Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:18, доклад
Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы. Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.
Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы
Кеміс балалардың психологиясы мен
педагогикасы. Дене кемістігінің қай түрі болса да,
мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан
кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы
өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен
де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік
өміріңдегі мінез-құлқының ауьпқуына
әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға
көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа
балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді.
Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын
оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық
сезімін оятып, оған деген көзқарасты
өзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға
деген көзқарас оны басқа түскен масыл,
не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық
пен мейірімділік құшағында болады. Балаға
деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер
етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей
сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Соқыр
музыкант» деген шығармасында соқыр баланың
семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын
екі етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары
туралы жазады.
Одан әрі дене кеміст ігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметгік көзқарасты қажет етеді.
Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай жайттарды өздерінің үнсіз мойындауьшан және олардың Табиғи кемістігн күнделікті бақылау мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады. Осы уакытқа дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәееле деп саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген ұшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып тастаса, екінші бүйрегі жүмыс істейді және ол екі бүйректің де жұмысын атқарады деп санады-. Қысқасын айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық мәселелерге ат үсті қарап, оларға тек медициналық тұрғыдан ғана жауап берді: соқыр – көзі көрмеушілік, ал саңырау – құлағы естімеущілік деп саналып, мәселенің түйіні соқыр итпен, саңырау қарсақ жайында айтып отырғандай немқұрайды көзқараста болды. Бұл ретте ескерусіз қалған бір жайт бар. Ол хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке басына тікелей қатысты деп саналмай, оны әлеуметтік фактор ретінде қарастырған орынды. Өйткені дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады. Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан сыртқы ортаға, онан қайтып адамның өзіне оралады. Адамның қарым-қатынасы әлеумет ортасы болмаса жалаң күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Көз бен құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет атқаратын органдардың қатардан шығып, қоғаммен байланыстың үзілуі деп тусіну керек. Мұндай кемістік адамның мінез-құлқының белгілі қалыпты жағдайдан ауытқуы болып та саналады.
Психология мен педагогикада балалардың кемтарлығы жайында мәселені әлеуметгік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды кажет етеді.Бұл мәселенін мән-жайын жете бағалап, оны аса қажетті деп қараған әділетгі болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан баланын дене кемістігін әлеуметтік сынық ден санайтын болсак, онда педа-гогикадық тұрғыдан сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек. Мұндай ойдың шындығын растау ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік.
Ең алдымен біздер дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Мұндай түсінік бойынша та-биғаттын өзі кеміс мүшенін қызметін организмнің өзге мүшелерінін жетілуіне орай қоса атқарады да, адам бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бұл биологиялық тәсіл делінеді. Мысалы, соқырдың көзі көрмеее де, ол тіршілік еткен ортасына икемделіп, нәрселердің түр-түсін саусақтармен сипау арқылы танып біледі десе, ал мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да, ол өзгелердің айтқан сөзін еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінеді дейді. Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ екендігін көрсетеді.
Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады, ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок.
Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына байланысты. Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес. Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып «көзімен естуді» үренеді. Мұңдай ерекшелік көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны әрбір затпен салыстыра отырып оқуына икемділігінде.
Мұндай процестердін барлығы И.П.Павлоп пен В.М.Бехтерсв негіздеген шартты рефлекс пен оның жасау механизмімен ұштасты. Бір мезгілде екі түрлі тітіркендіргіштің әсер етуінен белгілі дыбыс пен нүктелердің өзара қисындасуы сан рет қайталану нәтижесінде сол нүктелерде өздігінен уақыттың тоғысуына орай тітіркену тудырып отырады. Жаңадан пайда болатын сипау сезімі бұрынғы дыбыс тітіркендіргіштеріне ұқсас түрде бір мезгілде қайталанып отырады. Соған орай нүктелерді неғұрлым шапшаң ажырата білу тежелу заңдылығына сәйкес шартты рефлекетің жасалуыи қамтамасыз етеді.
Хайуанаттар
және адамның жоғарғы жүйке
Бұл жерде есте тұтатын мәселе – соқырлар мен саңыраулардың дені сау адамдардан айырмашылығы олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауындағы бір мүшесінің кемістігі. Көз бен құлақ физиологияда рецепторлар деп аталады; оны психологияда қабылдаушы мүшелер немесе сыртқы сезім мүшесі деп айтады. Бұл мүшелер биологиялық қызмет атқарады. Олар организмге сыртқы ортаның өзгерістері туралы хабар жеткізеді. Бұл мүшелер Г.Деккердің айтуынша организм тіршілігінің бастапқы тірегі болып саналады. Олардың негізгі бізді қоршаған ортадан нәрселердің бөлшектерін қабылдап, оларды қорытып талдайды, организмді тіршілік ортасына бейімдейді. Адамның мінез-құлқы әрқилы реакциялар жинағынан құралады және түрлі жағдайда бір қалыпты тұрақты болады. Соқырлар мен саңыраулардың мінез-құлқы тіршілік ету жағдайына икемделіп, олармен тәрбие істерін жүргізу нәтижесінде сыртқы ортамен шартты байланыс жасалып, олардың кеміс мүшелерінің өзге қызметін өзге сау мүшелері атқаратын болады. Соған орай тәрбие істерінің психологиялык механизмі кеміс балалар да дені сау балалардікімен бірдей. Соқыр баланың сипау сезімі, саңыраудың көру мүшесінің жоғары түрде жетілуіне жаңадан жасалып отыратын шартты байланыстарға сәйкес бір мүшеден екінші мүшеге ауысып отыратындығы. Соқырдың сезімталдығы мен саңыраудың көргіштігі дені сау балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер өмір тәжірибесі мен дағдылану тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер.
Кемістікті биологиялық жолмен толықтыру керек деген шындыққа жанаспайтын аңыз әңгімеден организм кемістігін толықтырушы фактор оку-тәрбие істері арқылы жүзеге асырылатын баланың психологиялық және физиологиялық реакцияларын жетілдіріп отыру. Мұндай мақсатты нақты іске асыру үшін кемістікті тәрбиелеуде маңызы бар педагогика ғылымының арнаулы тармақтары тафло және сурдопедагогиканы барынша дамытып, тәрбие істерін өрістете беруді қажет етеді. Бұл мәселені дұрыс шешіп, тиісті сұраққа жауап беру үшін баяндалған ойымызды қысқаша қорытыңдылайық. Психологиялық тұрғыдан алғанда кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ісінде педагогика жоқ. Сондықтан кеміс балаларды тәрбиелеу жалпы педагогиканың маңызды бір тармағы. Осы қиын да, әрі маңызды тармаққа қатысты мәселелердің бәрі жалпы педагогика ғылымының принциптерімен ұштастыра отырып, зерттелуге тиіс.
Кеміс балалар педагогикасы негізінің басты мәселелерін іздестіріп жүйеге келтірілген зертгеуші Куртман. Оның айтуынша соқыр, саңырау, кемақыл баланы дені сау баламен салыстыруға болмайды. Біздерде және еуропалык еддерде кеңінен тараған кеміс балаларды тәрбиелеу теориясының тәжірибелерінің бастамасы мен сарқындысын осы пікірге әкеп тірейміэ. Ал біз бұл мәселені педагогикалық және психологиялық тұрғыдан оны керісінше дәлелдеп, соқырды, саңырауларды, кемақылдарды сол дені сау балалар қатарында зертгеуді қажет деп санаймыз.П.Я.Трошин осы ретге «шын мәнісінде кеміс балалардың дені сау балалардан айырмашылығы жоқ дейді, олар екеуі де адам, екеуі де бала, екеуіңің өсіп қалыптасу заңдылығы бірдей. Олардың айырмашылығы өмірге келгеннен кейінгі өсіп жетілуінде. Мұндай зерттеушілердің көзқарастары психология мен педагогика – тұрғысынан қарағанда әлеуметтік жағдайлардан гөрі биологиялық бағытты қолдайтындығын көрсетеді. Бұл бағыттың дәлеліндегі қателік жері кеміс балаларды ауру деп санайды да, ал олардың дұрыс дамымау себептерін қоғамдық өмірдің қолайсыз жағдайларына байланысты екендігіне жете мән бермейді».
Кеміс балаға тек ауру жағынан ғана карау біздің теориямыз бен практикамызды қауіпті теріс бағытқа бұрып жібереді. Біз кемістікті жан-жақты алып мұқият тексереміз. Жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, олардың қаншасы соқыр, қаншасы саңырау, қаншасының дәм сезімінін түйсінуі т.б. сондай өзге де кемістіктерін анықтап, олардың денсаулық деңгейін жете аңғара бермейміз. Осы уақытка дейін тәрбиенің 9/10 бөлігі баланы ауру деп санап, ал оның денсаулығының қандай екендігіне көңіл бөлінген жоқ. Соқырларды зерттеуде ғылыми психологияның ұраны «алдымен адам, сосын ерекше немесе «соқыр адам» деп санау болды. Мұндай түсінік соқырдың арнаулы психологиясың екінші орынға ығыстырды. Нақты айтқанда, сокырлықтың (саңыраулыктың) психологиялық факторы сол кеміс балалардың өздері үшін еш маңызды мәселе деп саналмады. Көретін адамдар соқырларды су караңғы ешнәрсені көре алмайды деп ойлайды. Кемістер психологаясың бұлай деп түсіну қате. Біз өзімізбен салыстырып соқыр көрмегені үшін қатты қайғырып мұңаятын шығар деп ойлаймыз. Өзі соқыр А.М.Щербина, В.Короленко пікірлерін терістеп, оның психологиялық көзқарасының дұрыс еместігін айтады».
Соқыр адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды да және оған қайғырмайды. Психологиялық жағынан алғанда соқырлық жағынанда бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В.Бирилсв өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: соқыр адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылык бар, – дейді. Көзі көретін адам жарықты қолымен ұстай алмайды, сол сияқты сокыр да жарықты көз алдына елестете алмайды. Соқыр бала өзінін соқыр екенін ауырсынбайды және соқырмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүрген әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды.
Соқырлардың өмірлік тіршілігі оның әрқилы кемістіктеріне орай әлеуметтік жағдайға икемделуіне байланысты. Олар өмірді көз алдына елестете алады. Біз олар туралы өмір тұман не перде арқылы көрінетін шығар деп ойлаймыз. Бірақ шындык олай емес. Біз соқырлардың органикалық және табиғи сезімталдығы өте жақсы жетілмегенімен санаспаймыз. Шынын айтсақ соқырдың икемделу қабілегі көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектеуді қажет етеді. Белгілі мылқау, әрі соқыр-саңырау Е.Келлер былай деп жазды: соқырдын. сипау сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түйсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар соқырлардікіндей жетіле коймаған (Е.Келлер, 1920).
Сокырдың
маңындағы жылылықты сезуі
Соқырлардың мұңлы тағдыры оның көзінін көре алмауына байланысты емес және бұл жайт оның қайғылы қасіреті де емес. Соқырлық тек қайғы-қасіреттін пайда болуына себепші жағдай.
Туа болған соқырдың қайғысы жүре біткен соқырдың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші өшпейді, -дейді Щербина (1916, 39 б.). Және ол өзінің басынан кешкен мынадай бір жағдайға тоқталады. Соқырлар мектебінде тәрбиеші 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген (бұл да сонда, 40 б.). Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес соқыр баламен жасалатын қарым- қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен бірге ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек ондай балаға көзің соқыр екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай соқыр бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды (бұл да сонда). Соқырға жарық сәулені білу қажет пе? деген сұраққа өзі соқыр А.В.Бирилев педагогикалық тұрғыдан қорытынды жасап «жарық сәулені білу 9 қажет», – дейді. Өмірден көзі көретін баланың ұғымын соқыр 5 бала да білуі керек. Соқыр балаға терезесінің ар жағында перде жабулы тұрғанда оның көрінбейтінін, ал үйде шам жанып тұрғанда перде жабылмаса оның ар жағынан көрініп тұратынын түсіндіру керек. Яғни ол жарык сәуленің қандай болатындығын білуі керек.
Информация о работе Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы