Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:55, реферат
Адам болғаның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді.
Кіріспе. Қабілет туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім:
2.1. Қабілеттер концепциялары
2.2. Қабілеттілікті зерттеу мәселесі
2.3. Қабілет және нышан
2.4. Қабілеттің психикалық механиқалық көрінісі
2.5 Бейімділік және қабілет.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бейімділік
– адамның белгілі бір
Қабілет
адамның әрекеттің бір түрімен
айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте
байқалады. Бейімділік пен қабілет
көп жағдайда бірге болады. Өйткені
адамның белгілі әрекетпен
Жас балаларда әрекеттің әр түрлі байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділікті айырған дұрыс. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал : алдамшы түрінде әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады. Мәселен, алты жасар бала, үйіне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таңқалдырған екен. Оған шешісі де мәз болады. Бірақ әлгі бала оң қолың қайсы, сол колың қайсы дегенде, бала жауап бере алмай қиналған екен. Бұдан біз балада тек алдамшы бейімділіктің болғанын көреміз. Бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келетіні рас. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе,ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе,оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.
Қорытынды
Кез келген адамзат бала кезден өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Кейбіреулерінде ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады (би билейді, сурет салады, , өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін са-лады), ал басқа біреулерінде қандай да бір әрекетке бейімділігі байқалмай қалады. Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бас-тайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды.
Сонымен жоғарыдағы анықтамаларға негізделіп, мынандай қорытынды жасауға болады, яғни, қабілеттер – іс - әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын адамның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді қалыптастырады.
Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата – аналар, мұғалімдер дер кезінде балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтап және оны дамытса, оның негізінде олардың болашағына бағыт берсе – бүкіл дүние жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан – жақты дамыған дарынды тұлға болып қалыптасуына көп ықпалын тигізері хақ. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның қабілеттілігін дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Олай болса, қабілет өніп, өркендеуі үшін қолайлы жағдай мен сыртқы ортаның қажетті факторларын талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Қабілет – психиканың жеке даралық көрінісі ретінде