Эмоциялар мен сезімдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:26, реферат

Описание работы

Түйсік, ойлау, ес , қиял т.б. процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелеудің түрлі формалар екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екені бізге белгілі. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл – күйін білдіріп отырады.

Работа содержит 1 файл

Эмоциялар мен сезімдер.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

Сезімнің осы түрлері  оқу процесінде, ғылыми – зерттеу  жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін  жаңалықтар ойлап табуға пайда болады.

Мұғалімнің  басты міндетінің бірі – оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір  мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. «Оқу инемен құдық  қазғандай », ол оңайлықпен қолға  түспейді. Оған жән – тәніңмен берілмесең тиянақты еңбек етіп, қатты зейін қоймасаң болмайды. Оны үнемі толықтырып отыру да қажет. «Адамның көңілі шын мейірленсе, - дейді Абай, - білім – ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». Жүрдім – бардым үйренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді. Интеллектік сезімдер адамның сана – сезімінен орын алса, кісінің шындықты аша түсуге құмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.

Адамдардың  сезім саласындағы айырмышылықтары  түрліше болып келеді. Семья тәрбиесіне, тұрмыс – жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктеріне, білім қорына, өзін – өзі тәрбиелеу  дәрежесіне, жас ерекшелігіне т.б. қарай  адамдарда эмоциялар мен сезімдердің сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жайдары, шат адамдармен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, немесе өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз, болар – болмас бірдеңеден асып – сасып, жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.

Психология  сезім саласындағы мұндай шексіз жеке ерекшеліктерді тере бермей,адамдарда  типтік ерекшелік  ретінде қалыптаса бастаған сезім түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдардың сезімдерді, өзінің бағыты, тереңділігі, тұрақтылығы, әсерлілі тәрізді жағымды сапаларымен құнды болмақ.

 

          Эмоциялар мен сезімдердің дамуы және қалыптасуы.

Балалардын  қарапайым эмоциялары туған күнінен  бастап – ақ көрінеді. Бала есейген  сайын эмоцияялар біриіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар  бала қол – аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған.  Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт – бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді.

Төрт жасқа  аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп : «сен сұлусың », - дейді. Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суреттерді ұнатады; шешесіне: « терезені жаппай тұра  тұр, күн қандай сұлу», - деп оның батуың тамашалайды. Бала сапанға қарап :  «мынау одан да әдемі!» - дейді. Әрине, осы көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын ғана тамашалайды. Алғашқы кездегі эмоциялар органикалық қажеттің (тамақ, ұйқы т.б.) төңірегінен алысқа бара алмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе, ерік – жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.

Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде  тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те  жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез – келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін өқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.

 

Сыныбы жоғарылап, есейген  сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік –  жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, қған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.

Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Мектепке баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы  көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте – бірте күрделене түседі, олар кқңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Отанды, туған елінсүю сезімдері көріне бастайды. Осындай сезімдерді тіпті бірінші  сынып оқушысынан да байқауға болады. Мәселен, оқушылардың «Мен Қазақстанда тұрамын», «Біздің бәріміз де Қазақстанда тұрамыз», деген шағын пікірлерінің өзінен де осы іспеттес сезімдердің ірге тасы қалана бастағанын көруге болады. Бала сыныптан сыныпқа көшкен сайын моральдық сезімдерінің шеңбері кеңи түседі. Мәселен, жер жүзіндегі кейбір елдердің еңбек адамдарының халіне күйзелетінін, олардың ортақ мүддесі бір екенін аңғара алады. Бұдан былай балалардың Отан, ұжымдық туралы түсініктері белгілі мәнге ие бола бастайды. Мәселен, төртінші сынып оқушысына «интернационализм» деген сөзге қалай түсінесің десең, ол: «Бұл барлық ұлттардың бірдейлігі, біздің сыныпта оқитын қазақ, орыс, украин, еврей балалары бір – бірімен өте тату тұрады», - деп жауап берген. Екінші бір оқушыдан: «Ұлттық мақтаныш дегенді қалай түсінесің?» - деп сұрағанда, ол: «Бізде жоқ емес зат жоқ, бізде қорғасын да, темір де, көмір де, нан да, ет те мол. Шетелдердің бірде – біреуінде мұндай емес. Біз соған мақтанамыз», - дейді. Осы жауаптар төртінші сынып оқушыларында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасып қалғанына жақсы дәлел бола алады. Осы жастағы балалардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға (мектеп алаңын көгалдандыру, темір – тесек, ескі – құсқы қағаз жинау, балалар бақшасын шефке алу т.б.) белсене қатысуы да моральдық сезімдердің жақсы нышаны екені белгілі.

Ұжым өмірі балаларда  борыш, жауапкершілік, ар – ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені ұжым мүддесіне бағындыра  алу – ең тамаша қасиет. Балаларды  осындай борыштық, жауапкершілік  сезімге баулу да мұғалімнің басты  міндетінің бірі. Оқушылар қоғамдық тапсырманы бүкіл сыныптың оған сеніп тапсырған жұмысы деп есептейді де, мұқият орындап отыруды өзіне мақсат етеді және зор мақтаныш тұтады.

Төменгі сынып оқушыларында ұялу сезімдері де онан сайын жетіле түседі. Ұялу – баланы жағымсыз іс –  әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы ұялу деуге болмайды.  Бұл  – баланың танымайтын адамға тосымауы, немесе осы жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте – бірте сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін паңдық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады.

«Жақсы», «жаман» деген  сөздердің мәнін айыра бастауы  балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Мәселен, таза жүріп – тұруға дағдыланған кейбір балалар ойнап жүріп үсті – басы былғанып қалса, бұған қатты қынжылады, ол, әсіресе, әке – шешесінен қатты қысылады. Мұндайда оған жақтырмаған пішін көрсету не зілсіз ескертпе жасаған абзал. Бұл онда ұялу сезімінің беки түсуіне себепші болады.

Мектепке түскен баланың  ұялу сезімі жаңа мазмұнға түсіп, күрделенеді. Енді бала өзінің түрлі ағат істеріне бүкіл ұжым алдында жауап беретінін, мұнын оңай нәрсе еместігін аңғаратын болады. Тәжірибелі ұстаз баланың ұялу сезімін аса сабырлылықпен ескеріп отырады, өйткені туысынан жүйке жүйесі әлсіз, босаң балалардың ұялу сезімін елемесе, қиын халге ұшырайды. Әсіресе, не болса соған ұяла беретін балалардың психологиясына мұғалім байсалдылылықпен қарауы қажет.

 Баланы ұялта беру  де дұрыс емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Мұғалім баланың ұялу сеніміне асқан сақтықпен қарауға тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап, ұялту қате. Бала өзінің жағымсыз іс – әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртіпті бұзғанын айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Кейбір мұғалімдер баланың ағат істерінің шығу төркінін текскрмей – ақ, оны ұялта бастайды. Сондай – ақ, баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатын болады. Мұндай «әдістің» екеуі де дұрыс емес.

Бастауыш сынып оқушыларынан достық, жолдастық сезімдердің нышандарын байқауға болады. Бұларды шын мәніндегі  тұрақты дос деп айту да қиын. Бірінші, екінші сыныптағылар үшін оған ұнаған баланың бәрі «дос» болып көрінеді, өйткені, не үшін дос болатындарын аңғара алмайды. Осы кезде олар «достарын» жиі алмастырып отырады, бүгін бір баламен дос болса, ертең  екінші бір баламен достасады. Мұндай достық ойын үстінде ерекше қызады. Оқу әрекетіне байланысты достық бұл кезде көзге көріне қоймайды. Төменгі сынып оқушысының түсінігінде, достық ұғымының өрісі өте тар. Мәселен, оларға : «досың бар ма, кіммен доссың?» десе: «Менің досым Асан жақсы бала, ол менімен төбелеспейді, жаман сөз айтпайды, менің айтқанымның бәрін істейді, менен ештеңесін аямайды, ылғи да бірге ойнаймыз», - дейді. Егер «досы» ренжітетін болса, кінәнің көбін соған аудара салады, жолдасының алдында өзін жауаптымын деп сезінбейді.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларында жолдастық, достық қарым – қатынастары  тереңдей түседі. Бұл кезде олар моральдық мінез – құлықтың нормаларынан біраз хабардар болады, кейбіреулерін  іс – жүзінде орындай алуға  қабілеті жетеді. Осы кезеңде балада қызығулардың түрі кең өріс ала бастайды. Бұл оның достық жолдастық сезімдерін белгілейтін мотивтердің бірі болып есептелінеді. Мәселен, кітап оқуды ұнататын екі бала бір – бірімен достасады, бірінің оқығанын екіншісіне айтады, өзінде жоқ кітаптарды бірі екіншісінен алып тұрады, бңрге жүріп, бірге ойнағанды, да тәуір көреді. Өзінің жолдасына пайдалы іс істеу жағын ойластыру, досқа қамқорлық жасау, оның ащы – тұщысына ортақтасу – осы кезеңдегі балалардың  психологиясынан жақсы көрінеді.

Бастауыш мектеп оқушыларының моральдық түсініктері олардың мінез – құлық нормаларын орындай білуімен сәйкес келе бермейді. Моральдық ұғымдарға түсінгенмен, қай жерде қалай қолданатындарын біле қоймайды. Сондықтан мұғалім моральдық түсініктерін практикамен байланысу жағына көңіл бөліп, оқушыларды осыған үнемі жаттықтырып отырған жөн.

Төменгі сынып оқушыларында интеллектік сезімдер де байқалады. Алғашқы кезде мұндай сезімдер оқу  процесінің мазмұнынан оқшауырақ тұрады. Бірақ бала біртіндеп өзінің оқудағы  міндетін түсіне, оның нәтижесін көре бастаған кезде, оқуға қызығушылық пайда бола бастайды. Бір сабақты басқасынан жақсы көріп, көбірек қызығып оқиды да, мұндағы өзінің табысына рақаттанады. Бұл ондағы интеллектік сезімнің нышаны. Интелектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырмаса, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін. Мұғалім осы жайды әр кез есәнде қатты ұстауы қажет.

Сабақ үстінде, сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың да, қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамытатын мүмкіндіктер бізде мол. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрациялар, музейлерге, экскурсияларға апару, табиғатқа байқау жүргізу, кинотеатрларға бару, көркем әдебиет кітаптарын оқу, радио тыңдау, телевизор көру т.б. төменгі сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуде таптырмайтын әдістер. Мұғалім балалардың көркем әдебиеттерді, музыкалық шығармаларды қабылдауы әлде де нашар екендігін, көркемдік мәнін түсіне қоймайтындығын сезісімен оны болдырмаудың тәсілін ескеруі тиіс. Мәселен, бірінші сынып оқушылары жеке заттардың әдемілігіне көңіл аударады да,, композициясына, яғни суретші осы шығармасында  нені көрсеткісі келгеніне зейңн айдарады.  Жеті – сегіз жастағы балалар музыкалық әуендер мен дыбыс үйлесімдеріне көңіл бөле бастайды. Өлең, ән – күй сабақтарында мұғалім оқушылардың есту қабілетін, музыкалық сезімталдығын кеңейтіп отыратын болса, бала әнді ырғағына, нақышына келтіріп дұрыс айтуға дағдыланады, музыканы тыңдай білуге машықтанады.

Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуға сурет сабағына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланған дұрыс. Бала құбылыстар мен заттардың өзіне тән типтік белгілерін : пішінін, пропорциясын, көлемін, түсін, нендей материалдан істелгенін білу арқылы өмір әсемдігін көре біледі. Мұғалім түстердің бір – біріне үйлесімді келуінің қандай маңызы бар екендігін түсіндіргенде (мәселен, жасыл жарық түсті қызыл түспен араластыру адамның көңілін сергітеді, қара мен күлгіннің қосындысы керісінше, көңілсіздік туғызатынын) түрлі түсті суреттерден, балалардың киімдерін, сынып әшекейінен мысалдар келтіріп отыруына болады.

Эстетикалық сезімдерді дамытуда табиғаттану сабақтарының, алатын орны да зор. Бала табиғат құбылыстарын өнер туындыларымен танысу кезінде байқайтын болса,оның танымы кеңейе түседі. Мәселен, музыка тыңдау, сурет галереясына бару, көркем әңгіме мен өлең оқып, осыдан кейін табиғатқа экскурсия жасаса, бұл баланың эстетикалық сезімін қай жағынан болса да дамыта түседі. Өмірдегі көркем заттар табиғаттағы әсемдікті сезіне білуге әсер етсе, табиғат өз тарапынан өнер шығармаларын көре, түсіне, тыңдай білуге қолайлы жағдай туғызады.

Балалардың эстетикалық  талғамын иек осы айтылғандар ғана туғызып қоймайды. Оны тудыратын себептер сан алуан. Мәселен,адамның қолынан істеліп шыққан әдемі нәрселер де, еңбек романтикасы да, еңбек адамдарының ерлік істері де эстетикалық сезімдерді тудырып отыратын қуатты факторлар болып есептелінеді. Жер бетіндегі байлықты, әсемдік атаулыны жасайтын - адам. Адам араласпай бұлардың бірде – біреуі әсем де сұлу да бола алмайды. Сондықтан да эстетикалық сезімдердің басты бұлағы адамдар екенін балалар жақсы ұғатындай болсын.

Информация о работе Эмоциялар мен сезімдер