ҚР Коституциялық кеңесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:01, реферат

Описание работы

Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі-екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жанартылып отырады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi 4
2 Конституциялық iс жүргiзу 6
3 Конституциялық Кеңесінің Аппараты 14
Қорытынды 20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 21

Работа содержит 1 файл

Конституциялық Кеңес реф право.docx

— 50.04 Кб (Скачать)

    9) Конституцияның 47-бабының 1-тармағына  сәйкес Парламент құрған комиссияның атауы, құрамы және оның қорытындысы; Республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметтен босату туралы мәселенi Парламенттiң қарауына байланысты актiлердiң атауы, қабылданған күнi және мазмұны;

    10) Президенттi қызметтен кетiру туралы мәселенi қозғауға түрткi болған депутаттардың саны туралы мәлiметтер; Парламент Палаталарында дауыс берудiң нәтижелерi туралы мәлiметтер; Президентке қарсы тағылған айыпты тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер; тағылған айыптың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Соттың қорытындысы жөнiндегi мәлiметтер; Республика Президентiн қызметтен кетiру туралы мәселенi Парламенттiң қарауына байланысты актiлердің атауы, қабылданған күнi және мазмұны;

    11) өтiнiштiң мәнi;

    12) өтiнiш жасауға негiз болатын және оның негiздiлiгiн растайтын өзге де деректер, мән-жайлар мен айғақтар;

    13) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасау құқығын беретiн нормалары;

    14) қоса тiркелiп отырған құжаттар тiзбесi.

    Өтiнiшке  тиiстi субъект қол қоюға тиiс, ал Конституциялық Кеңеске сот өтiнiш жасаса, оған тиiстi соттың төрағасы қол қояды.

    Өтiнiшке мыналар қоса тiркеледi:

    1) Өтiнiш берген субъектiлер сiлтеме жасаған актiлер мәтiндерiнiң көшiрмесi;

    2) өкiлдiк лауазым бойынша жүзеге асырылатын жағдайдан басқа реттерде өкiлдiң өкiлеттiгi туралы құжаттар;

    3) он дана мөлшерiнде өтiнiш пен оның қосымшаларының көшiрмесi.

    5. Конституциялық iс жүргiзу тiлдерiнде жазылмаған құжаттарға олардың қазақша немесе орысша аудармалары қоса тiркелуге тиiс.

    Конституциялық  Кеңеске төменде көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте:

    1) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетiлген Президенттiң қызметiне кiрiсуi, Парламенттiң сайланған депутаттарын тiркеу не республикалық референдумның қорытындыларын шығару тоқтатыла тұрады;

    2) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көрсетiлген тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады;

    3) Конституцияның 78-бабында көрсетiлген iс жүргiзу тоқтатыла тұрады.

    Конституциялық  Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.

    Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы келiп түскен өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң қарауына енгiзедi, оның отырысы ол келiп түскен күннен бастап үш күн мерзiмде өткiзiледi. Конституциялық Кеңес өтiнiштi тексерiп, егер

    1) өтiнiш осы Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса;

    2) өтiнiштiң мәнi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпаса;

    3) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң  конституциялылығын Конституциялық  Кеңес бұрын тексерiп қойған болса және Конституциялық Кеңестiң заңды күшiн сақтайтын шешiмi бар болса;

    4) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса;

    5) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса, өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартып, оны қайтарып бередi.

    Iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң отырысында қарау үшiн материалдар әзiрлеу тәртiбi

    Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы өз өкiмiмен Конституциялық Кеңестiң отырысына материалдар әзiрлеудi жүзеге асыратын Конституциялық Кеңестiң мүшесiн белгiлейдi. Келiп түскен өтiнiштiң айрықша күрделiлiгiне, не оның аса маңыздылығына немесе жеделдiгiне орай материалдарды әзiрлеу Конституциялық Кеңестiң бiрнеше мүшесiне тапсырылуы мүмкiн.

    Бiр-бiрiмен өзара байланысты бiрнеше өтiнiш келiп түскен жағдайда Конституциялық Кеңес оларды бiр конституциялық iске бiрiктiру туралы шешiм қабылдай алады. Бiр-бiрiмен өзара байланысты бiрнеше өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешкен кезде олардың бiрi - Конституциялық Кеңестiң, ал басқалары өзге мемлекеттiк билiк органдарының қарауына жататын болса, Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жататын өтiнiштер ғана қаралуға тиiс.

    Iс жүргiзуге қабылданған өтiнiш бойынша Конституциялық Кеңестiң мүшесi Конституциялық Кеңес отырысының қарауына Төраға белгiлеген мерзiмде материалдар әзiрлеуге мiндеттi, бұл үшiн ол:

    1) конституциялық iс жүргiзуге қатысушыларды белгiлейдi, оларға осы Конституциялық заңда көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

    2) өтiнiштiң мәнiне қатысы бар  қажеттi құжаттар мен өзге де ақпаратты талап етiп алдырады;

    3) қажет болған жағдайда тиiстi лауазымды адамдарға сұрау салады, ғалымдарды, практикалық қызметкерлердi мамандар, сарапшылар ретiнде тартып, тексерулер, зерттеулер жүргiзудi, сараптама жасауды тапсырады;

    4) отырыстың басталуынан кемiнде екi күн бұрын Конституциялық Кеңестiң мүшелерiне материалдардың көшiрмелерiн берудi қамтамасыз етедi;

    5) Конституциялық кеңес шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi;

    6) өтiнiштiң тиiсiнше қаралуын қамтамасыз ету жөнiнде өзге де әрекеттер жасайды.

    Әзiрлiк  жұмысы аяқталғаннан кейiн Конституциялық Кеңестiң Төрағасы өз өкiмiмен Конституциялық Кеңес отырысының күнiн белгiлейдi, онда өтiнiште қойылған мәселелердiң мән-жайы қаралады.

    Конституциялық  Кеңес өтiнiштердi Конституциялық Кеңес Төрағасының төрағалық етуiмен отырыста қарайды.

    Белгiленген уақытта Төраға:

    1) отырысты жүргiзу үшiн Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң санының жеткiлiктiлiгiне және хаттамаға түсiрудiң қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзедi;

    2) Конституциялық Кеңестiң отырысын ашық деп жариялайды;

    3) қаралуға тиiс мәселелердi оқып шығады;

    4) отырысқа шақырылған қатысушылардың, мамандардың, сарапшылардың бар екендiгi туралы және қатыспағандардың келмей қалу себептерi туралы хабарлау үшiн Конституциялық Кеңестiң мүшесiне баяндамашыға сөз бередi;

    5) конституциялық iс жүргiзуге қатысушыларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

    6) отырысқа қатысушылардан оларда ұсыныстардың бар-жоғы туралы сұрайды, оларды Конституциялық Кеңестiң шешуiне қояды;

    7) қаралуға тиiс мәселелердi қараудың басталуы туралы жариялайды.

    Әрбiр мәселенi қарау Конституциялық Кеңес мүшесiнiң баяндамашының сөзiнен басталады, ол мәселенiң мән-жайын, оның қаралу себебi мен негiзiн, қолда бар материалдардың мазмұнын баяндап бередi. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi оған нақтылау үшiн сұрақ қоюға хақылы.

    Өтiнiш  субъектiлерi, сондай-ақ актiлерi мен әрекеттерiнiң конституциялылығы, сондай-ақ конституциялық рәсiмдердi сақтауы тексерiлетiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мен лауазымды адамдар (олардың өкiлдерi) қажет болған жағдайда өздерiнiң қалауы бойынша не Конституциялық Кеңестiң талабы бойынша Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiш қаралатын отырысына қатыса алады. Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың, сарапшылардың, мамандар мен басқа да шақырылған адамдардың түсiнiктемелерi мен сөздерi тыңдалуы мүмкiн.

    Егер мәселе жеткiлiктi түрде айқындалған болса, Төраға қорытынды шешiмдi талдап жасау үшiн Конституциялық Кеңес мүшелерi мәжiлiсiнiң ашылуы туралы жариялайды. Мәжiлiс кезiнде бөгде адамдардың қатысуына жол берiлмейдi. Мәжiлiс кезiнде болған пайымдауларды, дауыс беру барысы мен нәтижелерiн жария етуге тыйым салынады. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi мәжiлiс барысында қаралып отырған мәселе бойынша жеке көзқарасын еркiн айтып, Конституциялық Кеңестiң басқа мүшелерiнен өздерiнiң көзқарастарын нақтылауды сұрай алады.

    Конституциялық  Кеңестiң отырысы хаттамаға түсiрiледi және қажеттiгiне қарай стенограммаға түсiрiледi.

    Конституциялық  Кеңес отырысының хаттамасы конституциялық iс жүргiзу тiлiнде жүргiзiледi.

    Конституциялық  Кеңес отырысының хаттамасын жүргiзу тәртiбiн, оның мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Конституциялық Кеңес отырыстары хаттамасын жүргiзудiң өзге де мәселелерiн Конституциялық Кеңестiң Төрағасы айқындайды.

    Конституциялық  iс жүргiзу, Конституциялық Кеңес қабылдайтын шешiмдер қазақ не орыс тiлдерiнде жүзеге асырылып, жазылады.

    Конституциялық  iс жүргiзу тiлiн меңгермеген конституциялық iс жүргiзуге қатысушы адамдарды Конституциялық Кеңес олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аудармамен қамтамасыз етедi.

    Конституциялық  iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн мынадай реттерде:

    1) субъект өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартса;

    2) конституциялылығы талас тудыратын актiлер күшiн жойса немесе заңдық күшiн жойса;

    3) мәлiмделген өтiнiш Конституциялық  Кеңестiң қарауына жатпаса тоқтатылуға тиiс.

    Конституциялық  Кеңестiң мәлiмделген өтiнiш бойынша конституциялық iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi өтiнiш субъектiсiн Конституциялық Кеңеске осы негiздер бойынша қайтадан өтiнiш беру мүмкiндiгiнен айырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3  Конституциялық Кеңесінің Аппараты

 

    Аппараттың  Басшысы:

    Аппараттың  жұмысын ұйымдастырады, Аппаратқа  жүктелген міндеттердің орындалуына жеке басымен жауап береді;

    Конституциялық  Кеңестің Аппараты туралы ережені Төрағаның бекітуіне ұсынады, Аппараттың құрылымы мен штат саны туралы ұсыныс енгізеді;

    Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді;

    Бөлім туралы ережені, Бөлімнің жұмыс жоспарларын, Төрағаның кеңесшісі мен көмекшісінен тыс, Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;

    Төрағаның бұйрықтарының, өкімдерінің, жедел мәжілістерде қабылданған шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды;

    Төрағаға Аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

    мемлекеттік органдармен, азаматтармен және мекемелермен қарым-қатынас жасағанда Аппараттың мүддесін білдіреді;

    өз  өкілеттігі шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап қайтарады;

    Аппаратқа жүктелген міндеттердің тиімді түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратып алдырады;

    заңнамада және осы Ережеде көзделген, сондай-ақ Төраға тарапынан өзіне жүктелген өзге өкілеттіктерді іске асырады.

    Конституциялық  Кеңесінің Аппараты құқықтық сараптау бөлімі

  1. конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік -құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық талдау жасайды;
  2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына Негізгі Заңға сәйкестігі тұрғысында құқықтық сараптама жасайды, оның қорытындысы бойынша Төрағаның тапсырмасымен немесе бөлімнің бастамасымен іштей қолдану үшін ақпарат тәртібімен қорытынды дайындайды;
  3. соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда Конституциялық Кеңестің мүддесін білдіреді;
  4. Төрағаның атына ақпараттық анықтама дайындай отырып, Конституциялық Кеңес қаулыларының орындалуын тоқсан сайын бақылап отырады;
  5. бөлімнің қорытындысын дайындай отырып, келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық талдау жасайды;
  6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан және өзге де мемлекеттік органдарынан ақпараттық материалдар сұратып алу негізінде Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жарты жылдық шолу жасайды және соның қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындайды;
  7. ай сайын Төрағаны Парламенттегі заң шығармашылығы процесі туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
  8. Конституциялық Кеңестің Төрағасын, мүшелерін және Аппараттың басшысын өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдармен қамтамасыз етеді;
  9. Конституциялық Кеңес жасасатын азаматтық-құқықтық шарттардың жобасын заңнамаға сәйкестігі тұрғысында тексереді;
  10. “Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Жаршысының” мерзімді басылымдарын жариялауға дайындайды;
  11. мерзімді баспасөзге жазылу, ғылыми, анықтамалық және өзге де әдебиеттер сатып алу арқылы Конституциялық Кеңестің ақпараттық қорын толықтыруды ұйымдастырады, Конституциялық Кеңестің мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне кітапхана қызметі көрсетілуін ұйымдастырады;
  12. Конституциялық Кеңес Төрағасының, өтінішті қарау жөніндегі баяндамашылар – Кеңес мүшелерінің және Аппарат басшысының тапсырмасы бойынша талдау материалдарын дайындайды;
  13. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланысты іске асырады;
  14. Төраға мен Аппарат басшысының құқықтық сипаттағы өзге де тапсырмаларын орындайды.

Информация о работе ҚР Коституциялық кеңесі