Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:10, доклад

Описание работы

Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - қазақ тілінде «жан», «логос» - «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны – жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген.

Работа содержит 1 файл

гулька.docx

— 49.84 Кб (Скачать)

 Материалистік ілім  тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы – себепті байланыстылыққа, детерминизм принціпіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да – ерік бостандығының бір көрінісі.

 Ерік туралы спиритуалистік  түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді. Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды, әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол «ерік өзге психикалық процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады» деді. Сонымен, ескі психологияның ырықты және ырықсыз іс-әрекетпен қатар, ырықты және ырықсыз есті, түсініктердің ырықты және ырықсыз ағымын ажырытуына толық негізі бар. Геффдинг еріктің сәйкес елестер шақырылғанда алғашқы болып табылмайтынын бекітті. Ерік, - дейді ол, - алғашқы серпілісті тудырады және бұрғылайды, тесік бұрғыланып болған кезде судың ағысы өз күшімен жарып өтуі керек, сонда бізге бір рет жасалғанды ізделіп отырғанмен салыстыру ғана қалады.

 З.Фрейд пен Э.Фроммның  психоаналитикалық зерттеулерінің  нәтижесінде «ерік адам қылықтарына  дем беруші» ерекше қуат деген  түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың  болжамынша, адам қылықтарының көзі  психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.

 З.Фрейд болжамдары  оның шәкерттерінің еңбектерінде  қызықты эволюциялық жалғасын  тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшалық әрекеттерімен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.ГЮнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.

 Шынына келгенде, психоанализ  бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және  шәкірттері) қай-қайсысы да қортынды пікірлерін – адам әрекеттерінің көзі – қажеттіліктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана дәріптеуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз «тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауды» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіру де ғылымдық көзқарасқа сай емес. Адам өзнің биолгиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық т.б. бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.

 Еріксіз әрекеттердің  физиологиялық негізі болып табылатын  шартсыз байланыстар тізбегі  –инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И.П.Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.

 И.М.Сеченов пен И.П.Павлов  ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді.

 И.М.Сеченов: «Кәдімгі  ырықты деп аталатын барлық  саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек». «Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  И.М.Сеченов:«Ерікке тек жолақты бұлшық еттер бағынады, ал тегіс бұлшық еттер бағынбайды», себебі «жүректің құрлысы жолақты талшықтардан құралған және ерікке бағынбайды, және несеп қуықшасынан зәр айдайтын бұлшық ет тегіс талшықтарға жатады, содай-ақ оған бағынады. Мүмкін болатын басқа принципті қабыл алмаған И.М.Сеченов үшіншіне тоқтап, былай тұжырымдайды: «Ерікке тек санаға қандай да бір анық белгілер мен жіберілетін әрекет бағынуы мүмкін». Осы қағиданы түсіндіре және бекіте отырып, «Бұл көзқарас бойынша аяқ, қол, дене, бас, ауыз, көз және сол сияқтылар санаға анық түйсінулермен көрінетін түрлі жағдайлар айтылуы мүмкін: әрі қарай ерікке дауыс ырғағының бағыныштылығы, сол сияқты олардың жағдайы мен дауыс ырғағының түрлі сипатының сәйкес келуі, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшесі арқылы жанама бақылауға жетпейтін, бірақ жанама айқын түйсіктермен ере жүретін барлық әректтер» деп жазды.

 И.М.Сеченов ерікті  әрекет қалай қалыптасады деген  сұрақ қояды. Ол оған байланысты  мынадай «күрделі фактіге» назар  аударады, яғни адамның қолымен,  аяғымен, басымен, денесімен жасалатын  ерікті қозғалыс реті қаңқамен де оның бұлшық еттерінің анатомиялық құрылуын анықтайтын мүмкін болатын қозғалыс ретімен салыстырмалы түрде қарастырады.

 Бұл фактіге жауап  беру үшін И.М.Сеченов, ерікті  қимыл-қозғалыс ретінде өмір шарттарының күші болып табылатын жаттығулар бөлінеді дегенге саяды. Баладағы ерікті қимылдың бүкіл жасалу жолы осыны дәлелдейді. Ерікті қимыл-қозғалысты өзінің физиологиялық талдауында И.М.Сеченов былай көрсетеді: «Қол, аяқ, бас және дененің барлық қарапайым қозғалыс формалары балаық шақта жатыққан барлық үйлескен қозғалыс сияқты , жүру, жүгіру, сөз, қарағандағы көздің қимылы ерікке жатыққан соң бағынады». Қимыл соншалықты жатыққан сайын, олар ерікке оңай бағынады.

 Еріктің физиологиялық  механизімін де ми қабығының   рефлекістік табиғатына жатады. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды.

 Ми қыртысының қозғалыс учаскесінің мидың басқа учаскілерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизімін толық қамти алмайды. Бұл жерде информацияның талдағыштан ми қыртысының қозғалыс учаскісіне өтуінің және информацияның қозғалысқа айналу мүмкіндігінің қарапайым жолы ғана көрсетіліп отыр. Ал адамға информацияны жинақтау және соның негізінде әрекет жасау тән. Оның үстіне ол сырттан алынған мағұлмат, білімдерді қорытып талдауға қабілетті. Ал мұның екінші сигналдық көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесіне қосылады да, оның қызметін әлдеқайда күрделендіріп жібереді. Мидың күрделі өрнегі тәріздес тұрақты және уақытша байланыстырады оңайлата қарастыратын болсақ, екінші сигналдық байланыстарды талдағыштардың ұштары менмидың қозғалыс учаскесі арасындағы дәнекер буын дер едік.

 Екінші синалдық байланыстар  негізінде адам мінез-құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуі жүзеге асады, алынған информацияның орынын, мезгілін, сипатын, тәсілін, қарқынын т.б. анықтау атқарылады. Екінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіштері адам мінез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлігінің ғана белсенділігін арттырып қоймай, ой, қиял, ес тәрізді көптеген психикалық процестердің басталуының сигналы болады, зейінді реттейді, сезімді туғызады. Екінші сигналдар (сөздер) көмегімен адамның бүкіл саналы әрекеті жүзеге асып реттелінеді. Екінші сигналдық байланыстар қимыл әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші роль атқарады.

 Сонымен, екінші сигналдық  байланыстар информацияның талдағыштан  қозғалыс учаскісіне жылжудың бағытын өзгертеді. Бұл информация өте күрделі жолдан өтеді. Қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкіл ми қыртысының жалпы жұмысының нәтижесі деп И.П.Павлов терең пікір айтты.

 И.П.Павлов және оның  шәкірттері басқа анализатолар  тәрізді қозғалыс анализаторлары  да, яғни ерікті қозғалыстар да  түрлі тітіркендіргіштерімен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл-қозғалыстың басталу белгісі. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарды реттестіреді. Қозғалыс анализаторының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан. осы жерде пирамида формасындағы  алып нерв клекалары бар. Бұл нерв талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.Қозғалыс анализаторларын құрайтын нерв талшықтарын жол деп атайды.

 И.П.Павлов: «Еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар принціпінің заңына орайлас түсіндіреді.

 И.П.Павлов ерікті -  адам белсенділігіне байлау болатын  кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшендік – «еркіндік инстинкті» деп те қарастырады. «Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса,- деп жазды. И.П.Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді». Ал адам үшін кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұнын да болуы мүмкін.              

 

 Ерікті әрекеттер мен  амалдар мәнісі мен құрылымы  жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал, бұл – мазмұны тұрғысынан өте күрделі психикалық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынандай сызбамен көрсетуге болады.

 Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандайда болмасын белгілі бір істі орындау өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл – алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін қажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдарымен әдіс амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық мамандықты өзгерту керек, не экскурсияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп оған қалайда жетуге әрекеттенеді. Бұл ерікті әректтің интелектуалдық кезеңі.

Нағыз ерікті әрекет адамның  алға қойған мақсатына жету үшін белгілі  тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да жауапты кезең. Шешімдердің бөліну теориясы.Ғылым бұл теорияның маңызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық электронды есептеу машиналарына ниеттеледі. Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердің дәрежесін зерттеуге де пайдалануда. Кейбір зерттеулердің пайымдауынша, шешімдердің бөліну теорисы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тияанақты шешіп отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бұл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда кеңінен қолданылады.

 Әрине, адам белгілі  шешім қабылдап, оны жүзеге асыру  жолдарын жоспсрлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейкесті мәселесі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезеңде кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а)мақсатына жете алмағанына қайғырады, бұл мінездегі ерікті әрекетінің көрінісі. ә)іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім билейді, ал борыштық сезімнің көбеюі – азаматтық сана. Дегенмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп бұл жердегі, ниет күресі адамның екі бағыттың қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды.

 Ерік – қайратының  күшеюі талпыну тек шешім қабылдау  барысында ғана емес, оны орындау  кезінде де әртүрлі ауытқу  мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін  адам өз мінезіндегі  бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.

 Адамның еркі сонымен  мақсат қоюдан басталады. Мәселен,  орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. оқушының бұл мақсаты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.

 Адам осылай өзінің  келешекте белгілі бағытта істейтін  ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы  – тілек немесе ниет деп  атайды. Тілек – келешекте істейтін  ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған. Дегемен осы секілді тілектерде еріктік амалға тән талғамалық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла,әдіс қарастырады. Соңғы жағдай ғана адамның тілегін, нақтылы кесімді түрге келтіреді.

Информация о работе Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі