Қабілет – психиканың жеке даралық көрінісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:55, реферат

Описание работы

Адам болғаның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді.

Содержание

Кіріспе. Қабілет туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім:
2.1. Қабілеттер концепциялары
2.2. Қабілеттілікті зерттеу мәселесі
2.3. Қабілет және нышан
2.4. Қабілеттің психикалық механиқалық көрінісі
2.5 Бейімділік және қабілет.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Астана Медициналық Университеті.docx

— 52.43 Кб (Скачать)

«Астана Медициналық  Университеті» АҚ

«Неврология, жалпы және медициналық психология» кафедрасы

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қабілет – психиканың жеке даралық көрінісі ретінде

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Орындаған: Иген Н.Е

                                                                 Қабылдаған: Исимова А.Е

 

 

Астана қ., 2012 жыл

 

 

ЖОСПАР

 

 

  1. Кіріспе.  Қабілет туралы жалпы түсінік
  2. Негізгі бөлім:

2.1.  Қабілеттер концепциялары

2.2.  Қабілеттілікті зерттеу мәселесі

2.3.  Қабілет және нышан

2.4.  Қабілеттің психикалық механиқалық көрінісі

2.5  Бейімділік және қабілет.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабілет туралы жалпы түсінік

Күнделікті  ауызекі сөзде “қабілет” деген  атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме  бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.

Қабілет – іс-әркеттің белгілі бір түрін  ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін  адамның жеке қасиеті.

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы  болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі  талап қояды. Егер жеке адамда бар  қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әркетті табысты  болады. Егер осындай сәйкестік болмаса  онда индивидте қабілет болмағаны. Яғни қабілетті адамның басқа  бір қасиетімен шатыстыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеке адам қасиеттерінің  синтезі.

Адам болғаның   барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың  бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әерекерт. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын бас айтумен, шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздіктерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекетті тезірек меңгереді, қажетті , мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әр түрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық проецстерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен , қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мыаслы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оықуп, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Мектепте  оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің  ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп  отырылады. Бұл мысалдар әр адамның  әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын  байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс- әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен  жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда  да бірінші адамның іске қабілеттілігі  екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай  да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде  күшті, біреуде шамалы болып келуі  мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді – дегенде  теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік  психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.

«Қабілет» түсінігінің  бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) көрсетті.

1. Қабілет- біор адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2. Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3. Қабілет – нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдыларды оқшау , қажет әрекетті игеру желсінде ғана көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабілеттер концепциялары

Қабілет жайлы бірнеше теориялар бар. Соның бірі тұқымқуалау арқылы беріледі дейді. Атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Ал, келесі бір теорияда орта мен тәрбиеге байланысты сүйенеді ( диалектикалық теория).

Қабілет дамуында табиғи, биологиялық, әлеуметтік, жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасына байланысты (диалектикалық теория).

Адам  қабіеттерінің табиғаты осы күнге  дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір  таласын тудырады. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан, философ Платон – қабілеттердің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейді. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқының өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі  бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған. Гайдн- 4 жаста, Дина Нүрпейсованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған.  Сурет және сәулет өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэль –8 жаста , Ван-Дейк 10 жаста т.б.

Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зертеулер әр адамның қабілетін  оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіріледі. Белгілі болғандай ,ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Мысалы, И.С.Тургеневтің миі –2012 г. Д.Байрон-1800г. т.б.

Қабілетке байланысты нәсілдік идея Галльдың «Френология»(phrenos-ақыл, logos- білім ) деп аталған психологиялық тағылымында дәріптелді. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға тырысты. Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған ( локализация) бірнеше орталықтардан құралады. Осыдан , мидың тисіті бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталады.  Сонымен, Ф.Галль ұсынған мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болыды. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегенде арасында Ч.Ф.Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым құалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған. Ф.Гальтон есімі өз алдында.  Гальтон, адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заңдылықтарын ашу және пайдалану қажет деген қорытындыға келді. Осы идеяны жалғасытра отырып , ХХғ. Котс жоғар қабілеттілігі бірнеше әулетте бақалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағылардың алғашқы ән-күй қабіетті 1550 жылы көрініс берген. Дәл осындай ғажайып қабілет құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан әулет тарихынан да байқауға болады. ( Р.Бердібай).

Жоғарыда  аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын көрсеткісі келді. ХҮІІ ғаырдың өзінде –ақ К.А.Гельвеций  адамд тәрбие арқылы дарындыллқа  жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектер жазды. Бұл бағыт тарапындағылар   дамуы өте кешеулдеген тайпа  балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Еуропа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге  тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты.  Сонымен, бірге бұл  еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан  мүлде тыс қалған жағдайда жастардың  орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдлық  қасиеттерден жұрдай «маугли» , «тарзан» ьолатынын бетке ұстады. Белгілі  мәдениет аймағында ерекше арнайы қабілеттердің  орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме  ретінде келтірілді. ( А.А. Леонтьев, О.Н.Овчиникова, Ю.Б.Гиппенрейтер).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабілеттілікті зерттеу  мәселесі

Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін  зерттеуге қатысты фило-софиялық, психологиялық, педаго-гикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға  көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі  де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті  қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің  түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны  да белгілі.

Адамдардың  қабілетінің табиғаты осы күнге  дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір  таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп  түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның  миы болып шыққаннан кейін, бұл  болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары  мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Рафаель т.б.).

Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері  басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл  ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды.

Қабілеттілік  туралы ой–пікірлерді дамытудың  маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан «Исследование способностей к наукам» (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық Европалық тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.

Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген.

19 ғасырдың  екінші жартысында қабілеттілікті  зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен  бірге ғылымның жаңа бағыты  ретінде даралық ерекшеліктердің  психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды.

Қабілет мәселесі арнайы психо-логиялық зерттеудің пәні ретінде - ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.

20 ғасырда  неміс психолгі У. Штерн жеке дара ерекшеліктерді зерттеп, жеке даралық психологияның негізін қалады. Сонымен бірге ол адамның ақыл ойын анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» ұсынды, әрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл –ой қабілеттілігі».

Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.

Бір адамның  бойында бірнеше әртүрлі қабілет  болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі  адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзара өзгешеленеді.

Б.М. Тепловтың  ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д. Небылицин қабілеттерде және дарын-дылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді.

Адам  қабілетінің әртүрлі болуын ұлы  физиолог И.П. Павлов сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамының жоғары жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді. Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын, болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыт-тылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрЫлымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды.

Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық үрдістерден пайда болады деген-ді. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс әрекет жүзеге асады.

Н.С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартым-дылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды» сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде болады.

Информация о работе Қабілет – психиканың жеке даралық көрінісі ретінде