Эмоциялар мен сезімдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 17:26, реферат

Описание работы

Түйсік, ойлау, ес , қиял т.б. процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелеудің түрлі формалар екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екені бізге белгілі. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл – күйін білдіріп отырады.

Работа содержит 1 файл

Эмоциялар мен сезімдер.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

Эмоциялар мен  сезімдер.

                          

                                     Эмоция мен сезім туралы түсінік.

Түйсік, ойлау, ес , қиял т.б. процестердің әрқайсысы  сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелеудің түрлі формалар екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екені бізге белгілі. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл – күйін білдіріп отырады.

Сыртқы дүние  заттары мен құбылыстарының адамның  қажеттеріне сәйкес келу – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестердің түрін саезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.

Сезімдер –  өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым – қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи – әлеуметтік сипатта  болады. Демек, адамның өмірі қоғамға  байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді  эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік,  бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей билогиялық сипаттағы құбылыс., бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Сезімдер мен  эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері  бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін  – қарама – өарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне – бірі қарама – қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп – қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің үшінші бір ерешелігі – жігерлену  және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қрама –  қарсы сапаларының бірі. Мәселен , студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық  күш – жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осфлайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда баййқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін масасыздану кезеңі дейді. Оның күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне да нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы  да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, онық жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әртүрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез – құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Сезімдер мен  эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.

Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан – тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.

Эмоцияларды бірнеше  топқа жіктеуге болады. Олардың бір  тобы жағымды не ұнамды эмоциялар  деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш,сүйіспеншілік, көңіл – қоштық т.б. Осындай эмоцияларлардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді әрекетке азды – көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу – өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді.

Осы айтылған эмоциялардың барлығы ортақ басты бір ерешелкік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып тоыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің  ерте кездегі ата – бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алаған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс – тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығуының тарихы бар. Жоғарыда келтірілілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, содан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сиымсыз сипат. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар біртабан жақын тұрады. Адамдардығ сана – сезімі өскен сайын оның қимыл –қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамдар дем алу, қан айналым органдарына өзгерістер түсіретітін, бет – әлпетімен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясымен тембріне, дикциясымен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары бояулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні күбіртіктейді, аузын кеберсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып – шып шығады. Тіпті орыннан қозғалады, сөйлей алмай, даусы шыққпй қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры – үрейі ұшу т.б. эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әртүрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.

                                  

                                       Күрделі эмоциялар.

 Күрделі  эмоциялардың бірі – көңіл.  Кейпіне қарап адамдарды шат,  жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбін кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты блып жатса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке – жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір – тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптеп айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат – шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәрсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын өоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңғы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңіден азады» деген мақалдар тегіннен – тегін айтылмаған. Ерік – жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік – жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болуы керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардың өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу – мұғалім үшін аса қажетті сипат.  Төменгі сынып оқушыларының мұғалімінің қасы –ен қабағына қарап отыратыны белгілі. Гер мұғалім көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.

Эмоцияның бір  түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз  қысқа уақытқа созылса да, бүрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның  түрі. Аффекттер кейде адамның  бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі  қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайынды өтеді. (мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.) М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:

 

«Орынсыз жан таласып кейде бекер,

Жұламын тимұрынды қолым жетер...

Сонан соң әлім кетіп жерге құлап,

Еңіреп егіл – тегіл, жаттым сұлап.

Кеміріп жердің дымқыл топырағын,

Шықтай қып  жерге төктім жасты – ай бұлақ».

Аффект кезінде  адамның «есі шығып » кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді  адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл – адамның өзін меңгере аламауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. ерік – жүгері күшті адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. « Ар -  сі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле бермек » деп Абай дұрыс айтқан.

Дені сау  адамдардың аффектісінен психикасы  ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық  асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік орны рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.

Құмарлық –  адамның ойы мен әрекетінің негізгі  бағытына із қалдыратын күшті, терң, тұрақты  эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттіліктуғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол » , - деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психиологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин « Сараң сері» драмасында Альберттің образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның «құмарлығын» былайша суреттейді:

«Е, менің әкем үшін ақша малай да емес, дос та емес,

Бас иетін қожасы, өзі  қызмет етеді,

Еткенде қандай десеңші!

Алжирдің нағыз құлындай,

Шыншырлаулы төбеттей!

Иттің суық жатағында тұрады.

Қорегі оның қара су мен  кепкен нан,

Көз ілмейді түн бойы, жүгірңдң арсылдап,

Ал алтыны жатыр сандықтарда  мызғымай ».

 

                                      Жоғары сезімдер.

Жоғары сезімдер адамға тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез – құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.

Адамгершілік немесе имандылық  сезімдердің мазмұны да, құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір – біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана – сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т,б, жатады. Ар – намысты қорғау – адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, әжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау – адамның тек өз басын қадір тұтқаннан туындамайды. Ар – намысты қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар – ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық – екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша – кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай... ұйқыдан, тамақта қалатыны да болады». К. Маркс қятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі – надандықтан туатын, екіншісі – жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер – қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят ақыл – парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады.  Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айылын жимаса, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары мен ұяты ақылынының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата – ананың жақсы сөзі мен іс – әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс – әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен ар – намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, онда ожданы көтермей, қатты қиналады да, бұларды орындай алса, оған жақсы рақаттанып, масаттанатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.

Жоғары сезімдердің екінші бір түрі – эстетикалық сезімдер.

Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу,сымбатты,өмірге үйлесімді,әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы,көркем – өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, керексіз нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді » (М. Жұмабаев). Эстетикалық сезімдер, сондай – ақ , сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, - дейді әл – Фараби, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету ».  Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында С. Торайғыров былайша сипаттайды: «Халықтың арғы -  бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң – мұқтаждарын зарлап, кем – тетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы – жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті айналары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта – шұрт қол шапалақтасып ... тарқайды » .

 Осы үзіндіде ақын  жақсы ән мен тәтті күйдің  қандай тас көңілді болса да  жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны,  көзден жас ағызатыны, бойды  балқытатыны т.б. адам психологиясын  нұрландырып, байытатындығын, адамды ләззатқа бөлейтінін айтып отыр.

Эстетикалық сезімдердің  мазмұнын да қоғамдақ – әлеуметтік жағдайлар билейді. Н. Г. Чернышевский мұны төмендегідей әсерлі сөздермен  жақсы түсіндірген: орыс шаруасы  өзінің жұмыстан пайда болған күсті қолын, жуан білегін, мығым денесін, кең жауырынын мақтан етсе, дворян бикештері өздерінің сыңқылдап наздануын, ақ саусағы мен бұраң белін, қиылған қасы мен оймақтай аузын, ерекше нәзіктігін, еңбекті сүймейтіндігін мақтан етеді. Н. Г. Чернышевскийдің айтып отырған сұлулық жөніндегі пікірлері қарама – қарсы екі таптың өмірге көзқарасы. Сөйтіп, өмірдегі сұлулықты, көркемдікті барлық адам бірқалыпты сезінбей, әркім өзінің таптық тегіне, тарихи дәуірге, нақтылы тарихи жағдайға сәйкес сезінеді.

 Жоғары сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интеллектік сезімдер. адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция ықтималдық, жаңашылдық, болжау және т.б. сезімдер жатады.

Информация о работе Эмоциялар мен сезімдер