«Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................2
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4
1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12


«ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17
2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын
зерттеу.......................................................................................................................21

«ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастырудағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24
3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы шетел тәжірибесі.....................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33

Работа содержит 1 файл

КӘСІПКЕРЛІК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 106.76 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................2

  1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4

1.2 Нарық типтеріне байланысты  баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9

1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12

 

 

  1. «ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17

2.2 Бәсекелік  ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын

зерттеу.......................................................................................................................21

 

  1. «ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорындағы баға  саясатын қалыптастырудағы өнімнің  өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24

3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы  шетел тәжірибесі.....................................25

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі жаһандану және әлемдік  экономикаға кірігу жағдайында отандық  таурлар сапасын арттыру және бәсекені дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Өнім сапасын  үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын  жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру, тұтынушылармен нарықты қанағаттандыратын  бағаны белгілеу әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты  болып табылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең  құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.

Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.

Бәсекелік ортада кәсіпорындардың  баға саясатын қалыптастыруды реттеп отыру-сол кәсіпорындардың нарықта  бәсекеге қабәлеттілікке жарамды болуына  кепіл бола алады.

Нарықтық экономикада  кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелік қабілеті  оның баға белгілеудегі ұстанып отырған  саясатына тікелей байланысты. Бұл  жерде кәсіпорынның басты мақсаты  тек мол табыс алуға ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен  бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа  тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.

Бәсекелік нарықтағы бағалық  бәсекенің өзі де кәсіпорындардың  төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.

Бағалық бәсекеге түсуге  талпынған әр бір кәсіпорын нарыққа  ену мүмкіндіктері мен шығыемен жұмыс істеу қауіптерін, бәсекелестерінің артықшылықтары мен тұтынушыны қызықтырар әдістерін, бәсекелестер тарапынан  болатын қыспақтар мен олардың  алдын-алу шараларын ойластыра  отырып, баға саясатына қатысты шешімдерін айқындағаны дұрыс.

Отандық тауарларымыздың  ішкі нарықтағы үлесін арттыру арқылы,соның  ішінде сапалы, әлемдік стандарттарға  сай өнімдерді халыққа ұтымды бағамен ұсына отырып экономикамыздың  тиімді жұмыс істеуіне ықпал ете  отырып, сыртқы нарыққа сапалы өнімдер  шығару арқылы дамыған ел қатарында  бүкіл әлемге аяғын нық басып, басын тік көтеріп тұрған Тәуелсіз елді көрсетуіміз керек.

Курстық жұмысымның тақырыбы, ондағы қарастырылатын сұрақтар қазіргі  кездегі өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Зерттеу жұмысымның өзектілігі нарықтық экономикадағы  бәсекелікті зерттей отырып, сол  нарықтағы кісіпорындардың баға саясат ерекшеліктерін көрсету. Зерттеу  жұмысымның мақсаты:

  1. Баға және баға саясаты түсінігі  туралы білімді қалыптастыру
  2. Бәсекелік ортада бағаны қалыптастыруды мысал негізінде көрсету
  3. Әр нарық типтеріндегі баға саясатының ерекшеліктерін анықтау

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді орындау қажет:

        • Баға саясатының   теориялық негіздерін қарастыру;
        • Бағаға әсер ететін факторларды анықтау;
        • Бәсекелік ортада баға қалыптастыру бағыттарын көрсету;
        • Нарықтық экономикада баға саясатын анықтаудың жолдарын анықтау;

Курстық жұмыста баға туралы теориялық түсініктемелер берілген. Баға  көрсеткіштері мен баға саясатын қалыптастыру туралы қысқаша  тоқталып өттім. Бәсекелік ортада баға саясатын қалыптастырудың теориялық  аспектілерімен қатар  «ФудМастер»  АҚ мысалында дәлелдеулер келтірілген.

Курстық жұмыста теориялық  мәліметтер мен статистикалық мәліметтер қолданылған.  Солар негізінде  салыстырулар кестелік сипатта көрсетілген. Мысалға алынған кәсіпорын өнімдерінің  бағалары тұтыну бағалары негізінде  көрсетілген.  Соған байланысты есептеулерге керекті мәліметтер кәсіпорынның негізгі  көрсеткіштеріне байланысты есептеп  шығарылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Нарықтық экономикадағы баға саясатының ролі мен оның теориялық негіздері.

1.1 «Баға саясаты» түсініктерінің мәні мен маңызы.

Кəсіпорынның баға саясатының мəні бұл бағаның ұтымды деңгейін жəне

құрылымын қалыптастыру, қолдау, жəне нарық жағдайында мүмкін болатын  мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар жəне нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады.

Баға нарықтық экономика  жағдайында – кəсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кəсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді. Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мəселесі – бұл олардың тіршілік жəне жақсы тұрмыс халінің көзі.      

Нарықтық қатынастардың  қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің  дұрыс əдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген кəсіпорынның қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кəсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кəсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кəсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады. Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.

1-кесте. Баға деңгейі  мен серпініне әсер ететін  факторлар

Бағаның арзандауына әсер ететін факторлар

Бағаның жоғарлауына әсер ететін факторлар

Өндіріс өсімі

Техникалық прогресс

Өндіріс шығындары мен айналым шығындарының азаюы

Бәсеке

Салықтар мөлшерінің кемуі

Тікелей байланыстардың ұлғаюы.

Өндірістің құлдырауы

Экономикалық жағдайдың  тұрақсыздығы

Кәсіпорын монополиясы

Дүрлікпе сұраным

Айналымдағы ақша массасының өсімі

Салықтар мөлшерінің артуы

Еңбек ақы өсімі

Кәсіпорын пайдасының өсімі

Тауар сапасын жақсарту

Жұмыс күшінің бағамының  өсімі

Капиталды, негізгі қорларды, жұмыс күшін, жерді пайдалану  тиімділігінің төмен болуы.


Жоғарыда көрсетілген 1-кестеде  бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар  көрсетілген. Олар әр түрлі әсер етуі мүмкін. Мысалы, өнімді өндіруге кеткен шығындардың азаюы өзіндік құнды  төмендетеді, соған байланысты ол тауарға  баға төмен белгіленеді. Ал, кәсіпорын нарықта монополист болса ол тауарға сұраныс жоғары болады да, кәсіпорын жоғары бағаны белгілейді. Кәсіпорын бағаны белгілеу кезінде осы факторларды ескеруі қажет.

Кəсіпорындарда белсенді жəне пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын жəне неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бəсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады. Сондықтан, бағаның көмегімен, кəсіпорын бəсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады.          

Пассивті баға саясатын ұстанған кəсіпорындар, нарықтағы үлесіне  ұзақ

мерзімде келіседі жəне баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады.

Пассивті баға белгілеу –  бұл баға деңгейін дəлме – дəл  шығынға негізделген əдістер негізінде əлде бəсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.

Баға белгілеудің тəсілдері:

1. Шығынға негізделген  тəсіл:

Өнім→Технология→Шығындар→Бағалар→ Құндылық → Тұтынушылар.

2. Құндылыққа  негізделген тəсіл:

Тұтынушылар→Құндылық→Бағалар→Шығындар→Технология  → Өнім.

Баға белгілеудің шығынға негізделген тəсілі, бұл - фирманың тауарларды өндіру жəне өткізуге жұмсалған нақты шығындарын, баға белгілеу саясатында қолдануы. Құндылыққа негізделген баға белгілеу – бұл, «құндылық / шығындар» ұтымды ара қатынасы негізінде, неғұрлым мол пайданы қамтамасыз ететін баға деңгейін қалыптастыру.

Баға белгілеу тəсілдері  өзіндік құн негізіндегі баға белгілеу жүйесіндегі

кемшіліктерді жəне құндылық бойынша баға белгілеудің жүйесін  көрсетеді.Өзіндік құн негізінде баға белгілеуде өнімді басқарады. Конструкторлық жəне өндірістік бөлімдер өз ойларынша «жақсы» болып саналатын өнімді жасап, жарыққа шығарады. Одан кейін, олар тауардың қосымша сипаттамаларын қамтамасыз ету жəне оған қызмет көрсету үшін қосымша шығындар жұмсайды. Сонан соң ол шығындар сомасы мақсатты бағаны анықтау үшін қолданылады. Егер, өзіндік құн негізінде анықталған баға əділетсіз болса, аталған мəселені шешу үшін тауарлардың үстеме бағаларының деңгейін өзгеріске ұшыратады. Бұл тактика қысқа уақыт мерзімінде нарықта қажетсіз шығындар жасамауға сақтандырады, бірақ бұл ақырғы шешім емес. Өзіндік құн негізінде белгіленетін баға мəселесін шешу, тез шегерімдерді белгілеумен шешілмейді, ол үшін барлық баға белгілеу үдерісін толығымен қайта қарау қажет.

Құндылық негізінде баға белгілеуде мақсатты баға деңгейін анықтау,

тұтынушы үшін тауар құнын  бағалауға негізделеді. Бұл мақсатты баға, одан кейін өндіріске қажет болатын шығындар туралы шешім қабылдауға əкеледі.

Қазіргі кезеңде көптеген фирмалар өзіндік құнға негізделген  əдістердің пайдаға қолайсыз əсер ететіндігін мойындайды. Олар нарықтық жағдайларды ескеретін баға белгілеуге мұқтаж екендіктерін жете түсінеді. Құндылық негізінде баға белгілеудің мақсаты –аса жоғарғы деңгейдегі құндылықты қамтамасыз ете отырып, неғұрлым мол пайданы қамтамасыз ететін баға белгілеу. Мұнда, өткізілетін өнім көлемін ұлғайту арқылы пайда табу көзделмейді.

Ұзақ мерзімде пайданың барынша  мол деңгейін қамтамасыз ететін, пайда  мен нарық үлесін қисындастыру жолын іздеу, баға белгілеудің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Көбіне, бəсекелестерге қарағанда фирманың нарықтағы үлесін елеулі түрде шектейтін баға, неғұрлым тиімді болып табылады. Мысалы: айталық ірі өнеркəсіптік компания баға деңгейін 8%-ға ұлғайта отырып, нарықтағы үлесін 20%-ға жоғалтты. Бұл компанияның кейбір өндірістік қуаттары өндірістік үдеріске қамтылмай қалғанымен, баға деңгейін ұлғайту табысты 70%-ға арттырды. Осының негізінде аталған компания, өз өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың бесеуінің төртеуі өнімді бұрынғы бағаға қарағанда 8%-ға артық бағалайтындығын анықтады. Компания осы құндылықты, өзінің нарықтағы шамадан тыс үлесін құрбан ете отырып, сақтап қалды.

Құндылыққа негізделген  стратегияның мақсаты – тұтынушылар  үшін

жасалынған құндылықпен, компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.

Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кəсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бəсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кəсіпорынның қандай да бір мақсатының нəтижесіне əр түрлі əсер етеді. Бағаның өзгеруі кәсіпорынның пайдасына және де басқа да қызметтеріне оң және теріс әсерін тигізеді.(2-кесте)

2-кесте. Баға деңгейі өзгерісінің пайдаға әсері

Информация о работе «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы