Инженерлік психология

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 13:25, реферат

Описание работы

Инженерлік кәсіп - негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіптер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты біртектес кәсіптердің өзі, әр-алуан білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы - инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық - кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді.

Содержание

Кіріспе 2
Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні 2
Инженер-техникалық интелегенцияның өзіндік ерекшелігі 5
Инженерлік шығармашылық 6
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Работа содержит 1 файл

Копия титулка.doc

— 109.00 Кб (Скачать)

   Педагогтық әдеп – кез-келген жағдайларда балалармен жұмыс істеудің мейлінше дұрыс тәсілдерін таба білу болғандықтан, ол "тактика" деген сөзбен білдірілетін ұғымға жақындайды. Педагогтық әдеп, егер оның мәніне қысқаша анықтама беруге тырысып көрсек,үш нәрсені: мұғалімнің терең түсінігін, сезімтал қарым-қатынасын және жоғары талапшылдығын білдіреді. Ал нақты айтсақ, бұл - балалармен дұрыс қарым-қатынаста бола білу, ілтипаттылық, сыпайылық көрсету, оқушыларға тіл қатқанда дұрыс дауыс ырғағын таба білу, оларға ақылға сиымды талаптар қоя білу, балалардың бойындағы адамдық қадір-қасиеттерді құрметтей білу. Мінез-құлықтың икемділігі, жұмыс жағдайларына бейімделе білу қабілеті –мұғалімдік педагогтық әдептің бар екендігін көрсетеді.

   А.С.Макаренко бірде ешқандай іс адамнан мұғалімнің жұмысындағыдай тез икемделуді қажет етпейтінін әділ атап көрсеткен болатын. Мұғалімнің әрбір сөзі, оның әрбір көзқарасы мен қылығы, оның тәрбиеленушілермен күрделі де бұралаңы мол өзара қарым-қатынастары өзінің барлық кезеңдері мен түрлерінде педагогтық этиканың биік талаптарына, мұғалімнің мінез-құлқының нормалары мен ережелері сияқты компонентіне сай болуға тиіс.

   Мұғалімнің мінез-құлқының эстетикасы – оның оқушыларға ойдағыдай ықпал жасауының шешуші факторларының бірі. Мұғалімдер мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастарда тәрбиеленушілер мен тәрбиелеушілердің жан-дүниесін біріктіріп, туыстыратын, көзге көрінбейтін әсемдік сезімі де, тартымдылық та орнуы тиіс.

   Әрбір мұғалімнің өзінің кәсіптік білімінде, қызметінде беделді педагог болуға ұмтылуға тиіс, себебі балалар үшін идея жеке адаммен біртұтас, деп атап көрсетті Н.К.Крупская. Яғни мұғалімнің әрбір жағымды қасиеттерінің кәсіптік маңызы бар. Жақсы мұғалім – ең алдымен жақсы адам болуы керек. Сондықтан маңызды кәсіптік міндет – оқушылардың арасында құрметті, беделді болу.

   Мұғалім этикасының негізгі компонентерін мынадай түрде беруге болады: мұғалім еңбегінің әлеуметтік функциялары; идеологиялық қызметінің адамгершілік мазмұны; мұғалімнің жеке басының кәсіптік міндеттері мейлінше жақсы атқаруды қамтамасыз ететін моральдық қасиеттері; мұғалімнің жеке басының ерекшелігін психологиялық жағынан ұйымдастыру; мұғалімнің кәсіптік қарулануы; педагогикалық процестегі мұғалімнің өзара қарым-қатынасының сипаты; мұғалім мінез-құлқының нормалары мен ережелері; жасы, жынысы, мамандығы, семья жағдайы және т.б.

   Мұндағы алғашқы екі компонент мұғалімнің кәсіптік еңбегінің өзін, оның еңбегінің адамгершілік аспектісін сипаттайды, ал қалғандары мұғалімнің өз жеке басына бағытталған.

   Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі – жете ұғынылған және жеке адам басқаратын өзін-өзі дамыту болса, мұндай қоғамның талаптарына адамның өзінің мақсат мүдделеріне сәйкес өздері жобалаған күш-жігер мен қабілеттер қалыптасатын болса ғана нәтижелі болмақ. Мұғалім үшін сыртқы келбет ұзақ жылдар бойы қартаймау қабілеті қажет, оның үстіне бұған кәсіптік жағынан қарулану, педагогикалық шеберлік қосылып жатса құба-құп. Сонымен бірге мұғалім жұмысындағы артистизмге оқушылардың алдында өзін ұстай білуі туралы айта кеткен жөн. Осы шеберліктердің бәрі мұғалімнің жеке басы мен қызметінде оның этикалық әсерлілігіне жағымды көңіл күйіне қосылып жатуы керек.

     Бұл жөнінде А.С.Макаренко былай деген:

"Сергек  көңіл....мен бұл қасиетті жоғары бағалаймын. Үнемі сергек жүру,бет әлпеттің ешқашан тұжыраңқы болмауы, әрекетке үнемі дайын тұру, шат-шадыман, нақтылап айтқанда сергек, ширақ қуанышты көңіл күйде жүру керек." Ал тұнжырап жүретін, селсоқ мұғалімдерді ол сынға алып, "жылуы жоқ" деп оларға қарсы болды.

   Педагогикалық оптимизм проблемаларын сөз еткенде мұғалімнің киім-киісін айта кеткенде жөн. Бұл әрине сыртқы фактор және оның қажеттілігі маңызды болмауы мүмкін, бірақ мұғалім жұмысына тәрбиелік мәні болуы мүмкін. Себебі, сыртқы келбет –бұл өзіңнің айналаңдағыларға құрмет көрсету болып табылады. Мұғалімнің кәсіптік қарулануына қатысты мұғалім этикасының келесі компоненті-педагогикалық ізденіс, яғни өзін-өзі жетілдіру программасын қамтиды. Өзін-өзі жетілдірудің мейлінше маңызды мәселелері мұғалімнің өзімен жүргізілетін жұмысының жеке жоспарына бейнеленуі тиіс.

   Мұғалімнің кәсіптік қарулануын жетілдіру туралы айта отырып, "сөз дарыны" сияқты маңызды мәселені атап кетуге болмайды. Мұғалімге ең болмағанда сөйлеу мәдениетіне қойылар талаптарды: тыныс алуды реттеу, дауысты жолға қою, анық сөйлеуді, лексика байлығын, орфография нормаларын әдеби жағына сөзді дұрыс айтуды, сондай-ақ сөздің эмоциялық әсерлігін қалыптастыру қажеттілігі туралы білу керек.

   Біртұтас педагогикалық процесте мұғалім араласатын адамгершілік қатынастар сан құрлы әрі мынандай негізгі паралельдерде кездеседі: мұғалім-оқушылар; мұғалім-оқушылардың ата-аналары, мұғалім - мұғалім, мұғалім - мектеп әкімшілігі, мұғалім-жұртшылық. Бұлардың әрқайсынының өзіне пән ерекшеліктері бар, бірақ барлығы жалпы моральдық принциптерге бағынады.

   Мұғалімнің балаларға деген сүйіспеншілігі бір немесе бірнеше балаға деген сүйіспеншілік емес, әрқайсынына деген ерекше сүйіспеншілік. Оның ерекшелігі өсіп келе жатқан баланы дамытуға жәрдемдесетін, педагогикалық бағыттылық. Ол балалардың бойында жауап сезімді, балалардың жан дүниесінде сезімталдықты, қамқоршылдықты, адамшылдықты тудырады.

   Қазіргі мұғалім саясаттан тыс болуы мүмкін емес. Олай деуге негіз, ұлттық-саяси тұрғыдан оның қателік жіберуге ешқандай қақысы жоқ. Сол себепті де ол педагогикалық жоғары оқу орнында қалыптасқан дүниетанымдық көзқарасын тұрақтандырып, одан әрі жетілдіріп отыруы тиіс. Өйткені білім берудің әлі түпкілікті ұлттық бағдары нақтыланбай тұрғанда Қазақстан үшін нақтылықпен шығармашылық жұмыс істей алатын білікті де қабілетті мұғалімдер ауадай қажет. Ал азаматтық және кәсіби бағдарды таңдау көп ұлтты Қазақстан қоғамына сай жүйеленіп, жоғары ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан бағдарланса, көмегі көп болатыны даусыз.

      Этнопедагогиканың мәні ұлттың дамуы мен қалыптасуының нақты проблемаларын шешуге бейім озық педагогиканың этникалық үлгілерін құрайтын арнайы білімдерден және практикалық ұсыныстардан тұрады. Мұнда халықтың педагогикалық мәдениеттіліктің маңызы үлкен мәнге ие. Олай дейтініміз, халықтың педагогика дәстүрі мен оның мазмұнын одан әрі байыптап. Тереңдетуге, сонымен қатар жазылған не жазылмаған заң-ережелерін бұлжытпай сақтауға үйретуіміз керек. Оның өзектілігі сол, біз бастан кешіріп отырған әлеуметтік және саяси жағдайлардың объективті себеп-салдары. Оқушыларды тәрбиелеу үрдісіндегі көп жоспарлы міндеттерді ойдағыдай орындау, оның ішінде олардың этномәдени білімін қанағаттандыру негізінен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің даярлығына тікелей қатысты. Осыған байланысты педагогикалық білім беру болып табылатын күрделі жүйенің теориясы мен практикасын дамыту және одан әрі байыту талап етімді. Оның бірден-бір сара жолы –мұғалімнің кәсіби этнопедагогикалық қызметі. Мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеттілігі оның жоғары кәсіби педагогикалық деңгейін көрсетеді.

     Философия-педагогикалық  ойлар сансыз көптеген мәтіндерден, терең білім мен біліктіліктен  тұратындықтан, адамзат өркениетінің дамуының барлық кезеңінде өскелең  ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің көп жоспарлы міндеттерін ойдағыдай орындау, біріншіден, мұғалімнің жан-жақты даярлығы мен кәсіби шеберлігіне байланысты болады. Сондықтан, этнопедагогикалық мәдениеттілік педагог үшін теңдесі жоқ қасиет әрі таптырмайтын үрдіс. Бұл жөнінде  М.Вебер өз еңбектерінде жақсы айтқан. Болашақ мұғалім үшін жоғары оқу орындағы арнайы даярлық кезеңі жаттығу алаңы іспетті.

     Өйткені онда жас маман бастапқы шеберлігін жинақтап, шыңдайды, оны іс жүзінде  асыруға талпынады, бұдан оның өз халқына деген сүйіспеншілігі артады, өзге ұлттарға деген құрметі қалыптасады.

       Мұғалімнің кәсіби жеке тұлғалық этнопедагогикалық мәдениеттілігі өз-өзінен  пайда бола қалмайды. Ол педагогикалық бағыт-бағдардың, жоғары оқу орнында алған педагогикалық білігі мен кәсіби дәрежесінің негізінде орнығады. А.Н.Леоньтев бұл мәселе төңірегінде жүргізген зерттеулеріне сүйенсек қателеспіз.

      Қазіргі заман жағдайында мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің мәні күн санап өсіп келеді, өйткені этномәдениет пен этнопедагогиканың күрт өсуі қоғамның барлық әлеуметтік-саяси және рухани өмірінде өзінің рөлін арттыра түсуде. Мұғалім осы этнопедагогикалық мәдениеттілік арқасында этнопедагогика және этномәдениетке бейімделудің қабілеттері мен кең ауқымды мүмкіндіктеріне ие бола алады,оның қызықты мәліметтері мен ақпараттарының сақтаушысына айналады, ең бастысы-этнопедагогиканы өзі үйреніп қана қоймай, Қазақстан халықтарының этномәдениетін өскелең ұрпаққа жеткізуші тұлға дәрежесіне көтеріледі. Этнопедагогикалық білімдердің толық пісіп жетілмеген, этномәдениет пен этнопедагогиканың әлі жүйелене қоймаған қазіргі кезеңде оның негізінде орта және жоғарғы оқу орнында, отбасы тәрбиесінде, көпшілік ортасында т.б.жерлерде білім берудің маңызы ерекше.

     Сондықтан студенттердің этнопедагогикалық  даярлығының теориялық негіздерін жасауда, сондай-ақ болашақ мұғалімнің жеке тұлғалық этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруда мынадай жағдайлар ескерілуі қажет, әсіресе:

  - «сапа»  түсінігінің өзі философиялық  категория,ол обьекті не пәннің  өне бойындағы тұтас жиынтықтарының  көрінуі ықтимал;

  -«инженерлік»  дефинициясы, толығымен алғанда,  жиынтық қабілеті не адам іс  әрекетінің өнімі,яғни «этнопедагогикалық  инженерлік» - бұл қабілеттер  жиынтығы мен мұғалімнің жеке  этнопедагогикалық ісінің өнімі;

  - «этнопедагогикалық  инженерлік» категориясы өмірлік іс-әрекетінің бір сала - педагогикаға бағыштаған адамның жеке тұлғасын айқындауға лайық;

  - «этнопедагогикалық  инженерлік категориясы жеке  тұлғасы» байытылған көптеген  қасиеттері болып табылады, олар; а) этнопедагогика теориясы мен  практикасы аумағындағы білімі; ә) этнопедагогика мәдениетінің дүние танымдық дәрежесі; б) әсерлену (тезаурус) және иландыру (мотив) деңгейі қатынасы; в) арнайы дағдысы мен қабілеті;

     Этнопедагогикалық инженерлік кіріктірілген білім және әлеуметтік феномен ретінде оқушыларды этноинженерлікке даярлау үрдісінде – жоғары педагогикалық оқу орнында алған білімі мен білігін көп ұлтты қоғамның әлеуметтік өмірінде практикада пайдалана білуін қамтамасыз етеді.

  -«этнопедагогикалық  инженер» - мұғалімнің жеке кәсіби  сапасы ретінде өзекті де басты және қазіргі заманғы ереше үздік белгілерінің бірі болып табылады;

  -«этноинженерлік» - кәсіпкердің жеке кәсіби сапасы  ретінде өзекті де басты және  қазіргі заманғы ерекше үздік  байланыстардың бірі болып табылады.

  -«инженерлік  қызметкер» - қызметкердің тұлғалық құрылымының элементі ғана емес, оның кәсіби құрылыстық құрылымын байытудың және қалыптасудың ең қажет факторы;

  -«инженерлік  мәдениет» - бұл қызметтік іс-әрекеттерді  ойдағыдай орындаудың негізі  қаланған алғы шарты;

   Инженерлік құрылыс қызметкердің жеке тұлғалық қасиетін танытып қана қоймай, оның кәсіптік-әдістемелік жағынан одан әрі жеке жетіле түсуіне жағдай туғызады.

    Сонымен, инженерлік құрылыс болашақ  қызметкердің жеке іс-әрекеті  құрылымында қалыптаса бастайды. Оны жүзеге асыру үшін қажет басты мәселелер мыналар:

  -біріншіден, жеке тұлғаның психологиялық  даярлығы,оған қызметкердің жоғары  оқу орындарын бітірушілердің  қалай игергендігі және олардың  қызметкерлік қызметке жалпы  даярлығы кіреді. Сондықтан, қандай  жұмыста болсын, оның ішінде этнопедагогикада оны ойдағыдай орындаудың алғы шарты даярлық дәрежесіне байланысты екендігі белгілі.

       Бұл күнде ерекше орын алып отырған этнопедагогикаға оң көзқарасты ескере келе, мұғалім жұмысының маңызды бөліктері аспектісін оның психологиялық даярлығын айтуға тура келеді. Ендеше этнопедагогикалық іс-әрекеттің психологиялық даярлығын мақсатты білім беру тұрғысынан талдап қарап, оның мән-мазмұнын мына түрде көрсетуге болады:

а) этноинженерлік және этномәдениет мазмұны тапсырмаларын білу;

ә) бастауыш және орта мектептер жағдайында этноинженерлік үрдістерді ұйымдастыру негіздері  бойынша қажетті білімдердің  болуы;

- екіншіден,  қабілеттердің аса қатаң құрылымы (Ф.Н.Гоноболин, Н.Б.Кузьмина, В.Н.Крутецкий). Бұл этноинженерлік іс-әрекеттің табысты іске асуына әсерін тигізіп, психикалық үрдістердің ену ерекшеліктеріне ықпал етеді. Мұның нәтижесінде болашақ инженер жұмысты ұйымдастыру мен оны жүзеге асырудың тәсілдерін терең де тиянақты игеріп кете алады, атап айтқанда:

а) оқуды  ойша жоспарлау деңгейі; б) этноинженерлік жүйелі ойды іске асыру деңгейі; в) шешімді реттеу мен жеке түпкілікті орындау деңгейі.

- үшіншіден,  жеке тұлғалық, кәсіби бағдарлы, сапалы қасиеттерінің болуы, олар: кәсіптік білімі, ғылыми білімділігі,  жаңа технологияларды оқып білудің зердерлігі, табандылығы, қабілеттілігі, абырой-беделділігі, тіл табыса білуі, қарым-қатынасы, шығармашылығы, өзін-өзі ұстауы, көңіл күйі және тағы с.с.

Информация о работе Инженерлік психология