Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 09:39, реферат
Жастардың ауытқитын мiнез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердiң маңызы қазiргi кезде өте зор, себебi, бiр жағынан алғанда қоғамдық тәртiптi бұзушылардың iшiнен жас ұрпақтың, әсiресе бiздiң қазiргi кездегi студенттерiмiздiң үлесi мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екiншi жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттiлiктердiң, қызығушылықтардың, мотивтердiң, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтедi. Осыдан барып жастардың девианттық мiнез-құлықты бастан кешiруi жастардың ортасындағы негативтi құбылыстардың болуымен байланысты болып келедi.
КIРIСПЕ
І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
1.2. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Девианттық мiнез құлықтың субъектiлерi ретiнде жекелеген индивидтер де болуы мүмкiн, сол сияқты әлеуметтiк топтар, бұқаралықтар мен әлеуметтiк институттар (еңбек коллективтерi, отбасы, мемлекеттiк органдар, ұйымдар және т.б.). Девианттық мiнез-құлық кейбiр iс-әрекеттiң формасы ретiнде (iс-әрекеттер жүйесi мен мiнез құлықтарында) және өмiр салттарында көрiнедi.
Девианттық мiнез-құлықтың индвидуалдық нормаларында ғылыми әдебиеттерде оларды келесi ұйғарымдарға кiргiзу қабылданған: негативтi ауытқу, нейтралды ауытқу, заң бұзушылық және моральды iс-әрекеттер, қылмыс пен деликт. Олардың логикалық субардинациясының тәртiбiн классификация түрiнде схемалық тәсiлмен көрсетуге болады. (Схема-2 /9/)
Схема-1.
Девианттық мiнез-құлықтың негiзгi түрлерi.
Девианттық мiнез-құлық |
Биморальдық мiнез-құлық | ||||
| ||||
Деструктивтi мiнез құлық |
Асоциалды мiнез-құлық | ||||
Құқықтық iс-әркеттер | ||||
Қылмыс |
Iшiмгерлiк, маскүнемдiк, нашақорлық, өзiн-өзi өлтiрушiлiк, жезөкшелік | ||
Зинақорлық, фанатизм, конформизм, мазохизм |
Схема-2.
Девианттық мiнез-құлық формаларын индивидуалдық класификациялау.
Девиация |
Позитивтi ауытқу | ||||||||||||
Нейтралды ауытқу | ||||||||||||
Негативтi ауытқу | ||||||||||||
Моральдық iс-әрекет | ||||||||||||
Заң бұзушылық | ||||||||||||
Деликт | ||||||||||||
Қылмыс |
Девиантты мiнез-құлықтың механизмiн қарастырғанда адамдардың сыртқы ортасы мен оның жеке сапалары, девианттық мiнез-құлықтың барлық сатыларында болатындығын еске ала отырып, келесiлердi бөлiп қарастырамыз: мотивацияның құрылуы, девианттық мiнез-құлықты жасағандығы туралы шешiм қабылдау, және қабылданған шешiмнiң орындалуы. Девианттық мiнез-құлықтың әр сатысында – девианттық мiнез-құлықты жасаған адам мен қоршаған ортасының өзара әрекетестiгiн назарымызға алып отырғанымыз жөн болады. Девианттық мiнез-құлықты жасау уақытында және ерте орта адамның әлеуметтiк мiнездемесiн анықтайды. Осы жағдайды бiр бiрiмен сәйкестендiру үшiн келесi жағдайларды қолданған дұрыс: жоғарғы материалдық деңгейдегi өмiр сүретiн азаматтардан кем өмiр сүрмеу мотивациясы қалыптасып қалған. Сонымен қатар адам келесi ұйғарымдардан шешiм қабылдауы мүмкiн: жоғары материалдық деңгейге жету үшiн адамдар заңды жолды таңдауы мүмкiн (заң факультеттi бiтiрiп, шет ел тiлдерiн оқу және жоғары табысты жұмыстарға орналасу), немесе қылмыстық жолға түсу (ұрлық, мәжбүрлеу және т.б.).
Маскүнем, наркоман, жезөкше, әртүрлі жыныстық жолмен жұққан аурулары бар девианттармен қалай жұмыс істеу керек? Гомосексуалистерді, жезөкшелерді және маскүнемдерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың нәтижесіз екені айдан анық. Олардың көпшілігі ауру адамдар, медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмекке мұқтаж.
Жалпы еңбекпен-түзету жүйелері (түрмелер, тергеу изоляторлары, және колониялар) түзету және сотталғандарды жазалауды көздейді. Дегенмен түрме адамды түзеудің орнына негізінен жазалайды.
Бас бостандығынан айыру орны гомосексуализмнің нағыз ошағы болып табылады, осы жерде девианттық мінез-құлық қалыптасады.
Девианттық мінез-құлық бастапқыда дәлелсіз болады. Жастар әдетте қоғамның талаптарына сәйкес болғысы келеді. Бұған олардың албырттығы, қоғамдағы өзінің әлеуметтік орнын жете білмеуі, әлеуметтік бейімделе алмауы, қайыршылық өмір, т.б. жағдайлар әсер етеді. Девианттық мінез-құлықтағы топтардың болуы заңға қайшы және адамгершілікке жат қылықтарды істеуіне жол ашады. Осындай істерді жасағанда олар ләззат алып, әлеуметтік бақылау тәсілдерінен тыс болады.
Әлеуметтік бақылаудың негізгі факторларына мыналар жатады:
1. Әлеуметтік бақылау әдістері мен құралдары девианттық мінез-құлықтың нақты түрлеріне бара-бар болуы тиіс. Әлеуметтік бақылаудың негізгі құралы қалыпты емес мінез-құлыққа бейім жандардың әртүрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталғаны жөн. Ғылыми, техникалық және басқа да шығармашылық түрлері осындай балама бола алады. Құқық бұзушылықтың алдын алуда осындай шаралардың тигізер пайдасы көп.
2. Репрессивті ықпал ету шараларын барынша қысқарту. Бас бостандығынан айыру тұлғаның әлеуметтік және құлықтық тоқырауына ұшыратады. Сондықтан мұны мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдану керек.
3. Әлеуметтік қолдау көрсетудің өте икемді түрін қолданған жөн. Бұрын қолданылып жүрген «өзіңе-өзің көмек бер» принципі бойынша құрылған ұйымдар кәдімгідей нәтиже берді.
4. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамгершілік қағидалары негізінде азаматтарға рухани және діни тәрбие беру, өмірдің мәні туралы насихаттау. «Келісім институты» мен «делдалдық институтын» құру. Бұлар қылмыстық және әкімшілік жазалау шараларын өз қолдарына алғаны дұрыс.
5. Зорлық зомбылықты, зұлымдықты және ашық жыныстық қатынасты насихаттайтын бейнесюжеттерге қатаң тыйым салу. Жастардың осындай теріс қылықтарды уағыздайтын дүниелерге әуестігіне шектеу қойып, олардың орнын басқа адамгершілікке үндейтін дұрыс дүниелермен толтыру керек.
6. Бұқаралық ақпарат құралдары, оқу және ағарту ұйымдары арқылы басқаша ойлайтын және басқаша әрекет ететін жастарға барынша байсалды саясат жүргізіп, оларды дұрыс жолға бағыттау да тиімді болады.
Девиацияны ең алдымен әлеуметтiк құбылыс ретiнде адамдық iс-әрекеттердiң массалық формасы ретiнде қарастырады, ол арнайы қоғамның тарихи дәстүрмен қалыптасып келе жатқан және ресми-қалыптасқан әлеуметтiк нормалардан ауытқуын қарастыруға болады. “Девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – бұл жалпымен қабылданған моральдық, құқықтық және әлеуметтiк нормаларға сәйкес емес адамдар өмiрiнiң бейнесi немесе iс-әрекеттер, ол тұлғаға, әлеуметтiк топтарға және қоғамға тұтастай зиян келтiретiн (немесе пайда әкелетiн), сол сияқты қоғаммен талқыға түсетiн (немесе қолданатын) пiкiр және қоғамның қолдауын табатын немесе iстелiнген зияндары үшiн жауапкершiлiкке түседi” /9/.
Әлеуметтiк девиация мынадай жағдайларда пайда болады:
- қоғамдық тәртiптiң, теңдiктiң бұзылуы, нәтижесiнде кері ұйымдастыру пайда болады.
- Индивид пен қоғам арасындағы қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайы қайыршылыққа, отбасылық байланыстардың тарауына, тұлғаға әлеуметтiк институттардың және басқа әсер етулердiң әлсiреуiне алып келедi.
Қоғамдық қатынастарға тигiзген зиянның деңгейiне байланысты, әлеуметтiк жиынтықтардың, топтардың, және жекелеген азаматтардың қызығушылықтары, сол сияқты бұзылатын әлеуметтiк нормалардың iшiнен девианттық мiнез-құлықтың негiзгi түрлерiн ажыратуға болады: деструктивтiк мiнез-құлық, ол тек қана тұлғаға және жалпымен қабылданған нормаларға сәйкес келмейтiн мораль нормаларына (жинақылық, фанатизм, конформизм, мазохизм және т.б.) зиянын тигiзедi; заңға қайшы мiнез-құлық (қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар).
Жастар ортасындағы әлеуметтiк әдiлдiк сезiмiнiң пайда болуы және шиеленiсуi, әлеуметтiк аймақтаға қалдықты болып табылатын еңбекке деген қызығушылықтың төмендеуiне алып келдi. Яғни өздерiнiң қызығушылықтарын қанағаттандыру үшiн жеңiл жолдарды iздеу, яғни қазiргi кезде ондай бiр түрлерi ретiнде девианттық мiнез-құлыққа тән белгiлерiмен негiзделедi. Олар көбiнесе жастардың өмiр салттарының өзгеруiне байланысты, жалпыға аян бағалы құндылықтардың өзгеруiне де алып келдi, ондай бағыттардың бiрi бiздегi батыстану саясаты, яғни қоғамымыздағы барлық болып жатқан өзгерiстердiң батыстың көшiрмесi екендiгi бiздiң барлығымызға жат қылық емес, себебi ол қоғамдағы болып жатқан елiктеушiлiк мiнезiнiң әсiресе жастар арасында белең алатын құбылыс екендiгiн ескерсе ең алдымен батыстану үлгiсiне жастардың әлеуметтену процессiне өз әсерлерiн тигiзетiндiгi мен қосатын салмақтары қомақты деп те айтуға болады. Осындай бiр мәселелердiң көрiнуi қазiргi кездегi бiздiң ата бабамыздан қалған құндылықтардың ескiрiп қалды деген девизбен, олардың жақсы да жаман да жақтарын алып тастауға тырыстық, советтiк қоғамдағы қалыптасқан құндылықтардың, стереотиптердiң құлауының әсерiнен бiздiң жастарымыздың әлеуметтену мәселесiне қатысты көптеген аймақтардың өз жұмыстарын тоқтатқандығы немесе олардың басқа негативтi аймақтарға бұрмаланып кеткендегi әсерлерiнiң көбеюi орын алады.
Қазақстан Республикасының суверенитетiнiң толығымен дамымағандығы бiздiң қоғамымыздағы әлеуметтiк және рухани қарама қайшылықтарға төтеп бере алмайтындығы, осының барлығы жиналып адамдардың iс-әрекеттерiнен, мiнез-құлықтарынан орын табады. Осындай позициялардан бiтiру жұмысында жастардың девианттық мiнез-құлқы туралы ашық түрдегi талдаулар жасалынады, және осы девианттық мiнез-құлыққа байланысты бiздiң қоғамымызбен қандай шаралар қолдануға болатындығын, және социологиялық зерттеулердiң қандай пайдасының барлығына тоқталып өттiк. Оның iшiнде әсересе социологиялық зерттеудiң эмпирикалық тұрғыдан девианттық мiнез-құлыққа зерттеу жасаудың маңызы мен қандай әдiстер арқылы толығымен талдау жасауға болатындығы, және оның қорытындысының қандай жағдайда дұрыс шығатындығы туралы толығырақ тоқталып өттiк.
Бiздiң социологиялық зерттеуiмiздiң нәтижелерi бойынша жастар мен жас өспiрiмдер арасындағы қылмыстық шаралардың өсу тенденциясы толығымен жойылғандығын байқадық. Сонымен қатар әлеуметтiк прессинг жасөспiрiмдер арасындағы суицидалдық мiнез-құлықтың басым түсуiне әсер етуде, яғни бұндай құбылыс жастар арасында да және басқа адамдар арасында да таралғандарын байқауға болады.