Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:21, реферат
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: — гер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?
III слайд
Адам мен табиғаттың байланысы.
— Біз табиғаттан не үйренеміз?
Шәйнектің қайнауына қарап, паровозды ойлап тапқан.
Инелікке қарап тікұшақты ойлап тапқан.
Бұлбұлдан ән айтуды үйренген.
IV слайд
— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)
V слайд
Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)
VI слайд
ББҮ кестесі (кез келген тақырып)
Не білемін? |
Не білгім келеді? |
Не үйрендім? |
Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін
арттыруда түрлі әдіс-
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
І тапсырма «Образға кіру»
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.
ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»
Бастауыш сынып
оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын
дамытуда шығарманы, көркем әдебиет
үлгілерін талдаудың әсері мол.
Талданбаған шығарма бала жүрегіне
жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың
«Қамқорлық» әңгімесінде
— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
— Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.
Жантас
Мейірімсіз, қатыгез,
жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
— Қожаның ісіне қуандық.
— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
— Кездескенде не деп айтар едіңдер?
— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
— Қандай сурет салар едіңдер?
— Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»
Бастауыш сыныптарда
шығармашылықтың алғашқы
Мысалы «Жаңбыр ойыны»
Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.
Мұғалім |
Оқушы |
Жаңбыр жауды |
далаға |
Жаңбыр жауды |
қалаға |
Жаңбыр жауды |
ауылға |
Жаңбыр жауды |
бауға да |
Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)
ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Мақалдар
Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Су түбінде асыл
тас, |
Тәрбиелеп отырған
жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі
өмірінде білімді, білікті азамат, саналы
қайраткер болып қалыптасу
Сауатты жазу дағдыларын
жетілдіру мақсатымен әр сабақта
сөздік диктант жүргізіледі. Ол сөздердің
дұрыс жазылуын меңгертіп қана қоймай,
осы сөздер бойынша мәтін құрастыруға
тапсырма берілді. Мысалы: қансонар, сәресі,
электр, аппақ, қыстыгүні, эвкалипт, күн
құрғатпай деген сөздер бойынша
Байзақова Альмираның құрастырған
мәтіні: Менің атам мен әжем ауылда
тұрады. Қыстыгүні демалыста ауылға
баруды ұнатамын. Әжем үйінің алдында
үлкен эвкалипт ағашы өсіп тұр. Сол
ағаштың қасында биік төбешікке
ауылдағы достарым күн құрғатпай
келіп тұрады. Бәріміз шанамен
сырғанақ тебеміз. Кейде кешке электр
жарығымен де сырғанақ тебе береміз.
Маған әсіресе әжеммен таңертең
сәресін ішу өте ұнайды. Атам қансонарда
аңға шығады. Аң аулаудан келген соң, атам
маған қызықты әңгімелер
Мәтіннен үзінді
оқып беріп, ары қарай өздерің
аяқтаңдар деген тапсырманы оқушылар
қызығушылықпен орындайды. Пән аралық
байланысты жүзеге асыру да сабақ
барысында жүргізіліп отырады. «Қыз
Жібек» жырымен танысқан соң, жырдағы
теңеу сөздерді қатыстырып, қазақ
тілі сабағында ертегі құрастырдық.
Саттарова Сабина деген оқушының
«Кедей» деген тақырыпқа
Бір күні кедей таңертең орманға келіпті. Орман өте әдемі, ауасы таза болған.Ол жерден бір таяқ тауып алады. Таяқшаның бір шетінде жазу бар екен: кімде…кім осы таяқты жерден көтерсе, оның үш тілегін орындаймын. Қуанышы қойнына сыймаған кедей өзінің бірінші тілегі… ханның қызы мені ұнатса екен деген. Кедей ханның қызына келеді. Қыз жүгіріп алдынан шығып, жігіттің маңдайынан сүйеді де, тез кетуін сұрайды. Таң қалған кедей неге екенін сұрайды. Қыз: Әкем бізді көрсе өлтіреді, — дейді. Жігіт: Екеуіміз бірге қашайық, — дейді. Қашпақшы болғанда ханның уәзірі байқап қалып, ханға айтып қояды. Хан уәзірлеріне кедейді алып келуге бұйрық береді. Кедейді өлтірмекші болады, қызын өз бөлмесіне қамап тастайды. Кедей қолындағы таяққа тез өзінің екінші тілегін айтады: «Хан мен уәзірлері тасқа айналып кетсін» дегенде бәрі тас болып қалады.
Кедей ханның қызын ертіп келе жатып, үшінші тілегін айтады: «Менің әдемі үйім, қасында үлкен бағы болсын», — дейді. Қараса, аспанында ақша бұлттар көшкен, бақшаның іші жұпар иісі аңқыған, бал татыған өріктері, қып… қызыл алмалары нарттай болып піскен, көкорай шалғын жайқалып, домбыра сазы құйқылжыған бақ пайда болады. Олар қуанып, осы бақтың ішінде бақытты, ұзақ өмір сүрген екен. «Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ» — деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі — К.Д. Ушинский. Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой… қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:
Неше кесе Сынды кеше?
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Байжиенова Ақмаралдың құрастырған мәтіні. Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:
— Айдар, жылама, қорықпа! Бұл — піл, бұл —ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, — деді. — Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, — деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.
Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығыескертіліп, әр жануардың қасына:
Туған жердің күні
де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам… ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші… алтын бесік.
Отан… оттан да ыстық.
Бірлік түбі… береке
Ертегілердің қалай басталатыны, ертегінің кейіпкерлері, олардың өмір сүру орталары туралы сұрақтар берілді. Мақалдың мағынасын ашқаннан соң, оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. Ахметова Айнұр деген оқушының құрастырған ертегісі:
Ерте, ерте, ертеде бір аңшы болыпты. Ол қайырымсыз екен. Аң–құстардың бәрін ата берген. Атпағандарын торға қамап ұстаған екен. Бір күні ол торға түлкі, аю, қоян, торғайларды, қасқырды қамап тастапты. Түлкі өзінің қулығымен, аю өзінің күшімен құтылмақ болса да, одан ештеңе шықпапты. Әбден жаурап, мазасы кеткен түлкі қайғырып:
— Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық болады екен, — дейді. Сонда аю айтады:
— Иә, түлкіжан, ел іші… алтын бесік деген рас екен. Енді қалай құтыламыз өз орманымызға қалай жетеміз деп одан сайын қайғыра түсіпті. Торғайлар:
— Отансыз адам… ормансыз бұлбұл. Біз де өз орман… тоғайымызды қатты сағындық деп шиқылдайды.
— Отан… оттан да ыстық қой. Мен өз даламды сағынғаным сондай, ішім өртеніп бара жатқандай. Осылай өлетін шығармыз,— деп қасқыр аспанға қарап ұли бастады. Сол кезде қоян ортаға шығып:
— Осылай қайғырғаннан түк болмайды! Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі демей ме? Қане, бәріміз бірігіп, құтылуға тырысайық! Торғайлар торды оларды босатады. Қайырымды жолбарысқа бәрі өте риза болып, бостандыққа шыққандарына қатты қуанады. Міне, бірлік түбі… береке деген осы.
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының шыәармашылық қабілеттерін арттыру жолдары