Қабілет – психиканың жеке даралық көрінісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:55, реферат

Описание работы

Адам болғаның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді.

Содержание

Кіріспе. Қабілет туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім:
2.1. Қабілеттер концепциялары
2.2. Қабілеттілікті зерттеу мәселесі
2.3. Қабілет және нышан
2.4. Қабілеттің психикалық механиқалық көрінісі
2.5 Бейімділік және қабілет.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Астана Медициналық Университеті.docx

— 52.43 Кб (Скачать)

В.А. Крутецкий өзінің көрсеткен классификациясында: икемділік, тез байқағыштық, еске сақтау, терең ойлау қабілеті бар, оның келешекте мамандық таңдауына көп көмектесетінін айтқан. Сонымен бірге В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды.

Американдық ғалым Блум әйгілі адамдарға зерттеу тәжірибесін жүргізіп, оның нәтиже көрсеткішінен, осы адамдардың қабілеттерінің толық даму-ының тәрбиелік және білімділік әдістерінің моделін ұсынды. Блумның айтуынша, қабілеттің ерте дамыған түрлері, егер белсенділік және арнайы оқыту әдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан, күйреуге ұшырайды.

Ал қазақ  топырағында жеке тұлғаның қабілетін  дамыту мәселелерін 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.Уалиханов шығармалаларынан көруге болады. Абай атамыз адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Адамның ойы мен санасы еңбек іс әрекеті нәтижесінде қалыптасып, дамиды деп тұжырымдайды. Ш. Уалиханов жеке тұлға тәрбиесінде білім мен тәрбие шешуші рөл атқарады, адам қабілетінің дамуына бейімділігінің, ынтасының маңыздылығы зор екенін айтады.

20 ғ. алғашқы  ширегіндегі қазақ ғұламалары  мен қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың педаго-гикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж. Аймауытұлы «Психология және мамандық таңдау» еңбегінде белгілі ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, мамандықты адекватты таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынды. Оның пікірінше, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді. 19 ғасырда ол Бостон қаласында кәсіби бағдар беру ұйымы құрылғанын, мұның жұмысына мектеп басшылары, мұғалімдерімен қатар, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне мүдделі әр түрлі қоғам өкілдері қатысып отырғанын, алынған мағұлматтарды бір бірімен салыстырып, математикалық өңдеуден өткізген соң, зерттеуші әр баланың жеке қасиеттері қай кәсіпке сай екенін айқындағанына тоқталады. Демек, бұл жағдай әр шәкірттің, оның ата-анасының да мамандық таңдау мәсе-лесіндегі жағдайын жеңілдетіп, болашақта өз қабілетіне лайық қандай мамандықты таңдап алуға болатынын анықтауға көмектеседі деген.

Ж. Аймауытұлы әр адам белгілі бір кәсіптің түрін  таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тұрмысынан бірілетін ерек-шеліктерін, іс-әрекеттің  қандай түріне бейім екенін аңғара алуы керек дейді. Сонда ғана ол өзіне  қажетті мамандықты дұрыс таңдай алады.

Мағжан Жұмабаев өзінің «Педа-гогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, жеке тұлға мәселесін ақыл-ой қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.

Соңғы 30-40 жыл ішінде психологтар мен басқа  да ғалымдар арасында қабілеттің дамуында биологиялық фактор мен тіршілік ортасының, әсіресе әлеуметтік ортаның  қатынасы мен ықпалы жайында пікір  айтыстары болып келгені мәлім. Дегенмен, мұндай пікірталастар белгілі  бір тұрақты қорытынды шешімге  келе алған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабілет және нышан

Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың  ата-анасы мен туысқандарына ұқсап  тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері  де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық  нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет  үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне  себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет  дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатыны ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізгі болған мидың құрылымы,сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық- физиологиялық нәсілдік ерекшелектері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде.

Нышан –  қабілетті дамытудың табиғи және әлеуметтік алғышартары.  Нышан көп  мәнді қасиет, яғни сол нышанға  негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына  қарай түрлі қабілет қалыптасады. Әрине, нышандар  қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша  жетіліп, кемелдену жолы осы екі  құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады.  нышанның арқасында  дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіңдік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің жемісі. Мысалы, ақыл-ес қабілеттер ең алдымен ми қызметінен –қарқынды  не бәсең қозулардан , жүйке процестерінің  қозғалмалынан, уақөытша байланыстар  түзілімнің шапшаң не баяулығынан т.б. яғни И.П.Павлов генотип ( жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл –сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруінің , сана жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз тиімділікпен орындалуының кепілі. Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктеріне екі түрде көрінеді (И.П.Павлов):

1. Жоғары  жүйке жүйесіне тәуелді.

2.бірінші  және екінші сигналдық жүйелердің  арақатнасына байланысты.

Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер  музыкалық және суреткерлік  өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту  қасиеті – музыкант болудың ал түр-түс айыра білу – болашақ суреткер болудың алғы шарты.  Ал, нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егерқоғамда белігілі  бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса ( музыкантка қажет нәзік есту қасиеті) онда, оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды. Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан белігілі бір нышан негізінде іс- әрекерт талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дрижер, биші,әнші, музыка сыешысы, педагог т.б. болары ытимал. Сонымен бірге, болшақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің сан-алуан болуынан нышан жеке адамның дара танымдық қасиеттіне негіз береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабілеттің  психикалық механиқалық көрінісі

І.Қабілеттің түрлері. Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі).

Жалпы қабілет – адамның ақыл-ой өзгешіліктерінің жеке қсиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Арнаулы немесе жекеше қабілет - іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.  Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады.

Адам  қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.

Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды.

ІІ. Қабілеттің деңгейлері. Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.

Дарын – қабілеттің бастапқы деңгейі. Дарындылық - әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет  білім, ептілік дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруіді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерешелігі.

Дарындылық  әрбір адамның  ақыл –сана, ,оқу, шығармашылық, көркемөнер  және психомоторлық  қызметтерінде көрініс береді. Дарынды  адамға тән қасиеттер: зеінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын  болу, мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектік  деңгейі анағұрлым жоғары.

Дарындылық  көрсеткіші ретінде тұлғаның даму дәуірлері  де алынуы мүмкін. Оның ерте жаста көрінуі (жағдайлардың әртүрлілігіне қарамастан) – дарындылықтың аса жоғары болуының белгісі. Бірақ, дарындылық ерте жаста  көрінбеді, сондықтан ол болашақта  өріс ала алмайды деп қорытындылауға болмайды. Мұның дәлелі әйгілі физик  Эйнштейн – бала күнінде мектепте физикадан «үштік» бағаға зар  болған оқушы, кейін, есейген шақта  осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне  айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей  даму деңгейіне жете алмай қалады. Сондай-ақ, бар беретінін жастық шағында жарқыратып, кейін тоқырауға  түсетіндері де аз емес. Мұндай жастарды халықаралық тілде «вундеркиндтер» деп атайды.

Қабілеттіліктің ең жоғары дәрежесі. Талант- бір әрекетті творчестволық пен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Оның дамуы еңбек ете білуімен,еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. «Талант» сөзінің төркін мәні-ежелгі грек қауымнда бай манап өзі жоқта жұмыстан қашақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта «талантты құм болды», «таланты көмілді» деген ұғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің ( музыкалық, суреткерлік,әдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңнейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талан та іс-әркетте көрініп, өрістейді. Таланты, қайталанбас мәнерімен ажыратылады. Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында тұрған нақты міндеттерге байланысты. Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды. Мысалы, кейбіреулер 10 санды не одан да көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.

Қабілеттердің даму барысында ең жоғары, шыңдалу  деңгейі – данышпандық. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады.

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты  болуына себепші рухи көтеріңкілік пен ереше күш –қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іс асыруға ынталандыратын психологиялық  қалып – шабыт.

Шабыт- шығармашыл тұлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, дасампазыдық ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.

ІІІ. Қабілеттің құрылымы. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.

Қабілеттің құрылымы

Қоршаған ортамен                                     Бағыттылығы:Жалпы, арнаулы

Белсенді қарым қатынас



                                             Қабілет


Оқыту мен тәрбие                                     Даму деңгейі: талант,

                                                                    дарындылық,

                                                                    данышпандық                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейімділік және қабілет

Бейімділік – туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі,симптомы Бейімділік қабілеттің дамуына қажетті табиғи алғы шарттың бар екендігінің хабаршысы іспеттес.  Қабілеттің табиғи алғы шарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. Осыдан барып музыкадан немесе көруден туатын әсер, сондай-ақ тиісті іспен айналысу ерекше қуанышқа бөлейді. Осындай шынайы бейімділікпен қатар жалған, не алдамшы бейімділік те болады. шынайы бейімділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге үстірт жай таңдана қараудан немсе беріле әрекет еткенмен орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады.

Информация о работе Қабілет – психиканың жеке даралық көрінісі ретінде