Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:10, доклад

Описание работы

Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - қазақ тілінде «жан», «логос» - «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны – жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген.

Работа содержит 1 файл

гулька.docx

— 49.84 Кб (Скачать)

 Адамның алдындағы  мақсаты осылайша айқындалады  да, әрекеттің орындалу жолын  қарастырады, оны жоспарлайды.  Егер адам өзіне мақсат қояр  кезде өзіне «Не істеу керек?»  деп сауал қоятын болса, әрекетті  жоспарлау үстінде «Қалай істеу керек?», «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың жұмысын т.б. топшалап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау – күрделі процесс. Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесінің, ойының орамдылығын қажет етеді.

 Мақсатқа жетудің жолдары  белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігеріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып шықысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін қалау қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психолгияда мотивтер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы – нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, тек содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға келе алады.

 Мотивтер күресін Н.В.Гогль  «Үйлену» комедиясында жақсы  көріген. Некесі қиылайын деп тұрған надворный советник Подколесин аяқ астында үйленудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады. «Үйленбей жүрген жұрттың шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың, көрер көзге, адасып жүрген-ай десейші. Алда-жолда бір елге патша бола қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай, жұрттың бәрі түп-түгел үйленсін деп әмір берер едім...». Олосы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның үйлену жөніндегі бірінші мотиві.Еінші мотив – отбасы бақыты. «Шынында ойлап тұрсам мінеки әне-міне дегенше әйелді боп шыға келгелі отырмын. Сөйтіп, енді, тілмен айтып жекізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де табылмайтын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззаттың дәмін татқалы тұрмын». Кенеттен оның басында қарама-қарсы мотив туа бастады:

...Әйтсе де бажайлап, қабырғаммен  кеңесе кетсем-ақ болды, тұла  бойым түршігіп сала береді. Ары айт, бері айт, өмір бойы, мәңгі бақи қол-аяғыңа күрмеу түсіп, қайтып енді тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып ем деуге шамаң келмесе шаруаның біржола біткені ғой ...» Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың әуеніне қарай ағатын адам. Оның ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер кіріп те шықпайды. Некесі қиылайын деп тұрғанда осылайша әуре-сарсаңға түсуі оның қандай адам екнін жақсы байқатады.

 «... Шынымен-ақ, тайып кетуге  болмай ма екен? Әлбетте болмайды, есік алды, кез келген жерде  сапырылсып жүрген жұрт, қайда барасың дейді ғой біреуі. Жоқ, болмайды». Осы жерде ол ашулы терезені көреді де осыдан қарғып кетсем қайтеді дейді.Жоқ болмайды, жерден алыс екн быт-шытым шығар, екіншіден, терезеден қарғу лайық емес, үшіншіден, қалпақсыз қалай қарғымақпын, лайық емес деп тұрып алады. Оның қалпағын досы Кочкарев тығып қойған. Ол ақырында терезе онша биік емес екен, қалпақсыз қарғуға болар деп көшеге қарай қарғып кетеді. Белгілі көзқарасы мен сенімі қалыптасқап адамда мотивтер күресі онша болмайды. Олар көбінесе жеке бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар мотивтерді басшылыққа алып отырады.

 Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу бәрі жиналып еріктік қимылдың «даярлық кезеңі» деп аталады.

 Еріктік амалдың ең  негізгі кезеңі қандай болмасын  тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің  қандай болмасын тоқтамын іске  асыратын, оны орындайтын кісіні  ғана еркі нағыз жетілген адам  деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. Бұлай болудың себебі орындалудан қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптасунан, өзісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсенді жан-тәніңмен сүймеуден т.б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды жеңіп отыруы тиіс. Белгілі мінез-құлықтың принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқтамға келе алып, оны қалай да орындаудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жода орынсыз солқылдақтық, табансыздық көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да, ой таразына жақсылап салмайды, сөйтіп оны орындай алмай қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның еркін енжар, әлсіз етіп жіберуі мүмкін.Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюмыз қажет.

 Сонымен, ерік қимылын  тікелей қоздырғыштардың қатарына  адамның қажеті, оның мотивтері  мен мақсаттары, қызығулары, тілектері  жатады. Бір нәрсені керексінуі ретіндегі қажеттілік әрекет жасау түпкі ниет болып есептеледі. Қажеттілік негізінде мотив, яғни қимылға ойысу себебі туады. Ал адам не нәрсеге тырысса, сол оның қимыл мақсаты болады. Егер де адам ұмтылып отырған мақсат пен оны осыған ойыстырған мотивтер айтылу болса, онда мұндай ұмтылыс тілек делінеді. Танылып білінбеген ұмтылыс қызығу делінеді. Тілекке қарағанда, қызығу адамның ерік ұстамдылығын аз дәрежеде алады, сондықтан да қызығу мақсаты нақтылы жүзеге асуды сирегірек алады. Адамның еркі алға қойған мақсатқа жетуде бөгет болатын тілектерді жеңе білу қабілетінде, әрі оны қажымай-талмай жүзеге асыра білуінде болады.

 

 

 Қорытынды.

 

 Өмірде біз адамның  қалай жұмыс істейтінін, оқитынын,  тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.

 Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды  эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады.

 Еріктің дамуы мен  адамның еріктік қасиеттерінің  қалыптасуында ең маңызды орын  алатын күнделікті тұрақты еңбек  болып есептеледі. Еңбекте жеке  адам коллективтің басқа мүшелерімен  міндеттік байланыста болады: бұл  міндеттерін орындау үшін ол  өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті.  

 Сонымен қорыта келгенде  ерік деп саналы түрде алға  тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалстын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз.

 Ерік іс-әрекеті туралы әр ғалымның теорияларын сараптай келе, қысқаша қорыта кетейін.  Ерік ұғымы тарихи сипатқа ие. Ежелгі қоғамда ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Ол кезде ерік туралы сөз болмаған, олар «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Ортағасырлық заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептеген. Олардың бұлай түсінуі қоғамның адам әрекет қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Абай болса, ерікті қырық үшінші сөзінде жибили яғни еріксіз болатын тілек, кәсіби яғни  еңбекпен табылған нәрсе деп түсіндірген. Ол ерікті еңбекпен, қайрат-жігермен, ақылмен байланыстыра айтады.

 Сонымен қатар ерік  табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарас қалыптасты. Олар материалистік және идеалистік. Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп айтады. Бұл бірақ қате пікір еді. Ал материалистік көзқарас керісінше оны мидан бөліп алуға болмайтындығын және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болатынын айтады. Бұл бірден-бір дұрыс пікір. И.М Сеченов пен И.П. Павлов осы материалистік көзқарасқа қосылады. Олардың ілімі бойынша ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсідіреді.

 Германия ғалымы Э.  Мейманның пікірінше, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллекпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды дейді. Ал З.Фрейдпен оның шәкірттерінің тұжырымдары бойынша ерік санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо» жыныстық құмарлықтың энергиясы деп қарастырады. Мен бұл пікірді мүлдем қолдамаймын. Себебі ерік саналы әрекеттен туындайды, адам ақыл-ой арқылы ойлап, қандай да бір әрекетті мақсат қою арқылы жүзеге асырмай ма? 

 Біз жоғырыда айтып  кеткендей ерік әрекеті сонымен  қатар түрлі амал кезеңдерден  тұратынын білдік. Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адмның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады. Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді түсіну қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер пайда болады. Ниет-тілектер арасында өзара тартыс болып, қалау туындайды. Қалау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам бір тоқтамға келіп, ақыр соңында шешім қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы толығымен орындалып, мақсаты жүзеге асады.

 Еріктік әрекет себептері  сонымен адамның сыртқы ортамен  белсенді қарым-қатынаста келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білу.           

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Т. Тәжібаев «Жалпы  психология» Алматы 1993.

2. Сәбет Бап-Баба «Жалпы  психология» Алматы 2005.

3. Ә. Алдамұратов «Жалпы  психология» Алматы 1996.

4. Қ. Жарықбаев «Психология»  Алматы 1970.

5. «Психология адамзат ақыл-ойының қазынасы» Мәдени мұра 2005.

6. В.В. Богословский, А.Г.  Ковалев, А.А. Степанов,

 С.Н. Шабалин  «Жалпы  психология»   

7. А.Ш. Намазбаева «Психология» 

8. Абай «Қырық үшінші  қара сөзі» Алматы 1993.


Информация о работе Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі