесінде де де өз тұлғамыздың танығымыз және зерттеп білгіміз келетін аймақтары мен сфераларын анықтау қажеттілігі туады.

Информация о работе Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны