Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:18, доклад
Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы. Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.
Сокыр балаиың тәрбиесінде барлық сәуле мәселесі биологиялық тұрғыдан ғөрі тіршілікте маңызы бар әлеуметтік жағынан алып, оған баса мән берілгені пайдалы болмақ.
Психологаялық жағынан кемістік – әлеуметгік мінез-құлықты өзгертуге ықпал етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер өмірмен байланысты болудың нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың қайта құрылуына және оның өзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағаңда соқырлардың әлеуметгік ортадағы жағдайы түрліше болады. Соқырлық америка фермерінің қызы мен украин помещигінің ұлы үшін, неміс герцогінің әйелі меи орыс шаруасының және Швеция пролетариаты үшін әр қилы фактілер сипатында болады. Олардың бұл жайында ұнымдары да түрліше болады. Сондықтан кемтар балалардың тәрбие мәселесін әлеуметтік жағдай тұрғысынан қарау керек. Кемтар баланың әлеуметтік тәрбиесінің негізі оның табиғи жетіспеушілігін – әлеуметтік жолмен толықтыру әдісі -бірден-бір ең дұрыс жол. Арнаулы тәрбие әлеуметтік талапқа бағынуы керек. Сөйтіп біртұтас мәселенің белгілі құрамды бөлігі ретінде қаралуға тиіс. Кемтар балалаларға ерекше тәрбие беріп оқыту қажеттілік біз бекерлей алмаймыз, керісінше соқырды оқьш үйренуге, саңырауды ауызша сөйлеуге үйренуге үшін арнаулы педагогикалық техника, ерекше әдіс керек. Осы техника мен әдіс-тәсілдерді ғылыми тұрғыдан зерттеп қана нағыз педагог дайындауға болады. Біз ең алдымен соқырды емес, баланы оқытатынымызды ұмытылуға тиіспіз. Соқырды немесе саңырауды тәрбиелеу ісінде соқырлықты немесе саңыраулықты тәрбиелеу педагогикасын кеміс балалар педагогикасына айналдыруымыз керек,
Біздің елімізде арнаулы мектептер баланы соқырлық пен саңыраулықтың құрбанына айналдырып жіберген. Денсаулығы зор, жақсы жетілген балалардың бойындағы ұнамды қасиеттерді мектеп аңғармаған. Бұл бізге Еуропадағы арнаулы мектептерден мұра болып қалған. Мұндай мектептердің әлеуметтік негізі мен тәрбиелік бағыты буржуазиялық филрсофияға және дінге тіректелген.
Германияның мектебі туралы есеп беру мәліметтерімен танысатын болсақ, олардағы арнаулы педагогикалық техникалық, гигиеналық жағдайлар өте жоғарғы дәрежеде екендігіне көзіміз жетеді. Алайда соқыр мен саңырау өмір бойы кемістік құрбаны болып қала береді деген теріс ұғымдар біздер үшін ерсі нәрсе.
Ерте ме, кеш пе адамзат соқырлықты да, саныраулықты да, кемақылдықты да женуге тиіс. Бұл мәселеде медициан мен биологияға қарағанда, әлеуметтік және педагогикалық жағынан жеңіске бұрынырақ жетуі мүмкін. «Кемістігі бар бала» деген ұғымнан келешекте педагогика айтуға ұялатын шығар. Сөйлейтін саңырау, жұмыс істейтін соқыр – өмірге тең араласқандар өздерін кемтармыз деп айтуға және олай деп айтуға жол бермейді. Соқыр, саңырау, кемақыл, кемтар болмаудың сыры ет қолымызда. Келешекте кемтар деген ұғымды біржолата ұмытатын боламыз. Адам нәсілінің жетілуіне сәйкес, әлеуметтік құрылыстың өзгеруіне сәйкес адамзаттың өмір сүру ортасы жақсарады. Сокырлық саңыраудың саны азаяды. Мүмкін олар тіптен болмас. Бірақ олардан да бұрын әлеуметтік жеңіске жететіні ақиқат. Соқырлық пен саңыраулық дене кемшілігі ретінде жер бетінде көпке дейін сақталуы мүмкін. Бірақ олар кемтар болмайды, себебі, кемтарлық әлеуметтік ұғым, «қеміс» деген соқырға, саңырауға, кемақылға жабысқан қаспақ сияқты. Ол адам қатты сілкінсе, бойынан түсіп қалады. Соқырлық өздігінен баланы кемтар жасамайды, оның кемтар болуы өмір сүрген әлеуметтік ортасына байланысты.
Әлеуметгік
тәрбие баланың кемтарлығын
Соқырлық – сезім мүшелерінің (талдағыштардың) бірінің кемістігі. Соқырлармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде мұға-лімдер олардың басқа сезім мүшелерін (естуін, сипауын, көру түйсігін) одан әрі дамыту қажет десе онда олар қателеседі. Ғылыми әдебиеттерде, ел арасындагы аңыз-әңгімелерде соқырлардың музыкаға бейімділігі, ал олардың кейбіреулері туғаннан музыкаға бейім екендігін көрсетеді. Бұл пікірдің шындығы әрине асыра айтушылық. Соқырлар осы уақытқа дейін бірде-бір музыкалық шығарма авторы емес, олар тек шіркеуде, көшелерде жалбарынды өлең айтумен ғана шектеледі. Дене мүшесінің кемістігі биологиялық жағынан өзге мүшелерімен толықтырылады және ол бұл дүниеден өткенінше сақталады деген лакап сөз ел арасында кең тараған. П.Трошин кемтар балаларды зертгеп, олардың сау мүшелерінін ерекше артық дамымайтындығын анықтаған.
Мейірімділік медицина орнына әлеуметтегі соқырларды тәрбиелеу мен оны дамыту ғылыми және тәжірибелік жағынан алғанда өмірде аса маңызды және игілікті міндет. Енді осы мақсат жайында кейбір мәселелерге тоқталып өтейік. Биологиялық толықтану деудің орнына дене кемістігін әлеуметгік тұрғыдан толықтандыру деген ұғым осы мақсатқа сай келетін сияқты. Психика, әсіресе, ақыл тіршіліктегі әлеуметгік қызметтің жемісі. Д.Дьюи (1907) айтқаңдай жарық дүниедегі жалаң көмек нағыз шындық емес, ондай көмек әлеуметтік оймен, іс-әрекетпен ғана тиянақталатын болса, оның мағынасы соғұрлым зор болмақ. Соқыр адамның жарық дүниені көрмесе де, оның өмірге деген құштарлығын жоя алмайды. Мақсат – әріпті көру емес, оны оқып мән-жайын түсіне білу. Үйрене келе көздің қызметін қол атқарады немесе ол басқа да құралдардың қызметін атқаруға бейімделеді. Осы орайда А.В.Бирилевтің соқыр адам өзге адамдардың көзін құрал етіп пайдалана алады деген ойы ақиқат. Мұндай жағдайда біреудің көзі телескоп немесе микроскоп сияқты аспап ретінде пайдаланылады. Тәжірибе жүзінде соқыр баланың дара тәрбиесінде бұл жайт шешіле қоймайтын сияқты, бірақ өзге адам оған көмектескенде бұл жайттың ақиқаттығы анықтала түседі (А.В.Бирилев, 1924, 90 б.).
Дәстүрге айналғаи тәрбиеден, мұғалім мен оқушы арасындағы даралап тәрбиелеуден соқырлар педагогикасы мен арнаулы педагогиканың артықшылығы да осында. Соқырларды тәрбиелеуге жаңа элемент енгізетін болса, онда басқа адам тәжірибесін, не көзі көретін адамды пайдаланып, онымен серіктесетін болса, онда ол жаңа табысқа қолы жеткендей болады. Сөйтіп ол микроскопты немесе телескопты пайдаланғандай сезінеді де, өмір тәжірибесі артып, күнделікті тіршілікке араласады. Мұнан былайғы кезеңдерде соқырларды психологиялық жағынан тәрбиелеу үшін барлық арнаулы белгілерді олардың өзге де сезім мүшелерімен (естуін, терісі мен сипап сезуі т.б.) өзара ұштастыру қажет. Соқырлар педагогикасының жалпы педагогикадан айырмашылығы да осында. Шартты байланыстардың жасалуы өзге сезім мүшелерінің атқаратын қызметіне айналады. Соқыр бала шығыңқы әріптерді саусағымен сипап оқиды, оқуға төселе келе кәдімгі біздер қалай оқысақ, олар да солай оқиды. Бірақ оның өзіндік тәсілі бар. Латын әрпімен жазылған сөздерді оқыса да, не басқа текстерді оқыса да оған бәрібір. Негізгі мазмұңды түсінуі керек. Таңбаны өзгерткенімен мағынасы сақталады.
Демек арнаулы белгілерді дағдыға айналдырып, оны қа-лыптастыру үшін соқырларға арнаулы тәрбие және мектеп қажет. Тифлопедагогиканың негізгі принципі бойынша тәрбие мен оқу процесінің біріне-бірінің ұқсас болғанымен, олардың белгілері арасында айырмашылығы болады.
Қанша айтқанмен арнаулы мектеп баланы жалпы ортадан алыстатып, оны өмірден оқшау қалуға икемдеп, кемтарлардың бөлектеніп тәрбиеленуіне ыңғайлап, оларды тар құрсауда қал-дырады. Келешекте бірқалыпты өмірге араласқан кемтар балаларға мұндай жасанды ортанын пайда келтіруі шамалы-ақ болады. Арнаулы мектепте мұндай қысталаң жағдай орнатып, оны аурухана дәрежесіне айналдыру қалыптасады. Кемтар балалардың өзара қарым-қатынасын шектеп, олардың мүмкіндігінше дамуын тежеуге себепші болады. Мұңдай ортада олардың кемістігі неғұрлым айқынырақ сезініп, мұңы көбейеді. Оның келешекге кен ортада өмір сүремін деген үміті біртіндеп жойыла бастайды. Көңілі жабырқап, психикасының үнамсыз жақтары артады. Бала психикасындағы мұндай бөлектеніп қалудың зияны жайында Щербина ерекше жанашырлықлен жазған-ды.
Өз тарапьшан арнаулы мектеп әлеуметке кері,, қоғамға қарсы тәрбие беретін сияқты. Біз кеміс балаларды мұңдай ортадан кең елеуметгік тіршілік ортасына алып шығуымыз керек. Келешекте кемтарлар сау адамдармен бірге өмір сүріп, олармен араласып, жалпы білімдік мектептерде оқулары тиіс. Әрине, мұңдай жағдайда арнаулы тәрбие мен окыту ісі. Щербинанъщ пікірінше бір жағынан, арнаулы мектеп жүргізетін болса, ал көпшілікке қатысты тәрбие жұмыстарын жалпы білім беретін мектепке ауыстырып отыру керек. Арнаулы тәрбие мен жалпы тәрбиенің аралас түрде жүргізілггні жөн. Арнаулы мектептін әлеуметтік сипатқа қайшы сипатын жою үщі бұл мәселені ғылыми тұрғыдан дәйектеп, кемтарлар мен сау балалардың әрі жемісті, әрі келешегінің зор екеніне сенім артуға болады. Сөйтіп балалардың диалектикалык даму ортасы пайда болып, кемтар балалармен дені сау балалардьщ оқып тәрбиеленуінің бірлігі өрістейді. Мұндай талап екінші жағынан келгеңде болашақта арнаулы мектепті жоюды мақсат етеді.
Арнаулы мектептегі еңбектік сипатын түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Осы уакытқа дейін олардың қол еңбегі дене кемістігіне байланысты тек музыкаға және әр тұрлі нәрселерді тоқуға үйретілді. Ал қол еңбегінід өнімділігін арттырып, он келешектегі өмірге қажет болатындығына жете мен берілген жоқ. Көзі көретін дені сау балаларға қолданьшатын әлеуметтік-ұйымдастыру төртіп элементтері соқырларға қолданылмайды. Олар тек орындаушылар ретінде ғана болған. Сондықтан мұндай «енбек тәрбиесі» мүгедектерді дайындайды. Мұндай тәрбие оларды еңбекке баулымақ түгілі өз білетіндерін ұмытуға мәжбүр етеді. Соқыр балалар үшін енбектің әлеуметтік сипаты мен оны ұйымдастырудың тәрбиелік маңызы ерекше екендігін үнемі ескерген дұрыс. Еңбек ету ол щетка жасау немесе корзина тоқу ғана емес, одан да күрделі еңбек болуы керек.
Сырттай қарағанда білім беретін енбек пен оқудың ұсақ-түйек нәрселерді жасаумен шектелген, олардың кәсіптік-техникалық маңызы ескерілмейді. Мұндай еңбек түрлері кемтар балалардың көзі көретін балалармен араласып серіктесуіне мүмкіндік бермейді. Көзі көретіндермен бірігіп еңбек ету – еңбекке баулудың негізі. Сондықтан көзі көретіндермен жақын араласу және олармен бірігіп еңбек ету соқырлардың өмір тіршілігіне емін-еркін араласып кетуіне жол ашып, еңбек түрлерінін өзге де салаларын меңгерулеріне қолайлы жағдай тудырады. Бір сөзбен айтқанда, соқырларды енбекке баулып, олардың ақыл-ой өрісін дамытып отыру дені сау балалардың тіршілік бейнесіне қарай барынша бейімдеп отыруды талап етеді. Бұл орайда көзі көретін бала соқырды жетектеп, оған жол көрсетуді мақсат етеді. Ал соқырды соқыр бала жетектесе, онда олардың екеуі бірдей кұлап түсуі мүмкін. Сондықтан кемтар балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың өмір тіршілігіне көмектесу адамгершіліктің айқын көрінісі.
Керең мен
мылқау балалар тәрбиесіндегі күрделі
мәселе педагогиканың қиын да, әрі қызықты
тармашның бірі. Соқырға қарағанда керең-мылқау
өмірге араласуға және оны тез танып білуге
бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі
кемшілігі өз денесін еркін билеп, әрқилы
әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ
іс-әрекеті денісау адамдардікіадей болуы.
Керен-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай
алады. Керең-мылқау өз
қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқаудың
дене бітімі дені сау адамдардікімен бірдей
екендігін Н.А.Попов айрықша атап көрсетеді.
Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті
мен үйренуі айтарлықтай қиындых. тудырмайды.
Соқырдын айырмашылығы еңбектін, қандай
түрі болса да (музыкадан басқасы), оған
үйренуге оңай. Сурдопедагогика осы уақытка
дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен
шұ ғылданып келді, бұған кінәлі болжамсыздык
және керең-мылқаудың тәрбиесіне кемтар
деп санап, оған аяугершілік көзқарастын
ірге тебуі.
Еңбекке дұрыс тәрбиелеу емір есігін айқара ашу деген сөз. Дені сау адамдармен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді, масыдыққа жол бермейді, бұл сурдопедагогикадағы негізгі бағыт және әлеуметтік сипат. Өмірдің келешегін ойламай, ұсак-түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы. Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-сезімімен тіршілік еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі. Адам табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу. Биологиялық тұрғыдан келгенде адам түгілі құлағы естімейтін жануар да соқырдан әдеқайда артық. Деген-мен керең-мылқау соқырға қарағанда бақытсыздығы әлдеқайда басым. Өйткені өзге адамдармен сөйлесіп бірден араласа ал-майды, әлеуметгік ортада тіршілік етуге бейімсіздеу. Сондықтан да ол дыбысты сөйлесуі арқылы өзгелермен қарым-қатынас жасай алмағандықтан өмір тәжірибесі де шектеулі болып қалады.
Сурдопедагогиканың ең басты мәселесі керең-мылқауға сөйлеуді үйрету. Оны сөйлеуге үйретуге болады. Саңырау дегеніміз тек есту нервтерінің зақымдалып жұмыс істемеуі, бірақ оның сөйлеуге байланысты нерв орталықтары сау қалпында сақталған. Мылқаулық органикалық зақымдалудан емес, ол дыбысты естімей және дыбыстап сөйлеуі жете дамымаған. Керең-мылқауды сөйлеуге үйрету оның бір сезім мүшесін екіншісіне ауыстыру емес, ондай ерекшелік мылқау сөйлеген адамның ернінін қимыл-қозғалыстарын көзімен көріп түсінуден басқа да психологиялық механизммен байланысты дейді ЛС.Выготский. Бұл механизм бойынша қимыл-қозғалыс, есту сезімімен айырбасталады. Бұл сезім өте әлсіз болғандықтан еріннің қимылы арқылы сөздердін мағынасын толық жеткізе алмайды. Себебі,. сөйлегенде ауыз куысывдағы тідцін қимыл-қозғалысы арқылы айтылатын дыбыстар толық сыртқа шықпайды, сондықтан керең-мылқауды сөзге ұйрету өте қиынға түсетін процесс.
Ауызша тілден баска көрең-мылқаудың тағы да екі тілі бар. Тілдің табиғи қимылы немесе ымдап сөйлесу. Екіншісі методикалық белгілер немесе шартты әліппе. Ол диктилогия деп аталып, қолдың және саусақтың қимылы арқылы іске асады, оны ауада жазу деп те атайды. Керең-мылқаулар бұл екі тілді де ауызша сөзге қарағанда жеңіл меңгере алады (Н.М.Лагоскяй, 1911). Осы үш турлі тілдің ішінде ауызша сөйлесуге ерекше кеңіл бөлуіміз керек, ол қиынға түссе де, оның пайдасы мылқау үщін өте зор. Мылқау-кереннін ыммен сөйлесуі алғаш дамыса да, оның сөз қоры аз болғандықтан сөйлеудің өзге түрлеріне де үйрету керек. Алайда мылқаулардың қай сөйлеу түрін қолданса да олардың сөзіңде абстракті ұғымдармен байыптап түсінуге дейінгі деңгейге көтеріле алмайды.
Көптген зерттеушілер керең-мылқаудың сана-сезімі адам тектес маймылдардан сэл-ақ жоғары тұрады деп есептеген. Цехтың пікірінше керең-мылқаудың дүниетануы сау адамға қарағанда өзінің өмір сүрген ортасын ғана танып біліп, оның өз тәжірибесі мен бақылауынан асып кете алмайды (Лаговский кітабы, 1911, 1166.), П.Наторп «адамның ортасымен араласуына байланысты», – деп дұрыс айтқан. Ол түсінгі сау адамның түсінігі де адамзат ортасынсыз дамуы мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің бәрі сөйлеу арқылы дамып, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен олардың өзара пікір алысуы сөзсіз дамуы мүмкін емес. Керең-мылқауды сөйлеуге үйрету оларды адамдармен жақындастырып, ойлау қабілеті мен сана-сезімін жетілдіруге қуатты ықпал етіп отырады. Мұндай тәсілдермен біз оларды адам қатарына қосамыз. Ауызша сөйлеуде қол қимылы және ымышара қосалқы қызмет атқаратындығын америка мектептерінің тәжірибесіне сүйене отырып В.Штерн және басқа мамандар теория жүзінде дәлелдеді. Бірақ бұл тұжырымға қарсы болған оқымыстылар И.Гейдзиг және Аббат, ШДелепе былай деген: «Біздің тіліміз керең-мылқаулардың тіліне сәйкес емес» (В.Вернер, 1909 ж. басылған кітабында). Ол басқа оқыту әдістерін қолдану жүйесіне қарағанда ауызша оқыту әдісі керең-мылқаудың жаратылысына қайшы болғанымен, оларды адамзаттақ қоғамға тәрбиелеудің бірден-бір дұрыс жолы біздің кәдімгі сөйлеу жүйе-мізге икемдеу болып табылады дейді (В.Вёрнер кітабынын 55 б,. 1909 ж.).
Информация о работе Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы