Девианттық мінез-құлық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 09:39, реферат

Описание работы

Жастардың ауытқитын мiнез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердiң маңызы қазiргi кезде өте зор, себебi, бiр жағынан алғанда қоғамдық тәртiптi бұзушылардың iшiнен жас ұрпақтың, әсiресе бiздiң қазiргi кездегi студенттерiмiздiң үлесi мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екiншi жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттiлiктердiң, қызығушылықтардың, мотивтердiң, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтедi. Осыдан барып жастардың девианттық мiнез-құлықты бастан кешiруi жастардың ортасындағы негативтi құбылыстардың болуымен байланысты болып келедi.

Содержание

КIРIСПЕ

І БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Жастардың девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері

1.2. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

девианттык минез.doc

— 130.50 Кб (Скачать)

Бiз алдыңғыда айтқанымыздай, кез келген нормалардан ауытқу девианттық болып талбылады. Осыннан барып девианттық социологияның пәнi туралы айтуға болады, ең алдымен әлеуметтiк нормалардың бағалылықты-квалификациялық ролдер жинағын көрсетедi. Бұндай ұйғарымдарсыз девианттық мiнез-құлықтың шекарасы мен аймағын танып бiлуiмiз мүмкiн емес, яғни нормалы немесе нормалы еместiң арасындағы айырмашылықты ажыратуымыз мүмкiн емес. Егерде осылай айтуға болатын болса, бұл тек қана зерттеудiң ресми бөлiгi ғана, бұл тек зерттеудiң мiнездемесiне кiретiн объективтi бөлiгi ғана болып табылады.

Осы пәннiң басқа бiр бөлiгi, ол мазмұнды деп аталады: бұл жерде нақты девианттық мiнез-құлықтың мазмұны туралы, олардың пайда болу көздерi, түрлерi, себептерi, әрекет ету механизмдерi, салдары, олармен күресу жолдары және т.б. туралы айтамыз. Осындай мазмұнды жоспарда девианттық мiнез құлық әртүрлi құбылыстардың түрлерiнiң зерттеулерiне кiредi, ол әлеуметтiк өмiрдiң контекстiнде, және олардың заңдылқтары ретiнде, текқана нормаларды бұзу шегiнен емес, басқа да сапалы жақтарынан зерттеуге алу.

Осыннан барып кiлттiк негiзге жақындауға болады, яғни девианттық мiнез құлықтың анализiн қарастыра аламыз.

Бiз анықтағандай девианттық мiнез-құлық дегенiмiз – бұл құбылыстардың кең ауқымдылығы. Кең ауқымда қарастырғанда девиант деген – нормадан ауытқыған кез келген адам. Осындай ұйғарымда ауытқудың түрлерi мен көлемi туралы айтқанымыз жөн болар. Девианттық мiнез-құлықтың түрлерiне қылмыстық шаралар, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелiк, гомосексуалдылық, азартты ойындар, психикалық бұзылушылық, өзiн өзi өлтiрушiлiк жатады.

Тар мағынасында алғанда девианттық мiнез-құлық деп қылмыстық шараларды жатқызамыз оның iшiнде қылмыстық жауапқа тартылатындарды, заңға қарсышығушылықты айтпағанда, осындай ауытқуларды айтамыз. Заңға қайшы iс-әрекеттердiң жиынтығы немесе қылмыстық iс социологияда ерекше атпен аталады, ол деликвенттiк (сөзбе сөз қылмыстық) мiнез-құлық деп аталады. Осы екi мағынада – кең және тар мағынасы да социологияда екеуi де қолданылады. Бiз девианттық мiнез-құлық мәселелерiн келесi параграфта қарастырып өтемiз, яғни девианттық мiнез-құлық бөлiмiне арнаған. Ал ендi бiз кiлттiк категорияларды қарастырамыз: девиация, позитивтi ауытқулар, деликвенттi мiнез-құлық, саяси мiнез-құлық, жанжалдық девиация, әлеуметтiк аномия.

Алдымен бiз “девиация” түсiнiгiн қарастырамыз. Девиация (рп) латын тiлiнен аударғанда бағыттан, эталоннан, ортадан, қалыпты жағдайдан ауытқу дегендi бiлдiредi. Осыдан барып кез-келген нормадан ауытқу. Осындай абстрактылы шекараны анықтауы бiздi қызықтыратын объектi мен пәнiн ерекше зерттеуге мүмкiндiк бермейдi. Соныдықтан бiздi әсiресе әлеуметтiк девиация қызықтырады, сонымен қатар девианттық және деликвенттiк мiнез құлықты қарастырамыз.

Осы түсiнiктер арасындағы мағынасында әртүрi ерекшелiктер бар. Сонымен әлеуметтiк девиация процессi мәселенiң философиялық -методологиялық аспектiсiн, адамның дамуының креативтiк және жанжалдық жақтарын, әлеуметтiк нормадан кез келген ауытқуларды (позитивтi және негативтi) қарастырады. Қалыптасып қалған дәстүр бойынша девианттық мiнез құлықты әдебиетте қолдануы ассоциалды, заңға қайшы мiнез-құлықты, әлеуметтiк нормаларға сәйкес келмейтiн, мiнез-құлық ережелерi, нақты қоғамдағы бағалылықтарын ашады. Девианттық түсiнiгi субъектiнiң жеке мiнездемесiн (индивидтiң, әлеуметтiк топтың), және девианттық мiнез-құлыққа жақындығын көрсетедi.

Осы түсiнiктерге берiлген мiнез-құлықтың индивидуалдылық формалары анықтамаларға мән берiп қарастырайық.

Негативтi ауытқу – шындық нормалардың қандай да бiр ауытқуларды да қарастырады (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар қоғамға тұтастай немесе жеке тұлғаға зиян келтiредi, сол үшiн де тек қана қатардағы ауытқулар емес (девиация, аномия), патология ретiнде, мiндеттi түрде қиылысатын ауытқулар түрiн айтамыз.

Позитивтi ауытқулар – бұл қандай да бiр жалған нормалардан ауытқу (моральдық немесе құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян келтiрмейдi, ол қарама-қарсы оның прогрессивтi арығарай дамуындағы жоспарларына пайдалы, себебi олар ескiрген, шаршаған нормаларды ығыстырады. Позтивтi ауытқулардың криминализациясы – құқықтық жүйенiң толығымен реттелмегендiгi, оның әлеуметтiк адекваттылығы емес.

Қылмыс – ол қылмыстық құқықтың қандай да бiр нормаларын бұзатын ауытқуды айтамыз. Қылмыстың жекелеген түрлерi қылмыстық кодекстiң статьяларына сәйкес қарастырылады.

Деликт – бұл қандай да бiр норманың құқықтық түрiн бұзатын азаматтық, административтiк және т.б. ауытқулар.

Девианттық мiнез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.

Девианттық мiнез-құлықтың индивиуалды формалары массалық ауытқудың формаларына сәйкес келедi, олар әдебиеттерде мынандай түсiнiктермен анықталады, “девианттық”,  “заң бұзушылық”, “қылмыскерлiк”, “деликвенттiк” және “аморальдылық”.

Сонымен қатар, бiз девианттық мiнез-құлықтың негiзгi категорияларын қарастырдық. Ендi осыдан барып көптеген әлi басы шешiлмеген сұрақтар қалады: әлеуметтiк нормаларға сәйкес келетiн кез келген нормаларды бiз ауытқитын мiнез құлыққа жатқыза аламыз ба жоқ па? Бұл сұрақ нелiктен туып отыр, себебi көптеген авторлар “девианттық мiнез құлық”- деген түсiнiк екi жақты мағына бередi, олар бiр жерлерде пайдалы iс-әрекеттерге де қатысты айтылатын ұғым (көбiнесе, жаңалық ашуға, әлеуметтiк творчество) /8/. Кутыревтың айтуынша, “девианттық мiнез-құлық жағымды жағына да бағытталуы мүмкiн; бiз бұлай дейтiн себебемiз, мысалы, оның жазуы бойынша – олар көбiнде инициатива, кәсiпкерлiк” /8/.

Бiздiң көзқарасымыз бойынша девианттық мiнез-құлық iс-әрекеттерi қоғамда қалыпты жағдай ретiнде қабылдауға да болады. Осындай жағымды девианттық мiнез-құлықтың формалары ретiнде қоғамдағы кездесетiн антиәлеуметтiк немесе жалған нормалардан ауытқуды айтамыз. Бiрақта кез келген девианттық мiнез-құлықтың формаларын абсолюттендiру, жалпы бiр идеалды формаға енгiзу мүмкiн емес. Оны қабылдаудың өзi қатаң анализдi талап ететiн нақты бiр жағдаймен байланысты. Бiздiң қоғамымыз үшiн, әсiресе нарықтық қатынастар жағдайында, жаңашылдық, творчество, ескiрген канондардың сынуы тарихи қажеттiлiк пен объективтi қажеттiлiк болып табылады. Дамып келе жатқан, өсiп өнуге жаңалыққа бейiм организмдi басқарудың әсерiмен ескiрген, тоқтауда тұрған формаларға үйрету мүмкiн емес. Керiсiнше, формалар шаруашылықтың арнайы бiр тапсырмаларына қарап мiндеттi түрде бiр қалыптарға сәйкестелулерi керек. Бұл жерде бiз ескiрген нормалар туралы айтамыз, олар қоғамның прогресстiң дамуына тежеуiш болып табылады. Бұл жағдайда жаңашылдық, творчество прогрессивтi нормаларды жоққа шығармайды, немесе оның ары қарайғы дамуына – не құқықтық, не жағымды нормаларға еш кедергiсiн тигiзбейдi. Құқық немесе жағымдылық әлеуметтiк творчествоның активтерiн тек қана шектеп қоймайды және олардың дамуына көмектеседi. Ал қылмыстық жағдайды алатын болсақ, оны басқаша қарастыруға болады, қылмыскерлiк бiздiң нарықтық қоғамымызда өзiнiң барлық түрлерiмен жабайы нарықтың пайда болуы мен етек ала жайылуына, және “либерализация” процессiнiң болуына көмектеседi, яғни олар экономикалық кризистiң фонындағы коррупцияның етек ала жайылуына нағыз алғышарттар болып табылады.

Девианттық мiнез-құлықтың келесi түрi ретiнде, бiз – деликвенттiк мiнез құлықты айтуымызға болады.

Әлеуметтiк нормаларды бұзу салқынқанды немесе салқынқынды емес, саналы немесе санасыз болп табылмайды. Барлық күрделi ауытқулар, олардың саналылығына немесе санасыздығына қарамай олардың барлығы заңға қарсы iс-әрекеттер категориясының қатарына жатады, яғни деликвенттiк мiнез-құлық деп айтуымызға тiптен болады.

Девианттық немесе деликвенттiк мiнез-құлықты келесi негiздерi бойынша ажыратуымызға болады: бiрiншiсi қатысты, белгiлi топтың мәдени нормаларына қатысты емес. Бiрақ деликвенттi мiнез-құлық мемлекеттiң заңдарына байланысты абсолюттi қарым қатынас. Әлеуметтiк төмендегiлердiң көшедегi тонаушылықтары, бiр жағынан қарағанда ақша табудың немесе әлеуметтiк әдiлеттiктi орнатудың қалыпты жағдайы ретiнде көрiнуi мүмкiн. Бiрақ бұл ауытқу емес, қылмыс, себебi, абсолюттi норма бар жерде – юридикалық заң бар, олар кiсi тонаушылықты қылмыс ретiнде тiркеп отырады.

Яғни заңға қайшы iс-әрекеттердiң барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алды, ол деликвенттiк мiнез құлық деп аталады (сөзбе сөз ұылмыстық деп аталады).     

Әлеуметтiк өмiрде мынадай жағдайлар болуы мүмкiн, ауытқитын мiнез- құлық (девианттық мiнез құлық) кең әлеуметтiк қабаттарға, әлеуметтiк институттарға, нормаларға, құндылықтарға тарап, сонымен қоғамның өзiндiк құндылықтарына қауiп төндiредi. Қоғамның бұндай жағдайы аномия деп аталады, ол сөзбе сөз талдау жасағанда қоғамның деформациясы, реттелмегендiгi.

Бұл әсiресе әлеуметтiк кризистер, тереңдетiлген реформалар, соғыстар, революциялық төңкерiстер және басқа да үлкен әлеуметтiк қиыншылықтарда да кездеседi. Девиацияның барлық саланы қамтитын  формасының мiнездемесi осындай. Қоғамға әлеуметтiк аномия жағдайынан шығудың екi формасы бар: жедел, шешiмдi және компромиссiз, әлеуметтiк өмiрдiң ұйымдарының және өзiнiң бағалылықтар жүйесiн өткiзу үшiн радикалды, ұйымдасқан және динамикалық күштер орын алып отырады; ұзақ, қиындықты, ықтималдылық iзденiстерi, жаңа әлеуметтiк бағалылықтар мен нормалардың ұйымдар мен институттардың қоғамның қалыпты жағдайын ұйымдастыру үшiн ақырындап осы қоғамның мүшелерiн қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерi және қызығушылықтарын алдыға тарту мәселесi. Сол үшiн де Қазақстан қазiргi кезде сы бағытта жұмыс iстеуге тырысуда.

Девианттық мiнез-құлықтың пайда болуы типологиялық топтардың ерекшеленуi, спецификалық ерекшелiктерi бар жалпы сүлбелерi бар топтардың ерекшеленедi. Кейiнгi кездердегi әдебиеттерде адамдардың санасында негативтi құбылыстардың пайда болуын класиификациялау үшiн iс-әрекеттер жасалған.

Осыған ұқсас типтендiру адамдар санасындағы бұрынғыдан қалған ескi қиындықтардан қалғандарға анализ жасауға өзiндiк үйлесiмнiң керек екендiгiн мiндеттейдi. Бұлайша класиификациялау адамдардың санасына ең кем жағынан бағытталған – яғни ол мiнез-құлықтағы ауытқуларға (мысалға, әйел адамға феодалды-байлық қарым қатынас, ұлыдержавалық шовинизм және т.б.).

Басқа көзқарасқа сүйенсек формасы мен түрiне қарағанда ауытқитын мiнез-құлықтың формасы мен түрлерiне қарап және адамдардың iс-әрекеттiң аймағын топтастыруды жүзеге асыруда. Осыған сәйкес қарым қатынас аймақтарында сәйкес – тiкелестiк, эгоизм, қаталды және т.б.; осы рухани өмiрдiң аймағына – мәдениетсiздiк, бiлiм деңгейiн көтеруге тырыспаушылық және т.б.

Келтiрiлген классификацияда күрделi жетiспеушiлiктерден ада болған, сол сияқты көптеген негативтi құбылыстардан, бiрiншiден, барлығы да еш өзгерiссiз қоғамдық өмiрiң аймағына енген, екiншiден, осылардың жартысы ауытқитын мiнез-құлық формаларын жат қылық деп санайды, себебi, адамдардың санасы мен мiнез құлықтарында арнайы алып тастауларың бар екендiгiн мiнездейдi.

Сол үшiн де бiздiң көзқарасымызша, ауытқитын мiнез-құлық формаларын басқа негiздермен қарастыру мақсат саналық болып табылады, олар адамдардың өмiр бейнелерiн екi маңызды реттеушiлер бар: олар мораль мен құқық.

Осы айтылған жағдайларға толығырақ тоқтап өтейiк. Құқық пен мораль әрбiр азаматтың санасындаға өзiндiк марапаттың өсуiне негiз болады, сонымен қатар осы уақытта ол адамның  девианттық мiнез-құлыққа барудан бас тартуға тәрбиелейтiнiн ескергенiмiз жөн.

Әрине осы түсiнiктердiң құқықтық мемлекет тұрғызу кезеңiндегi тиiмдiлiгi осы мемлекет құрудағы кезеңде өте тиiмдi, себебi, егер тапсырма қиын болған сайын оны шешудiң өзi де сол мезеттегi жылдамдығына әкелiп соғады. Сол үшiн де құқықтық мемлекеттi құру кезiндегi құқық пен моральдың сәйкес келуi ерекше орын алады.

Құқықтық және моральдық нормалардың сәйкес келуi ғылыми тұрғыдан тұжырымдама беретiн болсақ, құқықтық мемлекет құрылғанда әлеуметтiк нормалар жағдайында негiзгi заңдылқтардың өзара әсер етуi тұлғаның девианттық мiнез құлықтың құқықтық реттеушiсi жағынан қысқартушы және моральдық фактордың ролiнiң өсу тенденциясы жоғары орын алуда. Әлеуметтiк нормалардың өзара әрекет ету тенденциясының күшеюi тұлғаның девианттық мiнез-құлығын реттеуге әсiресе барлық әлеуметтiк нормаларды жақындастыру формалары айқын көрiнедi.

Құқықтық нормалар олардың орындалуы мемелекеттiк билiктiң беделi маңызды және қатысты қарым қатынастарды реттейдi. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына керi әсерiн тигiзедi. Құқықтық нормаларды бұзатын мiнез-құлықтар, қоғамдық зиянды заңға қайшы болып табылады. Ғылыми әдебиетте мiнез-құлықтың осындай актiсi заңбұзушылық деп аталады. Қалған заң бұзушылықтар, моральдық және басқа да әлеуметтiк нормаларды бұзушылық, әлеуметiк-құқықтық жүйелердi қозғайтын ережелердi – бiз ассоциалды мiнез құықтарға жатқызамыз. Осындай заң бұзушылықтарға қоғамдық зиянкестiктiң деңгейлерi жатады, оларды мақсат саналы түрде заң бұзушылық мiнездемелерi деп атау заңға қайшы келмейдi.Ол дегеніміз қоғамдық қатынастарға шектiретiн зиянның дейгейiн анықтай келе әлеуметтiк жиынтықтардың, топтар мен жекелеген азаматтардың  қызығушылықтары, сол сияқты әлеуметтiк нормалардың бұзылуының түрлерiн ауытқитын мiнез-құлық түрлерiн ажыратуға мүмкiндiктер туады, оларды келесе жiктереге бөлемiз: деструктивтi мiнез-құлық, ол тек тұлғаның өмiрiне зиян тигiзедi де қоғам өмiрiне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды (жинақтылық, фанатизм, конформизм, мазохизм және т.б.); ассоциалды мiнез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтiк топтарға, қоғамға және әлеуметтiк нормаларға қарама-қайшы келедi (iшiмгерлiк, алкоголизм, нашақорлық, өзiн өзi өлтiрушiлiк және т.б.); заңға қарсы мiнез-құлықтар (қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар) (№1 схеманы қараңыз)                                                                                                                                             

Информация о работе Девианттық мінез-құлық