Инженерлік психология

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 13:25, реферат

Описание работы

Инженерлік кәсіп - негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіптер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты біртектес кәсіптердің өзі, әр-алуан білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы - инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық - кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді.

Содержание

Кіріспе 2
Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні 2
Инженер-техникалық интелегенцияның өзіндік ерекшелігі 5
Инженерлік шығармашылық 6
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Работа содержит 1 файл

Копия титулка.doc

— 109.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым  Министрлігі 
 
 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 

Тақырыбы: Инженерлік психология 
 
 

                  Орындаған: Тексерген: Баянгалиева Р.М. 
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   

Орал, 2011

 

ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

     Инженерлік  кәсіп - негізінен алғанда материалдық  өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық  және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіптер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты біртектес кәсіптердің өзі, әр-алуан  білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы - инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық - кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді.

Инженерлік  қызметтің қазіргі кездегі мәні

 

     Инженерлік  еңбекті мамандандыру - негізгі үш бағытта жүзеге асады:    

     Салалық мамандандыру (инженер-металург, тау-кен  инженері, мұнай, машина жасау өндірісінде, т.б. инженерлер). Бұл да кәсіп ішіндегі еңбек бөлінісіне қатысты. Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі - машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т.б.

     Еңбек операциясының мазмұны бойынша  мамандандыру. Бұл ақпараттық операциялар  (ғылыми-техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу), логикалық-ойлау операциялары (өндіріс процесінің жоспарын талдау, есептеу), ұйымдастырушылық операциялары (өндірісті ұйымдастыру, үйлестіру жүйесі, бақылау, т.б.). Инженер еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп,ерекше орын алуына орай инженер-зерттеуші, инженер-жобалаушы, инженер-конструктор, т.б. болып бөлінеді.

     Функционалдық мамандану (инженер-энергетик, химик, электроншы, т.б.) Бұл - өнеркәсіптің әр түрлі салаларында  өндірістің жалпы техникалық негіздерінің дамуымен байланысты (энергетика, электротехника, электроника,т.б.) ортақ негізді арқау еткен инженерлік мамандықтар пайда бола бастады. Бұған алуан түрлі өндірістерде пайдалануға болатын бір тектес механизмдерді, құралдарды, бөлшектерді пайдалануға жағдай тудыратын өндірісті автоматтандыру процессі себепкер болып отыр. Осы заманғы өнеркәсіп технологиясында ортақ элементтер барған сайын көбейе түсуде. Бұл процестер мамандықтарды біріктіруді, инженерлерді дайындау процессін ұлғайту қажеттігін туғызады. Екінші жағынан, ҒТП-те кері ағым қалыптасты,оған өнеркәсіп пен техникада жаңа салалардың пайда болуы мүмкіндік туғызады. XX ғасырдың 80–ші жылдарында халық шаруашылығында 600-ден астам инженер мамандығы,жүздеген инженерлік мамандандыру, өнеркәсіптің 400 саласы болған. Ал 1927 жылы академик С.Г.Струмилин құрастырған «Мамандық жіктемесі» деген анықтамада өнеркәсіптің 160 саласы мен 14 инженерлік мамандық белгіленген еді. Бүгінде ҚазҰТУ-де инженер кадрларын дайындау 74 мамандық бойынша жүргізілуде.

     Соңғы он жылдықта жобалаушы-конструкторлық  еңбекті компьютерлендіру, жобалауды автоматтандыру бағытында маңызды жұмыстар жасалады. Ғалымдар мен инженерлер жасаған жобалаудың автоматтандырылған жүйесі жаңа математикалық әдістерді кең қолдануға негізделген. Ол ақпаратты дайындау мен өңдеу сияқты техникалық объектілердің сандық сипатының рационалды вариантын таңдау мен құжаттарды өңдеу,т.б. процестерді белгілі бір дәрежеде автоматтандыруға мүмкіндік туғызады. Мұның барлығы жобалау мерзімін 2-3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдай - инженерлерді шығармашылық операциялармен молырақ айналасуға жағдай туғызады.

    Инженер-технолог - өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап, тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасап, технологиялық карталарды тексеріп, түзетулер еңгізеді және техникалық ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.

   Инженер-технолог өндіріс процессі барысында техника мен адамдардың өзара әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да көбінесе кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштері - олардың іс әрекетіне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылығы мен шығарылған өнім сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процестердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстарын өндірістерге енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртіпті тек технологтар ғана емес,сонымен бірге инженерлердің барлығы да сақтау тиіс.

   Инженер-пайдаланушы (эксплуатационщик) міндетіне техникалық объектілерді-машина, агрегат, құралдар, т.б. жөндеу мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол, техниканы дұрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Әрі техниканы терең меңгерген болуы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы қажет. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне (цех бастығына), ал техникалық білім мен практикалық тәжірибемен қатар, әлеуметтік-экономикалық білімді де игеруі керек.

   Инженер-экономисттің негізгі қызметі - өндірістік-шаруашылық іс-әрекетті талдау, нормативті нұсқауларды жасау, экономикалық есеп жүргізу. Инженер-экономисттердің жұмыс кезеңінің маңызды бөлігі - ұйымдастыру мәселелерін шешуге, өндірісшімен кеңесуге, жоспарлауға, техникалық құжаттарды жөндеуге арналады. Шын мәнінде экономист инженерлік мәселелерді шешпейді, бірақ ол өзінің жұмысының орындалуы үшін, техникалық мәселелер мен ҒТП нәтижелерін білуі керек. Бұл мамандық мәні бойынша, техникалық және гуманитарлық мамандық арасындағы «қосылыс» болып табылады. Нарыққа өту кезінде инженер-экономистерге сұраныс арта түседі, басқа салалардағы экономисттер сияқты оларға да сұраныс көп.

   Кейбір авторлар инженер қызметкерлер қатарына жоспарлаушы-экономисттерді, еңбек және еңбек ақы бойынша экономисттерді жатқызады, ал біздің көзқарасымыз бойынша, бұл инженер атағының дәлелсіз таралуы. Өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін экономисттер - «Еңбеккерлер жиынтығының» белгілі бір бөлігі болып табылатындықтан, бұлар техникалық маман бола алмайды.

   Зерттеуші-инженер – шығармашылық еңбекпен шұғылданады, ғылым мен өндіріс арасында делдал ретінде көрінеді. Олар жасайтын ғылыми-зерттеулер кәсіп орындардағы нақты мәселелердегі шешуге арналған өндірістердегі техника мен технологияның жаңаруына, еңбек өнімділігін жоғарлату мен еңбек сапасын арттыруға бағытталған. Инженерлік-зерттеулер - мамандар ұсынатын перспективалы техникалық идеялар негізін құрайды. Инженер-зерттеушілер кәсіпорындарының инновациялық іс-әрекетіне белсенді қатысып, үздік технологияны, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізеді. 

Инженер-техникалық интелегенцияның  өзіндік ерекшелігі 

 

     Бұрынғы Кеңес Одағында ғалымдар мен инженерлердің, ғылым мен өндірістің шығармашылық тұрғыда өзара бірігіп қызмет атқаруы, әртүрлі формада жүзеге асқан болатын. Зауыттың ғылым секторының құрамында орталық лабораториялар, арнайы және цехтардағы лабораториялар, конструкторлық бюро, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру бөлімдері болатын. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында өнеркәсіпте осындай ғылыми-техникалық ұйымдардың шамамен тоқсан мыңы қызмет еткен еді. Кейбір социологтардың пікірінше, қазіргі ірі зауыттардың қалыпты дамуы үшін, инженерлердің 5%-ының  тікелей зерттеу жұмыспен айналысуы қажет.

   Өнім өндіретін де, іргелі ұлттық ғылымның негізін қалайтындар да осы инженерлер. Жаңа техника мен технологиялар заманында елімізді өркениетті елдердің  қатарына қосатын да солар. Сондықтан да жерінің асты мен үсті байлыққа толы Қазақстан сияқты алып елге, білімді инженерлердің керек екені даусыз.

     Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты анықтайтын маңызды факторлардың бірі - басқару тәсілі.

     Ұжымда жақсы әлеуметтік–психологиялық климат қалыптастыруда басқару стилі ғана емес, ұжымдағы тұлғалар арасындағы ауызбірлік те өте маңызды. Жалпы қазіргі кездегі адамдардың психология тұрғысынан қарағандағы инженер-техникалық интелегенцияның өзіндік ерекшелігі - оның техникалық прогреске, техникаға тікелей немесе жанама қарым-қатынасы арқылы көрінетіні мәлім. Яғни, инженер: 1)жаңа техниканы жасауға, басқаруға тікелей қатысады; 2)машинаға қызмет көрсетуші адамдарға жетекшілік етеді; 3) еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға, шығаратын өнімнің сапасын жақсартуға, техниканы неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты-ғылыми, экономикалық, басқылау сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады. Инженерлік еңбек дегеніміз - техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерде жобалау, жасау, жетілдіру, іске қосу және басқару процестерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап-сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін, ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық  сипаттағы ерекше ақыл-ой еңбегі.

Инженерлік  шығармашылық

 

     Инженерлік  шығармашылық үшін қажетті алғышарттар  алуан түрлі жағдайларға байланысты бөгеттерге тап болатыны да рас. Сөйтіп, инженерлердің шығармашылық еңбекпен шынайы айналасуына мүмкіндік бола бермейді. Олардың белгілі бір бөлігінің субъективті сипаты бар және жалпы кәсіпорындардағы сияқты, ол инженерлік еңбекті ұйымдастыру кемшіліктеріне де байланысты. Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің барынша артып, экономикалық нәтижелерінің аумағы мен мәні жағынан маңызының күшеюі.

     Мәселен, бүгінгі таңда, нарық жағдайында біз отандық тауарларымыздың  шетелдік тауарлармен бәсекеде шеттеліп қалмай,өтімді болуына күш салудамыз. Әйтпесе, біздің ілгерілеуіміз мүмкін емес. Ол үшін шығарған өндірістік өнімдеріміз сапалы, шыдамды, әрі ыңғайлы болуы керек. Инженерлік еңбектің жауапкершілігі, осыдан туындайды. Инженерлік есепте, шешім қабылдауда кеткен қателік,орын толмас зиян шектіруі мүмкін.

     Психологиялық тұрғыдағы инженерлік қызметтің  күрделі құрылымы әр түрлі кәсіпте, мамандықта, лауазымда, білгірлік дәрежесіне сәйкес инженер санаттарының қалыптасуының  объективті алғышарты болып саналады. Бүгінгі заманда инженерлік қызметтің, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік-еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірінің тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамда инженерлік қызметті еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес.  

    Маман - бұл, белгілі бір ғылым саласында білімін шыңдап, өз ісін жақсы меңгеріп, қызмет жасайтын адам. Қазір әр түрлі мамандықтар саласында жұмыс істеп жүрген адамдар өте көп. Біздің тәуелсіз елімізді дамытып, өркендетуде бұл адамдардың қызметі аса қажет..

     Мамандықтың түрлері өте көп, мысалы ұстаз, дәрігер, экономист, құрылысшы, инженер және т.б.. Солардың бірі – мұғалім!

     "Ұстаздық еткен жалықпас,

     Үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық - ең қадірлі, ең асыл мамандық. Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге тәрбиеші де.

     Ян Амос Коменский  "мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті әрі тамашылығы соншалық, күн астында мұндай ешбір қызмет жоқ" деп атап көрсетеді. Ал қазақтың ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы өз халқының жарқын болашағы тек оны ағарту, оқыту, білім беру арқылы ғана болатынына деген терең сенімге толы.

   Алайда, нағыз тәжірибелі де білікті маман болу үшін педагогикалық нормалардың ережесін ұстану керек. Қолға алған кәсібін сапа жағынан тыңғылықты орындап, сол кәсіптің маманы болу үшін адамға бірнеше қабілеттің біріккен жиынтығы керек. Бұл әсіресе мұғалімдік мамандық үшін маңызды жайт. Ұстаздың бойында барлық жақсы қасиеттер, яғни, әдептілік, кішіпейілділік, ұстанымдылық, қамқорлық, сыйластық, мәдениеттілік және т.б. болуы тиіс.

    Этика, яғни әдептілік – мұғалімнің ең бір асыл қасиеті. Сабақ беруде, балалармен қарым-қатынас жасауда әдептіліктің сақталуы үлкен мәдениеттілікті көрсетеді.

   Педагогикалық этика мұғалімнің адамгершілік санасының даму заңдылықтарын, педагогикалық кәсіби қызмет жағдайында моральдің жалпы нормаларының көрініс беру ерекшеліктерін зерттейді. Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының сипатын анықтайды.

Информация о работе Инженерлік психология