«Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазіргі кезең құр даурықпа, даңғазалықтың уақыты емес. Нақты іс пен сапаның уақыты. «Әлемді дүр сілкіндірген дағдарыс дауылынан тек бәсекеге қабілеттілер ғана аман-есен қалды. Олар дағдарыстан кейін де өсіп өркендей алады. Сондықтан, Қазақстанның тауарлары заманауи талаптарға сай болуы керек.
Кәсіпкерлерін барынша қолдап келе жатқан Қазақстан мемлекетінде баға мен сапа – бәсекелестікке сай болуы қажет. Біз Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына қосамыз десек, өзімізде шығарылатын тауарлардың баға және сапасының сай келуін ескеруіміз қажет.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................2
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ РОЛІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы....................................................4
1.2 Нарық типтеріне байланысты баға саясатын қалыптастырудың ерекшеліктері.............................................................................................................9
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілетті ортада баға саясатын қалыптастыру...........................................................................................................12


«ФудМастер» АҚ МЫСАЛЫНДА БӘСЕКЕЛІК ОРТАДА БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның жалпы өндірістік қызметін талдау.........................................17
2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын
зерттеу.......................................................................................................................21

«ФудМастер» АҚ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындағы баға саясатын қалыптастырудағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.................................................................................................24
3.2 Баға саясатын қалыптастырудағы шетел тәжірибесі.....................................25

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................33

Работа содержит 1 файл

КӘСІПКЕРЛІК КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 106.76 Кб (Скачать)

«ФудМастер»  компаниясы табиғи шикізатты жинаудың өзіндік  бірегей жүйесін ойлап тапқанымен ерекшеленеді. Бірнеше аймақта компания шведтік  салқындатқыш резервуарлармен  және экспресс-анализге арналған құрылғымен жабдықталған қабылдау бөлімдерінің желісін  ұйымдастырды. Сүт қабылдау бөлімдері  барған сайын көбеюде – жылдың соңына қарай олардың саны 22 %-ға өсті. Соңғы бес жылда шикі сүтті  өңдеуге қабылдау мөлшері де 50 %-ға өсті. Компания  жұмыскерлерінің  жалпы саны шамамен 2364 адамды құрайды, бұл 2009 жылғымен салыстырғанда 43% -ға жоғарылады.

Осы жерде кәсіпорының  тиімділік көрсеткіштеріне тоқталып өтуді жөн көремін. Өйткені бұл  көрсеткіштер кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелілігін, кәсіпорын  ресурстарының пайдалану тиімділігін  сипаттайды.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей  мәселелерді шешу қажет:

  • кәсіпорынның   бәсекеге қабілеттілігін арттырудың  теориялық негіздерін қарастыру;
  • бәсекеге қабылеттілікке әсер етуші факторларды қарастырып, оны бағалау әдістерін сипаттау;
  • кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын көрсету;
  • кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау;

 

4-кесте –«ФудМастер» АҚ техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Бірлігі

Жылдар

Абсолюттік

ауытқу

%

2010

2011

1

Өнімді өткізуден түскен пайда

Мың тг

75049,5

78143,4

3093,9

3,9

2

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

Мың тг

38465,3

39262,8

796,5

2,02

3

Жалпы пайда

Мың тг

36584,2

38880,6

2297,4

5,9

4

Кезең шығындары

Мың тг

5705,5

9955,9

4250,4

42,6

5

Негізгі қызметтен түскен пайда

Мың тг

30878,7

28926,7

-1953

-6,75


 

4-кестенің жалғасы

6

Салық салғанға дейінгі жиынтық  пайда

Мың тг

39886,9

39882,3

-4,6

-0,01

7

Таза пайда

Мың тг

31909,5

31906,3

-3,7

-0,011

8

Өткізілген өнімнің 1тг кеткен шығындар

Тг

0,588

0,63

0,042

6,6

9

Өнім рентабельдігі

%

0,803

0,736

-0,067

-9,1

10

Сату рентабельдігі

%

0,411

0,37

-0,041

-11,08

11

Өндіріс рентабельдігі

%

0,82

0,805

-0,015

-1,86

12

Жұмыскерлер саны

Адам

1348

1895

547

28,8

13

С.і..жұмысшылар

Адам

1311

1368

57

4,1

14

Бір жұмысшының еңбек өнімділігі

Мың тг

57,2

57,1

-0,1

-0,17

15

Негізгі құралдардың орта жылдық құны

Мың тг

15356,9

18523,5

3166,6

17,09

16

Амортизация мөлшері

%

13,9

14,7

0,8

5,4

17

Айналым құралдарының құны

Мың тг

29264,5

29745,1

480,6

1,6

18

Бір айналым ұзақтығы

Күн

140

137

-3

-2,2

19

Айналымдылық коэффициенті

 

2,56

2,6

0,04

1,53

20

Қор қайтарымдылығы

Тг

4,887

4,21

-0,67

-15,9

21

Қор сиымдылығы

Тг

0,204

0,237

0,033

13,9

22

Қормен қорулану

Мың тг

812,5

815,6

3,1

0,38

23

Амортизация сомасы

Мың тг

2134,6

2722,9

588,3

21,6

*Ескерту - кәсіпорының стат мәләметтеріне байланысты шығарылған


4-кестеден көріп тұрғанымыздай, өнімді өткізуден түскен табыс 2011-жылы 3,9% көбейген, демек өнімді өткізу қарқыны өскен, тұтынушылар саны көбейген. Түтынушылар санының көбеюінің себебе сапа жоғарлаған. Кәсіпорын өз тұтынушыларын қанағаттандыру шараларын жақсы ұйымдастырған. Жалпы табыс 5,9% көбейген, бірақ  таза табыс 0,01% кеміген. Өнімнің айналым ұзақтығы 2,2% кеміген, демек кәсіпорын өзінің маркетингтік қызметін жақсартқан. Жұмыскерлер саны да көбейген, кәсіпорында әр түрлі жағдайларға байланысты жұмысқа қабылдау өсуде.

«ФудМастерге» көбірек шикізат  керек: соңғы жылдары компания өз өкілеттігінің географиясын кеңейтуде, жарты жылдың ішінде компанияның 8 жаңа филиалы ашылды, ал Қазақстан бойынша  олардың саны қазір 16. Он бес жылдығын  «ФудМастер»  жаңа жобаларымен атап өтті: компания Солтүстік және Батыс  Қазақстанға қанат жаю үстінде. Осы жерде әсіресе байқалатын жақын орналасқан елдердегі бәсекелестердің  қысымына қарамастан, қазақстандық өндіруші өндіріс қуаттарының инвестициялары мен модернизациясының, ең үздік  өңдеу технологияларын пайдаланудың және тағамдық қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетін сапалы шикізатты пайдаланудың арқасында  өндірісін сенімді дамытуда. Ал «ФудМастер»  Қазақстандағы заманауи сүт өндірісін  тұрақты дамытуды, халықты табиғи ингредиенттерден және әлемдік сапа стандарттары бойынша дайындалған  өніммен қамтамасыз етуді өзінің негізгі міндеті санайды.

1-сурет.Кәсіпорын номенклатурасы

 

 

Сұранысқа ыңғайлана отырып, «ФудМастер» өзіміздің дәстүрлі өнім түрлерін де шығаруды игерді және кеңейе бастады. Бүгін отандық компаниялар  табиғи май мен қатты ірімшік  сатудағы өз орындарын жоғалтуда. Осы  салада жұмыс жасайтын көптеген кәсіпорындар тоқтау шегінде немесе бұл тауарларды сатылымнан шығаруда. Үлкен көлемде  ірімшік пен май шығаратын  шетелден импортталған өнім бағасымен  салыстырғанда осындай отандық  өнімді өндіру пайдасыз болып шығады. Одақтас көршілерде шикізаты арзан, демек өнім бағасы төмен, ал шығару көлемі үлкен.

Қазақстанға қарағанда табиғи шикізат бағасының арзандығына  қарамастан, шетел өндірушілері құрамы сүт өнімдеріне сай емес ингредиенттерден тұратын өнім шығаруға көшуде –  бұл өнімді одан ары арзандатады. "ФудМастер" қазіргі қиын жағдайларға  қарамастан, мұндай қадамдар жасамай  жылдан - жылға тек қана табиғи өнімдерден бас тартпай келе жатыр.

 

2.2 Бәсекелік ортадағы кәсіпорынның баға саясатын қалыптасуын зерттеу.

Нарық белсенділігінің ең күрделі және қиын болжауланатын  элементтерінің бірі –баға саясаты. Көпшілік жағдайда бәсекелестердің  іс-қимылына негізделіп, шығарылатын  өнімге баға өзгеріп отырады

Бәсекелестерінің нарықтағы  жағдайын қадағалап отыру арқылы ФудМастер өзінің нарықтағы позициясын анықтай алады.

Отандық нарығымызда  «Адал»,  «Қайсар»,  «Любимый»  сияқты бір  қатар сүт өнімдерін өндіретін  кәсіпорындар жұмыс істеп келуде. Олар   да  отандық нарықта  өз үлесін алып отыр.

 

5-кесте- Кәсіпорындардың өнімдерінің нарықтағы бағалары

Өнімнің атауы

ФудМастер

(тг)

Қайсар

(тг)

Адал

(тг)

Любимый

(тг)

Айран 1л

210

175

180

180

Сүт 1л

195

180

180

170

Ряженка 500г

180

175

170

165

Қаймақ 200г

170

160

160

150

Сүзбелік ақ ірімшік

150

140

150

130

Сүзбе 250г

140

120

130

110

Кілегей 250г

165

155

160

150

Ескерту-өнімдердің нарықтағы  бағаларына сүйене отырып жасалған


Кестеден ФудМастер өнімдерінің  бағасы ең жоғары екенін көріп тұрмыз. Одан кейінгі орында Адал өнімдері тұр, яғни сапасына байланысты баға тағайындау орын алып отыр, яғни бұл кәсіпорынның да өнімдерін халық тұтынады, сапасы да қанағаттандырады. Бірақ ФудМастер  өз өнімдерінің бағасын төмендетпейді, өйткені ол өз сапасына сай тағайындалған  баға. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату ФудМастер компаниясының даму стратегиясы  болып келеді, өйткені тек сонда  ғана ол сол нарықта қызмет етумен қатар өз жұмысын кеңейтіп, нарықтағы  үлесін жоғарылатады.

Жоғарыда айтып өткендей ФудМастер бағаларын одан артыққа  көтере алмайды. Өйткені оның бәсекелік  ортасында бұл мүмкін емес. Кәсіпорынның нарықтағы бағаны бақылауға толықтай құқығы жоқ.

«ФудМастер» өнімдері бәсекелес  басқа кәсіпорын өнімдерімен  салыстырғанда жоғары. Өнім сапасына баға тағайындау дұрыс болуы тиіс.

Ал келесі кестеде  әр өнім номенклатурасының өзіндік  құны көрсетілген.

 

6-кесте өнімдердің өзіндік  құны

өнімнің атауы

өзіндік құны, тг

Айран 1л

153,28

Сүт 1л

142,33

Ряженка 500г

131,38

Қаймақ 200г

124,08

Сүзбелік ақ ірімшік

109,48

Сүзбе 250г

102,18

Кілегей 250г

120,43


Осы кестеде көрсетілген  мәлімет бойынша өнімнің нарықтағы  бағасын толық шығындар әдісі  бойынша есептеп шығарамыз. Мұнда  өткізу толығымен кепілденген. Бұл  әдісте айнымалы(тікелей) және тұрақты (үстеме) шығындардың жиынын және пайданы  қосу арқылы баға қосылады.

Бөнім = Өқ+П+С

Ө-өзіндік құн 

С-жанама салықтар

П-пайда

ҚҚС 12%, пайда 25%

1-өнім бойынша,  Бөнім=153,28+153,28*0,12+153,28*0,25=209,99тг

2-өнім бойынша, Бөнім=142,33+142,33*0,12+142,33*0,25=194,99тг

3-өнім бойынша, Бөнім=131,38+131,38*0,12+131,38*0,25=179,99тг

Келесі өнімдердің бағасы дәл осылай есептеліп шығарылады, я,ни пйданың пайыздық көрсеткіші нарықтағы  барлық бәсекелес кәсіпорындарға ортақ  болады.

Еркін бәсекеде бағаны қалыптастыру саясаты көбіне нарықтағы бағаларға  сүйене отырып жасалынады. Мысалы, «бәсекелестік туралы Заңның» 11 бабында кәсіпорындар бағаны көтеру және ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы іс-әрекет ретінде келісілген деп қарастырылған. 2011-жылғы сүт өнімдерінің бағасын көтеру фактілері бойынша инспекция тексеріспен айналысқан еді. Бұл жерде басты назар «ФудМастер» компаниясының тобына кіретін «Фудмастар-Трейд» және «Молком-Павлодар» ЖШС өнімдерін таратушылар іліккен. Тексерушілердің мәліметі бойынша бағаны көтеруге ешқандай негіз болмаған.

ФудМастер өнімдері сапа жағынан  жоғарғы дәрежелі болғаны оның күшті  жағына кіреді. Бәсекелестері қандай бағаны ұсынса да тұтынушылар сапа жағынан ФудМастер өнімдерін  тұтынатыны анық.

 

 

 

 

 

Информация о работе «Баға саясаты» түсінігінің мәні мен маңызы