ҚР Коституциялық кеңесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:01, реферат

Описание работы

Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі-екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жанартылып отырады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi 4
2 Конституциялық iс жүргiзу 6
3 Конституциялық Кеңесінің Аппараты 14
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 21

Работа содержит 1 файл

Конституциялық Кеңес реф право.docx

— 50.04 Кб (Скачать)

    Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі

    Конституциялық  Кеңестің шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастырады;

    Конституциялық  Кеңестің отырыстарын және өзге де іс-шараларын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді, Конституциялық Кеңестің отырыстарын хаттамаға  түсіруді, қабылданған шешімдерді көбейтіп, жан-жаққа жіберуді қамтамасыз етеді;

    компьютерлік  және ұйымдастыру техникасын орнатуды және оған сервистік қызмет көрсетуді, Конституциялық Кеңестің ресми web-сайтын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

    Конституциялық  Кеңес Төрағасының, мүшелерінің  және Аппарат қызметкерлерінің шетел  іссапарларына шығу құжаттары ресімделуін  ұйымдастырады;

    баспасөз  конференцияларын, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелерімен интервьюлер  ұйымдастырады;

    Конституциялық  Кеңесті құжаттандыру және құжаттамалық басқару мәселелерін іске асырады;

    құжаттардың мәтіндерін басқа тілдерге аударуды қамтамасыз етеді;

    Төраға  қабылханасының жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету жөніндегі  ұйымдастырушылық-техникалық міндеттерді  атқарады;

    мемлекеттік сатып алу мәселелерімен айналысады;

    қолданылып  жүрген заңнамаға сәйкес кадр жұмысын  жүргізеді;

    құпия іс жүргізумен айналысады;

    орталықтандырылған  электронды құжат айналымын жүргізуді  іске асырады;

    мұрағат жұмысын ұйымдастырады;

    үй-жайды, жиһазды және ұйымдастыру-тұрмыстық  техникасын ағымдағы жөндеуден өткізуді қамтамасыз етеді;

    Конституциялық  Кеңестің тауар-материалдық құндылықтарының  сатып алынуын, есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді;

    шаруашылық  қызметін іске асырады;

    Төраға  мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын  орындайды.

    Талдау  бөлімі

    Конституцияның  әлеуетін жүзеге асырудың жай-күйі мен  болашағына, Қазақстан Республикасында  және шет елдерде конституциялық заңдылықтың сақталуы мен қамтамасыз етілуіне ғылыми зерттеулер мен талдау жүргізеді;

    шет елдердің конституциялық бақылау органдарының тәжірибесін зерделеу негізінде, тиісті талдау материалдарын дайындауды іске асырады;

    конституциялық  бақылауды іске асыру механизмдерін  одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар  әзірлейді;

    Конституциялық  Кеңес Төрағасының, өтінішті қарау  жөніндегі баяндамашылар – Кеңес  мүшелерінің және Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша талдау материалдарын  дайындайды;

    Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік  органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық  ұйымдармен байланысты іске асырады;

    бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді, БАҚ өкілдеріне консультация береді, баспасөз конференцияларын, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелерімен  интервьюлер өткізеді, КС Төрағасы және мүшелері үшін ақпарат агенттіктерінің  материалдары бойынша дайджестер және КС-тің қызметі жөнінде мақалалар  топтамасын дайындайды, журналистерді  Конституциялық Кеңесте аккредитациялаудан өткізеді, Конституциялық Кеңестің ресми  сайтына орналастыру үшін материалдар  құрастырып, оны сүйемелдеп отырады;

    Конституциялық  Кеңес мүшелерінің құзыретіне жататын  құжаттардың жобасын дайындайды және хат-хабар алысады;

    Конституциялық  Кеңес мүшелерінің қызметін қосалқы  көмек көрсету, консультативтік  және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді; Төраға мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

    Қаржы бөлімі

    Конституциялық  Кеңестің міндеттемелері мен төлемдері  бойынша қаржыландыру жоспарын жасайды;

    Қаржы министрлігіне бухгалтерлік есеп, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігіне келесі жылға бюджеттік  өтінім береді;

    бюджеттік қаржыны міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары  бойынша ашылған лимиттерге сәйкес және олардың мақсатына қарай  ұтымды және тиімді жұмсайды;

    Конституциялық  Кеңестің құрамы мен аппарат қызметкерлеріне  жалақыны және заңнамада белгіленген  өзге де төлемдерді есептеп, төлеп отырады;

    Төрағаның қарауына қаржы мәселелері жөнінде  ұсыныстар енгізеді;

    Аппараттың  құрылымы мен штат саны жөніндегі  құжаттардың жобасын әзірлеуге  қатысады;

    Кеңестің  қызметі үшін қажетті, Қазақстан  Республикасының заңнамасымен осы  салада белгіленген өзге де қаржылық өкілеттікті іске асырады;

    Төраға  мен Аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын  орындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

    Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнен  олар тағайындалғаннан кейiн Парламент  Палаталарының бiрлескен отырысында салтанатты жағдайда Республика Президентi мынадай мазмұнда ант қабылдайды: Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл  болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге  емес, тек Қазақстан Республикасының  Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.

    Конституциялық  Кеңестiң отырысы егер оған Конституциялық Кеңес құрамының кемiнде үштен  екiсi қатысса, құқылы болады.

    Конституциялық  Кеңестiң отырыстарын қажетiне қарай  Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның уәкiлдiк  беруi бойынша Конституциялық Кеңес  Төрағасының мiндетiн атқарушы шақырады.

    Конституциялық  Кеңестiң құзыретiне жататын мәселелер  бойынша iс қарау мен шешiмдер қабылдау Конституцияда және осы  Конституциялық заңда белгiленген конституциялық iс жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.

    Конституциялық  Кеңестiң мәртебесi, құзыретi, қызметiнiң  ұйымдастырылуы мен тәртiбi Республика Конституциясымен және осы Конституциялық заңмен белгiленедi.

    Конституциялық  Кеңес өз қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiнiң Конституциямен және осы Конституциялық заңмен реттелмеген  мәселелерi бойынша Конституциялық Кеңестiң регламентiн қабылдайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі:

 
  1. Алексеев  А.А. «Министерская власть в конституционном  государстве. Её основы, роль и современное  положение», Харьков, 1910 г.
  2. Овсенян Ж.И. «Правовая защита конституций. Судебный контроль в зарубежных странах», Ростов-на-Дону, 1992 г.
  3. Нудель М.А. «Конституционный контроль в капиталистических государствах», М, 1968 г.
  4. Газета «Собрание законодательств РК», 1994 г. №13
  5. Бойцова Л.В. «Конституционная юстиция, теория интерпретации и демократический процесс» Вестник Конституционного Суда №2, 1997 г.

Информация о работе ҚР Коституциялық кеңесі