Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:18, доклад

Описание работы

Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы. Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.

Работа содержит 1 файл

Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.docx

— 45.24 Кб (Скачать)

Керең-мылқауды оқыту оның жаратылысына қарама-қарсы, соған қарамастан баланы тілге үйрету үшін оның табиғатын өзгерту керек. Бұл сурдопедагогиканың ең күрделі мәселесі. Гсйдзик «қимыл мен ым-ышара тәслімен оқытатын мектептердін бәрін полициямен жабу керек» дейді. Дегенмен, ьш-ишарамен сөйлесу баланың табиғи тілі болмаса да, оны қолданудан бас тарту мүмкін емес. Өйткені бұл тәсілді сынасақ та, оның тіршілікте қолдануын ешқашан да жеңе алмаймыз. Бұл күрделі мәселенің мәнін керең-мылқау балаларды тәрбиелеп оқытудын әлеуметтік негізіне сүйене отырып шешуді талап.етеді. Арнаулы әдістен гөрі мылқау баланы ауызша сөйлеуге үйретуді басты мақсат деп санаған жөн. Әдіс дұрыс, бірақ бала бастапқыда ьш-ишараны қолданбаса, ол көптеген сөздерді үйрене алмайды, ауызша сөйлеп, өз ойын жеткізе алмайтын болған соң жасырын түрде бәрібір ымдап сөйлейді. Қорыта келе, қандай әдіс болса да оның жақсы да, жаман да жақтары болатындығы жалпы тәрбие жүйесінде айқын байқалады. Ескі жүйеде ауызша сөйлесу әдісі тек ым-ишара болса, ‘ал қазіргі мақсат бірден ауызша сөйлеуте үйрету. Әрине, бұл әдіс бойынша жеке дыбыстарды талдатып жатпай бірден сөйлеуге үйретуіміз керек. Сөйтіп ым-ишараны ауызша сөйлеуге бейімдеудія жолдарын іздестіру қажет. Осы тұрғыда Г.Форхгаммер негіздеген сөйлеу тілін алғаш рет бірізді жүйемен жүзеге асырып, баланы сөйлеуге үйрету мәселесін көтерді. Ауыз бен қол (саусақ) өзара тиімді болатынын саңыраудьщ ауызша сейлеуіне көндігуінен байқалады. Бұл тәсіл дыбыстың байқалмайтын бөлшектерін белгілейді. Психологиялық жағынан алғанда бұл жүйенің келешегі мол, ол ауызша сөзді жеңілдетіп, таза сөйлеуге мүмкіндік береді. Деген-мек бұл жүйемен мәселенің түйінін өздігінен шеше алмайды. Ол үшін баланың өмірінде сөйлеу аса қызықты, әрі қажет екендігіне көзін жеткізіп, қимыл-қозғалыстың пайдасы шамалы-ақ екендігін түсіндіру керек болады. Оқуды баланың қызығуына қарай бағыттау керек. Соған орай баланың бойындағы сокыр сезімін өзіне қарсы қоймай, мақсатты тілегін орындауға жалпы адамдармен сөйлесуге баулу кажет.

Қысқасы адамның сөйлеуіне жағдай жасалса, ол соған бейімделіп сөйлеу пайда болады. 5-6 жыл өткен соң арнаулы мектеп түлектерінен оларға өмірдің өзі бұрынғы тәрбиесін қалайша жетілдіргенін көруге болады. Егер керең-мылқаудың өміріне сөйлесу аса қажет болса, онда ол сөйлеуін әрі қарай дамытады. Егер ондай мұқтаждық елеусіз қалса, онда ол қайтадан кереңдікке әкеп тірейді.

Штернңің  айтуынша біздің арнаулы мектептеріміз  баланы сөйлеуіе үйретудің орнына, оның ауызша сөйлеуге деген ынтасын  жояды дейді. Сөйлеу арқылы адам қарым-қатынас жасайды, ойлану әрекетін дамытады, мұңдай әрекеттер өмірдін қиын-қыстау кезеңдерін жеңе білу нәтижееінде пайда болады. А.Гупман осы ретте «керең-мылқаулар мектебін бітіргендер өмірдің тілегі мен сан алуан құбылыстарын меңгеріп, әлеуметтік өмір жайына жете түсінбейді» дейді (1-910, 6 б.) Мұндай белең алған жайтарды болдырмау үшін В.Вернер «барлығы бұрынғыша ескі күйінде қалуы керек» дейді. Ал біздер Вернердін пікіріне қарсы шьгғып, ауызша сөйлеу тәсілі өз жемісін беріп, барлығы да жаңаша құрылуы кажет дейміз.

Гразер  көтерген пікір бойынша керең-мылқау балаларды дені сау балалармен бірге оқыту пайдалы, шынында біздің мақсатымыз да сол. Алайда, бұл мәселені біздер жақын арада іске асыруымыз қиын. Біздің ойымыз әрбір бастауыш сынып мұғалімі керен-мылқауды оқыта алатын болуы керек, ондай балаларды оқытатын бастауыш мектептер де керек (В.Вернер, 1909, 35 б.)- Біз мұндай дәрежеге әлі жеткен жоқпыз, біз қалайда мектепті күнделікті өмірге жақындатып, керен-мылқау училищелерін бірқалыпты мектепке айналдырымуымз керек. М.Гиллан бұл жөнінде балалардың тілін дамыту үшін оларды дені сау балалардың өмір тәжірибесіне баулу. Тек сөйлеу мен көрнекілік арқылы ғана тілді дамыту бізді қанағаттандырмайды. Тілді дамыту баланың іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен және тәртібімен ұштастырылып отыруға тиіс. Өмір тәжірибесі керең, са-ңырау балаларды өте ерте бастан оқыту қажетгігін (12 жастан) көрсетіп отыр. Оның өмірге, еңбекке белсене араласуы мектептен басталуға тиіс.

Егер  оқушылар матадан қуыршақ жасап, қайыршылар сияқты оларды көшеде сатумен  ғана шектелсе, онда олардың сөйлеу тілі ешқашан да дамып жетілмейді. Олардыңщ мектептегі өмірің дұрыс ұйымдастыру арқылы болашақ әлеуметтік өмірге араласа білуге машықтандырады.

Керен-мылқауды сөйлеуге үйрету мәселесі арнаулы әдіс қана емес, сонымен бірге бүл әдіс сурдопедагогикадағы басты принциптердің  бірі және өзекті мәселелер қатарына жатады. Сурдопедагогиканың күрделі мәселесі негізгі мақсаты да керең-мылқау балаларды әлеуметтік өмірге даярлау болып табылады.

Кемақылдылық  арнаулы педагогикадағы күрделі  және екі ұшты ұғым.’ Бала ақылының кемістік дәрежесін біз осы кезге дейін ғылыми тұрғыдан айқындай алғанымыз жоқ. Кемақылдылық біздер үшін балалардың әрқилы кемістіктерін білдіретін ұғым. Мұңдай түсініктер ауруға ұшырау салдарынан зақым шеккен балалар, дене кемістіктеріне орай ақыл-ойы тоқырап қалғандар т.б. себептерден кеміс болып қалғандарды да жатқызамыз. Сондай-ақ бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бірқалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жайттар негізінен әлеуметтік жағдайлармен ұштасты.

Кемақылдықтың тағы бір себебі – тұқым қуалау себебінен ауысатын ауруларға ұшырау. Сондай-ақ баланың жас кезінде бакытсыздыққа душар болуы. Педагогикалық көзқарас тұрғысынан бала мүшесінің кеміс болуы оның тіршілік ортасы мен сыртқы жағдайдың қолайсыз әсерлеріне де байланысты. Алайда мұндай кемістіктерге баланың ауруын қосуға болмайды. Кемақыл балалардың өсіп жетілуі, табиғи дамуы мүмкін, сондықтан оларды оқыту мен тәрбиелеу кәдімгі жалпы талап негізіңде іске асырылады. Бұл жөнінде Трошиннін балалардың негізгі даму жолы айқын және қарапайым түрде бірқалыпты дамиды деген ойының шындығын балаларды зертгеуге біліктілікпен қолданып, олардың бойындағы барлық қасиеттерін анықтап отыруды талап етеді,

Тәрбие  тәжірибесі педагогикалық әдебиеттерде кемақыл балаларды тәрбиелеудің мәнісін «әлеуметгік бейтарап адам»  тәр-биелеу деген қағидамен шектеліп қалғысы келеді. Мұндай қағида әлеуметгік, тәрбиеге ашықтан-ашық қарсы бағыт. Қоғамда «әлеуметгік бейтарап адам» болуы мүмкін емес, Мұңдай пікір кемтар адам тәрбиесіне немқұрайдылықпен қарау. Өмір тірші-лігінің ой-шұқыры көп. Алайда бейтарап балаға қарағанда еті тірі белсенді мүшесі болуға балалар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Кемақылдылық әлеуметгік өмірге бейтарап қалдырады және оның қоғам өмірінін ағысына ілесе алмайды деп санау шындыққа сай емес.

Кеміс баланың  әлеуметтік жағдайьш жәбірлеп, оны  өз құрдастарынан бөлектеп тастау бала психикасының дамуына теріс әсер етеді. Сондай-ақ баланы жынды немесс кеміс деп атау оның намысына тиіп, теріс бағдарға ауып кетуіне себепші болады. Бала кемістігі әлеуметтік ортада айқын сезіледі, алайда оны үйрешпікті ортасынан ажырату қиын. Көптеген авторлар (мысалы, А.Н.Гряборов, 1925) қосалқы мектептерде ұлдар мен қыздарды бөлек тәрбиелеу керек дейді. Кеміс балалардың жыныстық жағынан инстинкті төмен дамыған. Сондықтан қосалқы мектептерде жүргізілген тәрбие істері ұлдар мен қыздарды бірге оқытуға толық мүмкіндік береді.

Мұндай  мектептегі оқу-тәрбие істерінің өзекті мәселееі арнаулы оқыту мен жалпы білім беретін баетауыш мектеитегі оқу-тәрбие жұмыстарын әлеуметтік тәрбиемен өзара тығыз ұштастыру. Көмекші (қосалқы) мектептердегі балалардың жеке мүшелері мен денесінің дұрыс дамуы мен жан сезімінің мәдениетін жетілдіруге жете назар аударып, олардың еңбек сабағы мен ойын әрекетінде дидактикалық материаддарды біліктілікпен 
қолданып отырудың пайдасы мол болмақ. Сабақта, ойында үнсіз тыныштық сақтаудык мәнін балалар жете түсінетін болса, олардың мінез-құлық тәртіптілігін қалыптастыруға күшті ықпал етеді. Бұл жайтты оларға күн ілгері жүйелі түрде түсіңдіріп отырған жөн.

Көмекші мектептердегі балаларды оқыту  мен тәрбие істерін кәдімгі қалыпты  мектептегі жалпы талап тілектерге сай жүргізіп, арнаулы мектептердегі оқу-тәрбие ісінің өзіндік сипаты деп бөлінбегені орынды. Дегенмен арнаулы мектепте кемтар балалардың белгілі мерзім ішінде оқып тәрбиеленуі өткеннен кейін олар қайтадан калыпты мектепке қайтарьшуы керек. Мектептің мақсаты – кемістікті туғызатын жағдайларды жою және оны бір қалыпқа келтіру. Балалардың көліекші мектепте оқуы намыс емес және оған балалар ұялмауға тиіс.

Мынадай бір жағдайды көз аддымызға елестетіп көрейікші: мысалы, бір елде кеміс балалар өте жоғары бағаланып әлеуметтік өмірде жауапты да, беделді қызметтер атқарады десек, мұндай жағдайға сену қиын, Дегенмен өмірде кездесуі мүмкін ғой. Бұрын соқырлар би, сот, сарапшы болып, қызмет атқару үшін жаратылған дейтін болсақ, онда кеміс адамдардың бәрі әлеуметтік өмірде жоғары бағаланар еді. Кемтарлық кемістік болмай, адамның игі қасиеті деп аталар еді ғой. Соқыр өзін мен кемтармын деп санамайды, сондықтан басқа бір елде соқырлар (немесе саңыраулар) кеміс деп саналмас еді. «Кемістік» соқыр мен саңырауға берілген әлеуметтік атау. Тараудың соңында мынадай мысалды айта кетуді жөн көрдік: жаңадан бір ел құрылып, онда соқырлар мен саңыраулар өздерің тең санап, өмірде өз орындарын тауып, кемістігі сезілмей жүре берсе дейсің.

Біздің  оқу-тәрбие істеріміздің түпкі мақсаты  мен әлеуметгік сарыны кемтар балалардың қалайда кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп даярлау


Информация о работе Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы