Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 16:43, курсовая работа
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.
КІРІСПЕ......................................................................................................................2
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4
1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12
«ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17
2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын
зерттеу.......................................................................................................................21
«ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастырудағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24
3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы шетел тәжірибесі.....................................25
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33
3. БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы
баға саясатын
Кəсіпорын үшін тауар бағасының құрылымындағы негізгі элемент - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өзіндік құн дегеніміз өнімді өндіруге жəне сатып өткізуге кеткен шығындардың ақшалай формасы. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар құрамы көптеген жағдайда мемлекеттің салық саясатымен анықталады. Шығындардың кейбір түрлері белгіленген тəртіппен бекітілген нормалар шегінде өзіндік құнға енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп əдістемесі жəне аудит Департаменті ұсынған Бухгалтерлік есептің «Тауарлы – материалдық қорлар» бөлімінің өнімнің (жұмыстардың қызметтердің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамын қалыптастыру жəне жіктеу 7- стандартының əдістемелік ұсынымдарына сай, өнімдердің өзіндік құнын құрайтын шығындардың оңтайлы жəне біркелкі құрамы анықталынады. Өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайтын жоспарлау, есеп беру жəне жіктеу кезінде топтастырудың мынадай түрлері қолданылады:
1) шығындар пайда болған жері бойынша, өндіріс, цех, бөлімшелерде
топтастырылады;
2) өнімнің жұмыстың жəне
қызметтің түрлері бойынша,
3) өнімнің өзіндік құнына
енетін əдістері бойынша
топтарына енеді.
Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына енетін əдістерге байланысты шығындар тікелей жəне жанама болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімнің өзіндік құнына тікелей жəне бөгетсіз енуі мүмкін өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен тікелей байланысты, яғни шикізат, негізгі материалдар, сатып алатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақылары жəне тағы басқалар. Жанама шығындар оларды тарату арқылы өнімнің өзіндік құнына қосылатын өнімнің бірнеше түрлерімен (құралдарды, цехтарды жəне басқаларды күтіп ұстауға жəне жабдықтауға кеткен шығыстар) өндіріске байланысты шығыстарды білдіреді. Тікелей шығындар бабы бойынша шығындар тобында тəртіпке сəйкес элементтер кесіндісінде есепке алынады, ал жанама шығындар өндірістік процесінде олардың функционалдық рольдері арқылы ажыратылатын жинақтық баптар құрайды, ол бірнеше элементтер құрайтын шығындардан тұрады.
Кəсіпорында нақты бағаны белгілеуде өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар:
• Шикізат жəне материалдар;
• Басқа кəсіпорындар мен ұйымдардың сатып алу бұйымдары, жартылай
фабрикаттар жəне өндірістік сипаттағы қызметтер;
• Технологиялық мақсаттағы отын жəне энергия;
• Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы;
• Əлеуметтік мақсаттағы шығындар;
• Жалпы өндірістік шығындар;
• Жалпы шаруашылық шығындары;
• Өнімнің бұзылуынан шығындар;
• Басқа өндірістік шығындар;
• Коммерциялық шығындар.
Алғашқы он бап өндірістік өзіндік құнды құрайды, оған өнімді сатып өткізуге жұмсалған коммерциялық шығындарды қосқанда, толық өзіндік құн есептеледі. Коммерциялық шығындардың құрамына қораптау, сақтау, тасымалдау, көлікке тиеу, жарнамалау, көрме, жəрмеңкелерге қатысу жəне басқа да шығындар кіреді. Өзіндік құн, əлде айналыс жəне өндіріс шығындары, бағаның төменгі шегін анықтайды. Өзіндік құн – бұл бағаның негізгі элементі ғана емес сонымен қатар кəсіпорынның шаруашылықтық деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Сондықтан кез келген кəсіпорын жоспарында өндіріс тиімділігін арттыру жəне пайданы ұлғайту мақсатында, өнімнің бір өлшеміне есептелінген шығындар деңгейін арзандату көзделеді. Ол негізінен еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, өндірістегі материалдық шығындарды үнемдеу, административтік-басқару шығындарын азайту, өндірістік емес шығындарды жою жəне өндірілетін өнім көлемін арттыру арқылы жүзеге асырылады.
«ФудМастер» баға саясатында өнімдердің өзіндік құнын төмендету жолдары да қарастырылған. Олар өздерінің географиясын кеңейте отырып, яғни әр аймақта филиалдар ашу арқылы, олар сол аймақтағы ауыл шаруашылықтан керекті шикізаттарын алады. Кмпания үшін бұл өте тиімді, яғни сол аймақта төмен бағамен сатып алады. Тағы бір атап өтетін жай компания табиғи шикізатты жинаудың өзіндік бірегей жүйесін ойлап тапқанымен ерекшеленеді. Бірнеше аймақта компания шведтік салқындатқыш резервуарлармен және экспресс-анализге арналған құрылғымен жабдықталған қабылдау бөлімдерінің желісін ұйымдастырды. Компанияда интенсивті өсу кең орын алуда. Жаңа технологияларды енгізу арқылы адам күшін аз қолдана отырып, еңбек күшіне кеткен шығындарды азайту арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендету негізінде баға саясатын қалыптастырып отыр.
3.2 Баға саясатын
қалыптастырудағы шетел
Шет елдрдегі баға саясатын қалыптастыру мен бағаны реттеу тәжірибесін зерттеу, оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар тәуелсіздігін бізден бұрын алған және олардың экономикасы көптеген ерекшеліктерге ие, сонымен қатар шет дамыған еледердің баға белгілеу механизмін білу артықшылық етпейді.
Алпауыт ел АҚШ- тағы баға саясаты мен баға реттеуге келер болсақ, АҚШ- та 70- жылдары көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды түрде өсті.Инфляция деңгейі жоғарылай берді. Мемлекеттің жасаған алғашқы қадамы осы инфляцияны бағаны тура реттеу арқылы жеңу болды. 1971 жылы тамызда АҚШ президенті Р.Никсонның ұсынысымен бағаға орталықтандырылған бақылау орнатылды. Ең күрделі экономикалық жағдайды қоғамдық пікірлердің қысымы президентке шұғыл шешім қабылдауға ықпал етті. Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға – жұмыссыздыққа әкелу қаупі болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ- тағы бағаны тікелей реттеу экономиканы тұрақтандыруға көмектесті. 1972 жылы күзде көтерме және бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамассыз ету біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.
Алайда орталықтандырылған реттеудің кейбір жағымсыз салдарлары да көрініс берді. Баға мен жалақыны тоқтату капиталдың салааралық құйылуын шектеді, инвестиция әрекеті тоқтап, іскерлік белсенділік деңгейі төмендеді, табыс өсімі азайды. 1972 жылы мамырда АҚШ бағаны тура бақылаудан бас тартты. Қазір Америка әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын белсенді пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық жағдайды жақсарту керек болды.Бағаны жанама реттеудің негізгі бағыттары:
- рестрикциондық несие-
ақша саясаты, федералды
- тауарлар мен қызмет
көрсетуді федералды сатып
- мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту
- рационалды салық саясаты
Мұндай мемлекеттік
Қазір баға свясатын тікелей мемлекеттік реттеу тек жоғары монополияланған салаларда ғана қолданылады. АҚШ- та мемлекет тұрғысынан баға саясаты 5%- дан 10%-ға дейін ғана реттеледі.
Франция экономикасындағы баға мәселесіне тоқталар болсақ, Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып табылады. Бұл елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібінде болды. 40 жыл бойы(1947- 1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу, осы уақытқа дейін сақталған «дирижизм» саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағаны либеризациялау 1973 жылдан 1980 жылдың екінші жартысына дейін созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіп өнімі бағасының 90%- ы босатылды.
Қазір француз үкіметі монополист- салалар кәсіпорындары өнімінің бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлікті, ауыл шарушылық өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы арақатынас мынадай: бағаның 20%-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80%- ы еркін баға белгілеу тәртібінде реттеледі.
Швеция. Бұл елде баға саясатын бақылау мен тексеруді – Азаматтық әкімшілігі министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты арнаулы орган іске асырады. Швецияда баға саясатын реттеу заңы мен бәсеке шартымен баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттігі туралы заң қабылданған және әрекет етеді.
Қысқа мерзімді бағаны тоқтату- бұл инфляцияның көтерілмеуіне жол бермеу және нарықтағы күрт дисбаланстарды қалпына келтіру үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң мемлекетке соғыс , не оның шығу қаупі ,не бағаның жалпы өсу қаупі кезінде бағаға тікелей әсер ету жөніндегі шараларды іске асыру құқын береді. Жекелеген тауарлар үшін максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгенннен кейін және бағаны жоғарлату мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсат беріледі.
Баға деңгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және мемлекеттік кәсіпорындар арқылы ғана іске асырылады.
Швецияның ауыл шаруашылығына бағалық субсидиялаудың маңызды көзі- импорттық шикізаттарға қойылатын кедендік алымдар. Олар ішкі нарықпен сыртқы нарықтың ең жоғарғы бағалары арасындағы айырмашылық мөлшерінде орнатылады.
Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы- тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.
Даниядағы баға белгілеу мен баға саясатын реттеуге келсек, бұл елде баға белгілеу жүйесі нарық факторларының ықпалымен құрылады. Бағаны қалыптастыруға мемлекттік әсер аса шектеулі. Бұл облыстағы мемлекет функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының өндірістік шығындары мөлшері сияқты критерийлерден шыға отырып, өз өнімі бағасын дербес орнататын және өндірушілердің еркін бәсекесі үшін максималды жағымды жағдайлар орнатуда болып табылады. Мемлекеттің сектордағы масштабы үлкен емес бағалар мен тарифтерді мемлекеттік және муниципалдық өкімет, фолькетинг(парламент) орнатады. Тікелей мемлекет орнататын немесе реттелетін бағалардың үлкен салмағы 6%- ға жуық болады.
Даниядағы баға белгілеудің негізгі заңды актісі, 1989 жылы 1 маусымда фолькетинг қабылдаған бәсеке туралы заң болып табылады. Баға белгілеу облысындағы монополияның қызметін қадағалайтын мүшелер, өнеркәсіп министрі төрт жылдық мерзімге тағайындайтын мүшелерін бәсеке мәселелері бойынша кеңес іске асырады. Ауыл шаруашылық өнімдеріне баға белгілеу процесі, Дания мүше болып енетін ЕО(ЕС) ауыл шаруашылық саясаты механизмінің ықпалымен құрылады. Сонымен қатар фермерлерге мемлекет тарапынан күрделі құрылыс үшін, суландыру жұмыстарын жүргізуді, энергия сақтаушы жүйені негіз үшін қарыз беру мен жеңілдетілген ренталық жағдайлар ұсынылады.
Норвегия . Елдегі бағаны мемлекеттік реттеудің , 1995 жылғы бекітілеген баға пайда мен бәсекені шектеудің негізі сонымен қатар осы заң негізінде жарық көрген бірқатар корольдік бақылау заңы, резолюциялар болып табылады.
Кәсіпкерлік пен баға белгілеу сұрақтарын реттеуші заңдардың орындалуын бақылауды баға белгілеудің мамандандырылған органдары іске асырады. Оның ішіндегі маңыздылары: Баға бойынша кеңес, Баға бойынша директорат, Баға бойынаша мемлекеттік инспекция.
Мемлекет максималды және минималды баға деңгейін анықтап, бағаны тоқтатуды жүргізеді, баға белгілеу облысындағы баға жеңілдіктер мен үстемелерді, пайданың максималды деңгейі мен басқа ережелерді орнатады.
Норвегия ішкі бағаны белгілеудің негізі әлемдік баға болып есептеледі. Норвегия экономикасының сыртқы нарыққа тәуелді болуы үкіметті өз экономикасын қорғау саясатын, соның ішінде ішкі және сыртқы бағалар деңгейлері мен арақатынастарының сәйкестігін бақылауды жүргізеді. Егер импорт ішкі нарықтағы қажетсіз өзгерістерге әкелсе, онда үкімет импортты шектеуге ұмтылады.
Австрия. Бағаны мемлекеттік реттеу баға туралы заң, картель туралы демпингке қарсы заң негізінде жүзеге асады. Мемлекет бағаның 10%- ын реттейді. Парламент темекі, темекіден жасалатын бұйымдар, тұз бағаларын, пошталық алымдарды, телефонға, телеграф және темір жолдары тарифтерін орнатады. Қаржы министрлігі спирт ішімдіктеріне баға белгілейді.
Австрияның экономика министрлігі кез келеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге 6 айға дейін бағаны реттеуді енгізуге құқылы. Егер бір немесе бірнеше кәсіпорындар бағаны заңсыз көтерсе, не өнімді өндіруге жұмсалған шикізат пен материалдар бағасы төмендегеніне қарамастан, кәсіпкерлер дайын өнім бағасын түсірмесе 6 айға дейін олар бағаны орната алады. Бағалардың экономикалық дәлелі жеке алған кәсіпорын өнімнің нақты өзіндік құны тұрғысынан емес, тұтынушылар мен экономиканың даму позициясынан қарастырылады.
Швейцария. Ауыл шаруашылық өнімдері, бағаның тең жартысының жуығына заңды түрде реттеледі. Мемлекеттік реттеу тамақ және жем бидайы, қант қызылшасы, сүт бағаларын қамтиды. Етек анықтама баға белгіленеді. Тоқыма тауарларын, киімді, ойыншықтарды, музыкалық аспаптарды бақылау арқылы бағаны шекті реттеу жүзеге асырылады. Швейцарияда мемлекет қорғайтын немесе жәрдем ақша бөлетін тауарлар бағасы бақыланады.
Швейцарияда баға белгілеу
органы бағаны бақылайтын Федералдық
ведомство болып саналады. Баға белгілеу
процесі тауардың бағасын қорғау
туралы, сонымен қатар өнім түрлері
мен және нақты салалар бойынша
қаулылар мен заңдарға сәйкес, Федералдық
үкіметтің қаулысы бойынша
Информация о работе «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы