Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 09:39, реферат
Жастардың ауытқитын мiнез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердiң маңызы қазiргi кезде өте зор, себебi, бiр жағынан алғанда қоғамдық тәртiптi бұзушылардың iшiнен жас ұрпақтың, әсiресе бiздiң қазiргi кездегi студенттерiмiздiң үлесi мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екiншi жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттiлiктердiң, қызығушылықтардың, мотивтердiң, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтедi. Осыдан барып жастардың девианттық мiнез-құлықты бастан кешiруi жастардың ортасындағы негативтi құбылыстардың болуымен байланысты болып келедi.
КIРIСПЕ
І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
1.2. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Біліктілік жұмысының тақырыбы:
ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орындаған: «Шет тілі:екі шет тілі»
мамандығының 1 курс магистранты
Нурманова А.К.
Орал, 2012ж.
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
1.2. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жастардың ауытқитын мiнез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердiң маңызы қазiргi кезде өте зор, себебi, бiр жағынан алғанда қоғамдық тәртiптi бұзушылардың iшiнен жас ұрпақтың, әсiресе бiздiң қазiргi кездегi студенттерiмiздiң үлесi мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екiншi жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттiлiктердiң, қызығушылықтардың, мотивтердiң, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтедi. Осыдан барып жастардың девианттық мiнез-құлықты бастан кешiруi жастардың ортасындағы негативтi құбылыстардың болуымен байланысты болып келедi.
Қазiргi кездегi жастар үшiн ең маңызды мәселе ретiнде бiрнеше кедергiлер, қиындықтармен ұшырасып отырады, олар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесiндегi бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуiр толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестiк жағдайлары, профессионалдық бiлiмдер мен тәжiрбиенiң жетiспеуi, осының салдарынан еңбек нарығындағы өз тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық мiнез-құлықтың өсуi мен жұмыссыздық мәселесiнiң белең алуы таң қалдырарлық жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы мен қатар, өз орындарын таба алмай жас тұлға iшiмдiкке, нашақорлыққа әуестене бастайды, өздерiн қоғамдық ағымға қарсы қоюмен жол табуға үйiр бола бастайды. Бұндай құбылыстар жастар арасында массалық көлемдi алып келедi, яғни бұл құбылыстар қоғамда моральдық-психологиялық жағдай өз әсерiн тигiзедi. Бiрақта әлеуметтiк шындық жастардың қылмыстық әлемге бой алдыруға жол бермейтiн механизмдердi әлi ойлап таба қойған жоқ.
Девианттық мiнез-құлықтың әлеуметтiк алғышарттарының барлығының себептерi, ол Қазақстан Республикасындағы өндiрiстiк қатынастағы адамдардың теңдiгi мен материалдық жағдайларындағы теңсiздiгi арасндағы қарама қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономиканың әлсiз дамуы объективтiлiгi мен тұтыну заттарындағы теңсiздiк мәселесi жастардың өзiндік материалдық жағдайларымен қанағатсыздық танытуының бiрден-бiр себептерi, және қоғамнан алатын жақсылықтары өздерiнiң қажеттiлiктерiн әртүрлi жолдармен қанағаттандыруға белсендi ете түседi.
Әсiресе қазiргi кезде жастардың үлкен-үлкен қалаларда,ауылдық жерлерде тұратын басым көпшiлiгi үшiн кейiнгi кезде рухани қажеттiлiктердi қанағаттандыру мәселесiнiң әлеуметтiк әдiлдiгiнiң жоқтығы жанға бататын жағдай. Көптеген қалаларда немесе ауылдарда тiптi кинотеатрлар және мәдениет үйлерi жоқ. Сонымен қатар олардың тұрғындарының негiзiгi бөлiгiн жастар құрайды. Әрине бұндай аймақтарда девианттық мiнез құлықтың деңгейi республикамен салыстырғанда өте жоғары болып саналады.
Социология шегiнде арнайы социологиялық теория пайда болды және қалыптасты – девианттық (ауытқитын) мiнез-құлық социологиясы. Әсiресе осындай атпен қырыққа жуық зерттеу комитеттерiнiң халықаралық социологиялық ассоциациялар жұмыс iстеуде. Оның қайнарының басында Эмиль Дюркгейм тұрды, арнайы ғылыми бағыт ретiнде тұрақты құрылуы ең алдымен Р. Мертонға, А. Коэнға, К. Томасқа және А. Знанецкийдiң еңбектерiмен көрiнедi, олар әлеуметтiк дезорганизациядағы универсалды процесстердi әлеуметтiк өзгерiстерiстердiң бөлiнбейтiн бөлшегi ретiнде қарастырды, Р. Феррис, Э. Тириакьян, Т. Шибутани және басқалары девианттық мiнез-құлықтың әртүрлi формаларын әлеуметтiк дезорганизация формалары ретiнде қарастырды.
Девианттық мiнез-құлық мәселелерi әлеуметтiк жанжал теориясының негiзiнде қарастырылады. А. Коэн әлеуметтiк топтарға нақты қауiптi оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерiнiң ауытқуын азайтады, және сонымен қатар ауытқитын мiнез-құлық жасайтын топтың мүшелерiне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрiнедi. Жанжал теориясына қатысты, әлеуметтiк жүйедегi мiнез-құлықтың мәдени бейнелерi ауытқитын мiнез-құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттiң құндылықтарына негiзделген болғанда. Девианттық ауытқитын мiнез-құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретiнде құрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мiнез-құлық теориясын мәдениеттiң жасайтын мақсаттарымен әлеуметтiк-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келiспеушiлiктер деп түсiндiредi. Оның пiкiрiнше әртүрлi топтар үшiн бiркелкi емес мақсаттарға жетудiң ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етiледi, және осылардың функционалдық жетiспеушiлiктерi мақсатқа жету үшiн қолданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негiз болады.
Девианттылықты бағалау критериi бұқаралықтың достастығына, “өзiне” және “басқаларға” деген бiрлiгiнен, бiр бiрiне келiсiмге келу мүмкiндiктерiнiң тудыруы өздерiнiң “мендiгiн" шектеу арқылы. Бұл жерде адамның қай шекте девианттық мiнез-құлықтағы екендiгiн анықтайтын шегараны анықтау қажет. Осы критерийдiң негiзiнде жеке және қоғамдық қызығушылықтардың принциптерiнiң сәйкес келуi негiзделген. Бұл жерде менiң еркiндiгiм басқа адамның еркiндiгiмен шектеледi – бұл ең басты принцип, осыны бұзған адам, яғни девиант болып саналады. Сол үшiн де девианттық мiнез құлықтың ең негiзгi рационалды критериi ретiнде осы мiнез-құлықтың түрiнiң зияны мен қоғамдық пайдалылығын қарастырамыз.
Бiрақта девианттық мiнез-құлықтың спецификалық критериiнiң бағасын анықтау, егер девиация әртүрлi дәуiрлерде тұрақты, жалпылығы бар, солар арқылы девианттық мiнез-құлықтың әртүрлi түрлерiн салыстыруға мүмкiндiк бередi.
Шындығында, қандай мiнез-құлық кез келген дәуiрде девианттық па әлде девианттық емес па соны анықтап алайық? Кез келген мiнез құлыққа баға беру оның басқа да мiнез құлықтармен салыстыруды мақсат етедi.
Девианттық мiнез-құлыққа баға беру критерийiн анықтау бiр жақты емес, себебi бiздiң қоғамымызда қандай мiнез-құлықты девианттық деп айту, және оны ажырата бiлу өте қиын. Девиацияның әсiресе айқын көрiнетiн мысалдары ретiнде адамгершiлiктiң жоқтығын көрсететiн iс-әрекеттер, олар әрқашанда талқылауларға түсiп отырады, бiрақ бұл жерде оларға толықтай, нақты анықтама беру өте қиын. Бiрақ кiсi өлтiрудiң өзi арнай жағдайларда ақталып жатады. Мысал ретiнде, алғашқы қауымдық кезеңде ашығу кезеңiнде кiсi өлтiрушiлiк талқыға түспейтiн, яғни ол жағдайдың қысымымен жасалған iс-әрекет деп түсiнген. Ол айып тағулардан босатылған, ол өндiрiстiк күштер қатайған кезден бастап, және қоғам материалдық жағдайларды жасай алатын кезеңнен бастап, яғни бала шағасын асырау үшiн, денсаулық үшiн неше күш керек соның барлығына есеп бере алатын болған кезеңнен бастап ол барлық жеңiлдiктерден болсады, яғни бiз үшiн қылмыс болып табылады. Бiз көрiп отырғанымыздай iс-әрекеттiң бағасы тарихтан берi заман өткен сайын өзгерiп отыруда, және олар әлеуметтiк-экономикалық себептермен ұлттық дәстүрлер мен, мәдениетпен өзгерiске ұшыраған құндылықтар қатар ажыратылады.
Көптеген жұмыстардың нәтижесiнде девианттық мiнез-құлық концепциясының позициясына деген сенiм күмәнға ұшыраған, оның негiзгi нүктесi - әлеуметтiк норма. Көптеген батыс зерттеушiлерi (Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, және т.б.) дамытқан теориялар былай дейдi: iс-әрекеттердi девианттық деп мойындау үшiн қоғамдағы әлеуметтiк топтардың қызығушылықтарымен анықталады. Бiрақта осындай қорытындылар тапсырмаларды жеңiлдетпейдi, себебi “билiк етушi” деген ұғымның өзi объективтi емес баға беруде, билiк ететiн топтардың өзiнiң жағдайларын ұсынады және азшылықтың мiнез-құлығының түрлерi, олардың дәстүрлерi мен салттарымен әлеуметтiк жағдайларымен санаспағандығынан барып туындайтын түсiнiктi девианттық деп айтуға болады. Бұл жерде шешушi маңызды сл мiнез құлықтың өзi емес, адамдардың оған деген қарам қатынасында болады. Аяуды бiлмейтiн қоғам тiптi қорғаусыз адамды да, тiптi адал, кiнәсiз адамды даттай алады, яғни оны девиант жасай алады /1/. Жоғарыда айтылған зерттеушiлер әлеуметтiк нормалардың қоғамдық топтардың қызығушылығына қарасты екендiгiн дұрыс аңғарғандығымен, бiрақ кейбiр жағдайларда аяқ астынан пайда болатын жадайлардың әсерiнен қоғамдық нормалардың құрылуы, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың объективтi табиғатын естен шығарып алған, олар нормаларда көрiнетiн және сол сияқты мiнез-құлықтардан да көруге болады (одан ауытқуын), әлеуметтiк-экономикалық себептер мен осы да және басқа да құбылыстардың заңдылықтарын бұрмалаудың арқасында көрiнедi.
Қазақстанда осындай мiнез-құлықтың элементтерi, мысалы, қылмыскерлiк, iшiмгерлiк және алкоголизм, нашақорлық және суицид (өзiн өзi өлтiрушiлiк), көптеген ұзақ уақыттар бойы осыларға сәйкес келетiн пәндердiң аясында зерттелiп келдi: олар криминология, наркология және т.б. мен. Ал социологиялық зерттеулер 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басындағы Я.И. Гилинскийдiң, В.С. Афанасьевтiң/2/ және тағы басқалардың еңбектерiнен көруге болады.
Ал Қазақсанда осы мәселелердi кейiнгi жылдары ғана зерттей бастады. Девианттық социологияның дамуы мен институтционалдануына деген үлкен еңбектi академик В.Н. Кудрявцевке/3/ тиеселi.
Қазiргi кезеңдiк, отандық девианттық мiнез-құлық социологиясында Д.К. Қазымбетованың анықтауынша, девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – адамдардың өмiр салтындағы жалпымен қабылданған нормалар мен моральға, құқықтық және басқа да әлеуметтiк нормаларға сәйкес келмейтiн, тұлғаға, әлеуметтiк топтарға немесе қоғамға зиян тигiзетiн (немесе пайда әкелетiн), қоғаммен қолдау табатын немесе тигiзiлген зияндары үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiктер тартатын iс-әрекеттер, қимылдарды жатқызамыз. Ал деликвенттiк мiнез құлық дегенiмiз – күрделi заң бұзушылықты аңғартады, олар қылмыстық жауапкершiлiк тартуға апарып соғады. Девианттық мiнез- құлықтың деликвенттiк мiнез-құлықтан өзгешелiгi, девианттық мiнез-құлық деликвеннтiк мiнез-құлыққа қарағанда кеңiрек түсiнiк ретiнде танылады. Девианттық мiнез-құлық деликсенттi мiнез құлықты өзiнiң бiр бөлiгi ретiнде қарастырады. Девиация – нормалардың кез келген бұзушылықтарын айтамыз, ал деликвенттiк – ол тек қана қылмыстық жауапкершiлiктердi алып жүретiн мiнез-құлық актiлерiне жатады. Осы жұмыста автор девианттық мiнез-құлықтың критерилерiн анықтайды, олар оның әлеуметтiк маңыздылық критерийiн анықтап бере алады, осыған байланысты оларды қоғамдық пайдалылығына байланысты позитивтi немес негативтi және нейтралды деп бөлуге болады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлiнетiндiгiнен қарап негiзделген саясат құруға болады, ол практиканы профилактикаға бағыттап отырады және де барлық ауытқуларды жою емес тек қана негативтi ауытқуларды жоюға көмектеседi. Девианттық мiнез-құлық теориясының зерттеуiне Ш.К Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлесiн қосты, ол мынадай тақырыпта: “Девианттық мiнез-құлықтың әлеуметтiк мәселелерi” /4/ және оның монографиялары /4/. Бұл еңбектерде автор девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – мiнез-құлық актiсi деп әдiлдiкпен айтады, ол адамдардың iс-әрекеттерi немесе өмiр салттары, арнай қоғамдағы қабылданған әлеуметтiк нормалар мен заңгерлік негiздегi салдарлы қоғамдық санкцияларды бұзатын iс-әрекеттердi қарастырамыз. Берiлген анықтама бiрiншiден, осы мiнез-құлықтың барлық көрiнiстерiн қамтиды (iс-әрекет, өмiр салттары); екiншiден, ауытқуды тек ресми жағын ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтiк нормалардағы бейресми ауытқитын мiнез құлық формаларын да қарастырады; үшiншiден санкцияның әртүрлi түрлерiн қамтиды, олар көбiнде өздерi девиацияға алып келедi – ол топтық ауытқудан, қоғамдық жақтырмауға және сонымен қатар толығымен қоғамнан бөлiп тастауға алып келетiн санкциялар.
Бiрақта девианттық мiнез-құлықтың критерииiн анықтау өзгеруде, бұл жағдайда бiз бiр iс-әрекеттi девианттық немесе оған жатқызбауымыз да мүмкiн, яғни ол әртүрлi қоғамдарда, салт дәстүрлерге, өмiр шарттарына байланысты өзгерiп отырады. Әлеуметтiк процесстердiң динамикасы, қоғамдық өмiрдiң әртүрлi аймақтарындағы кризистiк жағдайлар девиациялық процесстердiң өсуiне алып келедi, олар нормадан ауытқитын мiнез-құлық нормаларынан көрiнiп отырады.
Әлеуметтiк норманың толығырақ анықтамасын беру үшiн, аномия сұрағының негiзiне мән беремiз. Алғаш рет аномия түсiнiгiн қолданған социолог Э. Дюркгейм. Аномия түсiнiгiн ол “Индивидтiң мiнез құлқының анық реттеушiлiк процесстерi, моральдық вакуум, ескi нормалар мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым қатынаста жоқ болған тәсiлдерiн көрсететiн, ал жаңа құндылықтардың әлi күнге дейiн толық iске қосылмаған әлеуметтiк нормалар жоқ қоғамдық жағдайды қарастырады” /5/.
Ал қазiргi кездегi автор В.Д. Плаховтың пiкiрiнше аномия таза күйiнде кездеспейдi, себебi кездейсоқ кездесетiн процесстердiң iшiнде бiрнеше ықтималдылық заңдылықтар кездесiп отырады /6/.
Бiрақ бұларды бiр бiрiнен ажырату мүмкiн емес. Кез келген нормамен аномия бiрге жүредi, және бiр бiрiн толықтырып отырады. Сол сияқты онда нормативтi мiнез-құлықтың элементтерi болады. Осы аталған жағдайлармен келiсуге тура келедi, себебi, Қазақстандағы әлеуметтiк жағдайды ескеретiн болсақ, онда осы мәселелер бiзге ауытқитын мiнез-құлық белгiлерiн ажыратуға мүмкiндiк бередi. Я. Гилинскидiң пiкiрiнше әлеуметтiк нормаларға қатысты өзiнiң мазмұны мен мiнездемесi жағынан әртүрлi болуы мүмкiн, бiрақ ол әр уақытта емес, бiр ғана мезгiлде, уақытта, бiрақ әртүрлi қоғамдар арасында, әртүрлi топтар арасында болуы мүмкiн 7/.
Мысалы, құдайлар нормасы мен “истеблишмент”, ұрылар заңы, көпеген әртүрлi дiни бiрлстiктердiң заңдары, жастар субмәдениетiтiң нормалары (хиппи, панктер, рокерлер және т.б.) бар. Моральдық нормалар қоғамның мүшелерiнiң позитивтi бағаларына қатысты қоғамда құралады, және пайда болады. Қазiргi кезде әлеуеттiк даму жылдамдықтарымен ерекшеленедi, соныдықтан да бағалы құндылықтар мен адамдардың бағалылықтары тез өзгередi. Құқықтық нормалар сол сияқты қатысты ұғым, мемлекеттiң орнатқан заңдылықтарына қарамастан олар уақыт өткен сайын өзгерiске ұшырап отырады.
Немесе, мысалы, әрбiр мемлекеттегi iстелген қылмыстарға байланысты жауапкершiлiкке тартылу жастары әр түрлi олар 11 ден 18-20 жас аралықтарында белгiленедi.
Отандық және шет елдiк әдебиеттердi зерттей келе девиацияның мәселелерi мен мазмұнына қарай бiз келесi ұйғарымдарға келдiк, олар ауытқудың негiзгi себептерi адамның өзiнде болады (биологиялық үйлесiм), қоғамда (жанжал теориясы мен функционалистiк концепциялар), әлеуметтiк қоршаған ортада (интеракционизм). Социомәдени үйлесiм девиацияның пайда болу себептерiн зерттеу көп факторлылыққа қарасты, сызықтық үйлесiмнен алшақтау үшiн дисциплина аралық үйлесiмдi өзiне қосып алады. Жастармен девианттық мiнез-құлықтарды жасауының себептерi туралы жұмысымыздың келесi бөлiмiнде толығырақ тоқталып өтемiз.