Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:10, доклад
Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - қазақ тілінде «жан», «логос» - «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны – жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген.
Ерік бостандығын бір
жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенцализм
немесе «тіршілік философиясы» пайда
болды.
Қылық иесі – адам
қалыптасқан тағылым-
Бұл тұрғыдан Е.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұратын үшін жан пидалыққа дейін апарады.
Ғасырлар бойы ерік
ұғымын әртүрлі түсіген.
Адам ұғылы екі нәрсебірлән: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили (еріксіз болатын тілек) қайсысы кәсіби (еңбекпен табылған нәрсе) оны білмек керек.
Ішсем, жесем демектің басы – жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен деген тілек, бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым – бұлар – кәсіби. Көзбенен көріп құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.
Ол хабардың ұнамдысы
ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз
қалпыменен, әрнешік өз суретіменен
көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші
бағанағы бес нәрседен өткен
соң, оларды жайғастырып
Ол – жанның жибили қуаты дүр, бірі ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер пайда болып, жаман нәрседен көңілге жаман нәрсе пайда болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар әуелден кікене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-маз нәрсе болмаса, үлкен еш нәрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол – көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын – бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харакетке түсіген адамды ақылды дейміз.
«Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейі?» демек, «құдай тағала сені менен мені бірдей жаратып па?» демек – құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы. Бұл – ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі.
Оған құдай тағала көрме, естіпе, естіген көргенінді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен әуре бол да, ішіндегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ.
Кейбіреулер айтады: «Ақыл жибили болмаса да, талап – жибили. Талап берген адам ақылды тапты. Талабы жоқ кісі таба алмады» - дейді. О да бекер.
Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, жан қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдытса зорайады деп. Жан қуатыменен адам пайда қылған өнерлерді де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалатындығын және өзінің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер ал, мен жоғалдым деп, хабар беріп жоғалады. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат – бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып ішке салынған, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады. Онаң соң қайта кәсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болады, адамшылықтан шықты.
Біреуі орысша «повижной элемент» - аталады. Ол не нәрсе? Не көрдің, не есттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозған жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып, «Әй , әттеген-ай! Үйтуім екен, бүйтуім екен» деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның.
Біреуін орысша «сила притягательная однородного» - дейді. Ол – бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, кәзір соған ұқсағандары тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.
Үшіншісі, орысша «впечатлительность
сердца» - дейді, яғни жүректі
мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік,
салғырттық – бұл төрт
Әрнешік тән қуатыменен
сырттан тауып, сыртта
Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтерек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мапсап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
«Ненің қызығың көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» деген бұрынғы ғалымдар. Баз махфи олмая ол, мен айтқан үш қуаттың ішінде екеуі, яғни «сила притягательная однородного» бірлән «подвижной элемент»- бұл екеуі қосылып тұра тұрған нәрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі зарар да бұлардан шығады. Мансап суйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық,өтірікшілік, осыған ұқсаған маскүнемдікке тартып, құмар қылп, ақылдан шығарып жіберетұғын нәрселер осы екеуінен болады. Бұларды түбегейлеткенде жақсы нәрселерді түбегейлетіп, жаман нәрселерден, яғни айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып жіберетұғын нәрседен бойды ерте тыйып алуға керек.
Пайда, залалды айратұғын қуаттың аты ақыл еді ғой. Бір ақыл қуатбірлән мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат – екі мықты қуат қосылып тоқтатады. Ол екеуі кімде болса, бағанағы екі қуат мұнан салсаң онан шығатын бір жорға атпен тең.
Егерде бұл екі қуаттың екеуі де аз болса, бағанағы екі қуаттар – бр басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұрама, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма – құдай білсін, әйтеуір жолда көрген есті, ақылы дұрыс адамдар әлі де сұрамай да қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек жайылып, екі көзің аспанда, масқара болып кеткенің өлгеніңше.
Ертеден-ақ ерік табиғаты
жөнінде бір-біріне қарама-
Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің санамыздың нұқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің
идеалистік концепциясы
Материалистік ұғым – ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де нервтік ми процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың бейнелендіруі.
Ерік табиғаты жөніндегі материалистік көзқарасты баяндай және оны идеалистік көзқарасқа қарсы қоя отырып, Ф. Энгельс: «Еркідік табиғат заңдарына ой жоруындағы тәуелсіздікте емес, еркіндік сол заңдарды білуде және сол білудің негізіде табиғат заңдарын жоспарлы түрде белгілі мақсаттар үшін қызмет етуге көндіру мүмкіндігенде» - деп жазды және онан соң: «Олай болса, ерік еркідігі – істі жете біліп, қортынды жасай алуда, одан басқа еш нәрсе де емес» - деді.
Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.
Ерік табиғатын материалистік
түсіну әрекеттер мен
Интелектуалдық немесе
ассоциациялық теория. Бұл теорияны
жақтаушылардың және
Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оға алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады. Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.
Америка психологі
Джемс ерік адамда пайда
П.К.Анохин әрекет акцепторы
деген ұғымды ұсынды. Оның мәнісі
– нерв процестерінің сыртқы
оқиғалар барысынан оза
П.К.Анохин ұсынған ережелер мінез-құлықтың еріктік реттелуінің механизмі жөніндегі біздің түсініктерімізді тереңдетіп, кеңйте түседі. Творчествалық мүмкіндігі бар болғандықтан, нақты әрекеттің алдын алу механизмі адамда жануарларға қарағанда әлде қайда жақсы жетілген. Адамдағы ассоциациялар жүйесі аз ғана және шалғай тітіркендіргіш негізінде-ақ қалпына келтіріледі.
Психология тарихында
бихевиоризм деп аталатын
Информация о работе Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі