Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:26, реферат
Түйсік, ойлау, ес , қиял т.б. процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелеудің түрлі формалар екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екені бізге белгілі. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл – күйін білдіріп отырады.
Мектеп – бала сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы түрде дамытып отыратын арнаулы орын. Мұғалімнің осы саладағы жүргізетін жұмыстарының кейбірі мына төмендегідей болмақ:
Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөз бен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіретін болсын. Өзі күйініп көрмеген адамның біреудің қайғысына ортақтаса алмайтыны сияқты, бала өзінің және айналасындағылардың табысына қуанып, сәтсіздігіне жаны күйзеліп отырмаса, сезім тәрбиесі өзінің пәрменділігін жояды. мәселен, баланы Отанды сүю сезіміне тәрбиелеу ісі оның жас төлді күту, бау – бақша жұмыстарына қатысу, пайдалы еңбекке қолғабыс тигізу сияқты нақтылы іс – әрекетімен ұштастырылып отырылуы тиіс.
Сынып, мектеп ұжымында берік орын алған салт – дәстүрлер бала эмоцияларын дамытып, тәрбиелеуде таптырмайтын құрал. А. С. Макаренко осындай дәстүрлердің зор тәрбиелік мәнін көре білген. «Дәстүрлер менің ұжымында өте көп еді, - деп жазды ол, - тіпті жүздеп санауға болатын. Мен олардың бәрін біле бермеуші ем, бірақ балалар білетін және балалар білгенде бір жерге жазылған түрінде емес, өздерінің бар сезімімен білетін. Осылайша істеу керек десетін. Ал неге олай істеу керек? Үлкендер осылайша істейді. Үлкендкрдің тәрбиесін, үлкендкрдің логикасын құрметтеу, олардың коммуна құру жөніндегі еңбегін құрметтеу және оның өкілдерінің құқтарын құриеттеу – ұжымның аса маңызды қасиеті болып табылады және олар дәстүр арқылы сақталып отырады. Мұндай дәстүрлер, балалардың тұрмысына ажар беріп, гүлдендіріп отырады. Осындай дәстүрлердің арқасында өмір сүріп, өздерінің ұжымдық ерекше заңымен тұратындығын сезеді, ол заңды мақтаныш етіп жақсартуға тырысады».
Бастауыш сыныптарда осы әдіс кең өріс алған жөн. Мәселен, бірінші сынып мұғалімдерінің әліппе кезеңін бітіргеннен болады. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш. Мұндай күнді олар жақсы оқу, үлгілі тәрпіппен қарсы алуға тырысатыны сөзсіз.
Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі – балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффекттерін тежей білуге дағдыландыру. Бұл көп жаттығуларды, машықтануды қажет етеді. Мұғалім арнаулы жаттығулар арқылы баланың оғаш мінезін де, сылбыр эмоциясын да қалыпқа келтіре алады.
Оқушылардың жоғары сезімдерін тәрбиелеу ісі оның дүниетанымы мен сенімін, жеке басын қалыптастыру ісімен қосарластыра жүргізілуі тиіс. Өйтпеген жағдайда мұғалімнің осы саладағы әрекеті пәрменді болмауы керек.
Бала сезімін